Біліктер
мен осьтер
Тісті дөңгелектер мен шкивтерді отырғызуға және пайдалы
айналдырушы момент беруге арналған цилиндрлі, жұмыр немесе иінді бөлшекті білік дейміз. Машиналарда біліктердің атқаратын қызметі зор. Олардың түзу, иінді, иілгіш және эксцентрикті түрлері болады (1- сурет).
«Машина бөлшектері» курсында тек түзу біліктердің конструкциясы мен олардың есептеу жолы қарастырылады. Ал ось деп, айналып тұратын бөлшектерді ұстап тұруға
және өзі арқылы пайдалы
айналдырушы момент бермейтін жұмыр бөлшектерді айтамыз. Осьтер
түзу етіп жасалады.
Көптеген жағдайда күштер біліктің ұзындығына біркелкі әсер
етпейді. Осыған орай біліктердің бір қалыпты берік болуы үшін,
олардың диаметрлерін өз ұзындығына байланысты әртүрлі етіп істейді және басқа бөлшектердің, жұлдызшалардың білікке қондыратын ішкі
диаметрлері стандартталған, сондықтан біліктердің де диаметрлері
соларға сәйкес болуы қажет. Біліктер мен осьтердің тірекке тірелетін бөлігін
цапфа деп, ортадағы цапфаларды
мойынша деп, ал
тірелетін шеткі бөліктерін шип деп атайды.
Егер N- кВт, п-айн/мин өлшемдерінде алсақ, d- см өлшемінде табылады.
Біліктерді жобалап есептеу. Біліктерді жобалап есептеу айналу және ию моменттері арқылы жүргізіледі. Біліктердің айналуына байланысты олардың қимасында ию моментінен пайда болатын қалыпты кернеу шама жағынан өзгеріп отырады, бірақ жобалап есептеуде бұл есепке алынбайды. Сонымен, біліктер статиканың заңына
байланысты иіледі деп есептеп, оларды материалдар
кедергісі курсында қабылданған жолдармен беріктікке есептейміз.
Біліктерді июші және бұраушы моменттердің және осьтік күштердің әсерінен пайда болатын қосымша кернеулер мынадай тәртіппен есептеледі
Тік және көлбеу жазықтықтарға түсетін күштердің әсерінен
пайда болатын біліктердің тірелетін
бөлігінің реакциялары
анықталады