Коррекциялық педагогика оқУ-Әдістемелік кешені


Ата – аналар мен балалар арасындағы қарым – қатынасты жақсарту мақсатында қолданылатын ойындар



бет9/9
Дата08.07.2016
өлшемі1.29 Mb.
#185658
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ата – аналар мен балалар арасындағы қарым – қатынасты жақсарту мақсатында қолданылатын ойындар


Коллаж «Менің қазіргі отбасым» және «Менің болашақтағы отбасым»

Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет. Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді.



«Пілдің аяғы» жаттығуы.

Мақсаты: ата-аналармен және балалардың дене деңгейінде өзара әрекеттесу; өзара әркеттесудің дағдыланған тәсілдерін сезіну, қажет болған жағдайда қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін ыңғайлы жағдайларды іздестіру; негізгі мүмкіндіктерді ашу; күрделі жағдайларды шешуде одан шығу жолдарын игеру; ішкі мазасыздануларды көрсету, әсіресе қоғамда қабылданған мінез-құлыққа сәйкессіздіктен туындаған мазасыздануларды, яғни түрлі қарсылықтарды көрсету.

Топ қатысушылары жұптарға бөлінеді (ата-ана- бала). Олардың біреуі өзін пілдің аяғы ретінде көрсетеді және осы рөльде өз көзқарасы бойынша сәйкес әрекеттер жасайды. Екіншісіне «Аяқты» кез-келген тәсілмен қозғалту ұсынылады. Әрі қарай жұптағы рөлдер алмастырылады.



Менің және анамның қолы.

Мақсаты: Ең алдымен дене және эмоционалды есте сақтауға сүйене отырып, қатысушылардың дене сызбасы туралы түсініктерін нығайту; сол жұпта дене деңгейіндегі өзара қарым-қатынасқа әсерлену, қайта жасау; ата-аналардың осы тәжірибені сезіну.

Бала-ата-ана жұптарына бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады. Жүргізуші тізбекті түрде келесілерді ұсынады:

1. Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»

2. Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.

3. Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.

4. Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру

5. Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.

Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.



«Көліктер» ойыны

Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді дамыту.

Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала «көлік» рөлінде болады- ата-ана «көлікті жуушы». «Жуушының» көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде «көлікті» ретке келтіреді:  барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.

«Бірлесіп сурет салу» ойыны.

Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауларын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Қатысушыларға жұпта бір қаламмен сурет салу ұсынылады, бірақ өзара сөйлесіп, келісім жүргізуге болмайды.

Аяқтап болғаннан кейін әр жұп өз шығармасы туралы әңгімелейді: сурет қалай салынды. Қатысушылар сурет салудың түрлі кезеңдеріндегі өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсете алады: бірлескен, бір қатысушының екінші қатысушыны басынуы, бәсекелестік, келісім, серіктес қызығушылықтарына бағдарлану.

Бекітуге арналған сұрақтар:

1. «Қиын бала» дегеніміз кім?

2. «Қиын балалар» және «мінез-құлықтағы қиындық» ұғымдары 1920-30 жылдары кімнің еңбегінде көрініс берді?

3. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский қандай мәселелерді қарастырды?

4. Жасөспірімдердің мінез-құлқының бұзылуына қандай себебптер әсер етеді?

5. Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды қандай категорияларға бөліп қарастырды?

6. Балалардың тәртіптерінің нашарлауының үш тобын атап беріңіз.

7. Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары қандай?

8. «Гайденстің» экспериментінің аумағы неше базалық бірліктен тұрады және олар қандай?

9. Жасөспірімдердің сыныптастарымен қарым-қатынасын жақсартуға арналған қандай тренингтер бар?



10. Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында қолданылатын ойын түрлерін атаңыз.
3. Коррекциялық педагогика пәні бойынша семинар

тапсырмалары.
Тақырып 1. Коррекциялық педагогика пәні, міндеттері. 2сағ.

Дәріс жоспары:

  1. В.П. Кащенко – коррекциялық педагогиканың негізін салушы.

  2. Бала дамуының бұзылуының түрлері.

  3. Отбасында баланың қолайсыздық тудыруы.

Тақырып 2. Мектепке дейінгі коррекциялық педагогика. 2сағ.

Дәріс жоспары:

  1. Балалардың қолының қимыл – қозғалысының коррекциясы.

  2. Психикалық дамудың коррекциялық бөгелісі.

  3. Нашар оқитын балаларды мектепке оқуға даярлау жүйесі.

Тақырып 3. Мария Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі. 2сағ.

Дәріс жоспары:

  1. Мария Монтессоридың концепциясының мазмұны.

  2. Балалар іс - әрекетіндегі қабылдауды дамыту.

  3. Мария Монтессори жасаған жүйесіндегі балаларды оқуға және жазуға үйрету.

Тақырып 4. Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция. 3сағ.

Дәріс жоспары:

  1. Бастауыш мектептегі ойын және оқу.

  2. Тәрбиеге мұқтаж балалардың алдын алу.

Тақырып 5. Оқушылардың оқу іс-әрекетінен артта қалу мәселесі. 3сағ.

Дәріс жоспары:

  1. «Үлгермейтін оқушы» түсінігі

  2. Оқуға үлгермеушіліктің психологиялық себептері

Тақырып 6. 5 – сынып оқушыларының жағымсыз эмоционалдық жағдайын түзету және жағымды оқыту мотивациясының құрылуы. 3сағ.

Дәріс жоспары:

  1. 5 – сынып оқушыларына жүргізілетін бейімділік тренингі.

  2. Коррекциялық сабақтардың мазмұны.

Тақырып 7. Балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуы. 3сағ

Дәріс жоспары:

  1. Балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуының деңгейі.

  2. Дыбыстарды қате айтатын балалар тобы.

  3. Сақаулық және мүлдем сөйлеу системасы дамымаған балалар тобы.

  4. Дыбыстарды қате айтатын балалармен логопед жұмысы.

Тақырып 8. Ақыл – ой кемістігі бар балаларды үйрету. 3сағ.

Дәріс жоспары:

  1. Шет елдердегі 20-ғасырдың ортасына дейінгі ақыл – ой кемістігінің көрінуіне байланысты әдістердің өңделуі.

  2. Шет елдердегі ақыл – ой кемістігі бар балалардың қазіргі жағдайын меңгеру.

  3. Ресейдегі ақыл – ой кемістігі бар балаларды зерттеудегі әдістердің өңделуі.

Тақырып 9.

Жасөспірім және жеткіншек жастағы тәрбие мен оқыту мәселелері. 3сағ.

Дәріс жоспары:

  1. Педагогикалық қолдау объективті шындық ретінде.

  2. Жеткіншектердің адекватты емес қылықтарының профилактикасы мен коррекциясы.

Тақырып 10. Жеткіншектердің қауіпті әрекеттері. 3сағ

Дәріс жоспары:

  1. Наркоманияның әртүрлілігі.

  2. Наркоманияның заңды аспктісі.

  3. Алкогализмнің профилактикасы.

  4. Шылым шегудің профилактикасы.

Тақырып 11. Қиын балаларды тәрбиелеудегі дәстүрлі емес әрекеттер. 3сағ.

Дәріс жоспары:

  1. Зодиакальды ықшамдау негізінде тәрбие жұмысын жоспарлау.

  2. «Гайденс» - эксперимент.


4. Студенттердің өздік жұмыстары.

СӨЖ №1

Коллоквиум: Мектепке дейінгі коррекциялық педагогика.

Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай саналады. Бұл тақырып бойынша білімнің бағалануы болады.



  1. Мектепке дейінгі коррекциялық педагогика пәні, міндеттері, салалары, зерттеу объектісі.

  2. Зигмунд Фрейд үрейдің неше типін ажыратып көрсеткен.

  3. Француз оқымыстысы М.Буржуаның зерттеуі бойынша қандай балаларда және қандай жағдайда психикалық қобалжу пайда болады.

  4. Коррекциялық даму қандай негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі.

  5. Көбінесе қандай дыбыстарға коррекция жүргізіледі?


СӨЖ №2

Кесте талдау: Мария Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі.

Қабылдау мүшелерін

дамыту


Жаттығуларға сипаттама

  1. Сезімін дамыту

  2. Салмақ ажырату

Сезімі

  1. Ыстық пен суықты

ажырату

  1. Ұзындықты бөлуге

үйретеді

  1. Есту қабілетін

Дамыту

  1. Қол күшін анықтауға

  2. Оқытуды үйрету

  3. Жазуға үйрету






СӨЖ №3

Бақылау тест: «Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция»

  1. «Адаптация» деген қандай ұғымды білдіреді?

А) икемделу

Б) бейімделу

В) жақындау

Г) талпыну

2. «Артта қалу» дегеніміз не?

А) берілген жұмысты орындау

Б) тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындау

В) қадағалаудың өзінде жұмысты орындауды айтады

Г) тапсырманы орташа орындау

3. Үлгерімсіздік неше терминға бөлінеді?

А) 3

Б) 4


В) 2

Г) 5


4.Педагог Н.А.Румеганың «орыс тілін үйркту» бағдарламасы қалалық аттестациядан қай жылдары өтті?

А) 1999 – 2000 жж.

Б) 1995 – 1998 жж.

В) 1994 – 1997 жж.

Г) 1994 – 1999 жж.

5. Эмоционалдық депривацияның пайда болу себептері?

А) ата-ананың көңіл бөлмеуі

Б) ата-ананың балаға деген дұрыс емес көзқарасынан

В) баланың қоршаған ортамен қарым – қатынасынан

Г) балаға эмоционалдық қарым – қатынастың жетіспеушілігімен

6. Оқушының сабақта алған бағасы:

А) оқушының мінез-құлқының сипаты

Б) оқушы білімінің объективті өлшемі

В) оқушының белсенділігі

Г) оқушының дербес ерекшклігі

7. Тәрбиеден босаңсыған балалар:

А) зейіні нашар, тез жалығады

Б) сабақты зейін қойып тыңдайды

В) қоғамдық жұмыстарға қатысады

Г) дұрыс жауабы жоқ

8. Адам санасында оның өмірі үшін нақты қауіптіліктің көрініс табуы?

А) үрей


Б) ызалану

В) қорқыныш

Г) сескену

9. Қорқыныш, кек, үрейді қосатын бастау қандай сезім?

А) сүйсіну

Б) жасқану

В) алаңдаушылық

Г) қорқу


10. «Адамға өз атының дыбыстары өмірдегі ең тәтті және ең маңызды дыбыс болып табылады» деген сөзді кім айтқан?

А) Л.С. Выготский

Б) Д. Карнеги

В) Н.А. Румега

Г) Н. Леонтьев
СӨЖ №4

«5 – сынып оқушыларының жағымсыз эмоционалдық жағдайын түзету жіне жағымды оқыту мотивациясын құру»
Педагогикалық мәдениеттіліктің негіздерін меңгеруде аудиториядан тыс өзіндік бағдарлама құрастыру.

Студенттерге тақырыпты оқып, зерттегеннен кейін мұғалімнің кәсіптік мәнді сапалары туралы түсінігі болуы керек.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» жазылған мұғалімге қойылатыг талаптар, оның құқықтары мен міндеттерін білуі керек.

Мұғалімнің педагогикалық үрдістегі жетекшілігінің функцияларын білу керек.


СӨЖ №5 Бақылау тест

Ақыл – ой кемістігі бар балаларды үйрету

  1. ХІХ ғ. 60 – жылдарында қандай мектептер ашыла бастады?

А) көмекші және арнайы

Б) жалпы және арнайы

В) орта және арнайы

Г) жалпы және орта

2. Метрлік таяқтың неше нұсқасы бар?

А) бір нұсқасы

Б) екі нұсқасы

В) үш нұсқасы

Г) төрт нұсқасы

3. «Ақыл-ойдың метрлік таяғын» кім ұсынды?

А) М. Кеттель

Б) Ж.Э.Д.Эскироль

В) Ф. Гальтон

Г) А. Бине

4. «Метрлік таяқтың» бірінші нұсқасы қай жылы шықты?

А) 1903 ж.

Б) 1905 ж.

В) 1907 ж.

Г) 1910 ж.

5. Психологиялық әдебиетке «интеллектуалдық тест» деген ұғымды кім енгізді?

А) А. Бине

Б) Э. Крепелин

В) М. Кеттель

Г) Ф. Гальтон

6. «Метрлік таяқтың» екінші нұсқасы қай жылы шықты?

А) 1908 ж.

Б) 1910 ж.

В) 1915 ж.

Г) 1920 ж.

7. Г.И. Россомемоның жұмысының толық нұсқасы неше тапсырмадан және неше тесттен тұрды?

А) 3 тапсырма 10 тест

Б) 5 тапсырма 15 тест

В) 7 тапсырма 20 тест

Г) 10 тапсырма 26 тест

8. «Метрлік таяқтың» үшінші нұсқасы қай жылы шықты?

А) 1908 ж.

Б) 1911 ж.

В) 1905 ж.

Г) 1903 ж.

9. Мақсатты бақылаулардың әдістемесін бірінші болып кім ұсынды?

А) А. Бине

Б) А.Ш. Шуберт

В) Л.С. Выготский

Г) А.Р. Лазурский

10. Бине – Симон тесттерін қай жылы орысшаға аударды?

А) 1923 ж.

Б) 1925 ж.

В) 1930 ж.

Г) 1940 ж.

СӨЖ №6

Пікірталас: «Жасөспірім және жеткіншек жастағы тәрбие мен оқыту мәселелері»

1.Жасөспірімдер мен жеткіншектердің дұрыс тәрбие алу үшін не істеуіміз керек?

2. Жеткіншектердің «қиын» балаға айналмауына қандай шаралар қолдануға болады?

3. Жасөспірім шақтағы баланың достары мен құрбыларын ата-ананың таңдауы дұрыс па?



4. Жасөспірімдер мен жеткіншектердің «қиын» бала болуына себеп болтын ата-ана ма, әлде айналасындағылар ма?

5. Бір ана мынандай кеңес береді: «мен баламды ешқашан қолмен ұрмаймын. Тек гигиеналық құрал-белдікпен ұрсаң болғаны, бала ауырғандықты сезіп, қатесін түсінеді деген. Сіз бұны дұрыс деп ойлайсыз ба?»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет