334-
6 а п. Жер қойнауын ез бетінше пайдалану
1.
Жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше
өндіру, егер бул іс-әренеттер ірі залал келтірсе -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептік көрсеткішке
дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не үш жүз сагатқа
дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга тартуга не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа
алуга жазаланады.
2.
Аса ірі залал келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке
дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не үш жылга дейін- гі
мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жаза-
ланады.
3.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган іс-
әрекеттер
-
бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады.
Жер қойнауын өз бетінше пайдалану қылмыс құрамы жаңа Қылмыстық кодкесте алғаш арнайы
рет көрсетіліп отыр. Мұндай кылмыс аса кауіпті болып табылады. Өйткені жер асты байлығы,
Конституцияға сәйкес мемлекет меншігі болып табылады.
Қылмыстық объектің жер қойнауын корғау, пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты жер қойнауы байлықтары.
Объективтік жағынан қылмыс - жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сиякты пай- далы
қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтіру арқылы істе- леді.
Өз бетінше жер койнауын қазып алу, өңдеу, өткізу қылмыстың объективтік жағының белгісі
болып табылады. Қылмыс осы іс-әрекеттердің біреуін істегеннен кейін мұның зардабы ірі залал
келтірумен ұштасса аяқталған деп танылады.
Ірі залалға - қоршаган ортаны жэне табиғат ресурстардың тұтынушылык қасиеттерін қалпына
келтіру үшін шығындардың бір мың айлық есептік көрсеткішінде асатын мөлшердегі құндық
көрінісі жатады (ҚК-тің 3-бабы 38-тармағы).
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, пайдақорлық ниетпен істе- леді.
Қылмыс субъектісі 16-ға толган, жер койнауын өз бетінше пайдаланган адам.
567
Достарыңызбен бөлісу: |