Сабаққа қатысу: дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу керек. Дәріс кезінде түсінбеген материалдарды оқытушыдан қосымша түсіндіруін сұрауға болады. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беруі тиіс.
Үй жұмысы: үй жұмысы өткен материалдарды бекіту үшін және міндетті түрде орындау үшін арнайы жасалған. График бойынша әр тақырыптың соңында тапсырылуы керек.
Межелік бақылау: межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады. СӨЖ және СОӨЖ орындалып, өткізілуі кестеге сәйкес жүреді. Көшіріп алу және плагиат: кез-келген көшіріп алу және плагиат (дайын басылымдарды, басқа студенттердің жұмыстарын пайдалану, көшірп алу) үшін қатаң жазалап, аудиториядан шығарумен қоса, жалпы курс үшін «Ғ» бағасын қоюмен қамтылады.
Емтихан: қорытындыс бойынша бағалық баллдар қойылады. Емтиханда сіздің дәрістік жазбаларыңызды және кітаптарда пайдалануға болмайды.
Тәртіп: сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып, жіберіледі және барлық курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады. Сабаққа кешігіп келуге болмайды, сабаққа кешікен студент дәрісханаға кірмейді. Сабақ кезінде ұялы иелефондар өшірілуі тиіс.
Ұсыныстар: оқу процесіне белсенді қатысу керек, барлық тапсырмаларды талпынып орындау керек, ұжымдық жұмыстарға қатусы керек. Пунктуальды, сабырлы болу керек
&&&
###002-010#2.10 Баға қою саясаты
Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинуы тиіс. Баллдардың максималды саны:
1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-8 апталарда – 300 балл,
2-рейтинг нәтижесі бойынша 9-15 апталарда – 300 балл.
Пән бойынша семестрде максималды балл саны – 600.
Баллдар келесі жұмыс түрлері үшін қойылады:
1. Модульдар бойынша тапсырманы орындағаны үшін (1 және 3 модуль бойынша максимум 150 балл, 2-модуль бойынша – максимум 120 балл)
2. Он-лайн семинарға қатысқаны және белсенділігі үшін (қатысу үшін – 20 балл, белсенділігі үшін максимум 100 балл)
3. Межелік тестілерді орындағаны үшін (максимум 30 баллдан)
Курстық жұмыс жеке бағаланады.
Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 5-кестеде берілген.
Бақылау мерзімдері 8-аптаның соңы және 15-аптаның соңы. Уақытында өткізілмеген тапсырма мен тестерді 15-аптада тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында орындамаса, оларға айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады.
&&&
###002-011#2.11 Студент білімін бақылау
Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:
-
ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі)
-
межелік бақылау тестілеу түрінде (8 және 15 апталарда)
-
қорытынды бақылау – семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан және курстық жұмысты (жобаны) қорғау, мамандықтың МЖМБС-на сәйкес).
Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40% қосындысына тең.
Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (4 кесте).
Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы
4 кесте
Әріптік жүйедегі баға
|
Баллдың цифрлық эквиваленті
|
Пайыздық мөлшері
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
А
|
4,0
|
95 – 100
|
Өте жақсы
|
А–
|
3,67
|
90 – 94
|
В+
|
3,33
|
85 – 89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80 – 84
|
В–
|
2,67
|
75 – 79
|
С+
|
2,33
|
70 – 74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65 – 69
|
С–
|
1,67
|
60 – 64
|
D+
|
1.33
|
55 – 59
|
D
|
1,0
|
50 – 54
|
F
|
0
|
0 – 49
|
Қанағаттанарсыз
|
I
|
NA
|
-
|
Аяқталмаған
|
P
|
-
|
өтті
|
Пәнді өтті
|
&&&
###002-012#2.12 Қашықтықтан кеңестер беру және оқу үдерісінің күнтізбелік графигі
5 кесте
№ р/б
|
Апталар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Жиыны
1-рейтинг
|
1
|
Бақылау түрі
|
|
|
|
ТМ1
|
|
|
ТМ2
|
МБ1
|
300
балл
|
2
|
Баллдар
|
|
|
|
150
|
|
|
120
|
30
|
3
|
Кеңестер
|
OF
|
OL
|
OL
|
OF
|
OF
|
OL
|
OF
|
OF
|
№ р/б
|
Апталар
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Жиыны
2-рейтинг
|
|
1
|
Бақылау түрі
|
|
|
ОС
|
|
|
ТМ3
|
МБ2
|
300
балл
|
2
|
Баллдар
|
|
|
120
|
|
|
150
|
30
|
3
|
Кеңестер
|
OL
|
OL
|
OF
|
OF
|
OL
|
OF
|
OF
|
Белгілеулер: ТМ-модуль бойынша тапсырма; ОС-он-лайн семинар; МБ-межелік бақылау;
OL – он-лайн кеңес; OF- офф-лайн кеңес
&&&
$$$002-000-000$3.2 Дәрістер
&&&
$$$002-001-000$3.2.1 Дәріс №1. Кіріспе. Мал фермалары мен комплекстерінде өндірістік процестерді комплексті механикаландыру және автоматтандыру.
1:Мал шаруашылығынын интенсивтендіру. Мал фермалары мен комплекстері.
2:Мал фермалары мен комплекстеріне арналаған машиналар мен жабдықтар.
3:Мал шаруашылығындағы өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру.
&&&
$$$002-001-001$3.2.1.1 1 Мал шаруашылығын интенсивтендіру. Мал фермалары мен комплекстері.
Мал шаруашылығын интенсивтендіру бағытыныдағы маңызды шаралардың ішінен мыналарды атап көрсетуге болады: жоғары өнімді жаңа машиналар мен жабдықтар жасау; жекелеген процестерді механикаландырудан тасқынды технологиялық линиялар негізінде атқаратын бүкіл жұмысты комплексті механикаландыруға және автоматтандыруға көшіру,технологиялық процестерде тікелей электр энергиясын кеңінен қолдану; малды күтіп-бағу және жемдеу әдістерін жетілдіру; жемшөптің, жемшөп рациондарының т.б. жаңа типтерін енгізу. Мал шаруашылығын интенсивтендіру проблемаларын шешуде өндірістік процестерді комплекті механикаландырудың, электрлендірудің және автоматтандырудың мәні барған сайын арта түсуде.Мал фермасы – ауыл шаруашылығы кәсіпорын бөлімшесі. Мал комплексі – ауыл шаруашылығы өндірінсінің кәсіпорны, ол комплексті механикаландыру,электрлендіру, автоматтандыру, технологиялық процестерді тасқынды ұйымдастыру негізінде өнеркәсіптік технологияны, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті жоғары деңгейде шоғырландыруды және мамандыруды қолдану негізінде жоғары сапалы мал өнімдерін біркелкі әр жыл бойы өндіруге арналған.
&&&
$$$002-001-002$3.2.1.2 2 Мал фермалары мен комплекстеріне арналаған машиналар мен жабдықтар.
Өнеркәсіптік типтегі мал фермалары мен комплекстерін машиналармен және жабдықтармен жарақтандыру арнайы жасалатын машиналар жүйесіне сәйкес белгілі бір кезеңде жүзеге асырылады.Машиналар жүйесіне қойылатын негізгі талаптың бірі - қол еңбегі шығынын барынша кеміту және фермаларды жұмыс жағдайын жақсарту.Машиналардың қазіргіге қарағанда жаңа жүйесі толық жүзеге асырылғанда мал өнімін өндірудің технолгиялық еңбекті қажетсінуді 25-тен 35 % -ке дейін, жұмсалатын қаражатты 20-25 % -ке дейін кемітуге мүмкіндік береді.
&&&
$$$002-001-003$3.2.1.3 3 Мал шаруашылығындағы өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру.
Мал шаруашылығындағы процестерді комплексті механикаландыру – қазіргі кезеңдегі ғылыми – техникалық прогресс саласының басты бағыттарының бірі.Осы технология бойынша автоматтандырудың өзі еңбек өнімділігің 1\3-1\5 есе артуын қамтамасыз етеді. Мұның өзі басқару аппаратын қысқарту, қолымен атқарылатын жұмыстарды автоматтандыру,технологиялық процестерді интенсивтендіру және жабдықтардың өнімділігін арттыру арқылы жүзеге асырылады. Автоматика құралдары фермалар мен комплекстерде су мен жылу беруге және таратуға, жемшөп әзірлеуге және үйлестіруге,өнім алуға және оны алғашқы өңдеуге, оның сапасын бақылауға,микроклиматты реттеуге,қалдықтарды жинауға және өңдеп пайдалануға қолданылады.
&&&
$$$002-001-100$ Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Мал фермасы,комплекстері деген не?
-
Мал фермаларының, комплекстерінің типтік көлемін айтындар.
-
Мал комплекстерінің фермалардан айырмашылығы неде?
-
Машиналар жүйесі деген не?
-
Малды азықтандырғанда және сауғанда қолданылатын машиналар мен жабдықтарды атандар?
-
Қиды шығару қандай құралдардың көмегімен атқарылады?
-
Автоматика деген не?
-
Датчиктер не үшін қызмет етеді?
-
Автоматика құралдары не үшін қолданылады?
&&&
$$$002-002-000$3.2.2 Дәріс №2. Сиыр саууды механикаландыратын және автоматтандыратын қондырғылар мен аппараттар.
1.Сиырды машинамен сауудың физиологиясы.
2.Сауу аппараттары.
3.Сауу агрегаттары мен қондырғылары.
&&&
$$$002-002-001$3.2.2.1 1 Сиырды машинамен сауудың физиологиясы.
Машинамен сауу – сүт фермалары мен комплекстерін жан-жақты механикаландырудың негізі, өйткені қолмен сауу ең ауыр процестерді бірі. Машинамен сауу еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз етіп,адам жұмысын жеңілдетеді,жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.Мұндай жұмысты сауу қондырғысының бір бөлігі болып саналатын арнайы сауу аппараттарымен жүзеге асырады.Сауу аппаратының жұмыс принципі аэро және гидродинамика заңдарына негізделген.
&&&
$$$002-002-002$3.2.2.2 2 Сауу аппараттары.
Еліміздің фермаларында отандық «Волга», ДА-2, ДА2М, «Майга» және ГДР-де шығарылатын М-66 «Импульс» аппараттары қолданылады.Сауу аппаратының жұмыс режимі сауу жылдамдығымен,пульс жиілігімен, вакуум шамасымен, жұмыс циклі тактілерінің ұзақтылығымен т.б. сипатталады.
&&&
$$$002-002-003$3.2.2.3 3 Сауу агрегаттары мен қондырғылары.
Сиырды машинамен саууды ұйымдастыру жүйесіне және малды күтіп-бағу әдісіне қарай сауу агрегаттары мен қондырғыларының бір орында жұмыс істейтін (стационарлы) және жылжымалы түрлері бар. Бір орында жұмыс істейтін агрегаттар сиырды тұрған жерінде сауып,сүтті сүт құбырына жинау үшін қолданылады. Жылжымалы агрегаттар сиырды жайылымда сауу үшін пайдаланылады.
&&&
$$$002-002-100$ Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Үш тактілі «Волга» сауу аппаратының құрылысы және жұмыс істеу принципі туралы айтып беріндер.
-
Екі тактілі ДА-2 «Майга» сауу аппаратының құрылысы және жұмыс істеу принципі туралы айтып беріндер.
-
Екі тактілі М-66 «Импульс» сауу аппаратының құрылысы және жұмыс істеу принципі туралы айтып беріндер.
-
Фермалар мен комплекстерде сауу агрегаттарымен қондырғылардың қандай типтері қолданылады?
-
Сиырды тұрған жерінде тасымал шелекпен саууға қандай қондырғылар арналған?
-
Сиырды сүт түтігімен сауға пайдаланылатын қондырғыларды атандар.Олардың құрылысы қандай?
-
Әмбебап сауу станциясы қайда қолданылады?
-
УДТ-6 әмбебап сауу қондырғысы қалай жұмыс істейді?
-
УДЕ-8 қондырғысының қандай ерекшелігі бар?
&&&
$$$002-003-000$3.2.3 Дәріс №3. Фермалар мен комплекстерде сумен қамтамасыз ететін және мал суаруды механикаландыратын және автоматтандыратын машиналар мен жабдықтар.
1.Сумен қамтамасыз етуді механикаландырудың мәні.
2.Су көтеретін жабдықтар.
3.Су құбыры желісі және мал суғаратын жабдықтар.
&&&
$$$002-003-001$3.2.3.1 1 Сумен қамтамасыз етуді механикаландырудың мәні.
Мал фермалары мен комплекстері - суды өте көп тұтынатын орындар.Мал ішетін су жоғары сапалы,жеткілікті мөлшерде,әр тәуліктің кез келген уақытында болуы тиіс. Сонымен қоса, суды технологиялық,гигиеналық,шаруашылық және өртке қарсы мақсатта қолданылады.Сумен қамтамасыз етуді дұрыс ұйымдастырудың фермалар мен комплекстердің жұмысын тиімді жұмыс істеуде айрықша маңызы бар,өйткені оның өзі өндірістік –зоотехникалық процестердің қалыпты өтуін қамтамасыз етеді, малды күтіп-бағу жағдайын жақсартады, жұмыс істейтін адамдардың еңбек өнімділігімен мәдениетін, өнім сапасын жақсартады,өнімнің өзіндік құнын кемітеді.Сумен үздіксіз қамтамасыз ету сиырдың сүттілігін 10-14% және бордақыдағы малдың салмақ қосуын 10-15 % арттырады.
&&&
$$$002-003-002$3.2.3.2 2 Су көтеретін жабдықтар.
Сумен қамтамасыз ететін көздердегі суды су - арын құрылыстарына немесе тікелей тұтынатын орындарға беру үшін насостарды су ағызатын қондырғыларды және басқа да жабдықтарды пайдаланылады.Конструкциясы бойынша насостар горизонтальды,вертикальды, бір,екі және көп сатылы,бір жақты және екі жақты әсер ететіндер болып бөлінеді.Ортадан тепкіш насос, ВУ типтес автоматты су көтергіш қондырғылар бар.
&&&
$$$002-003-003$3.2.3.3 3 Су құбыры желісі және мал суғаратын жабдықтар.
Фермалармен комплекстеріндегі су құбырының желісі айдауыш және таратқыш түтіктерден тұрады,айдауыш түтік насос станциясын су – арын мұнарасымен, таратқыш түтік су – арын мұнарасынан тұтынатын орындармен жалғастырады. Тарату желісі сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Топтық немесе жергілікті су құбыры желісін сақиналы,тұйық немесе құрамды типте орнатады.Мал фермаларында жайылымдағы суат пункттерінде бір орында жұмыс істейтін және жылжымалы автосуарғыштар қолданылады. Ірі қараны байлап ұстаған жағдайда ПА1, ПА1А, АП-1,АП-1А, суарғыштарын, байламай ұстағанда АГК-4, АГК-4А топтық суарғыштарды,ал жайылымда ВР-3М және ПАП-10А су таратқыштарды пайдаланады.
&&&
$$$002-003-100$ Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Су құбыры қандай элементтерден тұрады?
-
Су сапасының негізгі көрсеткіштері қандай?
-
Сумен қамтамасыз ету көздерін атандар?
-
Су алатын құрылыс типтерін атандар?
-
Су ағызатын қондырғының әрекет ету принципі қандай?
-
Су ағызатын қондырғыны ретке келтірудің тәртібі қандай?
-
Топтық автосуарғыштың дербес автосуарғыштан қандай айырмашылығы бар?
-
Топтық автосуарғыштың құрылысы қандай?
-
Топтық автосуарғыштың әрекет ету принципі қандай?
&&&
$$$002-004-000$3.2.4 Дәріс №4. Cүтті алғашқы өңдейтін, сақтайтын және тасымалдайтын машиналар мен жабдықтар.
1.Сүтті алғашқы өңдеудің маңызы және технологиялық схемасы.
2.Сүтті тазартатын және салқындататын машиналар мен жабдықтар.
3.Сүтті сақтайтын және тасымалдайтын машиналар мен жабдықтар.
&&&
$$$002-004-001$3.2.4.1 1 Сүтті алғашқы өңдеудің маңызы және технологиялық схемасы.
Сиыр сүтінде көптеген қоректік заттар (майлар,белоктар,углеводтар,витаминдер,минералдық заттар,барлығы жүзге жуық компоненттер) бар. Сондықтан да сүттің қоректілік,тіпті емдік қасиеті өте жоғары.Жаңа сауылған сүттің температурасы 36-37 С және бактерицидтік қасиеті болады,яғни оған түскен микроорганизмдердің өсіп-жетілуі тежеледі.Сондықтан да фермалар мен комплекстерде сүт алғашқы өңдеуден өткізіліп, шөп –шаламы тазартылады және салқындатылады.
&&&
$$$002-004-002$3.2.4.2 2 Сүтті тазартатын және салқындататын машиналар мен жабдықтар.
Сүттегі ірі қоқымдарды іркіп алу үшін сүтті торлы элементі бар сүзгіден өткізеді.Сауу қондырғыларында АДМ типтес сүзгі қолданылады.Оның сүт түтігінің жолында орнатады.Сүзгі элемент каркастан – тордан және ауыстырмалы лавсан не фланел материалдан тұрады. Сүтті тазартудың ең прогрессивті әдісі - ортадан тепкіш сүт тазартқыш, оның ең басты бөлімі – шапшаң айналатын барабан. Ортадан тепкіш күштің әсерінен лас қоқымдар барабан кенересіне соғылып, бірте-бірте сонда жиналады.
&&&
$$$002-004-003$3.2.4.3 3 Сүтті сақтайтын және тасымалдайтын машиналар мен жабдықтар.
10 С-тен төмен температурада салқындатылған сүт жылу өткізбейтін тысы мен қорғаныщ болат құндағы бар резервуар термостарда сақталады. Резервуар горизонтальды (В2-ОМВ) болуы мүмкін.Олардың сыйымдылығы 2000 литрге дейін. Сүтті тасымалдау – оның сапасын сақтау және өзіндік құның кеміту проблемасы шешілетін маңызды учаске.Сүтті тасымалдаудың ең жетілдірген құралы,әсіресе алысқа тасығанда (300 км-ге дейін) сүт автоцистерналары,оған сүт вакуум әсерімен сорылады, немесе насос арқылы айдалады да өз ағынымен құйылады.
&&&
$$$002-004-100$ Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Сүтте қандай қоректік заттар кездеседі?
-
Бактерицидтік фаза дегеніміз не?
-
Сүтті алғашқы өңдеудің мәні неде?
-
Сүт бөгде қоспалардан қалай тазартылады?
-
Салқындатқыштар не үшін қолданылады және қалай жіктеледі?
-
Сүт тазартқыштар мен тоңазытқыштардың құрылысы қандай және қалай әрекет етеді?
-
Сүт қалай сақтайды?
-
Сүт сақтайтын резервуарға қандай талаптар қойылады?
-
Сүт тасымалдаған кезде өзіндік құны неге байланысты?
&&&
$$$002-005-000$3.2.5 Дәріс №5. Фермалар мен комплекстерді сумен қамтамасыз ету.
1.Сумен қамтамасыз етуді механикаландырудың мәні.
2.Лагерь мен жайылымды сумен қамтамасыз ету.
&&&
$$$002-005-001$3.2.5.1 1 Сумен қамтамасыз етуді механикаландырудың мәні.
Мал фермалары мен комплекстері – суды өте көп тұтынатын орындар. Мал ішетін су жоғары сапалы, жеткілікті мөлшерде, әрі тәуліктің кез келген уақытында болуы тиіс. Сонымен қоса, суды технологиялық, гигиеналық, шаруашылық және өртке қарсы мақсатта қолданылады. Сумен қаматамасыз етуді дұрыс ұйымдастырудың фермалар мен комплекстердің жұмысын тиімді жұмыс істеуде айырқша маңызы бар, өйткені оның өзі өндірістік-зоотехникалық процестердің қалыпты өтіун қамтамасыз етеді, малды күтіп-бағу жағдайын жақсартады.
&&&
$$$002-005-002$3.2.5.2 2 Лагерь мен жайылымды сумен қамтамасыз ету.
Еліміздің орталық алқабындағы ұланғайыр территорияда жазда мал жайылатын мол өріс бар.Оңтүстік аймақтың шаруашылықтары арнайы қоршалған лагерь жасап, көк шөп конвейері принципі бойынша сол жерге ұдайы балауса азық жеткізіп отырады. Мұнда жергілікті жердің жағдайына қарай су көздері, су алатын және су көтеретін жабдықтар, запас және реттеуші резервуарлар, суды тазартатын, залалсыздандыратын және тұщыландыратын құрылыстар, суару науалары мен алаңдары болады.
&&&
$$$002-005-100$ Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Су құбыры қандай элементтерден тұрады?
-
Су сапасының негізгі көрсеткіштері қандай?
-
Сумен қамтамасыз ету көздерін атандар.
-
Су алатын құрылыс типтерін атандар.
-
Суат пункттерін жайылымдарда қалай орналастырады?
-
Малды сумен қамтамасыз ету үшін жайылымда қандай қондырғылар қолданылады?
&&&
$$$002-006-000$3.2.6 Дәріс №6. Мал суаруды механикаландыратын және автоматтандыратын машиналар мен жабдықтар.
1.Су көтеретін жабдықтар.
2.Су құбыры желісі және мал суғаратын жабдықтар.
&&&
$$$002-006-001$3.2.6.1 1 Су көтеретін жабдықтар.
Сумен қамтамасыз ететін көздердегі суды су-арын құрылыстарына немесе тікелей тұтынатын орындарға беру үшін насостарды, су ағызатын қондырғыларды және басқа да жабдықтарды пайдаланады.Насостар – оны ашық су көздерінен, шахталы және түтікті құдықтардан су алу үшін пайдаланады.Конструкциясы бойынша насостар горизонтальды, вертикальды, бір, екі және көп сатылы, бір жақты және екі жақты әсер ететіндер болып бөлінеді.
&&&
$$$002-006-002$3.2.6.2 2 Су құбыры желісі және мал суғаратын жабдықтар.
Фермалар мен комплекстердегі су құбырының желісі айдауыш және таратқыш түтіктерден тұрады, айдауыш түтік насос станциясын су- арын мұнарасымен, таратқыш түтік су-арын мұнарасын тұтынатын орындармен жалғастырады.Мал фермаларында, жайылымдағы суат пунттерінде бір орында жұмыс істейтін және жылжымалы автосуарғыштар қолданылады.Ірі қараны байлап ұстаған жағдайда ПА 1, ПА 1А, АП-1, АП-1А суарғыштарын, байламай ұстағанда АГК-4, АГК-4А,топтық суарғыштарды, ал жайылымда ВР 3М және ПАП-10А су таратқыштарды пайдаланылады.
&&&
$$$002-006-100$Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Су ағызатын қондырғының әрекет ету принципі қандай?
-
Су ағызатын қондырғыны ретке келтірудің тәртібі қандай?
-
Ортадан тепкіш насостың әрекет ету принципі қандай?
-
Топтық автосуарғыштың дербес автосуарғыштан қандай айырмашылығы бар?
-
Топтық автосуарғыштың құрылыс қандай?
-
Топтық автосуарғыштың әрекет ету принципі қандай?
&&&
Достарыңызбен бөлісу: |