Оқушы білуі тиіс:
Денсаулықты нығайту ұғымын
Денсаулықты нығайту жолдарын
Денсаулыққа әсер ететін факторларды
Салауатты өмір сүру не екенін
Салауатты өмір сүру жолдарын
Профилактика түрлерін
Сабақтың хронокартасы
І Ұйымдастыру кезеңі – 3-5 мин
ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 15-20 мин
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 30-45 мин
ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 10-15 мин
Ү Қорытындылау – 3-5 мин
ҮІ Үйге тапсырма – 3-5 мин
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Үй жұмысын ауызша тексеру
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Такырыбы: Денсаулықты нығайту. Салауатты өмір салтынын насихаттау. Профилактика. Профилактика түрлері.
Жоспар:
1. кіріспе
2. Денсаулықты нығайту. Салауатты өмір салтынын насихаттау.
3. Профилактика. Профилактика түрлері.
Денсаулық - адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілдермен сақтап, нығайтуға болады. Әркім өз денсаулығына ерекше мән беріп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын сақтау қажет.Ол үшін денсаулыққа әсер ететін факторлар мен қауіпті топтарға тоқтала кеткеніміз жөн. Біз осыған сәйкес алдын алу шараларын жүргізіп,денсаулықты нығайта аламыз.
Денсаулық бұл - физикалық кемшіліктер мен аурудың болмауы және биологиялық, психологиялық, әлеуметтік жағдайлардың жақсы болуымен сипатталатын организмнің жағдайы. Тұрғындардың денсаулығын және оны қорғау,жақсарту, қалпына келтіруі туралы оқытатын ғылым саналогия деп аталады
Саналогияның концепциялары:
-Қауіп факторы(Біріншілік,екіншілік,)
-Денсаулықты қалыптастырушы модельдер
-Өмір салты және оны қалыптастыру,оның медициналық белсенділіктегі рөлі
ДДҰ бекіткен адам денсаулығына әсер етуші негізгі факторлар:
1.Тұқым қуалаушылық 15-18% - генетикалық фактор
2.Экологиялық әсер немесе қоршаған орта 15-18% - Ауаның канцерогендермен ластануы;судың канцерогендермен ластануы; топырақтың ластануы; атмосфера жағдайының кенеттен өзгеруі; радиациялық,магниттік т.б сәулелердің жоғарылауы
3.Өмір салты 50-60% - темекі шекпеу; ішімдік қолданбау; тиімді тамақтану; стрестік жағдайларды болдырмау; есірткі қолданбау; дәріге тәуелділік; спортпен шұғылдану; күн тәртібін сақтау
4.Денсаулықты сақтау жүйесі 5-10% - денсаулықты сақтауға және нығайтуға арналған бағдарламалар арқылы әсер етеді.
Денсаулық сақтау жүйесінде профилактикалық медицинаны күшейту және СӨС қалыптастырумен қамтамасыздандырудың 3 негізгі бағыты бар:
1.Денсаулықты сақтау
2.Денсаулықты нығайту
3.Денсаулықты дамыту
Денсаулықты сақтау қызметін атқарушы жүйелік организациялар келесі элементтерді қолдануды ұсынады:
-күштер және құралдар
-қолайлы жағдайлар
-уақытша резервтер
-қажетті білім
Достарыңызбен бөлісу: |