19)КЛАССИЦИЗМ ЭСТЕТИКАСЫ. 17 – 19 ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт. Әдебиеттегі Классицизм Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің классиклық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Классицизм үрдісіндегі туындылардың тек тақырып, кейіпкерлерді таңдап алуында ғана емес, сонымен қатар қатынасушы адамдардың іс-әрекеттерін суреттеуінде де өзіндік өзгешеліктері бар. Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды “үш бірлікті” сақтай отырып жазу талап етілді: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік – 24 сағат ішінде ғана өтуі керек), орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана өтуі керек), оқиға бірлігі (оқиға бірінен-бірі туындап, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік желіге құрылуы шарт). Классицистік әдебиеттегі көркем образдардың дерексіздігі де осыдан туындайды. Олар сананың қатаң есебінен туындап, онда жалпы, әмбебап, «мәңгілік» қасиеттер суреттелді (мизантроп, сараң т.б.). Классицистер өмір құбылыстарының өткінші, кездейсоқ, дара сипатына қарағанда «мәңгілік», әмбебап, абсолютті жақтарын сипаттауға ұмтылды. Классицистер көркем образ дерексіз схема түрінде емес, шынайы тірі жан ретінде көрінуі үшін даралық, кездейсоқтық сипат керек екенін түсіне бермеді.[1] Сонымен классицизм теориясындағы мәнді бір элемент өнердің тәрбиелік мәні туралы ілім.Көркем шығарманы тудыру үстінде классицистер өздеріне қаншалықты дәрежеде жамандықты әшкереледік, жақсылықты қаншалықты паш еттік деп сұрақтар қойып отыратын. Классицизмнің ең мықты шеберлері өнердің үйретушілік, дидактикалық принципін жеткілікті көркем тактпен бере алды, ал дарыны аздаулары жалаң уағызға жүгініп, жауыздар мен батырлардың арасын қақ бөліп суреттеді. Орыс ғалымы Н.А.Жирмунская 1630-1650 жылдардың аралығын драмалық жанрларда классицизмнің принциптерінің әбден орныққан кезі деп көрсетеді. Классицизм теоретиктерінің ойынша сананың қарапайым талаптары сахнадағы оқиғаны жиырма төрт сағат бойына сыйдыруға (уақыт бірлігі), бір орында өтуіне драматургты міндеттейді (орын бірлігі), эстетикалық әсер заңдылықтары драматургтен сюжет сызығының бірлігін талап етеді дейді (әрекет бірлігі). Осыдан келіп орын, уақыт, әрекет – үш бірлік «ережесі» пайда болады.Француз классицистерінің теоретигі Н.Буало болды. Көпшілік оның алдында құрақ ұшып жүгіріп, оның кекесінді бағасынан, әділ сынынан қорқатын. Алайда сыншы шын дарындарды қадірлейтін. Оның өнер теоретигі ретіндегі зор беделі күллі Еуропада ХҮІІ ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталып романтизм дәуіріне дейін дүркіреп тұрды. Буало француз классицизмі қалыптасып, өз жемісін беріп жатқан уақытта әдеби сахнаға шықты. Ол негізінен ақындардың тәжірибелерін жалпылап, қорытындысын шығарып берді. Классицизм теориясы, оның жетістіктері мен кемшіліктері Буало атымен тығыз байланысты. Н.Буалоның классицизм теориясы жөнінде жазылған еңбегі «Поэтикалық өнер» деп аталды. Буало авторларға «дарын» дегеннің түсіндірмесінен бастайды да, тым алшаққа кетіп трагедияны «қайғыға толы жүздеген өліктермен» толтыра бермеуге, ештеңеге қажеті жоқ майда-шүйдені суреттей бермеуге, тым асқақтап аспанға көтеріліп кетпеуге, тым төмендеп, былғаныш лайсаңға түсіп кетпеуге» кеңес береді.[3] Яғни жазушыларды салмақтылыққа, ұстамдылыққа, мазмұндылыққа, әр нәрсенің шегін, өлшемін сезіне алуға шақырады. «Ақиқаттан асқан әдемілік жоқ» деген Буало сөздерімен келіспеуге болмайды. Жекелеген ақындарға баға беру үстінде де ол нәзік талғам танытады. Саналылық, ақыл, ой әдеміліктің синонимі ретінде қарастырылады. Ақыры «Сананы сүйіңіз, ол сіздің өлеңіңізде өмір сүріп, оған көрік беріп тұрсын» дейді.Француз классицизмінің бастаушысы Малерб (1555-1628) болды. Малерб мадақ өлеңдер жазатын. Оның өлеңдері салтанатты, қатаң тәртіпке бағынған, біршама суық, сезім шынайылығы жоқ болғанымен, әрқашан мифологиялық атауларға, эпитеттерге бай болатын.Генрих ІҮ Малербті сарай ақыны етіп, камергер атағын береді. Ришелье оны Францияның қазынашысы етіп тағайындайды. Ақындардың ішінен мұндай жоғары ресми қызметке ие болғандары кем де кем. Малерб те өз жолынан жаңылған жоқ. Ол мемлекет саясатын қолдап, оның ішкі тәртібін мадақтап отырды. Малерб Францияда классицизмге жол ашты, алайда классицизмге атақ пен даңқты оның үш алыбы: Корнель, Расин, Мольер әкелді. Корнель мен Расин француз әдебиетінде трагедия жанрының өлмес үлгілерін қалдырса, комедия атасы саналған Мольер бүкіл әлемге классицистік комедияның үлгісін көрсетті.
20)ӘДЕБИЕТТІҢ ПӘНІ.
Достарыңызбен бөлісу: |