Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры



Pdf көрінісі
бет56/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

 
 
 
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі «АҚ туралы» заңына, 
қоғамның жарғысы мен қоғамның ішкі қызметін реттейтін өзге құжаттарына 
сәйкес не тікелей акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен белгіленеді.
79 


Жалпы жиналысты өткізу кезеңдері: 
1. 
Есептеу комиссиясын сайлау (бірқатар жағдайларда) 
Егер акционерлердің саны жүз не одан артық адамды құрайтын болса, 
акционерлердің жалпы жиналысының бірінде есептеу комиссиясы сайланады. 
Акционерлердің жалпы жиналысының есептеу комиссиясының қызметтері 
қоғамның тіркеушісіне жүктелуі мүмкін. Есептеу комиссиясы кемінде үш 
адамнан тұруы тиіс. Есептеу комиссиясына соның алқалық органдарының 
мүшелері, қоғамның атқарушы органының қызметін жалғыз өзі атқарып отырған 
тұлға енгізілмейді. Есептеу комиссиясы акционерлердің жалпы жиналысын 
өткізу кезінде болмаса, жиналысты өткізу уақытына арнап есептеу комиссиясын 
қосымша сайлауға рұқсат етіледі.
Акционерлерінің саны жүзден аз болып келетін қоғамда есептеу 
комиссиясының қызметін акционерлердің жалпы жиналысының хатшысы 
жүзеге асырады. Акционерлердің алғашқы жалпы жиналысында есептеу 
комиссиясының қызметін қоғамның тіркеушісі орындайды.
2. 
Келген акционерлерді (солардың өкілдерін) тіркеу. Акционерлердің 
жалпы жиналысына қатысушылардың құрамы
Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанша есептеу комиссиясы жалпы 
жиналысқа қатысу үшін келген тұлғаларды тексеріп және акционерлердің жалпы 
жиналысына қатысушыларды тіркейді.
Акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қарастырылып 
отырған мәселелер бойынша өзі не өз өкілі арқылы дауыс беруге құқылы. 
Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) акционерлердің жалпы 
жиналысына қатысуға және күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға 
құқылы, алайда кворумды белгілеу кезінде есепке алынбайды және дауыс беруге 
құқы болмайды. 
Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды белгілеу кезінде 
есепке алынбайды және дауыс беруге құқы болмайды.
Қарапайым акция акционерге акционерлердің жалпы жиналысына дауысқа 
салынатын барлық мәселелерді шешу кезінде дауыс беру құқығымен қатысу 
құқығын береді. Артықшылыққа ие акция, егер қоғам акционерлерінің жалпы 
жиналысы өзі бойынша қабылданған шешім артықшылыққа ие акцияларды 
иеленіп отырған акционердің құқықтарын шектеуі мүмкін мәселені қарастырып 
отырған болса, акционерге қоғамды басқару құқығын береді. Мұндай мәселе 
бойынша шешім шектеу үшін жайғастырылған артықшылыққа ие акциялардың 
(сатып алынғандарын санамағанда) кемінде үштен екі бөлігі дауыс берген 
жағдайда ғана қабылданған болып есептеледі; қоғам акционерлерінің жалпы 
жиналысы қоғамды қайта құру не тарату жайлы мәселені қарастырады. 
Артықшылыққа ие акциялардың меншіктенушісі болып табылатын қоғам 
акционері көзбе-көз тәртіппен жүргізіліп отырған акционерлердің жалпы 
80 


жиналысына қатысуға және сонда қаралып отырған мәселелерді талқылауға 
қатысуға құқылы. 
Атап айтарлығы, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 7 шілдесіндегі 
№ 576-II «Инвестициялық қорлар туралы» заңына сәйкес: «Акционерлік 
инвестициялық қордың акционері акционерлердің жалпы жиналысы қорды қайта 
құру туралы не сол қордың жарғысына не акциялары шығарылымының 
анықтамалығына соның құқығын шектейтін өзгертулер енгізу туралы шешім 
қабылдап, акционер сол жалпы жиналысқа қатысып және аталмыш шешімді 
қабылдауға қарсы дауыс берген болса, бұл жағдайда акционер өзіне тиесілі 
акцияларды сатып алуды талап етуге құқылы (14-бап). Осылайша, Заңда 
инвестициялық қор акционерінің егер келешекте оған заң тарапынан қорғау 
қажет болса, оның өкілінсіз өзінің қатысу қажеттігі белгіленген.
«
Акционерлерді тіркеу жиналыстың жұмыс басталған кезде аяқталған деп 
есептеледі, себебі Заңның 48-бабының 2-тармағына сәйкес келген 
акционерлерді (солардың өкілдерін) тіркеу жалпы жиналыс ашылғанша 
жүргізіледі» (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылдың 28 
желтоқсанындағы №8 «Акционерлік қоғамдар туралы заңдарды қолдану 
туралы» нормативтік қаулысы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет