Көшпелілер немесе дала өркениеті/КӨшпелі қОҒам эволюциясы көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата28.05.2024
өлшемі463.6 Kb.
#501979
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ҮМ 3.5 Көшпелі өркениетін зерттеу

Көшпеліліктің 
эволюциясы. Көшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда болуының, дамуының 
өзіндік заңдылықтары, себептері бар. Малшылықтың алғашқы түрі — үй маңында мал 
өсіру болды. Ал "Көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?" деген мәселеде әр түрлі 
пікір бар. Кейбір ғалымдар: "Отырықшы малшылық біртіндеп дамып, мал басы өседі. Мал 
басы өскен сайын жайылымды кеңіту, жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туады. 
Бұрынғы отырықшы малшылар біртіндеп жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр 
болады. Сөйтіп, көшпелілік қалыптасты", — дейді. Ал енді бір зерттеушілер 
бұл жағдайды қола 
дәуірінің 
соңындағы климат жағдайының 
өзгеруімен 
— Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Көшпелі қоғам 
тарихын зерттеуші ғалымдар басқа да көптеген себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, 
ерте темір дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп жылқыны мініске үйретіп, 
алдымен, сүйек ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темір ауыздықты, одан үзеңгіні, 
ертоқымды пайдалануы көшпелі мал шаруашылығының дамуына, ғасырлар бойғы мал 
бағудың тәжірибесінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілік тек шаруашылықты 
жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс-тіршіліктің де түрі.
 
 
Тіршіліктің көзі мал болған халық оның өнімдерін пайдалануды да үйренеді. 
Етін, сүтін тамаққа, терісін, жүнін киімге, үй тұрмысына, тіпті сүйегі мен мүйізін 
де қажетіне жаратты. Көшпелі тұрмыс қалыптасуы барысында, алдымен, 
сүйретпелердің, одан соң арбаның шығуының да маңызы зор. Көшпелілер 
баспанасының алғашқы түрі арба үстіне орнатылған басқалқа, қос, күрке. Бара-
бара көшпелілер көшіқонға ыңғайлы кереге, уық, шаңырақты киіз үйді ойлап 
тапты. Көшпелілердің ыдысы да көшуге ыңғайлы, сынбайтын, 
икемді материалдан — ағаш, теріден жасалды. Көшпелілікке өтуден бұрын мал 
шаруашылығы бірнеше өтпелі түрді: үй маңындағы малшылық, алысқа 
ұзамайтын бақташылық, жайлау бақташылығын басынан кешірді. Құдықтың 
шығуы да сол 2-мыңжылдықтың соңы, 1-мыңжылдықтың бас кезі. Көші-қон үшін 
дөңгелекті көліктің шығуының мөні зор. Дөңгелекті көлік суреттері қола 


дәуірінің тасқа салынған сурет-таңбаларында кездеседі. Алтайда зерттелген 
Бесінші 
Пазырық қорғанынан 
күймелі 
арба 
және жүк таситын 
үлкен арбатабылған. Бұл — сақ дәуірінің көлігі. Сақ дәуіріндегі алғашқы арбалар 
бір дәртелі болған, кейінірек екі дәртелі арба пайда болады. 
Көшпелілік басталған б.з.д. 1-мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының 
ортасына дейінгі аралықта малшы тайпалар алдымен шөл далалардағы 
сусыз аймақтарды қыстық жайылым ретінде игерді. Содан соң көшудің 
меридиандық, жоғары-төмен, шеңберлік, ендік түрлерін игерді. Шеңберлік 
немесе айналмалы көшпелілік дегеніміз — белгілі бір шеңбермен, ортадағы су 
көзінен алыстамай, айнала көшіп-қонып отыру. Әдетте, бұл көшпелілік 
малды құдықтан немесе көлден суаратын малшы тайпалар тәжірибесінде болған. 
Ендік көшпелілік — батыстан шығысқа, одан соң шығыстан батысқа көшіп-
жылжып 
отыратын 
көшпеліліктің 
түрі. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың 
ортасына қарай көшпелі шаруашылық иен тұрмыстың жаңа жетістіктері пайда 
болды. Олар — темір үзеңгінің шығуы, ағаш ердің таралуы (бұрын тоқым сияқты 
жұмсақ ер болған), кереге, уық, шаңырағы бар киіз үйдің шығуы, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет