Клоун1: Сәлем саған, туған ел! Клоун2



бет2/5
Дата30.04.2024
өлшемі36.53 Kb.
#500218
1   2   3   4   5
Төрлет жаңа жыл тәрбие сағаты сценарий

Бәрі хормен: Аяз ата, Ақша қар аууууу!
1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).
Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып, Шыршамызды айналып ән салайық.
«Қош келдің, Аяз ата» әні
Аяз ата: Армысыздар, Халайық!!!
Құрметті достар. Сіздерді келе жатқан Ұлу жылымен құттықтаймын. Жаңа жыл сіздерге жақсы жаңалықтарымен,телегей табысымен мол болсын. Әрбір игі істеріңізбен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ береке әкелсін»

2 - жүргізуші: Жаңа жыл – бұл жаңа нұр


Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Қоян жылын шығарып салу үшін алдымен жаңа жылымыз Ұлуды қошеметпен ортаға шақырайық.
(осы кезде қоян мен ұлу келеді.)

1-оқушы: Біздің елде өткен жылы, Сабыржан


Қоян жылы тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ескі Жылым – Қоян жылы,
Қош, аман бол көргенше.

Сен сыйладың бақытты күн. Ерхан


Қайта айналып келгенше,
Талап, талант дарынды,
Өрлеттің туды аспанда,
Бойыңнан бердің барыңды.
Айналар бір күн дастанға.
Рақмет саған, Қоян жылы!
Қоян жылы: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.

Ұлу жылы: Жақсылыққа бағыттаған
Ұлумын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Қоян жылының мерекесін,


Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым – ұят, жаным – халық,


Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.

Ал, Ескі жыл, аман бол,


Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.


2 – жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Аяз ата мен Ақша қарды, ортаға алып ойын ойнайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет