Колледждің алтын шежіресінен…



бет1/6
Дата19.12.2022
өлшемі2.78 Mb.
#467502
  1   2   3   4   5   6
Рымбек Байсейітов өмірбаяны


Колледждің алтын шежіресінен…

Тарихы мен дәстүрі аңызға айналған Семей қаласында алғашқы рет қаржы-экономикалық статус қалай келді? 30-жылдардың бас кезінде қалада орналасқан банк мекемесінің ғимаратында оқу комбинаты ашылды. Бұл жайында техникумның алғашқы түлектерінің бірі- Рымбек Сымақ ұлы өзінің “Советтік Қазақстандағы экономика мен бюджет ” деген үлкен еңбегінде жақсы баяндайды. Бұл еңбегінде Рымбек Сымақ ұлы Қазақстандағы экономикалық құрылым, оның өсу жолдары экономикалық аймақ ретіндегі жетістіктері, жалпы қаланың өсу деңгейі туралы жақсы мәліметтерді келтіреді. Осындай қарбалас кезеңде экономикалық білімнің қажеттілігі, білімдарлықтың болуы аса міндетті деп санады техникум түлегі Қазақ ССР-нің Халықтық комитетінің қаржы бөлімінен экономикалық комбинат ашу туралы қаулысы шығарылды. 1931 жылы 15 тамызда Семей қаласында өлкелік қаржы курсы дүниеге келді. Ал 1941 жылы қаржы-экономикалық техникум болып құрылды. Алғашында оқу комбинаты бола тұрса да білім беруге Қазақстанның түпкір-түпкірінен жастарды оқуға қабылдады. Оқуға келген жастар өте талантты, білімге құштар жандар еді. Олар өздері курста оқып жүрсе де, мәні мен мағынасы зор үлкен бір оқу орнында оқитындай сезінетін. Шындығында да солай болды. Оқу – ісі, оқу -тәрбие жұмыстары сол кезде үлкен жолға қойылған еді. Көп ұзамай оқушылар мен оқытушылар ізденістері мен еңбектеріне орай өздерінің статустарын жоғарылатудан үміттері болды.Бұл үміттері де көп ұзамай орындалды,оқу орны техникум статусын алды.


Техникум әкімшілігі қоғамның қай кезеңінде де асқан қажырлылық, ізденімпаздық таныта білді.Тіпті соғыс кезінде де техникум өз жұмысын тоқтатқан жоқ, түлектерді дайындап ұшырып отырды.
Техникумды 1969-жылдарға дейін 12 директор басқарды. Сол кезде техникумды Совет Одағының Батырлары: Петр Филиппович Железняков, Сергей Ильич Морозов, Кенжебек Шәкен ұлы Шәкеновтар сияқты батыр түлектер бітірді. Бүгінде бұл батыр түлектердің ерлік істері, Отанын қорғаудағы қайраттылық пен табандылықтары жас ұрпақтардың жүрегінде. Жыл сайын бұл ұлы есімдердің құрметіне көптеген оқу-тәрбие үрдісінде маңызды іс-шаралар, апталықтар ұйымдастырылып отырылады.


Оқу орнының гүлденуіне, Қазақстанның алдыңғы қатардағы озық оқу орындарының біріне айналдыруда техникумды 1969-1985 жылдар аралығында Қазақ ССР-інің Еңбегі Сіңген ұстазы, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Семей қаласының құрметті азаматы - Роллан Мұса ұлы Мусиннің ерен еңбегін атамай кетуге болмайды.




Жастайынан еңбекке құмар Роллан Мусин Семейдің Кен - барлау техникумын аяқтап барып Ұлы Отан соғысына аттанады. Соғыста өжет, намысшыл азамат ротаны басқарады.Қаталдығы мен мейірімділігі бірге жарасқан Роллан Мусин елін қорғауда ауыр жараланып еліне қайтады. Қайтып келгеннен кейін де, қызыметінен тыс қалмайды. Балдақпен жүріп Шар ауданында мектеп директоры қызметін атқара жүріп оқушыларға жаңа типті мектеп салдырады.Бұл мектептің атақ-даңқын республикаға әйгілі етеді.


Ұстаздық жолдағы ауыр да, қызықты қызметін Роллан Мусин 1969-жылдан бастап қазіргі Рымбек Байсеитов атындағы қаржы-экономикалық колледжін басқарумен жалғастырады. Бұл оқу орнының оқу-тәрбие жұмысының деңгейін Кеңес Одағының әлеміне әйгілі етеді. Алғаш рет Москвада мемлекеттік тілде баяндама жасаған да Роллан Мұса ұлы еді.
Заман талабына сай сегіз қабатты ғимаратты да асқан табандылығының арқасында аз уақыт ішінде салып аяқтайды. Бүгінде оқып жатқан жастар дән риза, сол кездегі ауыр сәттерді бір мезет естен шығармайды, үнемі ұлағатты ұстаздың ерлік ісіне ізгілікпен, асқан құрметпен қарайды.
Ал 1985-жылдан бүгінге дейін экономика ғылымдарының кандидаты, «Ерен еңбегі үшін» медальінің иегері Түсіпбеков Тілеуғали Темірғали ұлы басқарып келеді.1995-жылы колледж ішінен Мемлекеттік қаржы институты ашылып,оның алғашқы ректоры Т.Т.Түсіпбеков болған еді.

Колледж ұжымы осынау 80 жылдық өмірінде талай-талай Одақтық, республикалық оқу-тәрбие жұмысына байланысты семинар, конференциялар, отырыстар өткізді








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет