Күндізгі оқу факультеті


Ағаш қоймаларында өртті сөндіру



бет3/6
Дата03.07.2016
өлшемі1.66 Mb.
#173883
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

3.3. Ағаш қоймаларында өртті сөндіру
Ағаш коймаларында қолданылатын негізгі және анағұрлым кең таралған өрт сөндіргіш құрал су болып табылады. дымқылдатқышпен суды қолдану өрт сөндіру тиімділігін айтарлықтай жоғарылатады. Ережеге сай дымқылдатқыш ретінде суға 4%-ға дейінгі әр түрлі көбік түзетін заттар (ПО-1Д, ПО -6К, ПО-ЗАИ, « Ива », « Прогресс » және т.б. ), 0,05 %-ға дейін карбоксиметилцеллюлоза қосылады.


Сурет 3. Өрт аймағы 1-4,5га, 2-3,8га, 3-Зга, 4-2,5га, 5-2,0га, 6-1,5га, 7-1га, 8-0,8га, 9-0,5га, 10-0,3га болған кездегі жоғары температуралы бөлшектердің желдің жылдамдығына байланысты ауысау қашықтығы .
Ағаш коймаларында өртті сөндіруде және оқшаулау кезінде бентонит пен бишофит ерітінділерін және тез қататын көбікті (ТҚК) қолдану тиімді болады.

Жанып жатқан ағашты ТҚК пен бентонит ерітінділерін қолдану арқылы сөндіруде ең жақсы нәтиже бетте жылуды оқшаулайтын қорғаныс қабатының пайда болуы есебінен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ТҚК келесі қасиетке ие: оны алуға кететін су іс жүзінде толықтай сол қорғаныс қабатында қалады.

Ағаш бетіне бишофит ерітіндісін жаққан кезде қорғаныс кокс қабатының түзілу удерісі тезірек жүзеге асады.

1.2 кестеде ағаш материалдар қатарындағы, теңгерілген ағаш және технологиялық жоңқа үйінділеріндегі өртті сөндіруге берілетін судың, бентонит, бишофит ерітінділерінің және ТҚК қарқындылығы келтірілген.


Кесте 1.2

Ағаш материалдарының түрі және сақтау әдісі

Берілу қарқыны, л/(м2-с)

Ескерту

су

Бентонит, бишофит

ТҚК

Қатарлдағы ағаш материалдар

Қатардағы жұмыр ағаш материалдар




0,45
0,35

0,2
0,12

0,07
0,15

ТҚК-ті әрі қарай сумен өшіру үшін алғашқы шабуыл жасау құралы ретіне қолдану ұсынылады

Үйіндідегі теңгерілген ағаш үйіндідегі жоңқалар


0,25-0,5

0,1


0,13-0,25 0,06

0,06

Өртті сөндіру сәттілігі қол жеткізіледі:


  • жоғары кәсіби даярлықпен, өрт сөндіруге қатысушылардың белсенді және шешуші әрекеттерімен;

  • шешуші бағытта талап етілетін күштер мен құралдарды ендіру және уақытылы зейіндеумен;

  • бөлімшелерді қабілетті басқарумен;

  • бөлімшелердің жауынгерлік даярлықтарынң жоғары деңгейімен;

  • жеке құрамның өрт сөндіруші мамандығына жоғары адамгершілікпен қарауы және өрт сөндіруге қатысушылардың жоғары мораьді-психологиялық және жауынгерлік сапаларына ие болуы;

өрт сөндірудің ұйымдастыру ретін ағаш қоймаларында өрт сөндіру күщетінің гарнизон басшысымен орнатылады.

Өртті сөндіруге даярлық құрамына өрт сөндіру күштері мен құралдары ғана емес сондай-ақ объектінің өрт сөндіру күштері мен құралдары енеді.

Объектіде өртке қарсы сумен қамтамасыз етудің сенімді жүйесі құрылған, өртті сөндірудің бірінші ретті құралдарымен барлық технологиялық учаскілер мен цехтардағы өрт сөндірудің еркін ұйымдарыс даярланған және жабдықталған, өрттің туындау көзін анықтаудың үнемі даяр болатын және жылдам өрт туралы хабардар ететін жүйесі қолданылады, қойма территорияларында технологиялық тәртіп сақталынуы қажет (өртке қарсы айырмаларды, өрт сөндіру қызметі өтетін жолдарды жаппау).

ППБ талаптарына сай әрбір ағаш қоймаларында (қабылданған ауданға, сақталынатын материалдар көлемінен, меншік формаларына, қызмет түрі мен идаралық жатындығына тәуелсіз) объекті басшысымен қат қабаттарды, баланс үйінділерін және щепаларды кәсіпорынның техникасы мен жұмысшыларын жұмылдыру мүмкіндігін есепке ала отырып шамаларды анықтаумен өрт сөндірудің жоспары құрылды. Жыл сайын көктемгі-жазғы өрт қауіпі бар периодтың бастамасы алдында жоспар кәсіпорынның барлық ауысымдарын жұмылдыру арқылы өңделуі қажет.

Өртті сөндірудің бірінші ретті құралдарынан басқа қоймадарда өрт сөндірудің түрлі техникасының қоры бар, өрт сөндіру жоспарымен анықталатын пункттер жабдықталынуы тиіс.

Өртті сөндіруге жұмылдыралытан күштер мен құралдарды есептеу бойынша өрт сөндіру жоспарының тарауын әсіресе тиянақты түрде қарап шығу талап етіледі. Бұл кезде есептеу бойынша жетіспейтін күштер мен құралдар міндетті ретте МӨСҚБ бөлімдерін, ағаш қоймасының өзіндегі күштер мен құралдар және саланың басқа да кәсіпорындарында, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, ауыл шаруашылығы техникасын және басқаларында өртті сөндіру мақсатындағы аспаптарды көрші горнизондардан жұмылдыру есебінен өтелуі қажет. Адамдармен бірге келіп түсетін өрт сөндіру техникасының саны мен атаулары нұсқалынады; көмек көрсету және ұйымдастыру үшін жауапты тұлғалар аталынады.

Берілген тарау сәйкес ұйымдармен келісіледі, ол жерден көмекті шақырту болжам етіледі.

Растаудан кейін жоспар инженерлік-техникалық және ағаш қоймаларының жұмысшыларының назарына дейін келтіріледі, ал түсіндірме жазба ретінде жоспардан сәйкес жазбалар басшылық үшін беріледі.

Жоспар үш нұсқада құрылады. Бірінші нұсқа орман қоймасында қалады. Екіншісі – объектінің өрт сөндіру күзетінің бөлімшесінде сақталынады. Үшіншісі – МӨСҚБ территориялдық бөлімшелеріне жіберіледі.

Өрт сөндіру жоспары өзгертілген жағдайға сай жыл сайынғы түзету енгізуге жатқызылады.

Өртті ағаш қоймаларында сөндіру объектінің өзінде толығымен ағаштың жануын жою және тұмшалауды қаматамасыз ететін шаралар жүйесі тоғымен іске асырылмаған жағдайда да қамтамасыз етілуі қажет (өртке қарсы сумен қамтудың сенімді жүйесі жоқ, қойма территориясындағы технологиялық тәртіп бұзылған, өртке қарсы ажырамалар, жолдар жабылған және т.б).

Қанағаттандырылмайтын сумен қамтамасыз ету кезінде өрт сөндіру күштері мен құралдарының жетіспеушілігі кезінде өрттің туындауын және оны жоюға шектеу салу өртке қарсы ажырамаларды құрумен қол жеткізіліуі мүмкін.

Өрттің туындау сәтінен ол туралы хабардар еткенге дейін өткен уақытқа тәуелділікте өрт орынына келіп түскен бірінші бөлімшелер келесі неғұрлым сипатты жағдайға тап болуы мүмкін:

Ағаш материалдарының бір қат қабаты шегіндегі өрт, өрт бір немесе бірнеше қат қабаттарды қамтыды, өрт баланстық ағаш үйіндісінің бетінде немесе ішінде немесе технологиялық щепада іске асырылды.

Оған тәуелділікте тәжірибеде өрт сөндірудің түрлі амаладры мен әдістері қолданды.

Бір қат қабат кесілген ағаш дайындамаларының жануы кезіндегі өртті тұмшалау келесідей іске асады: өрт сөндірушы затар бір уақытта жанып үлгермеген жанында тұрған қат қабаттарды және жанып жатқан қабаттың бүйір беттеріне беріледі. Бір оқпаннан кем емес оқпанды жанып жатқан қат қабаттың бетіне олардың қабырғалары бойынша өрттің таралуының алдын алу үшін беру мақсатты. Неғұрлым үлкен тиімділік бентонит және бишофитт ерітінділерін пайдалану кезінде қол жеткізіледі. Өрттің сәтті тұмшалануы өрт сөндіру заттарының үлкен саны арқасында қамтамасыз етілгендіктен өрт сөндіру кезінде осы шығындарды қаматамасыз етуші техниканы пайдаланған жөн (ПЛВ-6-17, ПЛВ-7-20).

Жанып жатқан қат қабатты ақырғы рет өшіру оны шашу және жеке ошақтарды сөндіру жолымен іске асырылады. Шашу үшін жүктеушілер, крандар және өзге де техника қолданылуы мүмкін.

Шеңбер орманды сөндіру үшін өрт сөндіру заттарын негізінен бөренелердің жиектері жағынан берген жөн. Онымен бір уақытта оқпандар оның үстінен құю үшін қат қабат үстіне беріледі.

Баланстық ағаш өртін сөндіруге өрт сөндіруші заттар болжам етілетін ошақ бойынша төбе жағынан беріледі. Онымен бір уақытта үйіндіні грейдер, крандармен шашу ұйымдастырылады және жану ошақтарын табу үшін ары қарай.

Технологиялық щепаның үйіндісінің өртін сөндіру үшін өрт сөндіру заттары жану фронтына беріледі.

Бір немесе одан да көп қат қабаттарға келіп түсетін өртті сөндіру кезінде өртті жоюды негізінен өртке қарсы ажырамалар желімінде қамтамасыз ету қажет, олар қоймада бар немесе оларды қат қабаттарды шашу жолымен құрады. Жауынгерлік учаскілер ұйымдастырылуы мүмкін: таралау жылдамдығы ең үлкен бағыттар бойынша жалаудың таралу фронты бойынша, неғұрлым маңызды объектілерді, жергілікті мекендерді, технологиялық жабдықтарды қорғау, ұшып бара жатқан ұшқын мен шоқтардың жаңа ошақтарынң пайда болуының алдын алу.

Дамыған өрттер кезінде өрт сөндіру заттарын негізінен әлі де жанбаған қат қабаттарды, ағаш материалдарының үйіндісін, объектілерді қорғау, техниканы арашалау мен оқпаншыларды қорғау үшін беру қажет. Алдын алы анықталған рубеждерде жанып үлгермеген қат қабаттарды жоюды БТП іске асырған жөн.

Дамып келе жатқан өртті келесі шараларды қабылдау жолымен іске асыру ұсынылады:


  • алдын ала анықталған өртті жою рубеждерінде суды есептелінген интенсивтілік бойынша беруді қамтамасыз ететін өртті сөндіру құралдары мен күштерін зейіндеу іске асырылады.

  • Өрттің келіп түсетін фронтын сөндіру және қат қабаттарды ағызу жүзеге асырылады;

  • Ерекше назар оқпаншылардың өрт фронтын сөндіру бойынша маневрлеуіне және жанбайтын қат қабаттарды қорңауға аударылады, өрт периметрі бойынша қол оқпандары мен лафеттік оқпандарды алмастырған жөн.

Өртті жою рубежері және толтырылмаған қат қабат асты орындары бар орман қоймаларын территориясыны учаскілері (25 м кем емес енді).

Судың жетіспеушілігі шарттаында өртті сөндіру қажет: басқа өрт сөндіру заттарын пайдалану бойынша шараларды қабылдау; шешуші бағыттарда оқпандарды жіберуді ұйымдастыру; қат қабаттарды, үйінділерді, конструкцияларды шашу жолымен басқа учаскілерде өртті жоюды қамтамасыз ету, қажетті ажырамаларды құру.

Су көздерінің жоқ болуы жағдайында және суды жеткізу мүмкіндігінің жоқтығы кезінде қажетті күш санын зейіндеу және қат қабаттарды, үйінділерді, конструкцияларды шашу жолымен оттың таралуының алдын алу, сонымен қатар қол асты құралдары мен материадарының жануын жою.

Судың жетіспеушілігі немесе жоқтығы өртті сөндіру бойынша жүргізетін жұмыстарды күрделендіреді, жанудың алдын алу уақытының артуына, өртті сөндіруге қатысушылардың үлкен физикалық жүктемелерінің, өрттен материалдық зиянның өсуіне алып келеді.

Ұшып келетін ұшқындар мен шоқтардың Жаңа жану ошақтарынң пайда болуының алдын алу үшін жақын арада жатқан жергілікті мекендерді және автоцистерналардағы өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамын жұмылдыру арқылы партульді іске асыру ұйымдастырылады.

Қатты жел туындаған кезде іске асуы мүмкін: жану объектілерінің қозғалыс бағытында өрттің интенсивті дамуы, жанатын ұшқындар мен шоқтардың ұшуынан және өрт көлбеуінің есебінен жаңа өрт ошақтарының пайда болуы, желдік жүктеме әрекеті астында жанған қат қабаттардың қирауы, сонымен қатар қыздырумен әлсіреген констуркциялардың қирауы; жану өнімдері мен алауға тікелей қатысты адамдарға өрттегі жағдайдың жылдам өзгерісі.

Қатты желдің туындауы жағдайындағы өртті сөндіру кезінде қажет: өрт сөндіруді қуатты су себезгілерімен іске асыру; минмалды қысқа уақыт ішінде флангтарды қамтуды қамтамасыз ету; өрттің жаңа ошақтарын сөндіруге арналған күштер мен құралдардың резервін құру.

Желдетілетін жақтан посттарды орнату және оларға қажетті құралдар мен күштерді бере отыра бақыау бағыттарына сай орнатылған қат-қабаттардың, үйінділердің, құрылстардың бақылауы мен қорғанысын ұйымдастыру. Әсіерсе қатерлі жағдайларда негізгі жолдарда оттың таралу аймақтарын құру; артқа шегіну немесе кенеттен жағдайдың ауысуымен байланысты құралдар мен күштердің қайта құрылуының мүмкіндігін алдын ала қарастыру.



4. Объектінің инженерлік-техникалық шешімдерін талдау
4.1 Объект сипаттамасы
«МЕЛИСА» ЖАҚ ағаш өңдеу профилінің кәсіпорыны құрамына енеді: екі қабатты әкімшілік ғимараты, төрт бір қабатты өндірістік корпустар, қоймалық және құрылыс жабдықтарын сақтау бөлмелер блогы, автотехникаға арналған гараж бен аспа, толтыру бекеттері, дым үгінділер мен дайын өнімді сақтауға арналған учаскілер, ағашты кептіруге арналған құрғату камералары.

Әкімшілік корпус.

Өртке төзімділіктің 2-ші дәрежелі ғимараты, биіктігі 5 метр, әрбір қабаттың ауданы 600 м2. Тасымалдаушы қабырғалар мен баспалдақ аркалары темір бетоннан даярланған. Арасындағы жақтаулар кірпіштен даярланған, жабулар темір бетонды. Төсеніш битумды мастиктен даярланған рубероидті. Бірінші қабатта орналасқан: асхана, бойлер орнатылған жұмыс бөлмесі, әйелдер мен ерлерге арналған киім шешу бөлмелері, майлау бөлмесі, әжетхана. Екінші қабатта орналасқан: әкімшілік бөлмелері, қызыл бұрыш, тазалық сақтау бөлмесі, қойма бөлмесі, шығармашылық шеберханасы, әжетхана. копустың бірінші қабаты екілік ойық арқылы ағаш шебарханасы цехымен қосылады. Сыртқа шығатын бір шығысы бар.



Өндірістік корпустар.

Цилиндрлік бөренелерді даярлау бойынша цех – өртке төзімділіктің 5-ші дәрежесіне ие, цех биіктігі 4 метр, тетікті қалыпқа келтірілген беттерден орындалады. Ортақ аудан 480 м2. Сыртқа арналған 3 шығысы бар. Өрт туындау қауіпі бар, ол жанармай материалының бар болуынан іске асуы мүмкін.

Ағаш тілгіш - өртке төзімділіктің 5-ші дәрежесіне ие, цех биіктігі 2,5 метр, тетікті қалыпқа келтірілген беттерден орындалады. Ортақ аудан 100 м2. Бір жағы бір екрін ішке кіріске ие.

Ағаш жону цехы мен жөндеу шеберханасы - өртке төзімділіктің 2-ші дәрежесіне ие, темір бетон тақтайы мен жасанды заттардан орындалған, төсеніш рубероидті, цех биіктігі 5 метр, тетікті қалыпқа келтірілген беттерден орындалады. Ортақ аудан 1080 м2. Жану материалының бар болуы себебінен өрттің туындау қауіпі бар.

Сыртқа бір шығысы және әкімшілік корпусқа арналған бір шығысы бар.

Циркуляр - өртке төзімділіктің 2-ші дәрежесіне ие, темір бетонды тақтайлардан орындалған, төсеніш тетікті қалыпқа келтірілген беттерден даярланған, цех биіктігі 6,5 метр, тетікті қалыпқа келтірілген беттерден орындалады. Ортақ аудан 1800 м2. Жану материалының бар болуы себебінен өрттің туындау қауіпі бар. Сыртқа арналған 1 шығысы бар. Цех едені жерден 1 м қашықтықтағы эстакадада орналасады.

Дайын цилиндрлік бөренелердің қоймасы - өртке төзімділіктің 5-ші дәрежесіне ие, шектеуші конструкциялар мен төсеніштер тетікті қалыпқа келтірілген беттерден даярланған, цех биіктігі 5,5 метр. Ортақ аудан 1600 м2. Сыртқа арналған 2 шығысы бар.

АТТ өндірісіне арналған цех - өртке төзімділіктің 2-ші дәрежесіне ие, шектеуші конструкциялар мен төсеніштер жасанды тақтайлардан орындалған, төсеніш темір бетонды беттерден даярланған, цех биіктігі 5 метр, тетікті қалыпқа келтірілген беттерден орындалады. Ортақ аудан 1800 м2. Жану материалының бар болуы себебінен өрттің туындау қауіпі бар.

Гараж - өртке төзімділіктің 2-ші дәрежесіне ие, шектеуші конструкциялар мен тасымалдауышты конструкциялар темір бетонды блоктардан және жасанды тастардан орындалған. Жабу темір бетонды төсеніштерден. Цех биіктігі 5 метр. Ортақ аудан 162 м2. Екі сыртқы шығысы бар.

Сондай-ақ екі жабық аспалары бар.

Аспа №1 – автотехниканы сақтау үшін тағайындалған, биіктігі 4 метр, ортақ аудан 800 м2.

Аспа №2 – дайын өнімді темір жол вагондарына жүктеу мен сақтау үшін тағайындалған. Биіктігі 6,5 метр. Ортақ аудан 1800 м2. Жерден 1 метр қашықтықтағы эстакадада орналасқан. 1 және 2 аспа төсеніші тетікті қалыпқа келтірген беттерден даярланған.

Жануға төзімді материалдардың беттерінен даярланған құрғату камерасы бар. Ортақ ауданы 50 м2. Биіктігі 2,5 метр.

Токты үлестіруші подстанциясы – 2 дәрежелі өрт төзімділігіне ие, ортақ аудан 24 м2. Биіктігі 3 метр. Сыртқа бір шығысы бар. Жасанды заттардан даярланған, ал төсеніш темір бетонды тақтайлардан.

Авто толықтырушы станция – зауыттық даярлауы бар.

Қат-қабаттардағы шеңбер орманды сақтауға арналған №1 ашық ауданы, жалпы ауданы 2000 м2.

Жалпы ауданы 800 м2, үгінділерді сақтауға арналған №2 ашық аудан.

Жалпы ауданы 800 м2, цилиндрлік бөренелерден конструкцияларды жинақтауға арналған №3 ашық аудан.

ЖАҚ «Мелиса» территориясында күндізгі уақытта 80 адам жұмыс жасайды. Түнгі уақытта 15 адам.

ЖАҚ «Мелиса» территориясына дейін «Защита-2» станциясынан бір жапсырмалы темір жол жатқызылған.

Кесілген ағаш дайындамаларының ашық қоймалары.

Кесілген ағаш дайындамаларының қат-қабаттары құрғатушы-жақтау әдісімен немесе тығыз тасымалдаушы пакеттер түрінде жинақталады. Қат-қабаттар биіктігі қат-қабат асты орыны мен оның шатырын қоса есептегенде 12 м төмен емес. 12х12х12 м өлшемді құрғатушы-жақтаушы қат-қабатта ағаштың саны - м3 тығыздықты 350-450. Жанармай жүктемесі 1500-1700 кг/м2 құрайды. Мұндай қат-қабаттағы ағаш саны транспорттық пакеттерден м3 тығыздықты 1300-1500 құрайды және отын жүктемесі - 5000-6000 кг/м2.

Пакетті қат-қабаттар тобының ауданы 1200 м2 аспауы қажет, ал қатарлылардың – 900 м2.

Қат-қабаттар тобын өз араларында еңдік жолдар және бойлық ажырама немесе жолдармен бөледі. Бойлық жолдар бойынша өрт сөндіру машиналарының жолдары қамтамасыз етіліу қажет.

Пакеттік қат-қабаттар топтарыныың кварталының қосынды ауданы 18 га жоғары емесе және қатарлықтың ауданы 12 га жоғары және ені 100 м кем емес өртке қарсы аймақтарды қарастырады, олар қойманы кварталдарды сәйкесінше 18 және 12 га сәйкес бөлетін учаскілерге бөледі (кесте 1.3).
Кесте 1.3

Кесілген ағаш дайындамалары ашық қоймаларындаңы қат-қабаттар биіктігіне тәуелділіктегі қат-қабаттар тобы кварталдары арасындағы қашықтықтар

Қат-қабаттар биіктігі, м

Қат-қабаттар топтары кварталдары арасындағы қашықтық, м

пакеттік

Қатарлы

7 дейін

7 -10


10 - 12

35

40


50

50

60


70


4.2. Дөңгелек орман материалдарының ашық қоймалары
Дөңгелек орман материалдарының қат-қабат топтарының ауданы 1,5 га аспауы қажет, ал әрбір топтың ені – 70 м.

Кварталдағы қат-қабаттар тобын өз араларында көледен және бойлық жолдармен бөледі. Олардың ендері сәйкесінше 10 және 20 м кем емес. Нұсқалынған өту жолдары бойынша өрт сөндіру машиналары қамтамасыз етілуі қажет,

Қат-қабаттар тобы кварталының ауданы 4,5 га аспауы қажет.

Қат-қабаттар тобы кварталының қашықтығы шағынырақ мәндерді қабылдайды (кесте 1.4).


Кесте 1.4

Кесілген ағаш дайындамалары ашық қоймаларындаңы қат-қабаттар биіктігіне тәуелділіктегі қат-қабаттар тобы кварталдары арасындағы қашықтықтар

Қат-қабаттар биіктігі, м

Қат-қабаттар топтары кварталдары арасындағы қашықтық, м

9 дейін

9 - 18

18 артық

8 дейін

8 - 10


10 - 12

30

40


50

40

50


60

50

60


70



4.3. Баланстық ағаш, шайыр және үйінді сақтау отындарының ашық қоймалары
Баланстық ағашты, шайыр және үйінді сақтау отындарын тік бұрышты немесе дөңгелек формадағы үйінділерде 30 м дейін сақтайды, тік бұрыштың ені немесе дөңгелек үйінді диаметрі оның негізінде 90 м дейін, ал 25000 м3 дейін сыйымдылықты бола алады.

Баланстық ағаштың тік бұрышты үйінділерінің арасындағы бойлық және еңдік жақтары арасындағы қашықтық сәйкесінше шайыр және отындар 30 және 20 м кем емес; өткір үйінділер арасындағы айырмашылық 20 кем емес. Үйінді кварталының ауданы 4,5 га көп емес.

Үйінділер арасындағы қашықтық 50 тең деп орнатылады, м3 тығыздықтағы 500000 дейінгі үйінділер кварталының қосынды сыйымдылығы кезінде; 100 м - м3 тығыздықтағы 500000 артық үйінділер кварталының қосынды сыйымдылығы кезінде;

Жоңқалар, үгінділер, тамыр және ағаш қалдықтарының ашық қоймалары.

Жоңқаны, үгінділерді, тамырларды және ағаш қалдықтарын 30 м биіктікке дейінгі шеңбер және сақина тәрізді, тік бұрышты үйінділерде сақтайды, олардың ені 90 кем емес.

Тік бұрышты үйінділердің ендік жақтары арасындағы ара қашықтық 40 м кем емес, ал бойлық арасындағы және дөңгелек және сақина тәрізді үйінділер арасындағы қашықтық – 30 м.

Жоңқа, үгінді және ағаш қалдықтар үйінді кварталдардың ауданы 4,5 га аспайды.

Үйінді кварталдары арасындағы қашықтыұ 500000 м дейінгі тығыздықтағы кварталдағы үйінділердің қосындысы кезінде 50 құрады және тығыздығы 500000 асқан уақытта – 70 м.

Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету. Орман материалдарының тығыздығы 10000 көп емесе сыйымдылықты ашық қоймаларында жан жағынан ашылған су құбырлы сақиналы торы бар жоғары қысымды өртке қарсы су құбыры қарастырылады, ал отын материалдарының ашық қоймаларында тығыздығы 10000 дейінгі сыйымдылығы бар төмен қысымды өртке қарсы су құбырларына рұқсат етіледі.

Өртті сөндіруге арналған сумен қамтамасыз ету. 10000 тығыздықты сыйымдылықты орман материалдарының ашық қоймаларында тоқтаусыз сақиналы су құбыры желісі бар үлкен қысымды өрт сөндіруші су құбыры қарастырылады. Ал 10000 дейінгі тығыздықты сыйымдылықты орман материалдарының ашық қоймаларында төменгі қысымды су құбырларына рұқсат беріледі.

Орман материалдарының ашық қоймаларындағы өртті сөндіруге кететін су шығыны кестеде берілген мәндерден төмен емес деп қабылдау қажет (кесте 1.5).
Кесте 1.5

Орман материалдарын сақтаудың түрлі амалдары мен түрлеріне арналған бір өртке кететін орман материалдарының ашық қоймаларында өртті сөндіруге кететін су шығыны

Орман материалдарын сақтау түрлері мен амалдары

Өртті сөндіруге кететін су шығыны, л/с, тығыздығы м3 ащық қойма сыйымдылығы кезінде

10000 дейін

10000 - 100000

100000 - 500000

500000 жоғары

Қат-қабаттардағы кесілген ағаш дайындамалары.

СНжЕ бойынша, алайда 45 л/с кем емес, тығыздығы м3 қойманың 5000 жоғары сыйымдылығы кезінде










– пакеттік

90

120

150

– қатарлы

120

150

180

Қат-қабаттардағы дөңгелек орман материалдары

Сол сияқты

90

120

150

Баланстық ағаш, шайыр және үйінділердегі отын

Сол сияқты

150

180

240

Үйіндідегі үгінділер мен жоңқалар

Сол сияқты

90

120

150

Үйіндідегі тамырлар мен ағаш қалдықтар

Сол сияқты

60

90

120

Өрт сөндіру барысында 150-180 л/с су шығыны кезінде өрт сөндіру су құбыры бір уақытта үш, ал 180 л/с жоғары шығын кезінде – бір уақытта төрт лафетті оқпанддардың жұмысын қамтамасыз етуі қажет.

Қойма территориясында 500 м3 кем емес сыйымдылықты су қоймалары мен өрт сөндіру резервуарларын қарастырады. су қоймалары мен өрт сөндіру резервуарларын СнжЕ талаптарына сай қарастырған жөн.

Орман материалдарының ашық қоймалары орман материалдарының үйінділері мен негізгі қат-қабаттардан 5 м кем емес қашықтықта қолмен басқарылатын өрт туралы хабарламалайтын электрлік өрт сигнализациясымен жабдықталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет