Кіріспе Пәннің қысқаша мазмұны



бет36/45
Дата02.06.2024
өлшемі1.78 Mb.
#502220
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
УМКД хим анализ растений

Суда еритін негізгі дəрумендердің қысқаша сипаты:
В дəрумендері. Бір тəуліктегі қажетті мөлшері 0,2-20 мг. Көмірсулар, липидті жəне ақуызды алмасу үшін көптеген заттар биосинтезі үшін керек.
В1 дəрумені тиамин.
1911 жылы К. Функ күріш кебегінен бөліп алған жəне бери-бери (сал болу) ауруынан емдеп жазатын препарат екені анықталды. В1 дəрумені 1926 жылы (Янсен) кристалл түрінде бөлініп алынды, ал оның құрылымы 1933 жылы анықталды (Р. Вильямс).
Химиялық құрылымы жəне қасиеттері. Пиримидин жəне тиазол сақинасы В1 дəрумені молекуласының негізін құрайды. Ол екі сақина – метилен тобы (-СН2) арқылы байланысады.
В1 витамині молекуласында күкірттің жəне амин тобының болуы – оны тиамин деп атауға негіз болды.





CH2
N N


CH3
Br x HBr x1/2 H2O



H3C
N NH2
S CH2
CH2
OH



Тиамин – ақ түсті қатты зат, суда жəне этил спиртінде оңай ериді. Хлороформда, бензолда, ацетонда ерімейді. Тиамин қышқыл ортада тұрақты, оның судағы ерітіндісінің қышқылдық реакциясы бар.
Табиғи қосылыстар химиясының негіздері

Биологиялық қызметі. Тиамин кофермент тиаминпирофосфаттың (ТПФ) құрамына кіреді, тиаминпирофосфат дегеніміз – үш ферменттің, яғни пируватдегидрогеназаның, α-кетоглутаратдегидрогеназаның жəне транске- толазаның простетикалық тобы. Бұл ферменттер кетоқышқылдардың декарбок- сильденуіне қатысады. Мысалы, пируватдегидрогеназа жануарлар ұлпасындағы пирожүзім қышқылын ацетил-А-коферментке дейін тотықтырып, карбоксил- сіздеуді (сутексіздеу жəне карбоксилсіздеу жолымен) жəне СО2 бөліп шығаруды катализдейтін мультиферменттік жүйеге қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет