Курстық жұмыс Тақырыбы: Сөз таптарындағы семантикалық тәсілдің қызметі



бет6/13
Дата02.01.2022
өлшемі204.5 Kb.
#454376
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Заттануы

2.2 Транспозиция түрлері Жалпы тіл білімінде сөз таптарының бір-біріне ауысуы конверсия, трансформация, транспозиция, субститутция т.б. атаулармен аталады. «Транспозиция (лат. transpositio – алмастыру, ауыстырып қою) ағыл. transposition, фр. Transp ositio, нем. lautversetzung – 1. Бір тілдік единицаны екінші тілдік единицаның орнына қолдану, мысалы, осы шақ формасының орнына өткен шақты, сұраулы сөйлемнің орынына хабарлы сөйлемді қолдану. Сол сияқты метафоралық және басқа да ауыс мағыналардың негізінде де транспозиция жатыр.

2. Сөздің басқа сөз табы функциясында қолданылуы, сөздің бір парадигматикалық кластан (сөз табы) басқаға ауысуы. Транспозиция сөзжасамның аффиксіз тәсілі және де басқа тәсілдердің көмегімен іске асады. Транспозиция түрлері: субстантивтену (зат есімге өту), адъективтену (сын есімге өту), вербалдану (етістік қатарына өту), адвербиалдану (үстеуге айналу), прономиналдану (есімдікке өту), конъюнктену (шылауға өту)» [6, 385]. Сөздікте келтірілген осы анықтамадан байқалып тұрғандай, лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдер, яғни субстантивтену тәсілі транспозициядан келіп шығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет