Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №22 Тәрбиелік пәндік-кеңістіктік ортаны оңалту әдістемесі



бет61/83
Дата19.01.2022
өлшемі194.91 Kb.
#454674
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83
ӘПЖТ Лекция

Лекция №22

Тәрбиелік пәндік-кеңістіктік ортаны оңалту әдістемесі

Лекция жоспары:

  1. Тәрбиелік пәндік-кеңістіктік ортаны оңалту әдістемесі

  2. Мақсатты бағдарламалау технологиясы


Лекция мәтіні:

1.Тәрбиелік пәндік-кеңістіктік ортаны оңалту әдістемесі

Адамгершілік нормалары мен ережелерін игеру дегеніміз - тұтастай алғанда адамгершілік ойлау қабілетін қалыптастырудың басты шарттарының бірі болып табылады. Оқушылар ұжымы - ортақ мақсат және қоғамдық іс-әрекет арқылы біріккен тұрақты бірлестік. Жақсы ұйымдасқан оқушылар ұжымының белгісі - дұрыс қоғамдық пікір, жоғарғы жауапкершілік, өзара сенім. Жақсы ұйымдасқан ұжым ғана саяси, адамгершілік, мәдени жағынан өседі, ұйымдастырушылық дағдыға ие болады. Ұжымда шығармашылық, белсенділік, достық, жолдастық байланыс нығаяды. Сондықтан тату, мақсатшыл оқушылар ұжымы тәрбиені ұйымдастырудың негізі болып табылады. Бала ұжымда жеке тұлға ретінде қалыптасады. Отбасы балабақша, мектеп, сынып, спорт секциясы, көркемөнер студиясы т.б. ұжымдар. Бұлардың да барлығында да балалардың әлеметтенуі, қоғамға бейімделуі жүреді. Ұжымда өмір сүре білу, қоршаған ортамен санаса білу - адамның әлеуметтік дамуының жоғарғы сатысы. Тәжірибелі ұстаздар ұжымда тәрбиелеу мен жеке оқушыны тәрбиелеуді табиғи түрде үйлестіреді.

Тәрбие тәжірибесі тек ұжымда ғана, мектеп оқушыларының бойында жауапкершілік, ұжымшылдық, достық, жолдастық, өзара көмек сияқты бағалы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға болатындығын дәлелдеп отыр. Педагогтың басты міндеті - ұжымда әр оқушының қабілетін танып, өз орнын табуына жағдай жасау, әрбір баланы дара тұлға болуға, өзін-өзі басқара білуге тәрбиелеу. Өз мәселесін шеше алатын адам ғана жоғары мемлекеттік мәселелерді шеше алатындығына оқушыны сендіру.

Ұжымда адамға сыйластық сезімін қалыптастыру - педагогтың басты міндеттерінің бірі. Алайда, ешқандай педагог сыныптағы жолдасын күшпен сыйлата алмайды, әр түрлі шараларды ұйымдастыру арқылы бір ұжымға біріктіреді. Оқушылар ұжымы педагогикалық басшылықты қажет етеді. Бірақ әкімшілік билеп төстеуге жол беруге де болмайды. Оқушылардың дербес шығармашылығын, белсенділігін шебер бағыттап отыру керек. Оқушылардың ынтасын басып, артық мазасыз, қамқоршы болу да негізсіз.

Ұжымның мәні мен оның негізгі белгілерін аша келіп, А.С.Макаренко: “Ұжымның -әлеуметтік жандық тұлға болатын себебі мынадай: оның ұйымдары, ол ұйымдардағы уәкілдіктері, жауапкершілігі ұйымдардың ара қатынасы өзара тәуелсіздігі бар егер ондайлардың ешқайсысы болмаса онда ол ұжым болмайды, жай ғана топ немесе жиынтық болады”,-деді.

Балалар ұжымын құру мен топтастыру - мұғалімдердің және ең алдымен сынып жетекшілердің міндеті. Егер мұндай ұжым құрылса, кез-келген тәрбие міндеттерін шешу әлдеқайда жеңіл болады.

Ұжымның топтасуына оқу жағдайын тиімді түрде ұйымдастыру көмектеседі. Оқу міндеттерін шешуге бірлесе іздестіру, жолдастық өзара көмекті ұйымдастыру, оқудағы ортақ табыс үшін күрес балалар ұжымын топтастыруға негіз болады.

Ұжымның топтасуына түрлі қоғамдық тапсырмаларды орындау көмектеседі. Тапсырмалар сыныпқа, мектеп қажеттеріне қызмет көрсетумен байланысты.

Бос уақыттарында театрларға бірге бару, мектеп мекемелері мен кештеріндегі пікірталас, дебат, олимпиадалар мен сайыстар ұжымдық қасиеттердің қлыптасуының маңызды құралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет