Кіріспе Негізгі бөлүм



бет4/7
Дата03.01.2022
өлшемі96.42 Kb.
#451101
1   2   3   4   5   6   7
Дилшотбек

            Жалпы алғанда, дәстүрлі қазақ қоғамында заңның орны айрықша болды. Даналықты пір тұтқан халық заңды немесе ұлттық дәстүрлерді тұрақтылықтың көзі және тәртіптің алғы шарты ретінде қарастырып келді. Дәстүрлі қазақ қоғамында заң әділеттілік, ар, ұят, намыс немесе адалдық сияқты түсініктерге пара-пар басты құндылық болды. Содан болар, қазақ халқы парасаттылық пен имандылыққа тоқтап, адамгершіліктің «ала жібін» аттамауды ұрпақтан-ұрпаққа аманат-өсиет етіп келеді.
            Тәуке хан ақсүйек тұқымдарының өзара қырқысынан берекесі кетіп, күйзелген халықтың басын қосып, ру-тайпа, жүзаралық дау-дамай,жанжалдарды тыйып, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман орнатқан. Тәуке хан елді өзі Түркістанда отырып, Ұлы жүзге тағайындалған Төле би Әлібекұлы, Орта жүзге қойылған Қазыбек би Келдібекұлы, Кіші жүзге бас етілген Әйтеке (Айтық) би Бәйбекұлы бастаған билер сайланған болатын, ал қалған ұлыстарды ұлыс билері арқылы басқарды. Осылайша Тәуке хан тұсындағы сайланбалық қағидасы өзінің нақты мәнін жойған жоқ. Тәуке хан жүзге бөлініп, бытырай бастаған халықтың көңіл пернесін дөп басып, үш жүздегі билікті үш ұлы төбе билерге берді. Олар жер дауында, жесір дауында, барымта- сырымтаны тоқтата да, әділ шеше де білді. Сол секілді қазақ әдет-ғұрпының негізгі маңызды ескерткіші «Жеті Жарғының» қайнар көзіне «бидің билігі» яғни олардың шешкен билік шешімдері де жатады. Қоғамдағы түрлі дау-жанжалдарды әрбір рудың өз ішінен бастап, жоғарыға дейін билер шешіп отырған. Олардың әртүрлі даулары, шешкен шешімдері халық жадында сақталып, бізге жетіп отыр. Ал енді дәстүрлі қазақ қоғамындағы би институтының әлеуметтік- идеологиялық қызметіне келсек, XVIII ғасырдағы қазақ қоғамына руаралық дау-дамай, тайпааралық жанжал тән. Себеп - батыстан ентелеген Ресей, Шығыстан төнген жоңғар, бүйірден көз алартқан Орта Азия хандықтарымен алыса-жұлыса жанталасып жүргендіктен, жайылым үшін ауадай қажетті жерге өзара таласушылық та орын алмай тұруы мүмкін емес еді. Л.Костенко қазақ иеліктерінің арасындағы жанжалдар «көбінесе және негізінен мал жайылымына қатысты орын алып отырды» деген болатын. Мұны академик С.Зиманов та растайды. Міне, осындай тұстарда, яғни ру мен ру, тайпа мен тайпа, жүз бен жүз арасындағы шаруашылық-экономикалық себеп-салдарлы қақтығыстарды арғысы «Есім хан салған ескі жол», «Қасым хан салған қасқа жол» дәстүрінде, бергісі «Жеті жарғының» жоралғысына сай реттеп отырушы бірден-бір күш - билер институты болған. Xi-UNii ауыз әдебиеті билердің жер дауына байланысты ұтымды айтылған билік үлгілеріне аса бай. Тіпті, Төле бидің он бес жасында-ақ билік айтуымен бала би атанып даңқын шығарған оның осындай кезекті жер дауына байланысты айтқан шешімі болған. Сары табақтан сарқыт қайтады. Бұл билікті алғашқылардың бірі болып кезінде Төле би айтқан болатын. Билік ел ішінде болған жер дауында айтылған. Кейіннен бұл билікті Сары Әжібек, Кұнанбай биге арғын мен үйсін жұртының арасында жер дауы тұсында айтқан болатын.
          Төле бидің билігіне келсек. Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмайды. Ала көз болу ағайын адамға лайык, па? - деп, бір тоқталады да, төрде отырған биге сауал кояды. Сонда әлігі би балам, билікті саған бердім, - дейді. Бала Төле:
- Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар? - дейді.
Бұл шешімге екі жақта риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты. Жалпы, қазақ-орыс байланыстары мен қазақ-жоңғар қарым- қатынастары хақындағы елеулі мәселелердің барлығы үш жүздің игі жақсылары бас қосып отырған құрылтайларда шешіліп отырған. 1730 жылы Кіші жүз игі-жақсыларының Жоңғария мәселесі жөнінде басқосуы болды. Осы жиылыстың шешіміне сәйкес Ресей өкіметіне жоңғар феодалдарына қарсы соғыс одағын жасау туралы өтініш хат жазуды Әбілқайыр ханға тапсырады. Әбілқайыр хан, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Табын Бөкенбай сынды халық алдында аса беделді би- батырлардың қолдауына сүйенген. Себебі, 1731 жылдың 10 қазанында Кіші жүздің ханы Әбілқайыр бас болған 27 старшыны Ресейдің қол астына қарау туралы ант берген. Сол кезде Барақ сұлтан, Шекті Сырлыбай билер бастаған Ресей патша үкіметінің қоластына қарауға қарсы болған топтардың да болғаны мәлім. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер кеңесінің маңызы туралы Н.Г.Аполлова XVIII ғасырдың бірініші жартысында билер кеңесінің құқығы тұрақты сақталды. Хан билермен кеңеспей шешім қабылдамағанын жазды. Деректер дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институтының саяси салмағының болғанын нақтылай түседі.
              Қорыта келе, біріншіден, «би» сөзі көне түрктің «билік» элементі бар жалпы атауынан шыққан. Ол терминалогиялық белгі мағынасын сақтап қалған. Билер сот билігін атқарған және құқықтық реттеу жағынан қоғамда ерекше маңыздығына байланысты беделді болған. Екіншіден, Қара-сүйектің әр өкілінің би болуға мүмкіндігі болған. Бірақ ол үшін әдет-ғұрып құқығының нормаларын білуге, шешендікке ие болу және қоғамда беделді болу керек еді. Кейбір кезде қазақ даласында билердің билік дәстүрді атадан балаға жалғастырған билер тұқымдары болған, Мысылы Шақшақ Жәнібек би, оның баласы - Мұса би, оның баласы - Шеген би, бірақ бұл атақ мұра түрінде қалмаған. Үшіншіден, XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың басында бірнеше беделді билер, билер кеңесінің мүшесі болып, жүздерді және жеке әскери-потестарлық бірлестіктерді басқарып билік уәжіптерін орындаған. Төртіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамындағы би - халықтың - тірі шежіресі, заңгері әрі заң шығарушысы болды. Бесіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында билер институты іс жүзінде қолына бүкіл ішкі және сыртқы әлеуметтік һәм саяси билік тетіктерін шоғырландырған және нақты іс-әрекетке қабілетті бірден-бір қоғамдық институт рөлін атқарды деуге негіз бар. Қазақ қоғамындағы билер институтының дәстүрлі қазақ мемлекеттігін сақтауға ат салысқан қайраткерлер екендіктері билер институты тарихына қатысты зерттеулерде дәлелденді. Билер әрі шешен, әрі дана болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет