«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы»
екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2009 жылғы қазан
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамын» кезекті тексеру нәтижелері ағымдағы жылдың 3-тоқсанында банктердің кредит портфелі сапасының нашарлау қарқынының төмендеуіне қарамастан барынша қатаң кредиттік саясатты жүргізгендігін көрсетті. Бұл ретте қаржы емес ұйымдар бұрынғысынша айналым қаражатын толықтыру және бұрын алған кредиттерін қайта құрылымдау үшін кредиттік ресурстарды тартуды қалайды. Жеке тұлғаларға келсек, банктер ипотекалық заемдар беруге қарағанда көбіне тұтынушылық кредиттеуді қалайды. Проблемасы бар заемшылармен белсенді жұмыс жалғастырылды, бұл ретте заемшылардың жай-күйіне жан-жақты мониторингке үлкен назар аударыла бастады.
-
Корпоративтік сектор заемдарының нарығы
Т
1-диаграмма. Кредиттік ресурстарға
сұраныстың өзгеруі
ексеріліп отырылған кезеңде кредиттік нарықта сұраныстың айтарлықтай өзгеруі байқалған жоқ (1-диаграмма1). Сұраныстың өзгермегендігі туралы мәлімдеген респонденттердің үлесі 2009 жылғы 2-тоқсандағы 52%-дан 3-тоқсанда 73%-ға өсті. Сұраныстың төмендегенін атап өткен респонденттердің үлесі 18%-дан 12%-ға дейін қысқарды. Осылайша үшінші тоқсанда кредиттік нарықта төмен деңгейде сұраныстың тұрақтануы байқалды. Сонымен қатар трендтің төменнен жоғары қарай өзгеруінің кейбір белгілері пайда бола бастады, бұл банктер атап көрсеткен ағымдағы жылдың 4-тоқсанында сұраныстың бұдан былай өсуін күтуден көрінді.
Ш
2-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі
етел валютасындағы кредиттермен салыстырғанда ұлттық валютадағы кредиттерге сұраныстың өсу үрдісі сақталды.
2. Зерттеліп отырған кезеңде банктердің кредит саясатын біршама қатаңдату үрдісі тоқтатылған сияқты: респонденттердің 79% кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды, ал шамамен 15%-ы оны шамалы қатаңдатты (2-диаграмма). Сұхбат жүргізу барысында алынған банк өкілдерінің бағалауы бойынша 3-тоқсанда кредиттік саясатты қатаңдатудың «шарықтау шыңынан» өту байқалды, ол қазіргі кезде барлық критерийлер бойынша барынша консервативті болып қалды.
3-тоқсанда саясаттың қатаңдату жағына шамалы өзгеруі бірінші кезекте кредиттеудің тәуекелді бағыттарына және анағұрлым тәуекелді заемшыларға қатысты болды. Кредиттеу жағдайларынан 2009 жылғы 3-тоқсанда кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша маржаның шамалы ұлғаюы (35% респонденттер) және кредиттерді кепілді қамтамасыз ету талаптарын қатаңдату (32% респонденттер) орын алды.
3. Респонденттердің жауаптары ағымдағы жылдың 4-тоқсанында кредитік нарықтың шамалы жандануын күтуді көрсетті. Мәселен, сауалнама жүргізілген банктердің 45%-ы кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуін күтеді, ал 52%-ы ол өзгермей қалады деп болжайды.
Респонденттердің 76%-ы өздерінің кредиттік саясатын өзгертпеуді жоспарлап отыр, ал бірқатар банктер тарапынан күтіліп отырылған кредиттік саясатты қатаңдату (15%-ы шамалы, ал 6%-ы - кредиттерді беру талаптары мен рәсімдерін айтарлықтай қатаңдатуды болжап отыр) бірінші кезекте, андеррайтинг рәсімдерінің тиімділігін ұлғату және берілетін заемдар бойынша тәуекелді төмендету ниетіне байланысты. Бұл ретте банктер кредиттерді берудің баға талаптарын біршама өзгертуді болжап отырған жоқ: респонденттердің 76%-ға жуығы стандарттық кредиттер бойынша маржаның деңгейін сақтап қалуды атап көрсетті, банктердің 56%-ы кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша маржаны көтеруді жоспарлап отырған жоқ.
II. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы
1. Алғаш рет 2008 жылдан бастап ипотекалық кредиттеу бойынша сұраныстың орташа бағалануы оң болып табылады. Ипотекаға сұраныстың ұлғаюы туралы мәлімдеген респонденттердің үлесі 2-тоқсандағы 19%-дан 3-тоқсанда 26%-ға өсті. Кредиттеудің осы сегментінде сұраныстың осы деңгейде сақталуын көрсететін респонденттердің үлесі өткен тоқсаннан бері өзгерген жоқ (56%). Тұтынушылық кредиттеуде сұраныстың - алдыңғы кезеңдегі 34%-дан есепті кезеңде 37%-ға дейін біршама өсуі байқалды. Бұл ретте тұтынушылық кредитке сұраныстың өзгермегендігі туралы мәлімдеген респонденттер үлесінің (2-тоқсанда 44%-дан 3-тоқсанда 37%-ға дейін) біршама төмендегені байқалды (3 және 4-диаграммалар).
3-диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі (ипотека)
4-диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі (тұтынушылық кред-у)
Күтулерге келетін болсақ, респонденттердің 44%-ы тұтынушылық кредиттеу бойынша, респонденттердің 28%-ы – ипотека бойынша сұраныстың шамалы өсуін күтеді.
2. Респонденттердің көбі (75%) 3-тоқсанда жеке тұлғаларға қатысты кредиттік саясатты өзгеріссіз қалдыруды жөн көрді (5 және 6-диаграммалар). Бұл ретте корпоративтік секторды кредиттеу кезінде пайдаланылатын кредиттік саясатты жүргізу ұстанымы жеке тұлғаларды кредиттеу кезінде де пайдаланылды. Атап айтқанда, салалық тәуекелді бағалау анағұрлым белсенді қолданыла бастады: бірқатар мамандықтардың өкілдері үшін кредит алу біршама қиын болып қалды.
Кредиттеудің баға және баға емес талаптарының өзгеруіне келсек, банктердің 90%-ға жуығы алдыңғы тоқсанда олардың өзгермейтіндігін атап өтті.
Мәселен, респонденттердің 91%-ы кредиттік саясатты ипотека сегментінде және 87%-ы – тұтынушылық кредиттеу сегментінде бұрынғы деңгейінде қалдыруды жоспарлап отыр.
6-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (тұтынушылық кредиттеу)
5-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (ипотека)
3. Жақын арадағы 3 айда заемшылармен байланысты тәуекелдердің деңгейіне қатысты күтулер:
-
респонденттердің 55%-ы төлемдер бойынша ақы төлеуді кешіктіру мерзімдерінің (мерзімін өткізіп алу) ұлғаюын күтуде;
-
респонденттердің 45%-ы заемшылардың қаржы жағдайы шамалы нашарлайды деп санайды;
-
респонденттердің 45%-ы заемдардың мерзімін ұзарту санының өсуін күтеді;
-
респонденттердің 30%-ы қамтамасыз ету сапасының бұдан әрі нашарлауын күтеді.
Нашарлауды күту көбіне а) проблемасы бар кредиттерді есептен шығару қажетті көлемде жүзеге асырылмайтындығына және б) жаңа заемдарды беру жеткілікті түрде белсенді жүргізіліп отырылмағандығына байланысты. Мәселен, 4-тоқсанда банктердің бұрын өзіне қабылдаған тәуекелдерін іске асыру есебінен кредиттік портфель сапасының «қалдық» нашарлауы болжанып отыр.
7-диаграмма. Жылжымайтын мүлікке орташа бағаның күтулері
4. Банктер алдыңғы тоқсандағы сияқты жылжымайтын мүлік бағасының шамалы төмендеуін күтуде: бағаның шамалы төмендеуін күтетін респонденттер саны 54%, шамалы өсуін респонденттердің 9%-ы, ал жылжымайтын мүлік бағасының өзгермейтіндігін көрсеткен респонденттердің саны 34%. (7-диаграмма). Жылжымайтын мүлік бағасының бұдан әрі төмендеуін күту кредит саясатын жеткілікті түрде қатаң деңгейде сақтау себептерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар банк өкілдері сұхбат жүргізу кезінде жылжымайтын мүлік нарығы қазіргі кезде өзінің «ең төменгі шегіне» жақын тұр, ал жылжымайтын мүлікті көп кешікпей ұзақ мерзімді инвестициялар объекті ретінде қарау туралы ойларын қайталап айтқандығын атап өткен жөн.
ІІІ. Тәуекелдер картасы
Респонденттердің көбі (68%) ағымдағы тоқсанда кредиттік тәуекелдің өсуін көрсетіп отыр. Сондай-ақ өтімділік тәуекелінің (респонденттердің 20%-ы) және валюталық тәуекелдің (респонденттердің 17%-ы) өсуі банктер үшін сезілетін тәуекел болып табылады.
Несиелік портфель сапасына қатысты теріс күтулері бар респонденттердің үлесі төмендеді. Мәселен, респонденттердің 37%-ы несие портфелі сапасының бұдан әрі шамалы нашарлауын күтеді және респонденттердің 49%-ы көрсеткіш өзгеріссіз қалады деп болжауда, алдыңғы тоқсанда несие портфелі сапасының нашарлауын респонденттердің 46%-ы күткен болатын. Корпоративтік секторды және жеке тұлғаларды кредиттеу сегменттері бойынша тиісінше 32% және 33% портфель сапасының нашарлауын күтеді, 53%-ы және 57%-ы портфель сапасы бұрынғы күйінде қалатындығын күтіп отыр.
Банктер қосымша қаржыландыру көздеріне қатысты басым түрде заңды және жеке тұлғалардың салымдарын тартуға сүйеніп отыр (79% және 74% осы қорландыру көзінің жоғары басымдылығын атап өтті). Банктер сондай-ақ қазіргі акционерлердің қаражаты есебінен капиталдың (респонденттердің 51%-ы) ұлғаюына және алынған пайданы қайта инвестициялауға (респонденттердің 47%-ы) үлкен мән беріп отыр.
Банктердің сыртқы міндеттемелерін өтеу 3-тоқсанда орташа2 мына көздер есебінен жүргізілді:
- ішкі міндеттемелер есебінен банктер 27% жуығын жапты;
-
қайта құрылымдау есебінен 45%;
-
активтерді және резиденттерге талаптарды қысқарту есебінен– 18%;
-
сыртқы активтерді төмендету есебінен (6%)
-
сыртқы нарықта резидент еместер алдында міндеттемелерді қайта қаржыландыру есебінен (4%).
Банктер алдыңғы 12 ай ішінде сыртқы міндеттемелердің бір бөлігін ішкі міндеттемелермен алмастыруды көздеп отыр (22%); сондай-ақ сыртқы міндеттемелерді ішкі және сыртқы активтерді төмендету есебінен жабу (20% жуық) жоспарланып отыр. Борыштық ауыртпалықты төмендетуге қатысты сыртқы борышты қайта құрылымдауға айтарлықтай рөл беріліп отыр: сыртқы борышты қайта құрылымдау жоспарына сәйкес екі үлкен банк жыл ішінде өзінің сыртқы борышының жиынтық көлемін біршама төмендетуді жоспарлап отыр. Осылайша, банк жүйесінің жиынтық сыртқы борышы шамамен 2 есеге (50%-ға)3 төмендетіледі.
IV. Проблемасы бар кредиттермен жұмыс жөніндегі кейбір шаралар
Қайта құрылымдалған заемдар санының бұдан әрі өсуі және кепілді мүлікті өндіріп алу жағдайлары орын алып отыр, бұл ретте кепілдердің құны түсуде. Мәселен, корпоративтік сектор бойынша кепілді мүлікті өндіріп алудың өсуін банктердің 24%-ы, банктердің 51%-ы берілген заемдарды қайта құрылымдау көлемінің өсуін атап өтті. Банктер 2009 жылғы 4-тоқсанда мынаны күтуде: 42%-ы кепілдерді өндіріп алу және 54%-ы заемдарды қайта құрылымдау операцияларының өсуін күтіп отыр.
Бөлшек секторда сондай-ақ кепілді мүлікті өндіріп алу санының өсуі байқалды, мәселен ипотекалық сегмент бойынша респонденттердің 26%-ы және тұтынушылық сегмент бойынша респонденттердің 16%-ы кепілді мүлікті өндіріп алу санының өсуін; кепілдерді өндіріп алу көлемінің өзгермейтіндігін тиісінше 68% және 77% атап өтті. Банктердің көбі осы көрсеткіштің 4-тоқсанда өсуін күтуде (ипотекалық және тұтынушылық кредиттеу бойынша респонденттердің 42%). Кредиттеудің ипотекалық және тұтынушылық сегменттері бойынша заемдарды қайта құрылымдаудың өсуі жалғасты (ипотекалық кредиттеу бойынша респонденттердің 42% және тұтынушылық кредиттеу бойынша респондеттердің 49%). Алдыңғы кезеңде қайта құрылымдау көлемінің өсуі күтілуде (ипотекалық кредиттеу бойынша респонденттердің 42%-ы және тұтынушылық кредиттеу бойынша респонденттердің 52%-ы).
Қайта құрылымдау және кепілді мүлікті өндіріп алу көлемінің өсу ең жоғары шегі ағымдағы жылдың 2-тоқсанында байқалғандығын атап өткен жөн. Тексеріліп отырған кезеңде қайта құрылымдалған заемдар санының және кепілді мүлікті өндіріп алудың өсу қарқыны банктердің көрсетуінше біршама төмендеді – бұл тең дәрежеде заңды, сондай-ақ жеке тұлғаларға заемдарға қатысты.
Тұтастай алғанда, банктер қазіргі кезде бірте-бірте сапасын жақсартуға қатысты салыстырмалы түрде болашағы бар заемшылардың кредиттерін «құтқаруға» және келтірілген зияндарды тануға және сапасы алдын ала болжам бойынша қайта құрылымдауды жүргізгеннен кейін жақсармайтын заемдар бойынша кепілдерді иелігінен алуға бағытталған тактикаға көшіп отыр. Бұл ретте соңғы жағдай бойынша банктер тексеріліп отырылған кезеңде кепілді мүліктің жалғасып отырған құнсыздануына байланысты, оның ішінде жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуі есебінен келтірілген зиянды тануға дайын.
Барлық мүмкіндігі бола тұра, дағдарыс пен басқа факторларға сілтеме жасай отырып кредитке қызмет көрсетуден бас тартып отырған заемшылар (жеке тұлғалар) сегментінің пайда болғанын жеке атап өтуге болады. Мұндай заемшыларға қатысты банктер қатаң шараларды қолдануға, тіпті сот процесстеріне дейін және адал емес заемшылармен жұмыс жүргізуге маманданған басқа ұйымдарды тартуға дейін мәжбүр болып отыр.
Коллекторлық агенттіктермен негізінен ірі және орта банктер жұмыс істейді; кішігірім банктер үшін заемшылар санының шектеулі болуына байланысты көбіне проблемасы бар заемшылармен өздігінен жұмыс жүргізу дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |