11:00-Медбике Кабира Капановнаң нұсқауымен Батырхан Айсулудың дене қызуын өлшедім.
Көрсеткіштері: баланың жалпы жағдайын қадағалау.
Әзірле: термометр, мақта, вазелин, сағат, дәкелер, дезерітінді мен ыдыс, шүберек, қауіпсіз жоюға арналған контейнер, қалам, дезерітінді мен ыдыс, температура дәптері, температуралық парақ.
Іс -әрекет алгоритмі:
1. Анасына әдістің мақсатын түсіңдірдім, рұқсатын алдым.
2. Қолымды мұқияттап жылы сумен сабындап жуып, кептірдім.
3. Жөргектеу үстелін дезерітіндімен өндеп, жөргек салдым.
4. Баланы жөргектеу үстеліне жатқыздым.
5. Термометрдің бүтіндігін тексердім, сілкідім, 35°C төмен болу керек.
6. Қолтықты немесе шап қыртыстарын тексердім. Баздану ,бөртпелер болмаса, терісін құрғақ дәкемен сүрттім.
7. Термометрді алып, анасына көрсеткішті айттым.
8. Дене қызуын айқындап, температура дәптеріне жаздым, график ретінде температура параққа жаздым.
9. Термометрді сілкіп, сынап резервуарға түсу керек.
10. Дәкелерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге сал.
11. Термометрді дезерітінді бар ыдысқа салдым, ағынды сумен жуып, құрғатып , футлярына салдым.
Алынған нәтиже: 36,5°C .
11:35-Медбике Кабира Капановнаң нұсқауымен Оразбек Айшаға құрысып тырысу кезіндегі жедел көмек көрсеттім.
Жедел көмек алгоритмі:
1. Баланы түзу жерге жатқыздым.
2. Қысатын киімдерінен босаттым.
3. Таза ауамен қамтамасыз еттім, ылғалды оттегін бердім.
4. Азу тістердің арасына мақтамен оралған шпательді салдым.
5. Құрысуға қарсы препараттарды бұлшық етке немесе көк тамырға еңгіздім:
Реланиум/сибазон, брузепам/-0,1мл/кг;
Дроперидол 0,1-0,2 мл/кг
25% магнезия сульфат 0,1-0,2 мл/кг.
|