Конкурсная документация по государственным закупкам товара


«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті» РМҚ



бет8/9
Дата23.02.2016
өлшемі0.67 Mb.
#6535
түріКонкурсная документация
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті» РМҚ (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 9286-1901-ГП 27 қаңтар 2011 ж. берілді), 26.09.2011 ж. Берілген №1216 ж Бұйрық негізінде әрекет ететін қаржы және шаруашылық мәселелері бойынша Проректоры Сырлыбаев Марат Кәдірұлы бір тараптан, және бұдан әрі «Орындаушы» деп аталып, ________ негізінде әрекет ететін __________ екінші тараптан, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының негізінде және «___» ___________2012 ж. ЛОТ №_ конкурс тәсілімен өткен мемелекеттік сатып алулар нәтижесі негізінде (жылдық қаржы аудитін өткізу қызметі) осы мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартты (бұдан әрі – Келісім шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:



1. Келісім шарттың мәні

1.1. Осы келісім шарттың негізінде Орындаушы тауарларды (лабораториялық құралдар- тректік мембраналардың технологиялық сипаттарын зерттеу құралдар топтамасын) жеткізуге және тиісті орында техникалық спецификацияға сәйкес орнатуға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші Қызметтерді қабылдап, ақысын келісім шарттың шарттарына сәйкес төлеуге міндеттенеді.

1.2.Төменде көрсетілген құжаттар мен шарттар осы келісім шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады:

1) Осы келісім шарт;

2) № 1 қосымша (техникалық талаптар);

3) № 2 қосымша (қабылдау тапсыру Актісі).

4) Қамтамасыз ету

1.3. Орындаушы қызметтті Л.Н. Гумилев РМҚ Астана қаласы; Мұнайтпасов көшесі 5 мекен3 бойнша көрсетуі тиіс; қызмет салық төлеу шығындарын және қызмет көрсету барысындағы үш жыл ішіндегі басқа да төлемдерді қамтиды.


2. Келісім шарт сомасы. Төлем талаптары:
2.1. Келісім шарттың жалпы сомасы _________________(______________________________) тенгені құрайды, ҚҚС есебімен.

Келісім шарттың жалпы сомасына Орындаушының міндеттемелерін тиісті орындауына кеткен барлық шығындар ҚҚС есебімен кіреді.

2.2. Тараптар арасында төлем келесі тәртіппен жүзеге асады:

- Тапсырыс берушінің шарты бойынша келісім шарттың сомасынан аванстық төлем 30 пайыз қарастырылған.

- Қызмет көрсету туралы қабылдау-тапсыру Актісі және шот-фактура негізінде осы Келісім шартта көрсетілген Орындаушының банктік реквизиттарына қаржы аудару арқылы Осы Келісім шарт бойынша Орындаушы өз қызметтерін дұрыс орындаған күннен 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде Тапсырыс беруші Орындаушымен 2.1. тармақта көрсетілген кесте бойынша жыл сайын есеп айырысады.

2.3. Орындаушының қызмет көрсету құны ақырғы және үш жылғы кезеңде өсу жағына өзгермейді.

2.4. Егер тараптардың әрекеттері келісім шарттың құнын азайтуға бағытталса, Заңға сәйкес келісім шарт сомасы түзетіледі және өзгерістер еңгізіледі.

2.5. Салық және басқа да бюджетке аударылатын міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының Салық туралы Заңына сәйкес төленуге міндетті.

2.6. Осы келісім шарт бойынша төлем негізі ретінде шот-фактура және қабылдау-тапсыру актісі табылады, ал Орындаушының қызмет көрсетуін дәлелдейтін құжаттар ретінде жоғарыда аталған және тараптар қолымен бекітілген құжаттар болып табылады.

2.7. Осы Келісім шарт бойынша Орындаушы өз қызметтерін орындаған күннен 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде Тапсырыс беруші Орындаушымен ақырғы толық есеп айырысады.





3. Қызмет көрсетудің сапасы және кепілдіктер:
3.1. Тауар осы техникалық спецификацияға сәйкес немесе одан жоғары болуына жеткізуші кепіл береді.

3.2. Орындаушы өз міндеттерін дұрыс және толық орындауы үшін қажетті осы Келісім шарт бойынша техникалық ерекшеліктер талаптарына сай келетін өндірістік, кадрлік және финанстік қорға ие екеніне кепілдік береді. Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша осыны дәлелдейтін құжаттарды бес күнтізбелік күндер ішінде беруге міндеттенеді.

3.3 Орындаушы Ережелердің 156 пунктіне сәйкес он жұмыс күні ішінде орындалу кепілдемесін тапсыруға міндеттенеді:

-- Төлем Тапсырыс берушінің банктік шотына аударылады немесе заңнамамен белгіленген бюджеттік шотқа аударылады.

-- банктік кепілдік.

3.4. Егер көрсетілген қызметтер техникалық ерекшеліктер талаптарына жауап бермесе Тапсырыс беруші олардан дәлелді бас тарту қағазын ұсынуға құқылы, ал Орындаушы өз қаражатына Тапсырыс беруші жағынан ешбір қосалқы шығынсыз айтылған мерзімге дейін техникалық ерекшеліктер талаптарына жауап беретіндей етіп өзгертуі тиіс.

3.5. Орындаушы Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша жарияланған және шартты баға арасындағы айырмашылық сомасынан түскен пайданы жұмсау туралы мәліметті мемлекеттік сатып алулар бойынша уәкілетті органға жолдау тиіс.

3.6. Орындаушы тауарлардың жаңа және қолданыста болмағанына кепілдік береді.

3.7. Орындаушы тауарлар зақымсыз болуына кепілдік береді.

3.8. Орындаушы тауарға __ жыл кепілдік береді.

3.9. Тауарды зақымдалудан қорғайтын тысқа қаптауды міндеттенеді.

3.10. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері тауардың жұмыс қабілеттілігін тексеруге құқылы.

3.11. Қызмет нәтижелерін қабылдау осы техникалық спецификация-тапсырмаға сәйкес жүзеге асырылады.



4. Келісім шарттың шарттарын өзгерту

4.1. Осы келісім шартқа Заңның 39 бабында көрсетілген негіздерден басқа негіздерде өзгертулер мен толықтырулар еңгізуге тыйым салынған.


5. Құпиялы ақпарат

5.1. Осы Келісім шарт бойынша екі жаққа да берілген ақпарат құпиялы болып табылады және екінші жақтың мақылдауынсыз жария етілуіне тыйым салынады.

5.2. Орындаушы Тапсырыс берушінің жазбаша рұсатынсыз келісім шарттың мәнің немесе жеке тармақтарының мазмұнын ашып көрсетуге, осы келісім шарт бойынша тартылған мамандарды қоспағанда, құқығы жоқ.

5.3. Орындаушы Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз осы құжаттар мен ақпаратты тек осы келісім шарт бойынша қызметті орындауға байланысты әрекеттерге қатысты ғана мөлшерде пайдалана алады.


6. Тараптар жауапкершілігі

6.1. Келісім шарт бойынша міндеттердің орындалмағаны немесе дұрыс орындалмағаны үшін кінәлі жақ Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

6.2. Егер Орындаушы техникалық спецификациямен бекітілген мерзімді бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші келісім шарт сомасынан 0,1 % мөлшерінде әрбір кешіктірілген күн үшін айыппұл қоюға құқылы, және оны Орындаушымен есептесу сомасынан ұстап қалуға құқылы.

6.3. Егер Орындаушы өз міндеттемелерін орындамаса немесе тиісінше орындамаса және соның кесірінен техникалық спецификацияға сәйкес келмесе, Тапсырыс беруші Келісім шартта көрсетілген соманың 10 % мөлшерінде тұрақсыздық төлемін өңдіріп алуға құқылы.

6.4. Егер Орындаушы осы келісім шарттың 5.2. ;5.3.; 12.2. баптарын бұзатын болса, Тапсырыс беруші 0,1 % мөлшерінде Орындаушыдан жалпы сома есебінен айыппұл өңдіріп алуға құқылы.

6.5. Осы Келісім шарт бойынша ақырғы толық төлемді төлеу мерзімін бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Орындаушыға төлеуге міндетті соманың 0,1% мерзімінен өткен әр күн үшін төлеуге міндетті.


7. Форс-мажор

7.1. Жеңiлмейтiн күштiң жағдайлары орын алған жағдайда екі жақ өз міндеттерін орындаудан толық немесе бөлшекпен босатылады. Жеңiлмейтiн күштiң жағдайларына табиғи және техногенді сипаттағы дүлей апаттар, әскери іс-қимылдар, жоғары мемлекеттік органдардың тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шешімдерін жатқызады. .

7.2. Қызметтерді орындау мүмкін еместігі қиын емес, бірақ абсолютті болуы тиіс.

7.3. Форс-мажорлық жағдайлардың орын алуын төтенше жағдайлар бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен расталуы қажет.

7.4. Форс-мажорлық жағдайлардың орын алған жағдайда бір жақ екінші жақты қызметті орындай алмауы туралы жеті күнтізбелік күн ішінде хабарлауы тиіс. Осы шартты орындамаған жағдайда форс-мажорлық жағдайға жүгіну мүмкіндігінен айырады.

7.5. Егер форс-мажорлық жағдайлар міндеттердің уақытылы орындалуына әсер етсе, бұл мерзім сәйкесінше сондай міндеттерді атқару уақытына шегеріледі.

8. Келісім шартты біржақты бұзу
8.1. Орындаушы банкрот немесе төле алмайтын болған жағдайда Тапсырыс беруші кез келген уақытта Орындаушыға жазбаша хаттама жіберіп Келісім шартты бұзуға құқылы. Бұл жағдайда Келісімді бұзу тез арада орындалады, егер Келісімді бұзу Тапсырыс берушіге Тапсырыс беруші Орындаушыға қатысты қаржылай міндетті болмайды.

8.2. Тапсырыс беруші осы Келісім шартты кез келген уақытта бұзуы үшін 5 күнтізбелік күннен кем емес уақытта Орындаушыға жазбаша хаттама жіберу керек.

б) егер Орындаушы Келісім шарт бойыншакез келген қызметін орындай алмаса;

8.3. Тапсырыс беруші Келісім шарттың ары қарай орындалуы орынсыз деп есептесе, Мердімгерге сәйкес хаттама жіберіп, Келісім шартты кез келген уақытта бұзуына құқылы. Хаттамада Келісім шартты бұзу себебі, жойылған шарттық мiндеттемелер көлемі және Келісім шартты бұзу күні көрсетіледі. Орындаушы Келісім шарт бұзылған күнге дейін жұмсалған қаржысын талап етуі мүмкін.

8.4. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ ұйымдастырушы Орындаушыға Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Бұл жағдайда Орындаушы Келісім шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар өтемін талап ету құқығына айырылады.
9. Даулы мәселелердің шешімі
9.1. Тапсырыс беруші мен Орындаушы тура келіссөздер барысында Шарттың негізінде немесе соған байланысты араларында туындаған барлық келіспеушіліктері мен дауларын шешуге бар күштерін жұмылдырулары керек.

9.2. Егер 21 (жиырма бір) күнтізбелік күн аралығында басталған келіссөздер барысында Тапсырыс беруші мен Орындаушы Шарт бойынша дауларын шеше алмаған жағдайда, кез келген тарап Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шешіп беруді талап ете алады.



10. Хабарландыру

10.1. Әрбір хабарландыруды келісім шартқа сәйкес тараптар хат, телеграмма, телекс немесе факс түрінде жүзеге асырады.

10.2. Хабарландыру жеткізілгеннен кейін немесе онда көрсетілген мерзімнен бастап күшіне енеді.
11. Келісім шарттың әрекет ету мерзімі және тоқтату шарттары.
11.1. Келісім шарт Тараптардың қолымен бекітілген кезден күшіне енеді және тараптар өз міндеттерін толықтай орындағанша әрекет етеді.

11.2. Тауар жеткізу мерзімі 110 (жүз он) күнтізбелік күн.



12. Басқа жағдайлар

12.1.Тараптармен бекітілген жазбаша өзгерулерден басқа келісім шарттың құжаттарына көрсетілетін қызметке қатысты өзгертулер мен толықтырулар еңгізуге тыйым салынады.



12.2. Орындаушы өз міндетін Тапсырыс берушінің жазбаша мақұлдануынсыз толық немесе бөлшектеп басқа тұлғаға беруіне тыйым салынады.

12.3. Келісім шарттың кез келген өзгерістері мен толықтырулары тек екі жақтың уакілетті өкілдерімен қол қойылып, мөрлерімен расталған жағдайда ғана шынайы болып табылады.

12.4. Көрсетілген қызметтердің техникалық сипаттамасында қарама-қайшылық туған жағдайда Тараптар Келісім шарттың Қосымшасында көрсетілген техникалық сипаттамаларын негізге алады.

12.5. Келісім шартта қарастырылмаған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының Заңдылығымен негізге алады.

12.6. Келісім шарт қазақ тілінде екі данада әрбір Тарап үшін дайындалған, бірдей заңи күшке ие және Тараптармен бекітілгеннен кейін күшіне еңеді.



Тараптардың мекені мен реквизиттері:

Тапсырыс беруші:


«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразиялық ұлттық университеті» РМҚ ,

Қазақстан Республикасы, Астана қ.,

индекс 010008, Мунайтпасов к-сі,5,

СТН 031400075610,

БСКTSESKZKA,

ИИК KZ64998BTB0000003105,

«Цеснабанк» АҚ Астаналық бөлімі,

тел. 8(7172)35-38-09.
_________________ М.К. Сырлыбаев




Орындаушы:






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет