Конспектті дайындаған: Ринат Абу Мухаммад Қазақстани إعداد: رينات أبو محمد كازاخستاني 


«…мен міндетті түрде оларға Аллаһтың жаратылысын бұрмалауды бұйырамын»



бет2/9
Дата04.07.2016
өлшемі6.65 Mb.
#175894
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«…мен міндетті түрде оларға Аллаһтың жаратылысын бұрмалауды бұйырамын» («Ниса» сүресі, 119-аят), - деп айтқан.

Төртінші: Әйелдерге ұқсап-еліктеу. Ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұндай күнәні істейтін адамды лағынеттеді ғой.2 Бұл мәселелінің жан-жақты қаралуын «Некелесудің Саф Сүннетке сәйкес әдебі» кітабынан көре аласыз.

Жиі жағдайда мынандай жағдайларды да көруге болады: көптеген қажылық өтеушілер қажылық кезінде ихрамда болулары себепті сақалдарын өсіреді де, ал ихрамнан шыққан соң Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырғандай шашын қырып тастаудың орнына, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сақалды жіберу туралы бұйрығына көз жұмып, сақалын қырып тастап жатады. Ақиқатында, барлығымыз Аллаһқа тәнбіз әрі Оған қайта ораламыз!


3. ЕР КІСІЛЕРДІҢ АЛТЫН САҚИНА КИЮІ
Біз алтын сақина киіп, өздерін сәндеп жүрген қажылық өтеушілерді де көрдік. Бұл мәселені зерттеу мұны істейтін адамдарды үш топқа жіктеуге мүмкіндік берді:

Бірінші топқа мұның тыйым салынғандығын жай білмеген адамдар жатады, әрі оларға бірнеше хадистерді, мысалы, «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алтын сақина киюге тыйым салды» деген


(әл-Бухари және Муслим жеткізген) хадисті және «Ақиқатында, сендердің біреуің Тозақтың жанып тұрған шоғына өзі ұмтылып оны өзінің қолына салады!» деген (Муслим жеткізген) хадисті жеткізсеңіз, олар осы күнәдан бірден бас тартады.

Екінші топқа келер болсақ, оған жататын адамдар бұл мәселенің мән-жайын өте жақсы біледі, бірақ бәрібір өздерінің әуес-құмарлықтарына ереді. Бұл жағдайда бізге Аллаһтан оларды тура жолға салуын сұрап, дұға етуден басқа еш нәрсе қалмайды.

Ал үшінші топқа жататын адамдар тыйым салынған нәрсе істеп жүргенін мойындайды, бірақ олар киіп жүрген сақиналары неке сақинасы екендігін айтып ақталады. Бұл сорлы мұсылмандар осынысы арқылы екі күнәға батып жатқандарын өздері байқамайды: біріншісі – Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жоғарыда айтылған анық тыйымын бұзу, ал екіншісі – кәпірлерге ұқсап-еліктеу, өйткені неке сақинасы бұрын мұсылмандарға беймәлім болатын, олар осы салтты кейінгі заманда ғана христиандардан үйреніп алды. Бұл мәселені мен (шейх әл-Әлбани. – ред.) толығырақ «Некелесудің Саф Сүннетке сәйкес әдебі» кітабында қарастырған болатынмын, әрі мен басқа ғалымдардан айырықша неке сақинасын киюге деген тыйым жалпы сипатта екенін және ол мұсылман әйелдерге де қатысты екенін айтқан едім. Аталған кітаптағы тиісті тарауды қараңыз, өйткені бұл мәселе өте маңызды болып табылады.
Екінші кеңес

Қажылық жасауды ниет еткен әрбір адамға оның қажылығы толыққанды және Пәк Аллаһ Тағала тарапынан қабыл болуы үшін біз онда орындалатын рәсімдерді алдын ала Құран мен Сүннетке негізделіп үйреніп алуға кеңес береміз.

Мен Құран мен Сүннетке жүгінудің қажеттілігіне нұсқағанымда, құлшылықтың басқа түрлеріндегідей, қажылық рәсімдеріне қатысты да (ғалымдар арасында), келіспеушіліктер бар екенін меңзедім.

Мысалы, қажылықтың қай түрін орындауды ниет еткен жақсырақ: әт-таматту’ты ма3, әл-қиранды ма4 әлде әл-ифрадты ма5? Осы мәселеге қатысты

үш мазхабтың біз ортақтасатын пікіріне сәйкес қажылықтың ең абзал түрі тек әт-таматту’ болып табылады, бұл пікірді имам Ахмад және басқа ғалымдар да жақтаған. Бұдан тыс, Ибн Хазм мен Ибн әл-Қаййим секілді кейбір зерттеуші ғалымдар Ибн Аббастың және мұсылмандардың алғашқы буынындағы салиқалы сәлафтардың соңынан: «Қажылар өздерімен бірге құрбан шалатын малдарын айдап келмеген жағдайда әт-таматту` қажылығын жасау міндетті», - деп санаған. Бұл мәселе толығырақ «әл-Мухаллә», “Заад әл Мә’ад” т.б. еңбектерде қаралады.

Дәл қазір мен бұл мәселеге егжей-тегжейлі тереңдегім келмей тұр. Сондықтан да, Аллаһ Тағаланың қалауымен, мақсаты ата-бабаларына немесе мазһабына соқыр түрде еліктеу емес, ақиқатқа ілесу болған әрбір ықыласты мұсылманға пайдалы болатын кейбір жайттарға қысқаша тоқталып өтемін.

Сонымен, бастапқы, яғни қажылық енді ғана парыз етілген кезде, сахаба өз қалауы бойынша қажылықтың үш: әт-таматту’, әл-қиран немесе әл-ифрад - түрінің кез келгенін таңдай алғандығына күмән жоқ. Сондықтан да Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының арасында қажылықтың осы аталған түрлерінің біреуін таңдағандары болды, өйткені ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға осындай мүмкіншілік берді. Бұл туралы Айшаның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде былай деп хабарланатынындай: «Біз Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге жолға аттандық, әрі ол: “Сендерден кім қажылық пен умраны жасағысы келсе, оларды жасай берсін. Кім умраны жасағысы келсе, оны жасай берсін...”, - деді» (Муслим жеткізген).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), бұл туралы имам Ахмад жеткізгендей (6/245), осы сөздерді сахабалар Зул-Хуләйфада алғаш рет ихрамға кірген кезде айтқан болатын, алайда (осы жерде болған кезде) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы тақырыпқа байланысты тағы да бір нәрселер айтудан өзін ұстап қалды. Кейін, Меккеге жол жүру барысында, түрлі жағдаяттарда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларына қажылықтың ең жақсы – әт-таматту’ түрін ұсына бастады, бірақ оны талап та етпеді, бұйырмады да. Бұл Меккеден он миль қашықтықта орналасқан әт-Тан’имға жақын Сариф деген жерде орын алады.

Мысалы, хадистердің бірінде Айша (Аллаһ оған разы болсын) келесі сөздерді жеткізген: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларына: «Сендердің араларыңдағы өзімен бірге (айдап келе жатқан) құрбандыққа шалатын малы болмағандар және умра жасауды қалағандар, солай істесін, ал кімнің өзімен бірге (айдап келе жатқан) құрбандыққа шалатын малы болса, (бұлай) істей алмайды», - деді». (Кейін) Айша (Аллаһ оған разы болсын) былай деді: Оның [өздерімен бірге (айдап келе жатқан) құрбандыққа шалатын малдары болмаған] сахабаларының арасында осылай істегендері де, осылай істемегендері де болды...” (әл-Бухари және Муслим. Төрт бұрышты жақшалардың ішіндегі мәтін Муслимде келтіріледі).

Кейіннен, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Меккеге өте жақын орналасқан Зул-Тууа деген жерге жеткен кезде, таң намазынан кейін сахабаларына: «Кім умра жасағысы келсе, оны жасай берсін», - деді (Абдуллаһ ибн Аббастың сөздерінен әл-Бухари мен Муслим жеткізген).

Алайда біз Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары Меккеге кіріп, Қағбаны алғашқы тауап (тауаф әл-кудум) жасаған соң, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі) болсын оларды әт-таматту’ қажылығының абзалырақ екенін меңзейтін осыдан алдынғы үкімін орындауға шақырмағанын көреміз. Жоқ, ол сахабаларға өзімен құрбандыққа шалатын малын (айдап) келмегендер үшін әт-таматту’ қажылығын жасаудың міндетті екенін меңзейтін жаңа үкімді хабарлап, оларға қажылықтарын умра жасау үшін үзуді және ихрамнан шығуды бұйырды.

Айша (Аллаһ оған разы болсын) келесі сөздерді жеткізді: «Біз Пайғамбармен бірге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (Мәдинадан) тек қажылықты орындауды ғана ниет етіп, жолға шықтық. (Меккеге) жеткен кезде Қағбаны тауап жасадық, содан кейін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өздерімен бірге құрбандыққа шалатын малдарын айдап келмегендерге ихрамнан шығуды бұйырды, әрі өздерімен бірге құрбандыққа шалатын малдарын айдап келмеген (адамдар) осылай істеді. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері өздерімен бірге құрбандыққа шалатын малдарын айдап келмеген болатын, сондықтан олар да ихрам халінен шықты...» (әл-Бухари мен Муслим). Тура осы нәрсе туралы Ибн Аббас жеткізген келесі хадисте де хабарланады: “Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға қажылықты умра жасау үшін үзуді бұйырды. Бұл жайт сахабаларды азғантай абдыраушылыққа түсірді де, олар: «Уа, Аллаһтың елшісі, ихрам халінен дәл қалай шығуымыз керек?» , - деп сұрады. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Толық», - деп жауап берді (әл-Бухари мен Муслим). Жоғарыда аталған хадистерден бөлек осыған ұқсас және толығырақ баяндалатын Жәбирдің хабары да бар, ол әрі қарай 33-45 тармақтарда келтіріледі.

Мен (яғни шейх әл-Әлбани – ред.) былай деймін: осы сенімді хадистер туралы ой жүгірткен кез келген адамға, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларына қажылықтың кез келген түрін таңдауға мүмкіндік берген кезде, ол осылайша оларды қажылықты умра жасау үшін үзу туралы жаңа үкімге дайындағаны айқын болады, өйткені кері болған жағдайда ол (яғни осы жаңа үкім – ауд.) олардың кейбіреуін қиын жағдайға салып қояр еді. Мұның үстіне, бұл туралы екі «Сахихта» (әл-Бухари мен Муслимде) жеткізілетініндей, жәхилиет (Исламға дейінгі надандық) кезінде «қажылық айларында умра жасауға болмайды» деген сенім кең тараған болатын. Әрі осыған дейін де Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үш жыл бойы зул-кағда айында умра жасап, мұндай пікірді жарамсыз еткеніне қарамастан, әрі осының өзі жәхилиет кезінің осы бидғатын теріске шығару үшін жетіп асса да, бәрібір, сахабаларды жаңа үкімді қабылдауға дайындау қажет еді, әрине, Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі. Оларды осыған дайындау барысында, ол ең алдымен оларға қажылық пен умраны өтеудің арасында таңдау құқығын беріп, оларға осының қайсысы абзал екенін түсіндірді, ал содан соң, біз бұл туралы жоғарыда айтып кеткеніміздей, қажылықты умра жасау үшін үзу туралы кесімді бұйрық түсті.

Осыны біліп алған соң, бұл бұйрық төмендегідей жағдайларға байланысты ерекше міндетті сипатта екенін атап айту қажет:



Біріншісі: Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығының негізі оны орындаудың міндеттілігіне нұсқайды, тек осы бұйрықты теріске шығаратын қандай да бір басқа дәлелдер бар болатын жағдайлардан бөлек. Біз қарастырып жатқан жағдайдағы дәлел, керісінше, оны растауда.

Екінші: Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларға (қажылықты умра жасау үшін үзуді) бұйырғанда, бұл туралы біз жоғарыда сөз еткеніміздей, бұл (бұйрық) олардың арасында аздап абдыраушылық туғызды. Ал егер бұл бұйрық міндетті сипатта болмағанда, ол оларда абдыраушылық туғызбас еді, өйткені сіздердің өздеріңіз оның таңдау құқығын беретін осыдан алдынғы үш бұйрықтары сахабаларда осындай әсер туғызбағанын көрдіңіздер ғой. Сонымен, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы бұйрығының себебінен туындаған абдыраушылық сахабалар оны орындау міндетті екенін ұғынғандығына айғақ болады.

Үшінші: Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен тағы бір хадисте былай деп жеткізіледі: “... әрі ол менің жаныма ызалы күйде кірді. Мен: «Сені кім ызаландырды, уа, Аллаһтың елшісі, Аллаһ оны Отқа тастасын?», - деп сұрадым. Ол: «Сен менің бұйрығымнан соң адамдардың қобалжып тұрғанын сезбедің бе. Егер мен орын алған нәрсені алдын ала біле алғанымда, құрбандыққа шалатын малды өзіммен бірге айдап келмей, олар сияқты кейіннен ихрамнан шығу үшін, оны осы жерден алар едім», - деп жауап берді (Муслим, әл-Бәйһақи және Ахмад жеткізген). Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ызалануы оның бұйрығы міндетті сипатта болғанын дәлелдеп тұр. Мұның үстіне, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ызасын сахабалар оның бұйрығын орындаудан бас тартуы емес, өйткені бұл мүлде мүмкін емес еді, олардың қобалжуы туғызған болатын. Сондықтан да құрбандыққа шалатын малдарын өздерімен бірге айдап келгендерінен басқалары түгелімен ихрам хәлінен шықты, бұл туралы № 44 тармақта сөз болады.

Төртінші: Қажылықты умра жасау үшін үзу жайында қойылған «Бізге (бұл) осы жылы ғана бұйырылды ма, әлде барлық заманда ма?» деген сұраққа ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) саусақтарын айқастырып: «Умра Қиямет күніне дейін қажылыққа енді, әрі бұл сендер үшін мәңгілікке, мәңгілікке (бұйырылған)», - деп жауап берді. Бұл туралы №34 тармақта айтылатын болады.

Бұл мәтін умраның сол кезден бастап қажылықтың ажырамас бір бөлігіне айналғанына, әрі осы үкім кейбіреулер ойлайтындай тек сахабаларға ғана емес6, бүкіл мұсылмандарға мәңгілікке дейін қатысты екеніне айқын дәлел болады.



Бесінші: Егер де Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығы міндетті сипатқа ие болмағанда, онда оны сахабалардың бір бөлігі ғана атқарғаны жеткілікті болар еді. Алайда біз Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жалпы бұйрықпен шектелмегенін көріп тұрмыз. Жоқ, ол осы бұйрықты орындауды қызы Фатимаға да, әйелдеріне де нақты бұйырды, бұған екі «Сахихта» Ибн ‘Умардан келтірілетін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің қоштасу қажылығы кезінде әйелдеріне ихрамнан шығуды бұйырғанда, Хафса, Аллаһ оған разы болсын, одан: «Ал сізге ихрамнан шығуға не кедергі жасайды?», - деп сұраған, ал бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен шашымды (шаш жалтыратқыш затпен) желімдеп алдым...», - деп айтатын хадис айғақ болады. Ал Абу Муса, Аллаһ оған разы болсын, Йеменнен қажылық жасау үшін келгенде, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан: «Сен қажылықтың қай түрін орындауды ниет еттің?», - деп сұрады. Ол: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (ниет еткен қажылығын)», - деп жауап берді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан: «Ал сен өзіңмен бірге құрбандыққа шалатын мал айдап алып келдің бе?», - деп сұрады. Абу Муса: «Жоқ», - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «(Аллаһтың) Үйін тауап жаса, кейін әс-Сафа мен әл-Мәруаның арасын сағи жаса, содан кейін ихрам халінен шық...», - деді.

Енді өзімізге өзіміз сұрақ қойып көрелік: Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылықты умра жасау үшін үзу туралы бұйрықты әрбір балиғатқа толған мұсылманға жеткізу үшін сарып еткен қызу тырысулары оның орындалуы міндетті екеніне нұсқау болмайды ма? Уа, Аллаһ, ақиқатында, міндеттілік біз атағаннан да едәуір кішілеу нәрсемен орнатылады!

Жоғарыда келтірілген куәліктер қажылықты әт-таматту’ үшін үзу міндетті екеніне айқын түрде нұсқайды. Сөйтіп, осыған қарсы болған адамдар үшін, осы дәлелдерге мойынсұнудан басқа еш нәрсе қалмайды. Алайда олар осыған қайшы келулерін жалғастыра береді, ал олардың кейбіреулері тіпті «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл бұйрығы оның сахабаларына ғана қатысты айтылған» деген сөздерді айта бастады. Бірақ жоғарыда келтірілген дәйектерді назарға алған түрде мұндай мәлімдемелердің негізсіз екені ап-айқын болады. Ең соңында кейбір адамдар тіпті бұл бұйрықтың күші жойылған деп айта бастады, алайда олар, уа, Аллаһ, өздерінің пікірілерін екі «Сахихта» және басқа да хадис жинақтарында келтірілетін «Бұған Умар, Усман және әз-Зубайр (Аллаһ оларға разы болсын) тыйым салған» деген хабарға негіздеп, бірде-бір атауға лайықты дәлел келтірмейді.

Бұған әртүрлі жауап беруге болады:



Бірінші: осы тыйымға жүгіну қажеттілігін сезінетін адам, бәрібір бұл туралы айтпайды, өйткені оның мазһабы әт-таматту’ қажылығын жасауға рұқсат береді. Сөйтіп мазһабтардың бұл сұраққа берген жауабы біздің де жауабымыз болып табылады.

Екінші: әт-таматту’ қажылығын жасауға тыйым салуды Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының көпшілігі сөгетін, мысалы, Али, Имран бин Хусайн, Ибн Аббас т.б. сахабалар.

Үшінші: әт-таматту’ қажылығын жасауға тыйым салатын пікір, Сүннетті айтпағанның өзінде, Аллаһтың Кітабына қайшы келеді. Өйткені Аллаһ Тағала былай деді:

فمن تمتع بالعمر إلى الحج فما استيسر من الهدي

«Ал кім үзілетін қажылық пен умра жасаса7, шамасы келетін нәрсесін құрбан шалуға тиіс» («әл-Бақара» сүресі, 196-аят).

Бұл аяттың мағынасына Имран бин Хусайн, Аллаһ оған разы болсын, нұсқап, былай деген: «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көзі тірісінде біз әт-таматту’ қажылығын жасаған едік, ал Құранда (мұның күшін жоятын) еш нәрсе түсірілмеген еді, бірақ (кейін) бір кісі (яғни Умар) бұл туралы өзінің қалаған пікірін білдірді». Бұл хадистің басқа бір нұсқасында: «…Ал Аллаһтың Кітабында әт-таматту’ қажылығы туралы аят түсірілді де, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінің соңына дейін бізге оны жасауды бұйырды». Бұл хадистерді Муслим келтірген.

Бұдан тыс, Умардың өзі де әт-таматту’ қажылығын жасауға болатыны туралы айтып, өзінің тыйымы мен сөгісін тек жеке пікірі екенін түсіндірген болатын, өйткені ол әт-таматту’ қажылығы тек бір ғана себеппен жасалады деп ойлайтын. Мысалы, ол (Аллаһ оған разы болсын) (осыған қатысты) былай деген: «Мен Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары оны (яғни әт-таматту’ қажылығын) жасағанын білемін, бірақ мен ерлердің арак8 бұталарының арасында әйелдерімен жыныстық қатынас жасап, содан соң бастарынан (ғұсыл құйынған) суы тамшылаған күйде қажылыққа аттанатындарын құптамаймын». Бұл хадисті Муслим мен Ахмад келтіреді.

Бұл мәселені зерттеушінің назарын бұратын жайттардың бірі – Умар (Аллаһ оған разы болсын) әт-таматту’ қажылығын жасауды құпталмайтын амал деп санайтын дәл осы себепті Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылықты умра өтеу үшін үзу туралы бұйрығын орындауға асықпаған сахабалардың да көргені. Олар былай деген болатын: «Біз тек қажылық жасау ниетімен қажы болып (жолға) шықтық. Бізге әйелдеріміз үшін босану9 бұйырылған кезде, Арафатта тұруға дейін төрт-ақ күн қалған болатын. Сондықтан да біз Арафатқа жеткен кезімізде, әйелдерімізбен жыныстық қатынас жасағанымыздан кейін аз-ақ уақыт өткен еді». Толығырақ № 40 тармақты қараңыз. Кейбір сахабалар өздерінің қажылықтары жайлы күмәндана бастағанда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға былай деп жауап берді: «Уа, адамдар! Аллаһтың атымен ант етемін! Сендер мені білмейсіңдер ме?! Сендер менің сендердің араларыңдағы ең тақуа, шыншыл және салиқалы екенімді білесіңдер ғой. Ендеше мен сендерге бұйырған нәрселерді орындаңдар, өйткені егер менің өзіммен бірге (айдап алып келген) құрбандыққа шалатын малым болмағанда, мен де сендер сияқты ихрам халінен шығар едім». Толығырақ № 42 тармақты қараңыз.

Сөйтіп, бұл жайт бізге «егер Умар (Аллаһ оған разы болсын) адамдардың әт-таматту’ қажылығын орындауларын құптамаған кезде біреу оған сахабалардың осындай сөздерін жеткізіп, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жауабын есіне салғанда, ол қажылықтың осы түрін құпталмайтын амал деп санауын қойып, адамдарға оны жасауға тыйым салмас еді» дегенде нұсқайды. Жоғарыда аталған факт осы өте құрметті сахаба Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сүннеті туралы немесе оның осыған қатысты айтқан сөздерін білмегеніне дәлел болады. Ол (Аллаһ оған разы болсын) ижтиһад жасады да, қателесті, бірақ Аллаһ Тағала бәрібір (осы шешімі үшін) оған бір сауап береді, өйткені тек Аллаһ қана, ал содан соң Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кемшіліктерден пәк.

Кейбір адамдар: «Сіздердер келтірген әт-таматту’ қажылығының міндетті екендігін жақтайтын дәйектер, сондай-ақ осыған қайшы нәрселерді теріске шығаратын жауаптарыңыз түсінікті әрі орынды–ақ. Бірақ халифалардың қажылықтың басқа – әл-ифрад түрін жасауы сұрақ туғызады. Ал, ендеше, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең көрнекті сахабаларының амалдары мен сіздердің жоғарыда айтқан сөздеріңіздің барлығымен қалайша үйлестіруге болады?», - деп сұрауы мүмкін.

Бұған келесідей жауап беруге болады: жоғарыда келтірілген фактілерден әт-таматту` қажылығы тек өзімен бірге құрбандыққа шалатын малдарын айдап келмейтін қажыларға міндетті болатыны ап-айқын болады. Ал егер қажы өзімен бірге құрбандыққа шалатын малын айдап келсе, онда оған әт-таматту` қажылығын жасау міндетті болмайды, тіпті тыйым салынады. Бұл жағдайда ол не әл-қиран қажылығын, не әл-ифрад қажылығын жасауы керек болады, бірақ әл-қиран қажылығын жасау абзалырақ. Осыдан шыға келе біз: «Ізгі халифалар әл-ифрад қажылығын тек өзімен бірге құрбандыққа шалатын малдарын айдап келгендігі себепті жасаған», - деп тұжырымдай аламыз. Мұндай жағадайда бұда ешқандай қарама-қайшылық жоқ!

Жоғарыда баяндалғанның барлығын қорытындылай келе, былай деу қажет: қажылық жасағысы келген әрбір қажы ихрамға умра жасау ниетімен кіруге тиісті. Кейін, Сафа мен Мәруаның арасында жүгіру (сағи) рәсімін жасап болған соң, ол шашын алу арқылы ихрамнан шығады. Зул-хижжа айының сегізі күні қажылық өтеуші қайтадан ихрам халіне кіреді, бірақ енді қажылық жасау ниетімен. Ал тәлбийя сөздерін әл-қиран немесе әл-ифрад қажылығын өтеу ниетімен айтқан адамға келер болсақ, ол өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнып, қажылығын умра жасау үшін үзуге тиісті, өйткені Ұлы әрі Құдіретті Аллаһ:



من يطع الرسول فقد أطاع الله

«Кім Елшіге мойынсұнса, сол Аллаһқа мойынсұнады», - деді («ән-Ниса» сүресі, 80-аят).

Әт-таматту’ қажылығын орындаушы адам барлық тиісті рәсімдерді орындап болған соң, не айт күні (яғни 10-зул-хижжада ред.), не әт-ташрик күндерінің бірінде (яғни 11, 12 немесе 13 зул-хижжада ред.) құрбан шалуы керек. Бұл қажылық рәсімдерінің аяқталуын білдіреді, ал құрбандыққа шалынатын малдың қанын ағызу мәжбүрлі, еріксіз амалды емес, Аллаһ Тағалаға деген шүкіршілікті білдіреді. Бұл туралы Ибн әл-Қайим былай деп айтқанындай: «Өзінің мәні бойынша бұл өз тұрғылықты мекенінде құрбан шалып жатқан мұсылманның құрбан шалуымен тең, әрі бұл амал осы күнде жасалатын соңғы ғибадат рәсімі болып табылады. Сондықтан да, өзіне құрбан шалынатын малдың қанын ағызуды қамтыған рәсім құрбан шалынатын мереке секілді».

Бұл рәсім Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисіне сәйкес ең жақсы амалдардың бірі болып табылады. Мысалы, одан: «Амалдардың қайсысы ең жақсы болып табылады?», - деп сұрағанда, ол: «Тәлбийяны қатты дауыспен айту және құрбандыққа шалынатын малдың қанын ағызу», - деп жауап берді. Бұл хадистің сахихтығын Ибн Хузайма, әл-Хаким және әз-Зәһаби растаған. Сондай-ақ әл-Мунзири де оны хасан хадистер санатына жатқызған. Қажы өзі құрбандыққа шалған малының етінен ауыз тюге тиісті, мұны Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жасағанындай. Бұл туралы толығырақ № 90 тармақта айтылатын болады. Өйткені Ұлы және Құдіретті Аллаһ Минада құрбан шалынатын малдар туралы:

فكلوا منها وأطعموا البائس الفقير

«Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіңдер», - деп айтты («Хаж» сүресі, 28-аят).

Көптеген қажылармен сөйлесуіміздің нәтижесінде біз олардың әт-таматту’ қажылығын жасаудың абзал екендігін білетініне қарамастан, бәрібір әл-ифрад қажылығын жасайтынына, содан соң қажылық біткеннен кейін, әт-Танимге аттанып, ол жерден шыққан соң тек өздерін құрбан шалумен міндеттемеу үшін, умра жасайтынына көз жеткіздік! Кесірлі екендігі айқын болып тұрған мұндай әрекет Аса Дана Аллаһтың Шариғатына қарсы келеді әрі шариғатты айналып өту мақсатымен жасалатын айла болып көрінеді. Аллаһ өзінің Даналығымен қажылықтан бұрын умра жасауды бұйырғанда, олар керісінше істейді, Ол әт-таматту’ қажылығын жасаушыларды құрбан шалумен міндеттеген кезде, олар бұдан қашқақтайды. Аллаһтан қорқатын адамдар осылай істейді ме?! Олар осыдан кейін де өздерінің қажылықтарының Аллаһ тарапынан қабыл болуына және күнәларының кешірілуіне үміт етеді ме? Бұл екіталай, өйткені «расында, Аллаһ тек тақуалардан ғана қабыл етеді» ( «әл-Мәида» сүресі, 27-аят), бірақ сараңдар мен қулардан емес!

Сондықтан да, уа, қажы, Рабыңыздан қорқыңыз әрі барлық рәсімдерде Пайғамбарыңыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілесіңіз – бәлкім, (сонда ғана) күнәларыңыздан арылып, анаңыздан жаңа туған сәттегідей олардан таза боларсыз!
Үшінші кеңес
Құрметті қажы, Арафатқа аттанудан бұрын Минада түнемеуден, сондай-ақ Құрбан Айт күніне қараған түні Муздалифада түнемей өтіп кетуден сақ бол, өйткені бұл Пайғамбарыңыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басшалығының бір бөлігі болып табылады. Бұл, әсіресе, Муздалифада таң атқанша түнеуге қатысты, өйткені ол ғалымдардың ең дұрыс пікіріне сәйкес қажылықтың тіректерінің бірі (рүкіні) болып табылады. Өздерінің қызметтері үшін толығымен ақысын алып жатса да, аз істеп көп табумен басы қатып жүрген кейбір «қажылардың гидтері» деп аталатындардың сәнді сөздеріне алданбаңыздар. Оларға сіздің қажылықтың барлық рәсімдерін өтеген-өтемегеніңіз, оларды Пайғамбарыңыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес орындаған-орындамағаныңыз бәрібір.
Төртінші кеңес
Құрметті қажы, сіз сондай-ақ (Меккедегі) Қасиетті Мешітте де, басқа кез келген мешітте де намаз орындап тұрған адамның алдын кесіп өтуден сақ болыңыз, өйткені ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп ескертекен: «Егер намаз орындап тұрған адамның алдын кесіп өтуші өзінің мойнына қандай (күнә) алып жатқанын білгенде, бір орнында қырық (күн, ай немесе жыл) қозғалмастан тұру ол үшін оның алдын кесіп өтуден жақсырақ екенін түсінер еді» (бұл хадисті әл-Бухари мен Муслим өздерінің «Сахих» жинақтарында жеткізген).10 Сондай-ақ, құрметті қажы, сізге алдыңызды қандай да бір нәрсемен (сутрамен) бөгеп алмастан намаз оқуыңызға болмайды. Сіз намаз оқып тұрған кезде адамдардың алдыңыздан кесіп өтуіне жол бермеу үшін, алдыңызға бөгет ретінде бір нәрсе қоюыңыз қажет. Егер біреу-міреу сіз бен бөгет арасынан өтуге талпынса, сіз оған кедергі жасауыңыз керек. Бұған қатысты бірқатар хадистер мен асарлар жеткізіледі, олардың кейбіреулерін мен төменде келтіремін:

1. «Егер сендерден біреу өзінің алдына ер тоқымның артқы жағы сияқты бір нәрсені қойса, намазын орындай берсін және оның арғы жағынан өтетін біреуге назар аудармасын»

2. «Егер сендерден біреу адамдардан сутрамен тасаланып намаз орындай бастаса, ал басқа біреу оның алдынан кесіп өткісі келсе, (намаз орындаушы) оны көкірегінен итеріп жіберсін әрі шамасы келгенше оған қарсылық жасасын, егер де әлгі (біреу бағынудан) бас тартса, ол онымен шайқассын (яғни оны қаттырақ итеріп жіберсін – ред.), өйткені ол – шайтан!» Бұл екі хадис те сахих болып табылады. Олар екі «Сахихта» келтірілген. Толығырақ (шейх әл-Әлбанидің) «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы»11 кітабын қараңыз.

3. Яхья бин Кәсир былай деп хабарлаған: “Мен Әнас ибн Мәликтің Қасиетті Мешітке кіріп, өзінің алдына (бөгет ретінде) бір нәрсені қойып, оған жүзін қаратып намаз оқи бастағанын көрдім”. Бұл асарды Ибн Са’д сенімді жеткізушілер тізбегі (иснад) арқылы келтірген.

4. Салих бин Кайсан былай деп хабарлаған: ”Мен Ибн ‘Умардың Қағба алдына тұрып намаз орындағанын әрі ешкімді өз алдынан өткізбегенін көрдім”. Бұл асарды Абу Зур’а әр-Рази “Тарих Димашқта”(91/1), сондай-ақ Ибн Асакир “Тарих Димашқта” (8/106/2) сенімді иснад арқылы келтірген.

Бірінші хадис намаз орындаушының алдында бөгеттің (сутраның) болуы міндетті екеніне нұқсайды, әрі егер ол оны қойған болса, онда біреу оның арғы жағынан өтсе де – оқысы жоқ.

Екінші хадис намаз орындаушы адам кез келген басқа адамға оны мен сутрасының арасын кесіп өтуіне жол бермеуі қажеттігіне нұсқайды. Бұдан тыс, осы хадис намаз орындаушының алдын қасақана кесіп өтуге тыйым салынғандығына нұсқайды, өйткені осыны жасайтын адам шайтан болып табылады.

«Шайтан» деген лақап атқа лайық болып қажылықтан қайтқан адам қандай (нашар) үлеске ие болғанын білсе екен.

Жоғарыда аталған хадистердің екеуі де, сондай-ақ олардың мағынасы жалпы сипатқа ие әрі қандай да бір жеке мешітпен немесе орынмен шектелмейді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз мешітінде хабарлаған бұл хадистер ең бірінші кезекте Қасиетті Мешіт пен Пайғамбар Мешітін, ал содан соң, әрине, басқа мешіттерді де қамтиды. Ал жоғарыда айтылып кеткен екі асар, кейбір «қажылардың гидтері» мен басқа адамдардың «Бұл тыйым Қасиетті Мешіт пен Пайғамбар мешітіне қатысты емес!» деген сөздерінен айырықша, жоғарыда келтірілген хадистердің Қаситетті Мешіттерге де қатысты екеніне нұсқайды. Сүннетте осы тәрізді тұжырымдарға негіз жоқ. Сондай-ақ бұл туралы бірде-бір сахабалардан жеткізілмейді. Уа, Аллаһ, тек Мекке Мешітіне қатысты бір-ақ хадистен басқа, алайда оның жеткізушілер тізбегі сенімді емес әрі оған дәлел ретінде сілтеме жасауға болмайды. Бұл мәселе толығырақ «Қажылықпен байланысты діни жаңалықтар (бидғаттар)» тарауында қаралатын болады (№124 тармақ).
Бесінші кеңес
Қадірменді ғалымдарымыз қажылармен Қасиетті Мешіттердегі және басқа да құт-берекелі жерлердегі бағалы кездесу сағаттарын оларға қажылықтың қажетті рәсімдері мен оның ережелерін Аллаһтың Кітабына және Оның Пайғамбарының (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес үйрету үшін пайдаланулары қажет. Сонымен бірге бұл оларды сол үшін бүкіл пайғамбарлар жіберілген және Қасиетті Кітаптар түсірілген Исламның негіздерін, яғни бірқұдайшылықты насихаттаудан басқа жаққа бұрып алып кетпеуге тиіс. Бізге кездескен көптеген қажылар, - олардың ішінде тіпті өздерін ғалым деп санайтындары да бар, - бірқұдайшылықтың мәні және онымен қандай ширк амалдары сәйкес келмейтіндігі туралы мүлде бейхабар. Сондай-ақ біз көптеген қажылардың мұсылмандарды, олардың түрлі мазһабтарына және топтарының көптігіне қарамастан, ақида, фиқһ мәселелерінде, қоғамдық қатынастарда, адамгершілік тәрбиеде, саясатта, экономикада, өмірдің басқа да салаларында Құран мен Сүннетке негізделген шынайы іс-әрекетпен айналысуға қайтаруға қатысты толық салғырттық танытатынын да байқадық. Ал мұсылмандар осы шынайы негізге және осы Тура Жолға сүйенбесе, онда қандай қайта өрлеуді күтіп, қандай оңалу туралы сөз етуге болмақ?! Дәл сондықтан да мұсылмандар өз іс-әрекеттерінен қорлық пен әлсіздіктен басқа ешқандай жеміске жете алмауда, ал біздің кезімізде орын алып жатқан жағдайлар осының айғағы болуда. Әрі біз тек Аллаһқа ғана көмек сұрап жалбарынамыз!

Кейде ақиқатқа шақыру барысында азды-көпті дәрежеде айтысуға тура келіп жатады, ал ол ең жақсы үлгіде жүргізілуге тиіс. Бұл туралы Ұлы әрі Құдіретті Аллаһ былай дегендей:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет