Kz ресми сайтына орналастыру үшін 2012 жылдың 1 тоқсанына ақпарат



Дата24.02.2016
өлшемі25.74 Kb.
#12905
www.akimvko.gov.kz.

ресми сайтына орналастыру үшін

2012 жылдың 1 тоқсанына ақпарат
1. Мекеме атауы: «Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

  1. Жұмыс қорытындысы:

2012 жылдың 1 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының аумағы 28322,6 мың гектарды құрайды, оның ішінде:

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 9 944,1 мың гектар (облыс жер қорының 35,1 %);

- елді мекендер жрлері – 2972,6 мың гектар (10,5 %);

- өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 178,1 мың гектар (0,6 %);

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекрециялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлер - 1504,4 мың гектар (5,3 %);

- орман қорының жерлері - 2140,9 мың гектар (7,6 %);

- су қорының жерлері 572,7 мың гектар (2,0 %);

- босалқы жерлер - 11034 мың гектар (38,9 %).



2011 жылдың 1 қарашасына Шығыс Қазақстан

облысының жер қоры

2012 жылғы 1 сәуірге облыс бойынша 8197,3 мың га жер көлемінде 16939 шаруа қожалықтары, 1407,9 мың га жер көлемінде – 474 ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер (АҚ, ЖШС, ӨК), 145,1 мың га жер көлемінде – 150 мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары қалыптасты.

2012 жылғы 1 сәуірге жеке меншікке жалпы көлемі 58976,3 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы 438 жер учаскелері жалпы сомасы 324109,3 мың теңгеге сатылды, оның ішінде: жеке тұлғаларға жалпы көлемі – 40303,8 га 371 жер учаскелері жалпы сомасы 223706,3 мың теңгеге және заңды тұлғаларға жалпы көлемі – 18493,7 га 45 учаскелер жалпы сомасы – 98876,5 мың теңгеге сатылды.

Жалпы облыс бойынша жер реформасы басталғаннан бері жеке меншікке көлемі 14247,9 га 6132899,3 мың теңге сомаға ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес 48511 жер учаскелері; жалдау құқығы жалпы көлемі 2690,7 га 1225 жер учаскелеріне 315000 мың теңге сомаға сатылған.

Облыстың қалалары мен аудандарының жер қатынастары бөлімдері ұсынатын мәліметтерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында 2005 жылғы 1 қаңтардан 2011 жылғы 1 қарашаға дейінгі кезеңде жеке тұрғын үй құрылысы үшін 20549 өтініш берілген. Ең көп берілген өтініштер саны Өскемен қаласында – 7013.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға 12 329 жер учаскелері бөлініп берілді.



2012 жылдың 1 тоқсанында жер заңнамасына сәйкес Басқармамен облыс әкімдігінің 2 нормативті хұқықты әктілер, 5 жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін жер пайдалану хұқығына сәйкестендіру құжаттары даярланды, жерлерді қорғау және пайдалану бойынша 17 сараптық қорытындылар берілген,2 жерге орналастыру жобалары қаралып, бекітілді және жеке және заңды тұлғалардан 24 арыздар қаралды, 4 жалға алу келісім-шарттары мен серветут келісім шарттары жасасты, жыл сайынғы жалға алу төлемі – 466367 теңге құрады.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет