Лекция №1 Сандық анализ пәні және әдістері



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата22.02.2024
өлшемі332.91 Kb.
#492918
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Лекция 1 АХ2 1204-12



  
Аналитикалық химия2 
(CАНДЫҚ АНАЛИЗ бөлімі) 
 
 
Лекция № 1 Сандық анализ пәні және әдістері.
Жоспары: 
1. Сандық анализ пәні. Тәжірибелік және теориялық химия мәселелерінің дамуындағы 
сандық анализ ролі және маңызы.
2. Сандық анализ әдістері. Химиялық, физикалық және физика-химиялық әдістерге 
сипаттама. 
3. Дәлдігі жоғары әдістерге сипаттама. Талдаудың метрологиялық негіздері.
4. Зерттеу сынамалары. Орташа сынама алу. 
1. Сандық анализ пәні. Тәжірибелік және теориялық химия мәселелерінің 
дамуындағы сандық анализ ролі және маңызы.
Аналитикалық химия – заттың химиялық құрамы мен құрылымын анықтайтын 
әдiстер туралы ғылым. Аналитикалық химия екі үлкен бөлімнен тұрады.
1) Сапалық анализ – зерттеу объектiсiнiң құрам бөлiктерiн, яғни қандай элемент, ион, 
молекулалардан тұратынын анықтау әдiстерiн жаңадан жасау, және әрi қарай жетiлдiру 
(зерттеу объектiлерiне байланысты); 
2) Сандық (мөлшерлiк) анализ мақсаты – заттың құрам бөлiктерiнiң мөлшерiн, мөлшерлiк 
арақатынасын анықтау, анықтау әдiстерiн жетiлдiру болады.
Сандық анализ пәнi – заттың мөлшерлiк құрамын анықтауға мүмкiндiк беретiн әдiстердi 
оқып үйрену. 
Сандық анализ мақсаты – зерттелетiн зат құрамына кiретiн элементтердiң, иондардың
молекулалардың сандық мөлшерiн анықтау. 
Сандық анализ әдiстерi химияның негiзгi заңдарын пайдаланады: 
а) құрам тұрақтылық заңы 
б) зат массасының сақталу заңы 
в) эквиваленттер заңы 
Сандық анализ көмегiмен: 
Бiрiншiден,
Заттардың атомдық, мольдiк, эквиваленттiк массаларын анықтайды. 
Заттың қасиетiн анықтау үшiн зат құрамына кiретiн элементтер қандай қосылыс түрiнде 
болатынын және олардың арақатынасы қандай екенiн бiлу қажет. 
Мысалы, руданың және арнайы отын құрамын зерттегенде күкiрттiң жалпы мөлшерiн 
ғана емес, сонымен қатар бос күкiрт (S
o
), сульфидтi күкiрт (S
2-
), пириттi күкiрт (S
2
2-
), 
сульфатты (SО
4
2-
) күкiрт мөлшерiн анықтайды. Анализ нәтижесiн %-бен көрсетедi.
Мысалы, CaCO
3
анализдегенде онда қанша % Са, С, оттек бар екендiгiн көрсетедi.
СаСО
3
– кальций карбонатын СаО, СО
2
-нен тұратын өнiм деп қарап, құрамын СаО және 
СО
2
тотықтарының процентi арқылы көрсетуге болады. 



Кей жағдайларда сапасы мен сандық құрамы бiрдей заттар әртүрлi қасиет көрсетедi, оның 
себебi ол заттардың құрылымында өзгешелiк болуы мүмкiн. Сондықтан заттардың 
салыстырмалы анализiнде рентгенструктуралық анализ жүргiзіледi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет