Компьютерде сақталып өңделетін деректердің күннен күнге артып



Pdf көрінісі
Дата20.10.2022
өлшемі248.66 Kb.
#463076
1 Мәліметтер қорына кіріспе



91 
Кіріспе 
Компьютерде сақталып өңделетін деректердің күннен күнге артып 
отырғаны бәрімізге мәлім. Интернет ауқымды кеңістігінде жинақталып оларға 
жылдам қолжетімділік қамтамасыз ету іздеу шартының нақты орындалуын 
талап етеді. Бірінші өзекті болып тұрған мәселе қажетті деректерді іздестіруде 
интеллектуалды жүйелердің мүмкіншіліктерін қолдану қажеттігі. Осы бағытта 
алынған шешімдер сұранысты қалыптастыруда тек сұраныстың нақтылығын, 
дәлдігін ескере қоймай, сұранысты орындаудың жылдамдық параметрлерін 
қамтиді. Екінші мәселеге келсек, ол ақпаратты компьютерде сақтап өңдегенде 
алуан түрлі форматтардың қолданылуы, оларды мәліметтер базасы 
құрылымында сақтап, өңдеу қиындығы. Бірақ, осы мәселелердің шешімдерін 
тауып қолдану көптеген қолданбалы есептерді жүзеге асыруға жол ашады. 
Мәселен, егерде бүгінгі күнде қажетімізге керек сұранысты дұрыс 
қалыптастырмасақ компьютердің бізге іріктеп алып берген ақпаратты өз 
қажеттілігімізге қолдану ыңғайсыз да, қосымша біраз уақытымыздың болуын 
талап етеді. Ал егерде, компьютермен интеллектуалды бағдарламалардың 
есептеулерді жылдам да дәл өңдеу қабілеттіліктеріне жүгінсек, біздің пәндік 
аймақ маманы ретінде жұмысымыз жаңа да шығармашылық бағытта болуға 
уақытымыз босайды. Тағы бір мысал ақпараттың берілу форматына қарамай 
өңделу 
қажеттілігіне 
келсек, 
осы 
бағыттағы 
шешімдер 
цифрлық 
технологиялардың белсенді қолданушыларының саны күннен күнге өсіп, 
күнделікті өмірімізді жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіншілік аламыз. 
Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің құрылымдарының 
күрделенуіне байланысты мәліметтер қорының да ұғымы күрделене 
түсетіні ақиқат. Қандайда бір ақпараттық жүйедегі объектіге тиісті 
бірқалыпты деректер жиынтығын деректер кестесі деп атайды. Ал сол 
кестелердің жиынтығы және олардың арасындағы байланыстардың 
бірігуін компьютерде мәліметтер қоры деп атайды. Мәліметтер қоры 
дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан 
құрылым. Көп деректер мен жұмыс жасау қажеттілігі пайда болғанда 
әрқашанда мәліметтер қорын пайдаланады. 
Кесте бағандары объектілердің қандайда бір сипаттамаларына – 
өрістерге сәйкес. Әрбір өріс сақталатын деректер дің атымен және түрімен 
сипатталады. Өріс аты – бұл деректер мен пайдалану үшін, әртүрлі 
программаларда қолданылатын идентификатор. Ол кез келген идентификатор 
сияқты латын әріптерімен жазылады, бір сөзден тұрады және т.б. 
Өріс түрі сақталатын деректер дің түрін сипаттайды. Бұл жолдар
сандар, үлкен мәтіндер (мысалы, қызметкерлердің мінездемелері), суреттер 
(қызметкерлердің суреттері) және т.с.с. болуы мүмкін. 
Кестенің әрбір жолы объектілердің бір экземплярына сәйкес келеді. Ол 
жазба деп аталады және осы объектіні сипаттайтын барлық өрістердің 
мазмұнын құрайды. 


92 
Мәліметтер қорының кестелерін құрған кезде ақпараттың қарама – 
қайшылықсыздығын қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл негізгі өрістерді 
енгізумен жасалады. Негізгі болып бір немесе бірнеше өріс болуы мүмкін. 
Өрістердің кейбір типтері тек өздеріне ғана тән қасиеттерге ие бола 
алады. Мәліметгер базасының кестесі көптеген деректер типімен жүмыс 
істеуге мүмкіндік береді. Олар: 
­ 
Мәтіндік (Текстовый) - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты 
сақтауға арналған деректер типі (255 символға дейін); 
­ 
MEMO өрісі (Поле MEMO)- (65535 символға дейінгі) үлкен көлемді 
мәтінді сақтауға арналған деректер типі. Шын мәнінде мәтін өрісте 
көрсетілмейді, ол мәліметгер базасының басқа жерінде сақталады да, өрісте 
оның тұрған жері көрсетіледі, бірақ қолданушыға мұндай айырмашылық 
білінбейді; 
­ 
Сандық (Числовой) - нақты сандарды сақгауға арналған деректер
типі; 
­ 
Мерзімі/уақыты (Дата/время)- күнтізбе бойынша күнін, айын және 
уақьпты сақтауға арналған мәліметгер типі
­ 
Қаржылық (Денежный) - қаржылық шаманы сақтауға арналған 
деректер типі; 
­ 
Санауыш (Счетчик) - жазбаларды автоматгы түрде нөмірлеуге 
арналған мәліметгер типі; 
­ 
Логикалық - логикалық мәліметгерді сақтауға арналған тип (Ақиқат 
немесе Жалған деген мәндерді қабылдайды); 
­ 
OLE объекгілер өрісі (Поле объектов OLE)- әр түрлі объектілерді 
(мультимедиялық, графикалық, символдық) сақтауға арналған деректер типі. 
Бұл да MEMO өрісі сияқгы басқа жерде сақталады. OLE объектілері өрісінде 
оның тұрған жері көрсетіледі; 
Мәліметтер қоры реалды өмірде жиі қолданылады.Егер, мысалы, ірі 
банктің деректер базасын қарастыратын болсақ, бұл анықтаманы оңай 
түсіндіруге болады. Бұнда клиенттер туралы, олардың мекен-жайлары, 
кредиттік тарихы, есеп шоттарының жағдайы, қаржылық операциялары және 
т.б. туралы деректер сақталады. Бұл базаға банктің көптеген қызметкерлері 
кіре алады. Бірақ олардың ішінде бұл базаға толықтай ие болып, оған өзі жеке 
өзгерістер енгізе алатын адам жоқ. Мәліметттерден басқа базада әр түрлі 
әдістер мен жабдықтар бар, ол әрбір қызметкерге оның компетенциясына 
кіретін деректер мен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Базадағы 
деректердің нақты қызметкерлерге тиісті әдістермен өзара байланысы 
нәтижесінде қызметкерлер пайдаланатын және өз компетенциясы шеңберінде 
деректерді енгізу мен түзету жүргізетін ақпарат қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет