9. Геоморфологиялық дала зерттеулерінің құрылымы.
Геморфология ең алдымен далалық зерттеулердің деректеріне негізделеді. Дала жұмыстарымен бірге бедердің және оның даму тарихын зерттеп білу үшін әр түрлі әдістерді кеңінен қолданатын тыңғылықты өңдеу жұмыстары (камеральные работы) да кіреді (О. Леонтьев, Г. Рычагов, 1988).
Далалық геоморфолгиялық зерттеулер негізінен ғылыми есеп беру (научный отчет) тақырыбымен бірге істелген жұмыстар нәтижелерінің маңызы болып табылатын геоморфологиялық карта жасау жұмысымен аяқталады.
Геоморфологиялық зерттеу жұмыстары дайындық (подготовительный) далалық (полевой) және ғылыми өңдеу (камрельный) кезеңдеріне бөлінеді. Дайындық кезеңде белгіленген аймақ жөнінідегі бұрын болып өткен (геологиялық және геоморфологиялық ) зерттеулердің деректерімен танысып білу.
Далалық зерттеу кезеңі геоморфологиялық экспедиция зерттеулерінің негізгі құрайтын бөлігі болып табылады. Осы кезеңде нақтылы деректерге (фактический материал) негізделген матреиалдарды жан-жақтан жинау, соның ішінде тау жыныстарының үлгілерін жинақтау және олармен алдын ала өңдеу шараларын жүргізу, зертелініп жатқын аумақтың геморфологиялық құрылысы туралы алғашқы тұжырымдар жасау жұмыстары жүзеге асырылады. Ақырында сол аймақтың далалық геоморфолгиялық картасы жасалынады.
Ғылыми өңлеу кезеңі – бұл дала жұмыстары кезінде барлық жинақталған деректі материалдардың жан-жақты байланысын ой елегінен өткізіп, пайымдау және қорытынды шығару кезеңі. Ғылыми өңдеу кезінде әр түрлі талдау жұмыстары: палинологиялық, минералогиялық, петрографиялық, микро және макро фауналық, диатомдық, радиометриялық және даладан іріктеп алынған үлгілердің басқада талдау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар әуе және ғарышсуреттері де қолданылады. Ғылыми есеп – бұл нақтылы аумақтың геоморфологиялық зерттеу қорытындыларының жиынтығы.
10. Далалық геоморфологиялық зерттеу әдістері.
Далалық геоморфологиялық бақылаулар – көзбен шолып (визуальный) және аспаптық бақылауларға бөлінеді. Мұның ішіндегі ең бастысы зерттеушінің көзбен шолып бақылау әдісі. Бұл әдіс бдер пішіндерінің құрылысын жаратылу тегін, динамикасын, оларды құрайтын тау жыныстарын зерттеуге негізделген.
Жер бетіндегі көзбен шолып бақылау жұмыстары негізнен сол бақылау нүктелерінде жүргізіледі. Бақылау нүктелері аумақтың кездейсоқ орындары емес, олар бедердің қандай да болса белгілі бір элементтерін, пішіндерін зерттелген бедер пішіндердің бір-бірімен өзара жалғасуы және т.б.
Әйтсе де, бедер пішіндерін сипаттау үшін, оның морфометриялық және морфографиялық көрсеткіштері жеткіліксіз. Геоморфологиялық бақылаулардың маңызды бір мақсаты – зерттеліп жатқан бедер пішіндерінің немесе бедер кешендерінің жаратылыс тегін анықтап білу. Осы мақсатпен пішіндердің құрамын анықтайтын тау жыныстары әсіресе жер бетінде көрініп жатқан табиғи ашылымдар жан-жақты мұқият зерттеледі.Егермұндай жағдайлар болмаса шурфтар салынады (қазылады) немесе шамалы бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Барлық жағдайларда, жаңағы геологиялық қабаттарды баяндап зерттеген кезде мынадай тәртіппен дәйектеп суреттеу қажет: ең алдымен қарастырып отырған аймақты топогрфиялық, яки географиялық тұрғыдан анықтап нақтылау ( топографическая или географическаяпривязка местности), оның геоморфолгиялық жағдайын, биіктіктегі орнын (высотная привязка) және қиманың жалпы жағдайын сипаттау. Содан кейін тау жыныстарының әр қабатына бейнелеп сипаттама беру, мәселен, оның атауын, түсін, қалыңдығына, қабатталу сипатын, құрамын және ірі бөлшектердің (түйірлердің) бейнесін, құрылымын, жұмырлану көрсеткіштерін анықтау, жаңадан пайда болған заттарды (егер мұндайлар болса) көрсету қалыңдығын мұқият өлшеу керек болады.
Геологиялық-морфологиялық объектілерде далада зертеліп алынған барлық мәліметтерін арнайы дала күнделіктеріне жазып түсіреді. Күнделікте зерттеуді жүргізудің күні, яғни мещгілі, бақылау нүктелерінің реттік номері және оның адресі (географиялық орны) және геоморфологиялық жағдайы жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |