Күйзеліс (стресс) дегеніміз — бұл күшті әсерден адамда пайда болатын зорланған көңіл күй.
Күйзеліс – бұл қоршаған ортаның жағымсыз өзгерістеріне жауап ретінде организмнің ерекшеленбеген қорғаушы реакциясы.
Ганс Селье бүкіл ағзаға қатысты күйзеліс концепциясын құрушы. Г.Селье бойынша күйзеліс анықтамасы былай: күйзеліс бұл кез-келген сыртқы талаптарға ағзаның бейспецификалық реакциясы
Күйзеліске нелер түрткі болуы мүмкін?
- Физикалық түрткілер: ыстық, суық, шу, от, жол қозғалысы, зорлық – зомбылық, аурулар, жұмыс жағдайларының нашарлығы және т.б.
- Әлеуметтік түрткілер: қоғамдық, экономикалық және саясаттық; отбасылық; жұмыспен, мансаптылықпен байланыстылар; жеке адамдар аралық
- Отбасылық түрткілер: міндеттерді бөлу, қызғаншықтық, құндылықтар жүйесіндегі өзгешелік, аурулар (отбасындағы өлім – жітім және т.б.
Күйзеліс (стресс) түрлері
- Кәсіби күйзеліс ( жұмыста болған күйзеліс)
- Сезім әрекетіне бой алдырған күйзеліс
- Жарымжандық күйзеліс
- Рухани қалып күйі күйзелісі
- операциялық күйзеліс (хирургиялық операцияға организмнің реакциясы)
- Жарақаттау қызметін басынан кешіруден пайда болған күйзеліс және т.б.
Стресстің (күйзеліс) бірнеше сатылары болады.Олар:
Бірінші (үрейлену сатысы)
Екінші (қарсыласу сатысы)
Үшінші (әлсіреу сатысы)
Мұндай кезеңде жүрек жиірек соғады , ас қорыту уақытша тойтарылады. Адам бұндай күйде ұзақ бола алмайды , өйткені шаршайды.
Ол күйзеліс жағдайының даму және жалғасуына қарай басталады. Бұл сатыда адам жағдайларға бейімделе отырып , қолайлы ережеде әрекеттенеді. Бұл саты біршама ұзаққа созылуы мүмкін.
Әлсіреу сатысы, егер күйзеліс тым күшті немесе ұзақ болғанда басталады. Қарсыласу мүмкіншілігін жоғалту ауруларға, психологиялық жарақат алуға, әкеліп соғады.
Негізгі белгілері:
- ұмытшақтық
- көтеріңкі қозғыштық
- тұрақты шаршағандық
- әзіл – оспақты түсіне білуден айырылу
- кенет тартылатын сигарет санының көбейуімен бірге бір мезгілде алкогольдік ішімдікке құмарту
- ұйқы мен асқа деген зауықтылықтың жоғалуы
- ақыл – естің төмендеуі
- кейде, бас, арқа, асқазан тұстарында былай айтылатын «психосоматикалық» ауру
Достарыңызбен бөлісу: |