Қарастырылытын мәселелер :
(1 сағат)
-
Оќу ењбегі мєдениетіњі ±ѓымы.
-
Жеке ж±мыс техникасы.
-
Есте саќтауды дамыту..
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Л.И. Рувинский . Мамандыққа кіріспе Алматы – 1988ж
-
Б.А.Ақназаров. Сынып жетекшісі. Алматы – 1980ж
-
Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. Алматы 1986ж
-
Т.С.Сабыров, Оқыту теориясының негіздері. Алматы – 1993ж
Осыдан үш жүз жылдан астам бұрын көрнекті педагог Я. А. Коменский оқушылар аз оқып, көп білетін дидактика әдісін табуды армандаған болатын. Коменский-дін, негізгі ойы оқушылардың өз бетінше оқуына күш салу болатын, өйткені тәжірибелі деген мұғалімнің өзі оны алмастыра алмайды. Қазіргі кезде нақты айқын болып отырған жайт, біз мектепте, жоғары оқу орындарында қаншама қажетті және пайдалы білім бергенімізбен, адам оны үнемі толықтырып отыруға тура келеді; сондықтанда қазіргІ педагогикалық, және қоғамдық-саяси әдебиеттерде «үздіксіз білім алу», «мамандықты жетілдІру» «өз бетіңше білім алу» ұғымдары кездесетіні тегін емес.сонда ғана ол тиімді оқу енбегіндегі іскерлік пен дағдыны оқушыларға дарыта ал-ады.Адамның атқаратын жұмысынын, мелшері мен сапасы, оның жұмыс қабілеттілігіне (нақты жағдайға қарай —дене және ой қабілетіне) байланысты екендігі түсінікті. Өз кезегінде жұмыс қабілеттілігі болмашы себептерге де байланысты. Мәселен, сабақтын ауасы тар бөлмеде өткізілуі; адамның бүгін ұйқысы қанбауы; танертең ыстық тамақ ішудІң орнына буторбродты қанағат түтуы немесе мүлде тамак ішпеуі, серуендеп демалудың орнына телевизор алдында үзақ түн отыруы т. б. Сонымен қоса жүргІзілген эксперименттердің көрсеткеніндей, осы себептердін. қай-қайсы болмасын, әсіресе олардьта барлығы жинала келгенде бІздін. жұмыс қабілеттІлІгімізге едәуір әсер етеді екен. Мәселен, желдетілмеген бөл-меде сабақ өткізгенде ой енбегінің керсеткіші 5—7% кемиді екен.Тамақтануды дұрыс ұйымдастырудың зор маңызы бар. Күні бойы үш-төрт рет тамақтанған жөн: таңертеңгілік ыстық ас ішіп, жатар алдында аздап қана тамақ-танған дұрыс. БІр қарағанда, өте қарапайьш ереже секілді. Бірақ оньщңөзі қаншалықты жиі бұзылады десеңші, оньң өзІ алдағы ұзақ мерзімді жоспарыңа да (жоғарыда айтылғандай), сондай-ақ ой қабІлетіңе де қолайсыз әсер етеді.Жұмыс қабілеттілігін анықтау ушін оның өзінде қай уақытта жоғары, қай уақытта төмеи екендігін білген дұрыс, ол үшін өзіңе бақылау жүргізу, әр түрлі жұмысты тәуліктің әр мерзімінде атқарып көру қажет. Жұмысқа-білеттілік жоғары болу үшін ұдайы демалып, жүмыста қысқа уакыт үзіліс жасап отырудың қажетті екендігі есте болуы тиіс. Уақытты өзіңше жоспарлағанда (мәселен, үйде сабаққа әзірленгенде), әр сағат жұмыс Істеген сайын 5—7 минуттай үзіліс жасап отырған жөн. Жұмыс түрі ауысқанда үзақ үзіліс жасаған қолайлы. Уақыт — кез келген режимнің негізі, бірақ режимнің өзі емес. Режим үғымына өзара байланысты және жеке адамньщ ерекшелігі ескерілген жұмыс күнінін. тәртібі, тамақтану, ұйықтау жатады. Әрине кез келген режим — өзіанің бос уақытыңды әдейі, саналы түрде шектеу, бос уақыт дегеннің өзІ де «саналы түрде шешім қабылдау»1 қажеттілігінен туындайтыны ақиқат. Жоғарыда айтылған жайттармен қоса адам өзін-өзі тану, өзіне-өзі бақылау жасау арқылы ғана режимнің керек, қажетті екендігін түсіне алады, әрі уақытты тектен-тек, стихиялы өткізуден аулақ болады.Уақытты ең қолайлы жоспарлаудың өзі жеке жұмыс техникасын, яғни стихиялы түрде (жақсы үлгіге еліктеу нәтижесінде) немесе сол еңбекке қатысты белгілі бір эрекетті, біздің жағдайымызда — оқу енбегін мақсаттытүрде атқара бІлуге қалыптаскан жағдайды алмастыра алмайды. Жаппай жүргізілген экспериментте, арнайы үйрену (ез бетінше үйрену де) арқылы оқу жылдамдығын 3—15 есе арттыруға болатындығы аңғарылды. Соңғы цифр таңқаларлық болып көрІнуІ мүмкін, алайда мұнын, өзІ әбден мүмкін екендігі айқын.Кітап әлеміндегі негізгі информация көздерін меңгеруде өзіңдІ сенімді сезінумен қоса, библиографиялық жазбаларды дәл жүргізудің де зор манызы бар. Кейде студенттер уақыт үнемдеу үшін, әдебиет деректерін шамалап жазып, кейін кітапханаға тағыда келіп анықтап алармын дел ойлайды. Бұлай істеу, әрине, мүмкін болғанымен, оның өзі шындығын айтқанда уакьітты тиімсІз пайдалану болып саналады. ӘдебиеттердІ тиісті ережеге сәйкес өте дәл жазу қажет.Конспект, яғни әдеби түпнұсқаны ықшамдап көшіру немесе ауызша лекцияны жазу; әдетте қағаз шетіне немесе арнайы белінген орынға өз ойың тіркелуі мүмкін. Бұл нағыз «студенттік» жазба түрі, ол кейіннен емтихан немесе зачет тапсыру үшін қажет, онда материалдар ойылуға тиісті сұрақтар ретімен орналасқан. Конспектінің алдағы творчестволық жұмысқа және қайталап қарауға қажеті шамалы. Сілтеме карточкалар, мазмұндамалар т. б. бұл материалды толықтыра түседІ.Реферат әдетте конспектіден гөрі ыкшамдау және онда ең негізгілері ғана қамтылады. Әдетте жазылған рефератты немесе дәптерді нөмірлеп, оларды жүйелік белгілері бойынша картотекаларға орналастырылған карточкаға тіркеген жөн.Қарапайым және күрделі жоспарлар бір-бірінен толықтығымен ерекшеленеді. Олар нақтылы бір түпнұсқада не туралы әңгіме болғандығын еске тусіруге мүмкіндік бергенімен, фактілерді дәл алуға жеткілікті көмектесе алмайды. Дәлірек айтқанда қарапайым жоспардың бір түрі — кітапты сипаттап жазатын карточка, онда осы кітаптың мазмұны да келтІрІледі.Жазба түрінің еқ ыңғайлысы, бірақ оған дағдылануды қажет ететіні — каталогтық карточкаға жазу. Ондағы өз сөзі толықтығы әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін, әрі картотекаға орналастырылып, курстық, дипломдық жұмыстар үшін, лекция немесе баяндама үшін кез келген уақытта алуға болады. Мұндай карточкалар лекция немесе баяндама жасаушылар үшін да өте қолайлы. Онда материалдардың қысқаша тұжырымдалуының Іске ешқандай бөгеттігі жоқ. ТІптІ ықшамдалған жазбаның өзі есте сақтауға өте сенімді, әрі сол арқылы басқаларын да еске түсіруге болады.
Жас ерекшелігіне қарай жүргізілген зерттеулердіц көрсеткеніндей, адамның жиырма жастар шамасындағы таза механикалық есІ тез әлсірейді, кейде мұның өзі одан да ертерек байқалады екен.Алайда, логикалық есті, әсіресе кәсіби іске байланыстысын, үнемі жетілдіруге болады. Ес жұмысының техникасы, есте қалдыру амалдары — арнайы, әрі үлкен мәселе. Біріншіден, мынаны білген жөн: бұрын жадыңда қалғанның барлығы естің кейІнгі жүмысының негІзІ бо-лады — адам неғұрлым көп білсе, онын алдағы уақытта есте сақтауы да оңай болады. Адамның есте сақтау көлемін іс жүзінде шексіз деуге болады. Сондықтанда, мәселені, «артық материалдарды өз жадында тықпалама»делінетін жиі айтылатын ұсыныстьщ мәні сол, есте сақтау үшін арнайы жұмыс, уақыт қажет.ЕкІншіден, адамнық есте сақтауы каншалықты жақсы болғанымен, бәрібір ұмытатындығы, сондықтан қайталауға тура келетінін ескеру қажет. Ұмытудын, да бұрыныан белгілІ заңдылығы бар, оның өзі материалды қабыддаудьщ алғашқы уақытында (әсіресе алғашкы сағатында, сонан соң күнінде) күштірек болып, кейіннен ұмыту қарқыны бәсеңдейді. Демек, ұзақ уақыт ұмытпау үшін материалды қайталау қажет. Адамның басқа қасиеттерІ секілді есі де біржола маңдайына жазылмайды, ол дамып, өрістей алады. Ол үшін материалды ұдайы жаттау, қайталау, ұмытылған-дарын еске түсірумен ұдайы шұғылданып отыру кажет. ӘрбІр студент өзіне аудиториямен тығыз байланыс жасаудың және өз бетінше жұмыс істеудің дұрыс формасын ойластыра білуі тиіс. Мұдайда екі түрлі жағдайдың ерекше маңызы бар. БіріншІсі, осының алдында ғана айтылған — ұмыту заңдылығын ескеру, материалды қайталауға уақыт бөлу. ЕкІншІсІ—аудиторнялық және өз бетІнше жұмыс істеудің уақытша ара қатынасы.Студент өміріндегі ең қауырт кезең — зачеттық-емтихандық сессиялар. Мұндайда ең алдымен режимдІ қатайту қажет. Бұл кезде күнделіктІ ұйқыны 1 —1,5 сағатқа ұзартқан, егер мүмкіндік болса күндіз кез шырымын алған жөн. Әдетте, систематикалық курсты қайталаудың қолайлы негізі конспект болып саналады, сондықтан қайталауды да содан бастау кажет. Әдетте билеттерде бір-екі сұрақ теориялық материалдардан, ал соңғысы — есептер, мысалдар шешуге т. б. арналады, бірақта пән ерекшелігіне қарай өзгерістер болатыны, әрине сөзсіз. Ерекше есте болатын жайт, теорияны оқып-үйренудің өзі тек есептерді шешуге ғана әзірлейді. Білім (теория) мен дағды (есептерді шешу) арасында тікелей байланыс жоқ, олардың қайсысына болсын мақсатты тұрде әзірлену қажет. Сырттай бақылаудың ешқайсысы өзін-өзі жақсылап тексерудІ алмастыра алмайды, солай болғанның өзінде көпшілік студенттерге жолдастарымен бірге даярлану көмектеседІ. Оқу еңбегінің мәдениетін меңгеру барлық студент-терге, олардың оқитын саласына қарамастан маңызы бірдей. Мұның әсіресе болашақ мұғалімдерге ерекше қажет екендігі сөзсіз.
5-тақырып ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Қарастырылатын мәселелер :
(2 сағат)
1. Педегогикалыќ ќарым- ќатынас мєні.
2. Педагогикалыќ ќарым- ќатынас ж‰йесі.
3.Педагогикалыќ ќарым- ќатынас стилі.
4.Үйірсектік — педагогтыњ кєсіптік- жеке сапасы ретінде жєне оны µзінде баулу жолдары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Л. И.Рувинский. Мамандыққа кіріспе Алматы – 1988ж
-
К.Б.Сидалиев. Тәрбие теориясы. Алматы – 1986ж
-
И.П.Подласый. Педагогика. Москва- 2000ж.
-
Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы – 2004ж.
Балалармен педагогикалык, өзара әрекетте ұсақ - түйек жоқ — барлығы да: көзқарас, көз жанарының қозғалысы, дене қимылы т. б. жұмыс істейді. Өйткені біз жай қарым-қатынас емес, кәсіптік іскерлІкпен қарым-қатынас жасаймыз.
Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай:
-
Әңгімені қалай бастауды білмеушілік.
-
Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген қобалжу.
-
Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.
-
Бұрын пайдаланылған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түйсік.
-
Қарым-қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік, бірақ не екені — онша айқын еместік.
-
Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық.
-
Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез-құлқынын, ерсілеу сияқты болып сезілуі.
-
Қарым-қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі.
-
Өзіңді дұрыс түсінуі үшін жоспарланған информацияны неғүрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық.
-
Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу.
-
Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.
В. А. Сухомлинскийдің айтқанындай, тәрбиеші өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баурап алу өнерімен көрінеді.« Балаларға іскерлікпен, табанды түрде айтылған жақсы сөздің — деп жазды А. С. Макаренко,—орасан зор маңызы болатынына мен кәміл сенемін, біздің ұйымдық формалармызда әліде көптеген- қателіктердің болуы, біз көп жағдайда балалармен дұрыстап сөйлесе білмейтіндігімізден. Сіздің сөзіңізден, сіздің ерік жігеріңіздің, сіздің мәдениетіңіздің, сіздің жеке басыңыздың лебі есіп тұратындай етіп сөйлей білу қажет. Осыған үйрену қажет» .Балалармен қарым-қатынас жасау — бұл толассыз творчество. Бір сабақтың өзінде балалармен дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыруда шешуге тура келетін қаншама педагогикалық айла-әрекеттер, қарама-қайшылықтар, қақтығыстар, проблемалар туындайды. Осының барлығы қасқағым сәтте ойластырылуы тиіс. Міне сондықтанда педагогикалык, қарым-қатынас — әрине, творчество. Балалармен әңгімелескенде әрекет ету жүйесін стандартсыз құруды үйрен — оның жеке басының жай-күйін, жалпы психологиялық жағдайын, ең ақырында, өзіңнің жеке педагогикалық дербестілік ерекшелігінді ескер.Мұғалімнің қарым-қатынас жасау творчествосындағы тағы бір жағдай — бұл творчествоның өздігінен реттелетін процесі өзіңнің психологиялық күйіңді меңгере білу, әр алуан психологиялық кедергілерді жеңу, өзіңнің творчестволық сезіміңді шабыттандыру, әр қашан шат көңілді, әрі оптимист бола білу. Алғаш рет педагогикалық практикаға келгенде педагогтар, балалармен творчестволық қарым-қатынасты қалай ұйымдастыратынына назар аудару керек. Оны мынадай программа бойынша қолға алуға болады:
-
Бірнеше мұғалімнің сабағына қатысып, қарым-қатынас үндестігіне,балалардық көңіл-күйіне, сабақтың жалпы ахуалына және мұғалімнің мінез-құлқына қарап, онық балалармен өзара әрекетін анықта. Алған әсерің жайлы практикант жолдастарыңмен пікірлес және осыңдай өзара әрекеттің, тұтас көрінісін жасауға тырыс.
-
Сабақты талдай отырып, мұғалімнің балалармен қалай қарым-қатынас жасайтьшдығын, қандай амалдарды пайдаланатындығын, олардың оқу-тәрбие міндеттерін шешуге қаншалықты көмектесетіндігін білуге тырыс.
-
Әр түрлі мұғалімнің оқушылармен қарын-қатынас мәнерін өзіңе «лайықтап» кер, соның ішінде өзіңнің жеке басыңа сәйкес келетін осындай қарым-қатынас «технологиясын» анықта жәнеде қайсысы келмейтіндігін біл.
-
Тәжірибелі педагогтардың тәлім-тәрбие шараларына қатысып, олар балалардың көңіл-күйін, дербес ерекшеліктерін т. б. қалай ескеретіндігіне, осының барлығы қарым-қатынасқа қалай ықпал ететініне назар аудар.
-
Бірнеше мұғалімнің сабағына қатысып, олардағы жалпы ахуалды салыстырып, бұлардық бір-бірінен өзгешелігін, бұл өзгешеліктің себептерін білуге тырыс.
-
Педагогикалық практикада сіздерге педагогикалық сыр-сипатын, толып жатқан сүрлеусіз жолдары үнемі кездесіп отырады. Осындайда балалармен қарым-қатынас жасаудың творчестволық «қадамдарын» талмастан іздестір.
Педагогикалық қарым-қатынас қандай функцияларды жүзеге асырады? Қарым-қатынас жасаудың алуан түрлі барлық функцияларын информация беруге, қарым-қатынас пен өзара түсінісу процесінде басқа адамның жеке басьш тани білуге арналған міндеттерге жатқызуға болады.
Қарым-қатынасты оқытудың оқу функциясын жүзеге асыру былайша қамтамасыз етіледі:
-
мұғалімнің оқушылармен нағыз психологиялық байланысы;
-
мұғалімпің оқушылармен оқыту процесін оқу әрекетіне айналдыру;
-
оқытудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру;
-
коллективтік танымдық ізденіс пен бірлесіп ойластырудың «психологиялық жағдайының пайда болуы;
-
жеке адамның тұтастай танымдық бағытталушылығын қалыптастыру;
-
оқу әрекеті процесінде (танымдык, жас ерекшелік, эмоциялық, дидактикалық т. б.) психологиялық кедергілерді жеңу;
-
оқушыларға тұтастай комплексті тәрбие ықпалын жүзеге асырудыд мүмкіндігі;
-
окушылар коллективіндегі өзара қарым-қатынасты ойдағыдай қальштастыру.
Қарым-қатынасты оқытудың дамуы функциясының жүзеге асырылуы:
-
оқу әрекетінде жеке адамның жан-жақты тұтастай дамуының әлеуметтік психологиялық негізін орнату;
-
жеке адамның дамуының қозғаушы күш ретінде көрінетін қарама-қайшылыктық диалектикалық жүйесін орнату;
-
жеке адамнын, өз ойын жасырмай айтуына және өзінше дамуына ықпал ететін, әрі мүмкіндік беретін психологиялық жағдай орнату;
Сабаққа әзірленген кезде және оның нақты міндеттерін, жұмыс түрлерін тұжырымдағанда, сабақ конспектісін жасағанда ойластырылып, онда эмоциялық нұсқа да, жалпы психологиялық жағдай да т. б. көрсетілуі тиіс. Бірте-бірте бұл күрделі процесс өздігінен жүзеге асырылатын болады.
Қарым-қатынас инициативасында табысқа жетуде тұрақты және тексерілген әдістер:
-
класпен бастапқы байланысты жедел ұйымдастыру;
-
ұйымдық шаралардан (амандасу, отырғызу т. б.) нақ-ты іс пен жекелей қарым-қатынасқа дереу ауысу;
-
бастапқы өзара қатынастағы ұйымдық және мазмұнды аспектілердің арасында ешқандай іркілістің болмауы;
-
кластағы әлеуметтік-психологиялық бірлікті жедел қолға алу, «біз» деген ортақ сезімді қальштастыру;
-
балалармен бірлескен әрекеттегі жеке аспектілерді енгізу;
-
жекелеген оқушылардағы жаттанды және келеңсіз құбылыстарды жою;
-
класпен тұтастай байланыс жасауды ұйымдастыру;
-
өзара қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде коллективті жұмылдыруға ықпал ететін міндеттер мен мәселелерді қою;
-
педагогикалық талаптарға қолайлы келетін жайттар-ды болдырмау және жөн-жоба беретін педагогикалық талаптарды ұлғайту;
-
сыртқы коммуникативтік түрлерді: ұқыптылықты, жинақылықты, белсенділікті тілектестікті жарқын жүзділікті т. б. қамтамасыз ету;
-
өзара әрекеттін, сөздік және жазбаша құралдарын жүзеге асыру, мимиканы, микромимиканы, көзқарас байланысын т. б. барынша енгізу;
-
балаларға деген оң көзқарасыңды, тілектестІгіңді көрсете білу;
-
айқын, тартымды іс-әрекет мақсаттарын қою және оған жету жолдарын көрсету;
-
оқушылармен шат көңілді, қуанышты жағдайда өзара түсінісе білу;
-
оқушыларда өзара түсінісушілікті, мұғаліммен жалпылама пікір алысуды қалыптастыру.
Оқушылармен қарым-қатынас процесі неғұрлым тиімді болуы және балалардық психикалық күйінде ұдайы болып тұратын өзгерістерге сәйкес келуі үшін, мынадай жайттар үсынылады:
-
қарым-катынас жасайтын балаларға ілтипатты бол;
-
коммуникативтік есті дамыт;
-
балалармен қарым-қатынас жасағанда өз бақылауыңды дамыт;
-
әңгімелесушінің жауабын! әрқашан алдын ала біліп отыруға тырыс;
-
оқушылардьщ сырт мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, қимыл әрекетін, мимикасын, сөйлеу мәнерін талдай біл;
-
балалардың, «психикалық сигналдарын» мінез-құлқының сырт керіністері бойынша қабылдауды және дұрыс түсіндіріп беруді үйрен;
-
қарым-қатынас процесінде кіммен қарым-қатынас жасап отырғаныңды үнемі ойлағаның жөн;
Адамдармен қарым-қатынас жасаудың екі әдісі немесе ұйымдастыру типі болады: өзіңнен және өзгеден. Біз көбінесе қарым-қатынасты өзіміз ұйымдастыруға тыры-самыз — мұның өзі ыңғайлы, әрі бізге жеңіл сияқты болып көрінеді. Ал шындығына келгенде қарым-қатынастың мұндай тіпті көпшіліктен қолдау таба қоймайды.
Белгілі совет психотерапевті В. Леви адамдармен байланыс жасауды бастаған кезде білуге тиісті мынадай есепттерді тұжырымдайды:
-
аз уақытқа болса да өзіқ туралы, өз мұқтажың туралы ойлағанды қоя тұрып басқалар туралы, соның мұқтажы жайлы ойлағаның жөн;
-
сенің басқалар туралы нақты ойың, сенің олармен қарым-қатынасың қате болуы мүмкін екендігі есіңде болсын, басқалар туралы білмейтініңді білуге тырыс;
-
әрбір ойластырған нәрсең ұнамды, тартымды немесе жұрт таңырқайтындай болсын, бақылағыштықты және жоғарыда аталған дағдыларды қалыптастыруға тырыс.
Педагогикалық қарым-қатынасты Іс жүзінде ұйымдастыру үшін тікелей әрекеттің жалпы логикасы мен «технологиясы» қандай екендігін білудің ерекше маңызы бар. Бұл туралы неғұрлым толығырақ айтқан жөн, өйткені коммуникация «технологиясын» жете түсінуді қажет ететін толып жатқан компоненттерден тұрады. Міне, сон-дықтанда педагогикалық қарым-қатынастық жалпы творчестволық кезеңдерінде керсетілген секілді, бірлескен әрекеттің — қарым-қатынастың біртұтас процесін бірнеше сатыға бөлген қолайлы. Мұның өзі практика кезінде оларды бірте-бірте меңгеруге көмектеседі.Кәсіптік-педагогикалық қарым-катынаста оқушының толғаныс процесі мен сезімін жаңғырту күрделене түседі, себебі мұғалім оқушылар ұжымымен жұмыс істейді, ал ұжымның эмоциалық толғаныс моделін жаңғырту әрқашанда қиынға түседі. Өйткені әрбір оқушының жекелей және ұжымның тұтастай сезім ерешелігін білуге тура келеді. Алайда бұл кезең өте маңызды, өйткені оның өзі қарым-қатынасты меңгеруге мүмкіндік береді. Педагогикалық практика мынаны көрсетті: жекелеген окушылардьщ хал-ахуалын бағдарлай білетін мұғалім, тұтастай кластағы эмоциалық көріністі де ойдағыдай жаңғырта алады.Педагогикалық қарым-қатынастың келесі сатысы — ауызша қарым-қатынас — мұғалімнің оқу материалын баяндауы. Бұл процесс өте күрделі: педагог, мәселен, жаңа материалды баяндай отырып, сөз болып отырған мәселе туралы бейнелі «көрініс» жүйесін қоса баяндайды. Мәнерлі айқын сөз, анықтаманың дәлдігі және сонымен қоса әсерлілігі, баяндалатын материалды бейнелі етіп көрсете білу— осының барлығы кез келген мамандықтағы педагог үшін өте қажетті. Бейнені елестете білу В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық қарым-қатынас жүйесіне тән. Ол «құлакпен қаншалық естісең, көзбен де соншалық көре білу керек» деген болатын. Балалармен педагогикалық қарым-қатынастың тағы бір кезеңІ — кері байланыс, оның өзі мазмұндық, сондай-ақ эмоциалық тұрғыда жүзеге асырылады. Кері байланыс — қарым-қатынастың кез-келген процесінің қажетті компоненті, ал педагоғикалық қызметте оның принциптік, кәсіптік сипаты бар. Қарым-қатынастағы тұрақты әсер ететін кері байланыс оқу материалын менгеру денгейін айқындауға, сабақтағы жалпы жағдайды, ондағы психологиялық ахуалды, балалардың көңіл-күйін, олардың өзара әрекетке әзірлігін т. б. білуге жәрдемдеседі. Өйткені кейде балаларға көз жүгіртіп шыққанның өзінде ғана, олардың жаңа материалды қабылдауға қаншалықты әзір екендігін, жұмысқа бірден кірісе алатын-алмайтындығын, оларды материал қаншалықты қызыктыратындығын т. б. сезуге болады. Қарым-қатынаста тұрақты әрекет ететін кері байланыс балалармен тиімді өзара әрекетті дұрыстап ұйымдастыруға жәрдемдеседі.
Педагогикалык практика кезінде балалармен жұмыс істегенде өзіңе мынадай бақылаулар жүргіз:
-
өзіннің оқушылармен қарым-қатынасыңда кері байланыс барма, ол қалай байқалады;
-
оқушылармен қарым-қатынас барысында сіз олардын, көңіл-күйін, ықыласын, жұмысқа әзірлігін т. б. сезіне аласың ба;
-
класқа кірген кезде сырттай шолу арқылы ондағы ахуалды байқа;
-
балаларға бір нәрсе жайлы әңгіме айтқанда, сөзге зейін қоймайтындарды аңғаруға тырыс.
Қарым-қатынас стилі дегенді біз педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі дербес-психологиялық ерекшеліктері деп түсінеміз. Қарым-қатынас стилінде мынадай көріністер байқалады:
а) мұғалімнің коммуникативтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері; б) педагог пен тәрбиелеушінің өзара қарым-қатынасындағы жеткен деңгейі; в) педагогтың твочестволық дербестілігі; г) оқушылар коллективінің ерекшеліктері. Мұндағы атап көрсететін жайт, педагогтың балалармен қарым-қатынас стилі — бұл маңызды әлеуметтік және өнегелік категорыя. Мұның өзі қоғамның және онын, өкілі ретінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік-этикалық мақсаттарын көрсетеді.Достық ықылас негізіне құрылған педагогикалық қарым-қатынас стилі де едәуір табысты болып, оның өзі бірлескен оқу-тәрбие қызметінде едәуір табысқа жеткізеді. Педагог пен тәрбиеленушінің өзара қатынасындағы осындай стилдің тиімділігін атап көрсете келіп айтарымыз, қарым-қатынас процесіндегі достық ықыластың да, сондай-ақ кез-келген эмоциалық көңіл-күй мен педагогикалық нұсқаудын, да белгілі бір шегі болуы тиіс. Ең кең тараған қарым-катынас стиліне дистанциялық қарым-қатынас жатады. Мұны тәжірибелі педагогтар да, жас педагогтар да жиі пайдаланады. Бүл стилдің мәнісі мынада: педагог пен оқушылардың өзара қатынас жүйесінде маңызды көрсеткіш ретінде дистанция көрініс тауып қарым-қатынастың барлық саласына енеді: оқытуда —«сіз білмейсіз — мен білемін », тәрбиелеуде —«мені тыңдаңдар — мен үлкенмін, тәжірибем бар, біздің позициямыз бөлекше» т. б. Педагог пен тәрбиеленушілердің өзара қатынас жүйесіндегі мұндай қалыптан тыс дистанцияның болуы мұғалім мен оқушылардьщ әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі бүкіл жүйені формализмге ұшыратып, нағыз творчестволык. жағдайға ықпал етпейді . Мұндай қарым - қатынас өте қажет, алайда оның өзі қарым-қатынастың басты критериі ретінде мұғалімнің әкімшілік жолмен мәжбүр етуі бойын-ша мақұлданбауы, қайта оқушылар мен педагогтың жалпы қатынас жүйесіндегі бірлескен творчестволық процесінде оқушылардың өздері жете түсінетіндей дәрежеде болуы тиіс.Қорқыту арқылы қарым-қатынас жасау шын мәнінде творчестволық қызметті қамтамасыз ететін коммуникативтік жағдай туғызбақ түгіл, керісІнше, оны шектейді. Оның өзі көп жағдайда істеу керек екендігін емес, не істемеу керек екендігі жайлы нұсқау береді де, балалардың творчестволық ізденісін де, олардың ұсынылған оқыту методикалары бойынша жұмыс істеу мүмкіндігін де, әсіресе мұғалім мен оқушылардың бірлескен ізденісін де шектейді. Балалармен жұмыс істеген кезде әзіл-қалжың аралас қарым-қатынас жасаудын да көптеген қолайсыз жақтары бар. Мұндай қарым-катынас жасау тағы да жас мұғалімдерге тән және де онын өзі педагогикалық қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыра білмеуден болады. Шын мәнінде қарым-қатынастың бұл түрі балалар алдында жалған арзан бедел алуға тырысудан болады да, педагогикалық этикаға қайшы келеді.Біздің байқауларымыздың көрсеткеніндей, әзіл-қалжың аралас қарым-қатынас мынадай себептердің нәтижесінде пайда болады: а) педагогтың өзінің алдында тұрған жауапты педгогикалык міндетті түсінбеуінен, б) қарым-қатынас дағдысының жоқтығынан; в) класпен қарым-қатынас жасаудағы «қорқақтык» және сонымен қоса олармен байланыс орнатуға тырысушылық. Бұдан байқап отырғанымыздай, мұндайда педагогтық қажетті қарым-катынас амалдарын білмеуінен болатын өз технологиялық себептер жетекші роль атқаратынын көреміз.Педагогикалық жұмысты тастаған мұғалімдерден сұрау салғанда, олардың көпшілігі өздерінің коммуникабельділігі жоқ немесе шамалы коммуникабельді екеңдігін мойындаған. Басқа адамдармен қарым-қатынас фактісінің өзінен-ақ, оның жеке адам табиғатына үйлесе бермейтіндігін, демек, кәсіптік-дербес сапаға ауыса ал-майтындыгын аңғарамыз. Тұрақты, ұзақ қарым-қатынас — педагогикалық кызметті біз осылай түсінеміз — коммуникативтігі жоқ адамдарды қалжыратып, тітіркендіредІ, демек олардың мектептегі жұмысын қиындатады.Сабақ процесінде студент тобы өзінше «оқушылар класы», ал оның әр мүшесІ кезегімен мұғалім ролін атқарады. Шамамен алғанда мынадай жаттығу тақырыпта-рын қолдануға болады: аудиторияға кіріп, терезені ашыңыз да, тақтаға бүгінгі ай мен күнді жазыңыз, осыдан кейін материалды сәл ой елегінең өткізіп, столға отырыңыз; кітапты немесе класс журналын ашыңыз; есікті ашыңыз; аудиториядан шығыңыз; осы әрекеттерді жылдам ырғақпен қайталаңыз.
Кездейсок тапсырмаларды енгізе отырып сол қарапайым педагогикалық жаттығуларды орындау. Столға отырып, кітапты ашыңыз (кенеттен есік тықыл-дады)—көңіл аударыңыз және әрекет етіңіз; сіз тақтаға жазып тұрсыз (кенеттен терезе ашылды)—әрекететіңіз т. б.Аудиторияда жүрген кезде ішкі ырғакты іздестіру: бірі қозғалыс ырғағы, екіншісі, ырғақты тез ауыстыру т. б.; педагогикалық әрекет мазмұнына сәйкес алдыңғы немесе кейінгі ырғақтың себебін түсіндіру қажет.
ӨзгермелІ жағдайлардағы әрекеттің бірізділігі мен мақсатқа сәйкестігіне арналган жаттығулар. Аудиторияға кіріңіз (әрі қарай барлық тапсырманы жетекші береді): іске кірісе бастаңыз, кіріспе тапсырма (аудиторияның шетінде шуыл естіледі)—көңіл аударыңыз; сіз тақтаға жазьш тұрсыз — есік тықылдады, сіз есікке беттедіңіз — осы кезде аудиторияда шуыл естілді — көңіл аударыңыз т. б.; тапсырманы орындағаннан кейін студенттің бөгеуілді қалай бағалағанын, олар ойластырған бөгеуілде өз әрекетіңнін, қаншалықты дәлдігін және бара-барлығын түсіндіру қажет.
Бүкіл бұлшық етіңді босату және бірте-бірте қатайту жаттығуы. Онға дейін санай отырып бүкіл бұлшық етіңді босат, содан кейін беске дейін санай отырып қатайт, бү-кіл бұлшық етіңді босат (басыңнан бастап аяқ саусақтарыңа дейін), содан кейін оларды кер (есептеу шартты түрде болуы, әрі өзгеріп тұруы мүмкін). Аяқ бұлшық етіңді әрі қарай басыңа дейін босат, содан кейін бүкіл денеңді кер және қайтадан босаңсы (әуелі еркіқше, содан соң есептеу арқылы); сол аяғыңды кер — бұлшық ет энергиясы қалай таралғанын, оң аяғыңның керілген - керілмегенін тексер, барлық денеңдегі керілуді босат, сіздің бұлшық ет «бақылаушыңыз»— арқаңызда және баска да дене мүшелеріңізде керілудің баржоғын тексерсін. Әр түрлі есептеулерде (25, 15, 10, 5) жаттығулар жаса.
Қатайту объектісін тез ауыстыру жаттығуы — дененің бір бөлігін тез арада қатайтуға негізделген; осы секілді жаттығуларды жайлап жүріп, тез жүріп жаса.
Ықтиярлы зейінділік, байқағыштық және жинақылык; дағдыларды дамыту жөніндегі жаттығулар. Естілген дыбыстарға кезегімен құлақ тік: аудиториядағы, аудитория есігінің ар жағындағы, терезе сыртындағы — оларды ата; бөлмедегі және терезе сыртындағы дыбыска құлақ тік — оларды ата; коридордағы, аудиториядағы және терезе сыртындағы дыбыстарға бір мезетте құлақ тік — оларды түсіндір т. б.
Қарым-қатынастың қарапайым дағдыларын дамыту. Аудиторияға кіріп, ондағылармен амандас; класқа кіріп, ешбір сөзсіз-ақ — мимика, пантомимика, көзқарас арқылы өзіңе зейін аударт. «Оқушыларға» өтініш, талап, ескерту, мадақтау, күлдіргі, әзіл, ишара бұйрық, тілек т. б. түрде сауал қой; қажетті дауыс ырғағын табумен қоса, мимикалық-пантомимикалық мәнерді де дұрыс келтіре білу қажет; еркіндігіне назар аудар жәнеде бұлшық еттегі артык ширығуды кетір.
Дауыс ырғағын келтіре сөйлеу жөніндегі жаттығулар. Әр түрлі сөйлем беріп, студенттер ойластырған педагогикалық жағдайларға байланысты түрліше мәнермен айтып шығу тапсырмасы қойылады. Мысалы, «мұнда кел», «тапсырманы орындадың ба?», «зейін аударуыңызды сұраймын», «иә», «рахмет жаусын» т. б.; сөйлемді сту-денттердің өздері де ойластырады.Студенттерге кез келген проблема бойынша тосыннан қойылған сұраққа тез жауап беру ұсынылады, мұндайда ойлануға уақыт берілмейді (спонтандық коммуникация дағдысы дамытылады).
Қарым-қатынас жүйесін анықтау және нақтылау жөніндегі жаттығулар. Кеше дау-дамай болған аудиторияға кіріңіз де, дұрыс қарым-катынас жүйесін табыңыз; осы жаттығудың екінші варианты — әуелі этюд орындалады, содан кейін оны психологиялық-педа-гогикалық тұрғыда түсіндіреді; жазықты болғанмен сөйлес. Сөзбен қарым-қатынас жасауды жүзеге асыру жөніндегі жаттығулар, Класқа кіріңіз де, ондағы коммуникативтік жағдайды бағдарлаңыз; осыдан бұрынғы қарым-қатынас ахуалын еске түсіруге тырысыңыз, аудитория назарын өзіңізге аударыңыз, әрбір адаммен қарым-қатынас жасауға іштей әзірлене отырып, аудиторияға мұқият көңіл бөліңіз, осыдан кейін тікелей сезбен ықпал етуге кірісіңіз
Сөз техникасы мен логикасы, оның мәнерлілігі мен эмоциалдығы жөніндегі жаттығулар. Бұл жаттығуларды арнайы шығарылған қолайлы құралдарда көрсетілгендей жолмен жасауға болады .
Қысқа диалог бойынша жаттығулар. Оқушылар жүпқа бөлінеді, оның біреуі — педагог, екіншісі — тәрбиеленуші. Оларға диалог үшін 5 минутқа тақырып беріледі, содан кейін олар ролін ауыстырады. Күрделенген варианты —диалогқа оқушы -педагогтардың импровизациялық комупикативтік ықпалына есептелген кіріспе тапсырма енгізіледі.
Кәсіптік-педагогикалық қарым - қатынас негіздерін қалыптастыру жөніндегі жаттығулар. Студенттер мектептегі, клубтағы бір-бірінің лекциясына қатысады да, сабақта оларды талдайды; студеттер оқытушымен бірге әр турлі шараларға, педагогтардың сабақтарына қатысып, жаттығу сұрақтары ретінде оларды талдайды. Мектепте студенттер сабақтың барлық турлеріне қатысып, тәжірибелі педагогтармен кездеседі.
6-таќырып.
МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА
Қарастырылатын мәселелер :
(2 сағат)
-
Педагогикалыќ практиканыњ міндеттері.
-
Педагогикалыќ практиканы ±йымдастыру ерекшеліктері.
3. Студенттері педагогикалыќ практикаѓа даярлау.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Л.И.Рувинский. Мамандыққа кіріспе Алматы – 1988ж
-
С.Әбенбаев. Қ. Ақынжанова, Ш.Жалғасова. Студенттердің педагогикалық практикасы. Алматы – 1996ж
-
С:А:Ұзақбаев. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы – 1990ж
-
В.А.Сухомлинский: Ата – ана педагогикасы. Алматы – 1983ж
Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық, қоғамдық, педагогикалық және арнайы ғылымдарды үйрету студенттердің практикалық педагогикалық кызметімен үйлестіріле жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы — педагогикалық практика. Мұғалімдерді кәсіптік даярлауда педагогикалық практиканық ролін бір жақты қарастыруға болмайды. Теория мен практиканың байланысы педагогикалық жоғары оқу орындарында оқытудық басты принципі ретінде болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаудың күрделі диалектикасы ретінде қамтып көрсетеді. Педагогикалық практиканың маңызды міндеттері — оқу-тәрбие процестерін, мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрену, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну. Студенттердің педагогикалық практика алдында ерекше толқынудың басты себептерінің бірі— олардың өз күшіне, қабілетіне сенімсіздігі. Мұның өзі кейбір практиканттардың оқушылармен дербес тәрбие жұмысына тез, белсенді, әрі ынталана кірісуіне бөгет жасайды. Мұндайда студенттер алғашқы практикалық қадамынан қанағаттана алмай, өзін педагогикалык, қызметке мүлде қабілетсізбін деп ойлап, кәсібінен тайсақтай бастайды. Мұндай құбылыс жиі байқалады. Тіпті ұзақ жыл ойдағыдай жұмыс істеген тәжірибелі мұғалімнің өзі де жаңа класпен кездесер алдында әрдайым толғаңады. Кейде талантты мұғалімнің өзі нағыз дұрыс шешім таба алмайтын кездері болады. Ал, кейбір мұғалімдердің бір-екі жыл жұмыс істегенімен оқушылармен ортақ тіл таба алмайтыны, олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білмейтіндігі де жиі ұшырасады. Мұндай жағдайдың жиі болатын себебі, олар сүренсіз бір амалды ғана қолданады: тым қаталдығымен оқушыларға жек көрінішті болады, олардан оқшауланып қалады немесе керісінше, оқушылардың айтқанын мақұлдаймын деп олардың жетегінде кетеді.
Педагогикалық практика процесінде болашақ мұғалімнің педагогикалық іскерлігі мен өзіне тән кәсіптік сапаларын қальштастыру міндеттері:
-
қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді орнықтыру, тереңдету, әрі байыту, оларды нақтылы оқу-тәрбие міндеттерінде шешуге қолдану;
-
мұғалім мамандығына деген ықыласы мен сүйіспеншілігін, өзінің кәсіптік-педагогикалық тәрбиесі мен біліміне қажеттілігін, педагогикалық қызметке шығармашылық тұрғыда қарауды ұдайы тәрбиелеу;
-
мектептегі, педагогикалық озат тәжірибемен танысу, балалар мен жеткіншектерге тәрбие беру міндеттерін шешуде оқу-тәрбие мекемелеріне қолдан келгенше көмек көрсету.
Оқыту процесінде педагогикалық практиканың мазмұны екі бағытта дамиды. Оның біріншісі нақты оқу-тәрбие процесінің логикасына бағынып, онда ол нақты педагогикалық қызметті орындауға қатысады. Екіншісі — жоғары оқу орнының курсында оқыған оку пәнінің логикасына негізделіп, сонын. әсерінен практикалық пе-дагогикалық қызмет мазмұны өзгереді .Олар оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптерін тереңірек игеріп, мүмкіндігіне қарай пән мұғалімінің жұмысын бақылауға қатысады. Сабаққа әзірленудің бүкіл барысымен — жоспар мен конспект жасаудан бастап көрнекі кұралдар әзірлеуге дейінгі жұмыстарын оқып танысады. Пәндер бойынша сабақтан тыс жұмыстарды —жекелей және топтық консултациядан бастап пәндік кештер, апталықтар, айлар, экскурсиялар т. б. өткізе білуді меңгереді.Үшінші және төртінші курстарда педагогикалық практика оқу сабағынан қол үзіп өткізіледі де, мұны өндірістік деп атайды, ол 5- дан 7- аптаға дейін созылады. Мұнда пән мұғалімінің кәсіптік қызметті меңгеруіне баса көңіл бөлінеді. Студенттер мұғалім ретінде өз бетінше жұмыс істеп, олардың барлық қызметін — тәрбиешілік және оқытушылық қызметтерін атқарады. Әрине, бұл кезеңдегі практикалық даярлыктың табысты болуы көп жағдайда әрбір студенттің алғашқы оқу жылында меңгерген педагогикалық іскерлік жүйесінің деңгейіне, алдымен тәрбие берудегі іскерлігіне байланысты.
Педагогикалық практиканы ұйымдастыру талаптарынық бірі — жоғары оқу орнында оқытудың барлық жылдарында онық үздіксіз өткізілетіндігінде. Осы талапты негізге ала отырып, мыналарды атап көрсету қажет. Мәселе мынада: оқыту мен тәлім-тәрбие берудің нәтижесі бірден байқала қоймайды.Кейде мұғалім сабақта материалды тартымды, ұғынықты, әрі шебер түсіндіреді, ал оқушылар оны жақсы тұсініп, бір-екі күндей көкейінде сақтайды, бір-ақ бірер айдан кейін ұмытып, жаңа материалды окығанда бұрынғы өткен ережені есіне түсіре алмайды. Демек, мұғалім алғашқы түсіндірген сәтте ереженІ өткен материалмен жеткілікті байланыстырмаған және «алдағы уақытта жұмыс істеуге қажетті» кейбір сәттерін атап көрсетпеген.Осыдан кейін тәрбие міндеті шешілді', нәтиже ойдағыдай деуге бола ма? Оны келесі күні-ақ аңғаруға бол-ды. Мектепке біреуі қаламсапсыз, екіншісі — ұшы сынған қарындашпен, үшіншісі — түймесі үзілғен, ботинкасы тазартылмаған қалпында келді, төртіншісі — столға қобыратып қағаз шашып кетті, ал бесіншісі... Мұқият-тылық жайында жеткіліктіақ айтылған сияқты еді, алайда іс жүзінде олай болмай шықты. Демек, тәрбие ықпал етпегені ме? Әрине, бұлайша үзілді-кесілді айтуға болмайды. ӨнегелІлікке тәрбиелеудінң мәні сонда, өнегелілік нормасын түсіндіру —бұл әлі бастамасы ғана. Әуелі оқушы оны терең түсінуі, белгілі бір тәртіпті бұлжытпай орындау керектігін жете ұғынуы, кейіннен мұның өзі оның үйреншікті дағдысына және қажеттілігіне айналуы тиіс. Ол үшін жалпылай, жан-жақты кеңесуден кейін әрбір оқушымен жеке әнгімелесіп оларға бақылау қояды, өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпал етеді, яғни тәлім-тәрбие процесіне үздіксіз және тікелей қатысады. Тиімді иәтижеге жетпей тұрып, педагогикалық қызметті меңгердім деп айта алмайсың.Педагогикалық практикаға кірісерде оқу-тәрбие жұмысының алуан сырларын ой-елегінен өткізіп шығу қажет. КәсіптІк білімнің ұлғайып тереңдеген сайын мектептегі оқу-тәрбие процесі, оның тұтастық сипаты барынша айқындала түседі. Педагогикалық практиканың комплекстілігі оны жоспарлау, ұйымдастыру, мазмұн-дау бақылау және бағалау жүйесі арқылы байқалады.Педагогикалық практика оқу сипатыңда болады, оның барысында оқытушынық басшылығымен болашақ мұғалімде педагогикалық іскерлік жүйесі бірте-бірте қалыптасады. Алайда іскерлік жүйесін терең меңгеру әрбір студентте дербес өткенімен, бүкіл практикалық педагогикалық қызмет ұжымдық түрде болады — мұғалім мамандығының басты ерекшелігі де осында. Студент осы ерекшелікті қаншалықты түсінсе, педагогикалық практика барысында ұжымдық педагогикалық қызметті қаншалық жете үйренсе, кәсіптік-педагогикалық даярлық соғұрлым табысты болады.Студент-практиканттар ұжымы мен мұғалімдер ұжымы бір-біріне қарсы қойылмайды, алайда объективті себептерге байланысты қосылмайды, өйткені студенттер мектепте уақытша істейді. Алайда мектептің, оқушылар мен мұғалімдердің қамқорлығы осы мектептегі студент-практиканттардың қамқорлығымен бірдей дәрежеде болуы тиіс. Барлығы күні бұрын ойластыруы, ауыспалы және тура мағанасында айтқанда алғашқы күннен бастап мектептегі өз орнын белгілеуі; өз мүйісін безендіруі мектеп өмірінің ішкі тәртіп ережесін толық білуі, ұжымдық дәстүрге араласуы тиіс.Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың маңызды талаптарының бірі — оны бірінші курстан бесінші курсқа дейін жоспарлаудын перспективалығында. Прак-тикалық педагогикалық даярлықты жоспарлаудың ролі ерекше зор. Егер барлық пәндер бойынша теориялық курстардың оқу материалы меңгеру жоспарына сәйкес күні бұрын белгіленіп қойылатын болса, практикалық педагогикалық қызмет студент алдына кез нелген уа-қытта толық көлемде кездеседі. Педагогикалық практика программасында студенттер қызметінің басты бағыттары белгіленген. Мұнда оқу-тәрбие жұмысының нақтылы мазмұны мен көлемін студенттердің өздері белгілейді. Олардың дербестілігі мен белсенділік деңгейі осыдан көрінеді.
«Мамандыққа кіріспе» курсының көпшілік бөлігі педагогикалық даярлыққа арналған. Бұл курсқа теориялық және практикалық сабақтар енгізіліп, онда басқа-ларымен қоса оқушылармен тәлім-тәрбие жұмысы, педагогикалық қарым-қатынас амалдары туралы мәліметтер беріледі, сопдай-ақ мектеппен — алдағы педагогикалық практика объектісімен танысады.Студенттердің педагогикалық практикасы оқу-тәрбие процесінде маңызды роль атқарады. Барлық оқу жылының барысында оның өзі болашақ мұғалімді теориялық және практикалық даярлаудың арасындағы байланыстырушы буын болып саналады. Ол оқуды өмірмен байланыстыруға жәрдемдеседі, дамыған қоғамда мектепке қойылатын өскелең талапқа жауап беретін мұғалімді даярлауды қамтамасыз етеді.
7- таќырып.
ПЕДАГ0ГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРПЗІЛЕТІН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ
Қарастырылатын мәселелер :
(2 сағат)
1. М±ѓалім жєне ќазіргі оќушылар.
2. Мектеп оќушылары.
3. Тєрбие маќсаттары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Л.И.Рувинский. Мамандыққа кіріспе Алматы – 1988ж
-
С.Әсілов. Ы.Алтынсарин. ұлы ағартушы. Алматы – 1983ж
-
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев . Қазақ тәлім – тәрбиесі. Алматы – 1995ж
-
В.А.Сухомлинский: Балаға жүрек жылуы. Алматы – 1983ж
Адамды қоршаған жасанды және табиғи ортаға, өмір ырғағы мен стиліне, әлеуметтік топтар арасындағы өзара кәрым-катынасқа ғылыми-техникалық прогресс елеулі өзгеріс енгізді, адамдарға жаңа мүдделер мен қажеттіліктер туғызды. Әлемде информация тасқыны көбейді. Бұқаралық информация құралдары — газеттер, журнал-дар, радио, телевидение кең өріс алды.Осының барлығы, бүгінгі мектеп оқушыларына үлкендермен, соның ішінде мұғалімдермен өзара қарым-қатынасына әсер етпей қоймайды. Оқушылар үшін мектеп біржақты информация көзі болудан қалып барады мұғалімдер өз шәкірттерінің бүкіл адамзат ілімімен қаруланғанын көре бастады. Іске жаны ашитын, мектеп өмірі мен педагогикалық практикадағы келеңсіз құбылыстарға төзбейтін озат мұғалімдердің тәжірибелерінде балаларды педагогтармен бірге оқу енбегіне қатыстыруға негізделген педагогикалық ынтымақтастық деп аталатын принциптер пайда болды және қалыптасты. Өз еркімен оқыту идеясына негізделген педагогикалық ынтымақтастық принциптері өте қиын жол, сабақтарда «тірек», «таяныштарды», басып озу тәсілдерін пайдалану, жұмысты бағалау, өзін-өзі талдау, ұжымдық шығармашылық тәрбие, кластың интеллектуалдық ортасы, өзін-өзі басқарудың творчествосы, шығармашылық өнімді еңбек, ата-аналармен ынтымақтастық, мұғалімдер ынтымақтастығы т. б. мектептегі педагогикалық процестін творчестволық дамуы үшін кең жол ашады. Осы процестердің ерекшеліктерің ондағы өзгерістерді сергек сезіне білу және осыған сәйкес өз қызметін дер кезінде жолға қоя білу үшін қазіргі мұғалімдерге алғыр ойлы болуды, нақтылы тәрбие ықпалын жасай білуді талап етеді. Демек мұның өзі — тәрбиені оқушыларға жекелей ықпал ету негізінде құру керек деген сөз. Мұндайда оқушылардың жас ерекшеліктерін де, олардың, дербес жетілуін де білу қажет.
Балалар өміріндегі өзгерісті кезең — мектепке бару. Осы кезден бастап оның негізгі ісі оқу болады. Ал оқу дегеніміз үлкен еңбек. Көп жағдайда балалар өзінің ой-лағанын емес, қажетті деген нәрсені істеуіне тура келеді. Психологтар былай деп атап көрсетеді: төменгі класс окушыларының өсіп жетілуінің негізгі қозғаушы күші оқушының жеке басына, оның ықылас-ілтипатына, есте сақтауына, ойлауына және психикалық жетілу деңгейіне оқу жұмысының, мұғалімнің ұжмдық қоятын талабына байланысты. Бастауыш мектеп жасында адамгершілік мінез-құлық негіздері қалыптасып, моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін бойына сіңіреді, олардың жеке басында қоғамдық бағыт қалыптасады.Төменгі класс окушыларында жоғарғы нерв қызметінің технологиялық ерекшеліктері көрініп, кейіннен оның өзі өмірде қалыптасқан мінез-құлықтың үйреншікті формаларымен бүркемеленеді.
Ұялшақтық, тұйықтық нерв жүйесінІң әлсіздігінен; албырттық, төзімсіздік — тежеу процесінің көрінісінен; реакцияның баяулығы мен істегі тұрақсыздығы — нерв процесінін шамалы қозғалғыштығынан болуы мүмкін. Нерв жүйесі өте икемді және сыртқы әсерден біршама өзгеруге қабілетті келеді. Сондықтанда мектеп оқушыларын өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын қалыптастырудын зор маңызы бар.Төменгі класс оқушыларында байқалатын жалпы ерік кемшілігі — оның алдына қойған мақсатына жетуге, қиыншылықтар мен кедергілерді жеңуге төзімі шыдамайды. Кейде семьядағы теріс тәрбиенің және мұғалімнің қатаң талабына деген қарсылығының нәтижесінде балада қыңырлық, қасарысушылық байқалады. Бұл жастағы балалар ықыласты және білуге құмар, бірбеткей және сенгіш, әрі еліктеуге бейім келеді. Бұл жастағы балалардың сезімі нәзік-қуаныш, қайғыны, ренішті т. б. дереу, әрі ашық, білдіреді, сезімі өте толқымалы келеді.Бастауыш мектеп жасындағы балаларды өнегелі мінез-кұлық үлгісінде тәрбиелеуге зор мүмкіндік бар.
Тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігі жағынан алғанда жасөспірімдік жастың біршама өзгешелігі, ерекшелігі бар. Мұны өзгермелі, өтпелі кезең деп есеп-тейді, өйткені осы кезең ішінде оқушыда психикалық және физикалық процестердің, іс-әрекетінің, жеке басының түбірлі өзгерістеріне байланысты болады. Сондықтанда қарым-қатынас формаларын, іс-әрекетін ұйымдастыруды, мұғалім мен оның төңірегіндегі ересек адамдар та-рапынан басшылық етуді өзгертуге тура келеді.Жасөспірімдік жаста әсіресе акселарация ерекше әсер етеді. Осыдан бірнеше ондаған жылдарға қарағанда жасөспірІмдердің жьныстық жетілуІ бір жарым-екі жыл ертерек басталады..Жүрекқан тамыры жүйелерінің дамуында да сәйкессіздік байқалады. Жүрек көлемІ едәуір үлғайып, қарқынды жұмыс істейді, ал қан тамырларының дамуы кешеуілдеп, қан айналысы уақытша бұзылады, қан қысымы кегеріледі, жүрек қызметі ауырлайды. Осының лсерінен жасөспірімдерде жүректің жиі бас ауруы, біршама тез қалжырауы байқалады. Жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі ерекшеліктер жәнеде, Ішкі секреция бездерінід қарқынды кызметі кейде көтеріңкі әсерленушілікке, ашуланшактыққа, қызбалыққа әкеліп соғады.Мұғалімдер жасөспірімдермен оқу-тәрбие жұмыстарын үйымдастырған кезде осы ерекшеліктердІ міпдетті түрде ескеруі тиіс.Жасөспірімдер үшін өсіп-жетілудід маңызды кезеңІ, оларда өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы, өзінің жеке адам ретінде қажеттілігін түсінуде деуге болады. Зерттеу нәтижелерінін, көрсеткеніндей, жасөспІрімдерде өзіне, өзінің ішкі өміріне, өзінің жеке басындағы мүдде пайда болады. ЖасөспІрімдерде өзіндік сана-сезімнің жетілуі өз қылығын, содан кейін езінің моральдық сапасын, мінезін, өзінін қабілетін бағалаудан басталады. Жасөспірімдерде жаңадан пайда болатын елеулі психологиялық езгеріс?ерге — ерёсектік сезімін жатқызуға болады. Ондайда олар өзін ересекпін деп есеитеп, өзінің ересектігін объективті дәлелдегісі келеді. Ол өз өмІріңің кейбір жақтарына ересектердің араласпауын қалайды, өз көзқарасы мен сенімін жақтауға тырысады.ЖасөспІрІмдерде сирек те болса қарама-қарсы қасиет — жауапкершіліктен қорқу, өзінің дербестігін сезінудІ және жақтауды қаламау, енжарлық таныту, жетекшІлік, басшылық етуден тайсақтау байқалады.Жасөспірімдік жаста жолдастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылуы коллективтік және қоғамдық өмірге қызығуы, өз мүмкіндігін бағалауы, коллективте өз ор-нын табуға тырысуы, мінез-құлкындағы және жеке басында қандай ерекшеліктсрі өзіне көмектесетіндігін немесе, керісінше, өзіне қойылған талапты орындауға бөгет жасайтындығын сезінуі айқын байқалады.Көп жағдайда жасөспірімдерге ата-аналардын немесе мұғалімнін, пікірінен гөрі, класс коллективінің қоғамдық бағасы көбірек ықпал етеді. Сондықтанда мұғалім жасөспірімге коллектив арқылы да таяап қоя білгені жөн.
Жоғары класс балалар жасында жеке адамның дамуының ерекше мәні бар. Жоғары кластықтардың өсіп-жетілуіндегі қозғаушы күш — оларға қоғам мектеп коллективі тарапынан қойылатын талап деңгейінін артуынан болатын қарама-қайшылықта және олардағы психикалық дамудың жеткен деңгейіне байланысты болады.Жоғары класс балалар жасының аяғында жігіттер мен қыздар кәмелеттік шаққа толады, олардың денесінің дамуында ересек адамдардан айырмашылығы шамады болады. Жасөспірімдерге тән жүрек пен қан тамырларындағы сәйкессіздік теңеледі, қан қысымы қалпына келіп, ішкі секреция бездері ырғақты жүмыс істейді, жыныстық, жетілуі негізінен аяқталады. Жоғары класс балалар жасы — бұл арманға, ізденіске, романтикаға, творчестволық ынтаға толы жастықкезең. Сондықтан коллективтін, өскелең күш-қуатына көбірек сенім арту кажет, коғамдық істерді шешуге, демалысты ұйымдастыруға, кештер мен мәдени жорықтар өткізуге ұйымын батыл қатыстырып, болар-болмасқа қамқоршы болуды мүлде азайтқан жөн. ЖІгіттер мен қыздарға идеялық шьшықкан, тәлімгерлік тәжірибесі мол, өз ақыл-өнегесін зорлап міндеттемейтін, жастардың бастамасына бөгет жасамайтын ересек дос пен кеңесші қажет. Олар мұндай адамның пікірін білу, кеңссін алу үшін кез келген сүрақты қоя алады.МектептІ бітірер қарсаңында жоғары кластағылардың барлығы бірдей өзіне мамандық таңдай білмейді. Мамандығын кездейсоқ белгілеу оны қатты күйзеліске ұшыратуы, таңдаған мамандығына өкінуі, Іштей күйіпуі мүмкін. Бұл жас адамға да, қоғам үшін де пайдасыз. Сондықтан мұғалІм мамандық таңдау жүмыстарыи жос-парлы және мақсатты түрде жүрғізуі тиіс. Мұндай дамұғалім мектеп бітірушінің қабілетін, икемділігін, мүддесін, білімін, дағдысы мен іскерлігін, мінез-кұлқын, адамдармен қарым-қатынасын т. б. дұрыс бағалауға жәрдемдескені абзал. Жекелей бабын табу проблемасы іс-әрекетсіз қарастырылмайтыны белгілі, өйткені тек іс-әрекетте ғана адамныд дербестігі, оның өз маңайындағы адамдармен карым-қатынасы, мүддесі, белсенділігі мен қабілеті айқындалады.Толысып келе жатқан жас ұрпақты тану — өте күрделі іс, ол ушін философиядан, психологиядан, педаго-гикадан, физиологиядан, этикадан т. б. жан-жакты білімді болу қажет. Мектеп оқушыларын оқытудың негізгі және ең кең тараған тәсілі — педагогикалық бақылау. Байқағыш мұ-ғалім оқушылармен үнемі қарым-қатынаста бола отырып, оны қызықтыратын көптеген жайттарды аңғара алады. Оқушының жүріс-тұрысын бағалау үшін бақылаған кезде, оның себептерін ашуға, әсерлі ықпал ету жолдарын қарастыруға тиіс.Мінез-құлқыньң, мүддесінІң және бейімділігінін ерекшеліктерін анықтауға оқушылармен, мұғалімдермен, активпен, ата-аналармен әңгімелесу көп жәрдем бередІ. Шебер өткізілген әңгіме, егер ол педагогикалық әдептілікті сақтай отырып ресми емес жағдайда, әрІ шынайы көңілде жүргізілсе, онда оның өзі баланың психикасына, тіпті бақылау және эксперимент кезінде байқала қоймайтын жақтарына терең үңілуге мүйкіндік береді.Мектеп оқушылары туралы пайдалы мағлұматтарды, олардың іс-әрекет нәтижесін талдау арқылы алуға. Ең бастысы — іс-әрекет нәтижесіне қарап оқушылардың мінез-құлқындағы, тілек-ықыласындағы, ептілігіндегі, арман-мүддесіндегі, сеніміндегІ ерекшеліктерді барынша көре білуде.Кейде оқушылардың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесін
терең, әрі жанжақты бІлуге тура келеді. Осы мақсатта үй жағдайы, тексеріледі. Ең алдымен баланың семья тұрмысындағы материалдық жағдайын, семьяның мәдени және психологиялық ахуалын, тұрмыс жағдайын, оқушының сабаққа әзІрленетІн орнын, бас уақытын қалай өткізетіндігін, семьяда өзін қалай ұстайтындығың біледі.Мектептің басты міндеті — оқушылардың жеке басын қалыптастыру, олардың барлық қабілетін, ой және моральдық-ерік сапасын дамыту. Мектептің күрделІ де алуан түрлі өмірІ оқушыны күн сайын, сағат сайын өзіне тартып, білімге, адамгершілік қарым-қатынасқа баулиды, өз бетінше еңбектенуге мәжбүр етеді. Оқушы ең басты тәрбие үлгісін мектепте алады, ол онда білім мен дағдыны ғана менгерІп қоймай, ақыл-ойын, ерік-жігерін дамытып, таньш-білу қиындығын меңгереді, өзін қайырымдылықка және ізгі-лікке баулиды, оқуда т. б. жолдастарына көмектеседі. Шындығында, мұғалім өз пәнін оқыта отырып, оқушыны тәрбиелейді. МұғалІмнІң әрбір сабағы, әрбір сөзІ мен іс-әрекеті, тіпті сырт келбеті әрқашанда тәрбиелік ықпал әрине, оңай емес. Бірақ мұндай Іскерлікке талпыну керек. Алайда тәрбие тек оқу процесімен, сабақпен шектелмейді. Бұл жөнінде Василий Александрович Сухомлинский былай деп жазды. «Маған педағогикалык, жұмыстың алғашқы жылында-ақ нағыз мектеп — бұл балалардың білім мен Іскерлік алатын орны ғана емес екендігі айқын болды. Оқу аса маңызды, бірақта бала өмірінің бірден-бір саласы емес. БІздің барлығымыз оқу-тәрбие процесі деп атап жүргенімізге мен өзім неғұрльш үңіле түскен сайын, нағыз мектеп — бұл балалар коллективінің сан қырлы рухани өмірі екендігіне, онда тәрбиеші мен тәр-биеленуші көптеген мүдде мен ынтаға бірігетіндігіне көзім жете түсті.Егер мүғалім мазмүны мен формасы жағынан тартымды сабақ бере алса, онда мектеп рухани өмірдің ордасына айналады... Алайда сабақпен қоса, оқушыларды одаи тыс жағдайда жетілдірудін алуан түрлі формаларын қьізықтырақ, тартымдырақ өткІзгенде ғана сабақты ойдағыдай, тамаша етіп өткізуғе болады»!.Мектеп өмірі күрделі де, сан қырлы. Оқушылардың сабақтан тыс Іс-эрекетІ неғүрлым мазмұнды болған сайын, олардың жеке басының қалыптасуы да соғүрлым ойдағыдай өтеді. Оқушы ғылыми ІлІмді, моральдық ұғымды, қайырымдылық міндетті, коллектившілдік түсініктерді қалай меягеруі, бұлардың өзі оның жеке басына қалай әсер ететіні — оның қылығы, Іс-әрекеті арқылы көрінеді. Сондықтанда мектеп өмірің оқушылар игілікті іс жасайтындай өз белсенділігін танытуға мүмкіңдігІ болатындай өз көзқарасын танытатындай, өз сенімін қорғайтындай, борыш сезімін, жауапкершіліғін нығайта-тындай, белсеиді азамат болып өсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Дене тәрбиесі жұмыстары оқушылардың денсаулығын нығайтуға, олардың дене қабілетін дамытуға, организмнің функционалдық мүмкіндігін ұлғайтуға бағыт-талады. Дене тәрбиесі ерікті, мінез-құлықты, табандылықты, жігерліктІ нығайтуға тікелей байланысты.
Эстетикалық тәрбие оқушыларда табиғаттағы, өнердегІ, айналадағы өмірдегІ әсем көріністерді сезе және қабылдай білуін, өздерінің көркем дүние жасауын дамытуға бағытталады. Тек гуманитарлық цикл ғана емес, кез келген пән де, соның Ішінде математика, химия, еңбекке баулу пәндерінің де эстетикалык, тәрбиелеу мүмкіндігі мол.
8-таќырып.
Тәрбие гуманизациясы
Қарастырылатын мәселелер :
(1 сағат)
-
Адамгершілік м±рат.
-
Өзін-µзі тєрбиелеудіњ келешегі.
3. Тєрбитеніњ маќсаты, мазм±ны, принципі.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
К.Б.Сидалиев. Тәрбие теориясы. Алматы – 1986ж
-
Л.И.Рувинский. Мамандыққа кіріспе Алматы – 1988ж
-
А.Асарбаев . Қазақтың ұлтық ойындарын бастауыш мектеп тәрбие жұмыстарына пайдалану . Алматы – 1993ж
-
Х.К.Сәтбаев . Валелогия денсаулық туралы ғылым. Алматы 1994жж
Өзін-өзі тәрбиелеуде арман-мұраттың маңыздылығын атап көрсете отырып кейде кез-келген, тіпті пайдалы арман-мұраттың өзі де оқушылардың өзімен жұмыс істеуіне ықпал ете қоймайтындығын ескерген жөн. Жасөспірімдер мен жоғары кластағылар өздері қалаған қаһарманының іс-әрекетінен, оның ішкі әлемін көре білгенде ғана өзін-өзі тәрбиелеуіне арман-мұраты ықпал етуі мүмкін. Олай болмаған жағдайда қаһарманның сырт келбетіне, оның іс-әрекетіне ғана еліктеген болады, да, оқушы өзінің ішкі әлемін шыңдап жетілдіруге кұлшына кіріспейді.Мұның барлығы балалардың арман-мұратының моральдық және интеллектуалдық сапасы туралы ұғымының, ішкі әлемінің ерекшеліктерін дұрыс айыра білуін қалыптастыру қажет екендігін көрсетеді. Оқушылардың сана-сезімінде адамгершілік арман-мұрат тек үлкендер арқылы ғана емес, өздерінің құрбы-құрдастары арқылы да үйлесім табуына күш салу қажет; Нақты практикалық нәтижеге жетудін, келешегІ оқушылардың өзімен жұмыс істеуін ынталандырып қана қоймай, өзін-өзі тәрбиелеуде белгілі бір межені белгілеуіне жәрдемдеседІ. Бұл өте маңызды өйткені белгілі бір мерзімсіз өзіне алған міндеттемені жүзеге асыру үшін жұмыс істегенде, жасөспірімдер өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесін қорытьшдылағанда қатты қиналады, соның салдарынан мұның өзі балаларға нәтижесіз бос әуре больш көрінеді де, олар өз күшіне сенбейді, әрі өзін-өзі тәрбиелеуді мүлде қояды. Сондықтанда оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу жөнінде ойластырған таяудағы міндеттері мен алыстағы перспективаларын арасына байланыс орната білуге жәрдемдесу керек.
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам жер бетіндегі тірі организімнің жоғары сатысы , қоғамдық тарихи іс - әректі мен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда қарым – қатынса иесі. Қоғам дамуының белгілі сатысында психиологиялық, философиялық ой пікірлер пайда болып, қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатында анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай балаларға білім беру мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді. Жәнеде тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен іс - әрекетінің мазмұны анықталады. Адам баласының жарқын болашағымен толық жас ұрпақты тәрбиелеуде тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері теориялық білімді еңбекпен , олардың политехникалық , экономикалық, экологиялық біліммен қарулану, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Тәрбиенің негізгі мақсаттары:
-
жастардың дүниеге ғылыми матералистік көзқарасын қалыптастыру;
-
тұлғаның рухани және дене қабілетінің жан – жақты дамытып , эстетикалық талғамдар мен сезімдерді қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу;
еліміздің болашағына сай адам ол теориялық іліммен қаруланған , оны шығармашылықпен іс жүзіне асыратын белсенді қоғам қайраткері, жаңа қоғамдық өмір үшін күресуге қабілеті мол, жоғары мәдениетті, білімді, өз ісіне асқан шебер адам. Тәрбие процессі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзді - өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық мәні өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесіне неғұрлым аумақты, кең ьболған сайын, оның рухани жан – дүниесі соғұрлым бай болады. Тәрбиенің мәне адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесінің құру.
1. Педагогикалық жағдайлардың , тәрбиелік әсерлерін нәтижесін талдау, жоспарлау жүйесін реттеу. Сөйтіп оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтауды, оның қоғамдық мәні мен ұжымдық дамудың белгілеуі, оны шешудегі жолдарды анықтауды және таңдай білуді қажет етеді.
2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл өзінің мазмұны жағынан педагогикалық іс - әрекеттің пайдалы бөліктердің және ықпалдарға бөлінуі жеке оқушының дұрыс қарым – қатынастарды бекітудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік – психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің , оқушылыраға жеке тұрғыда қатынас жасау бірлігінің болуын талап етеді.
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұн жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерге жүзеге асыруды, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалдарды таңдап алуды, оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нағайтуды, өзгерген жағдайларды тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дұрыс анықтауды және тәсілдерді қайта құруды талап етеді.
4. Қортынды есепке алу және бақылау. Мұның әдепкі берілгендермен салыстырып, қол жеткен нәтижені талдау, балалардың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу,өз тәжрибесіне енгізу мақсатында басқа мұғалімдердің іс - әрекетін зерттеу, педагогикалық теория мен тәжрибені сәйкестендіре білу деген сөз.
Принцип – дегеніміз адамның нақты іс - әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарт, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принципінің жалры заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер. Тәрбиенің идеялдығы мен мақсаттылығы тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады. Әрбір тәрбие жұмысына дайындалу үшін ең алдымен олардың мақсаттары мен міндеттерін нақты ойластырып , анықтаған жөн. Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрлысының практикасы мен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатыныстарын, өмір шындығының моролі және әсемдәкке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады. Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу де бұл тәрбие жұмыстарының жетекші принциптерінің бірі, педагогика балалардың және жас өспірімдердің топтық және ұжымдық өмірін , әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасудың міндетті шарты деп қарайды. Бірлескен іс - әрекетте , орынды ұйымдастырылған ұжымдық қозғалыста ғана өзара тәуелді, өзара жауапкерлікті қатынастар туындайды, оның қоғамдық мәнінің ұжымшылдық сапалары қалыптасады. Тәрбиенің оқушылрадың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестік. Бұл принципі жүзеге асыру оқушылардфы іс - әрекетінің мазмүны мен түрін олардың жасына, өмір тәжрибесіне сәйкес болуын талап етеді. Әрбір бала өзінше ерекше бір бітім. Сондықтан олардың әрқайсына тәрбие беру оқушы бойндағы қызығушылыққа сүйеніп, оны қанағаттандыратын оқушының жаңа қажеттіліктерге тәсілдерді таба білгенде ған мүмкін болады. Осы принциптің жүзеге асуына мұғалімнің жас және педагогикалық психологиясына терең білу көмектеседі.
9- таќырып.
ПЕДАГОГИКАЛЫќ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМ ТВОРЧЕСТВОСЫ
Қарастырылатын мәселелер :
(1 САҒАТ)
1.Жеке ж±мыс техникасы.
2. Педагогикалыќ тєжірибені ‰йрену жолдары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев . Қазақ тәлім – тәрбиесі. Алматы – 1995
-
Л.И.Рувинский. Мамандыққа кіріспе Алматы – 1988ж.
-
Т.С.Сабыров, Оқыту теориясының негіздері. Алматы – 1993ж
-
В.А.Сухомлинский: Ата – ана педагогикасы. Алматы – 1983ж
«Шығармашылық бұл іс-әрекет, соның нәтижесінде жаңа материалдық немесе рухани байлықтар жасалады». Бүгінгі оқушылар — ертеңгі жаңа қоғамнын құрылысшылары. Өмірінің алдына енді ғана қойылайын деп отырған міндеттерді шешетін адамды бүгін даярлау — мұғалімдердің жауапты міндеті. Ол жедел дамып келе жатқан қоғам қажетін алдын ала көре білуі, оның алдағы уақытта еңбек адамына, бүгінгі мектеп партасында отырғандарға қоятын талабьш көре білу тиіс. Адамның бүкіл әлемге, басқа адамдарға, өз еңбегіне деген көзқарасын қалыптасыру — ол жасайтын ең басты рухани байлық. Мұғалім осы күрделі міндетті іс жүзінде шеше отырып, жаңа шешімдерді іздестіруге, жаңа міндеттерді қоюға, жұмыстың стандартсыз әдісін қолдануға үнемі әзір болуы тиіс. Педагогикалык шығармашылықтың белгісі — міне осында.Педагогикалық қызмет те әр алуан педагогикалық міндетті шешуді қарастырады. Педагогикалық міндеттерді дұрыс шешуді үйрену болашақ мұғалімге оңайға түспегенімен, өте қажетті, өйткені мұндай әрбір шешімнің өзі — күрделі, көп кезеңді, шығармашылық процесс.Шығармашылықтың өзі міндетті қоюдан басталады. Өйткені педагогикалық міндетті есептен шығара алмайсың, әрі оқулықтық соңында оған жауап таба алмайсың. Балалармен қарым-қатынас жасау, олардық оқу жұмысы мен өнімді еңбегін, қоғамға пайдалы іс-әрекеті мен көңіл көтеруін ұйымдастыру арқылы мұғалім олармен тікелей бірлесіп әрекет етіп, еңбекке, білімге, жолдастарына, мектепке деген көзкарасын, мінез-құлқы мен қылығын ойлауы мен ерік-жігерін танып біледі. Осы бақылаулардың өзі педагогикалык міндеттерді қоюдың негізіне айиалады.Педагогикалык міндетті дұрыс қою үшін тәрбиеленушілерді жақсы таньш білуің, өз қызметіңнің нақты мақсатын белгілей алуың қажет. Әрбір мұғалімнің тек өзіне ғана тән «педагогикалық міндеті» болады — бұл оның оқушысының өмірі.
Педагогикалық міндет қойылғаннан кейін педагогикалық ықпал әдістерін жобалау кезеңі басталады, яғни мұғалім балалармен алдағы практикалык жұмысты жоспарлайды. Мұндайда онын, басты көмекшісі — педагогиканы, психологияны, оқыту және тәрбиелеу методикасын білу. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім жаңа, әдеттен тыс шешім қабылдауға, іс-әрекеттің барлық жағдайын барынша толық пайдалануға, балалардың мүмкіндігі мен қажетін ескеруге тырысады. Ғылым мұғалімге тым көп те, тым аз да береді деуге болады. Тым көп дейтініміз — нақты педагогикалық жағдайда шешім қабылдау үшін ондағы берілгеннің барлығын пайдаланудын, қажеті болмайды. Тым аз дейтініміз — мұғалімнің нақтылы педагогикалық міндеттерді шешуіне қажеттінін барлығын бере алмайды және беруі де мүмкін емес.Сан алуан педагогикалык міндеттерді үш үлкен топқа бөлуге болады: стратегиялық, тактикалық және оперативтік.
Стратегиялық міндеттер — бұл ең ірі, ең үлкен міндеттер, оны шешу тәрбиеленушілердің жеке басында, олардың өмірге, еңбекке, бір-біріне деген қарым-қатынасында елеулі өзгерістер тудыруы тиіс. Мұндай міндетті шешу — демек педагогикалық мұраттын белгілі бір шебіне жуықтау деген сөз. Ол үшін педагог тәрбиелік ықпалдың тұтас жүйесін жобалайды. Стратегиялық міндеттерді шешу көп жағдайда ұзақ уақытты қажет етеді.
Стратегиялык міндет тактикалық міндет жүйесі арқылы нақтыланады, ал оны дәйекті шешу алға қойылған стратегиялық иақсатты қамтамасыз етуі тиіс. Мәселен, саналы тәртіпке тәрбиеленумен жұмыс істей отырып, класс жетекшісі мынадай тактикалық міндеттер қоюы мүмкін: оқушылардың оқу тапсырмасы мен қоғамдық тапсырманы тиянақгы орындауына баулу; тәртіп бұзушылыққа жол берілмейтіндей етіп оқу жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; оқушылар коллективінде тәртіп бұзушылықтың барлық жағдайына белсенді қоғамдық пікір туғызуды қалыптастыру; осы жұмыстарға окушылардың өздері басшылық ету ролін арттыру т. б. Бұл міндеттердІ шешу ушін педагог класпен және жекелеген оқушылармеп міндет және жауапкершілік туралы әңгіме, диспут еткізуді, ата-аналар жиналысын шақыруды, осы бағытта онық класында сабақ беретін бүкіл мұғалімдер жұмысьш үйлестІрудІ, қамқорлыққа алған кәсіпорынның еңбек ұжымымен ынтымақтасу мүмкіндігін қарастыруды т. б. жоспарлай алады.
Іс-әрекеттІ жоспарлаудан оны тікелей орындауға көшу — бұл тактикалық міндеттен оперативтік міндетке ауысу, яғни жедел түрде, балалардың көз алдында өзін тану, өзіне-өзі бақылау жасау арқылы ғана режимнің керек, қажетті екендігін түсіне алады, әрі уақытты тектен-тек, стихиялы өткізуден аулақ болады.Оқу еңбегінің басты ерекшеліктерінің бірі — тұтыну еңбегі деп аталады, соньмен қоса еңбек кең ұғымда алғанда жасампаздық еңбек. Егер адам өзінің саналы өмі-рінің елеулі бөлігін дәл осы тұтыну еңбегіне — оқушылардың білім алуыпын. кез келген сатысындағы басты еңбегіне— жұмсамаса, онда қоғам прогресін қамтамасыз ету мүмкін емес. Оқу енбегі қаншалықты саналы және тиімді ұйымдастырылса, болашақ қызметкердің кез келген саладағы еңбек өнімділігі де едәуір мөлшерде соған байланысты болады.Оқу еңбегінің екінші ерекшелігі — оның жоғары дәрежедегі әр алуандығы. Әдетте, кез келген маманданған еңбек тіпті нағыз творчестволық еңбектің өзі, ондағы пәндік мазмұнға бағындырылған, ал ондағы әр түрлі курстарды оқып-үйренетін студент сан алуан жалпы оқылатын және нақты оқылатып іскерлік пен дағдыны игеруіне тура келеді. Осыған орай оқу іскерлігін — жалпы және арнайы мамандықтың кең ауқымдағы әте күрделі жәнеде сонымен қоса аса қажетті, әрі нақты міндеттерді мүмкіндігінше жоғары деңгейде меңгеруді қажет етеді.Күнделікте өзіңіздід балалармен, олардын ата-аналарымен жүргізген жұмысыңызды, мектеп педагогтарымен кездескеніңізді жаза отырып, сіз оны мамандықты өзідціе талдаудын, құралы ретінде пайдалана аласыз. Болашақ маманның қалыптасуында мамандықты өзінше талдаудың зор ролі бар. Өзіңше педагогикалық талдау, әрине, табыс пен сәтсіздік фактілерін тіркеу ғана емес, оның міндеті — ондағы нақты, шынайы себептерді ашу. Міне, осыны шешуде педагогикалық бақылау күнделігі жәрдемдеседі және де онда тек осы фактілер ғана емес, оның себептері, оны жан-жақты талдаудың нәтижелері туралы да ойларыңыз тұжырымдалуы тиіс.Орыстың ұлы педагогы К- Д. Ушинский былай деи жазды: «...Педагогикалық тәжірибелілік дегеніміз не? Бұл тәрбиешінің басынан кешкен тәрбиелеу факторының көптігі немесе аздығы. Алайда, егер осы фактілер тек факт күйінде ғана қалса, онда бұл, әрине, тәжірибелілік емес. Оның өзі тәрбиешінің ойында әсер етуі, онда өзінід сипаты жағынан жіктелуі, жинақталуы, ой туғызуы жәнеде фактінің өзі емес осы ой педагогтың тәрбиелік іс-әрекетінің ережесіне айналуы тиіс».
Педагогнкалық тәжірибелілікті бұлайша ұғыну, кейбір мұғалімдер практикалық жұмыста мол тәжірибесі бола тұра, өзінің педагогикалық қызметінде ойдағыдай нәтижеге жетпеу себебін түсінуге мүмкіндік береді. Әрбір мұғалімнін, мектепте шешуге тура келетін міндеттері қоғамнын нақты дамуыньщ, өз азаматтарының білімділігі мен тәрбиелік талабының, мектеп қызметінің деңгейін айқындайды. Мұғалімнің шығармашылық ізденісі мектепке деген қоғам қажетін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс.Қажымас еңбегі, үнемі ізденісі, балаларды шынайы жақсы көруі және мектепке деген адалдығы — мұғалім-шеберлердің көрнекті жетістігінің қайнар көзі. Олардың барлығына тән қасиет — оқушыларына деген шьнайы демократизмі, өз пәнін терең білетіндігі, өте жоғары шығармашылық белсенділігі және қоғам алдындағы, халық алдындағы өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілік сезімі. Алайда нағыз тәжірибелі, әрі іскер педагогтың өзі жеткен жетістігіне мастануға хақысы жоқ. Мектептегі әрбір жаңа күн, жаңа проблемалар әкеледі, шығармашылық ізденісте жаңа бағыттар береді. Жекелеген мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелері мұғалімдердің ұжымдық тәжірибесіне, олардын, ұжымдық ақыл-ойына кұйылады жәнеде жоғары оқу орындарында кәсіптік даярлық процесінде оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен методикасы түрінде болашақ мұғалімдерге беріледІ. Алайда жанды педагогикалык өмір кез келген толық жәнеде жетілдірілген теорияға қарағанда әрқашанда анағұрлым кең әрі бай, сондықтанда мұғалім жұмысында педагогикалық тәжірибемен тікелей танысудың зор маңызы бар. Газеттер мен журналдарда жариялаиған мақалалар, радио мен теледидардан берілген хабарлар, деректі және ғылыми-көпшілік фильмдер, озат мұғалімдер, педа-гогикалық еңбектер туралы кітаптар — педагогикалық ғылым мен практиканың озық жетістіктері туралы таптырмайтын білім көзі.Шығармашылықпен жұмыс істейтін, балалар өмірін терең білетін және түсінетін педагог өз тәрбиеленушілерінің жадында қызмет етудің, азаматтық өнегеліліктің, нағыз адамның, үлгісі ретінде мәңгі сақталады. МұғалІм — бұл әдеттен тыс қалай естілсе де — болашақтан бүгінгі күнге келген елші жәнеде өз іс-әрекетінің болашаққа қызмет ететінін түсінгенде ғана, ол өзінің кәсіптік міндетін ойдағыдай шешетін болады.
Єдебиеттер тізімі:
1.И.Рувинский. Мамандыққа кіріспе Алматы – 1988ж.
2.С.Сабыров, Оқыту теориясының негіздері. Алматы – 1993ж
3.А.Сухомлинский: Ата – ана педагогикасы. Алматы – 1983ж
4. К.Б.Сидалиев. Тәрбие теориясы. Алматы – 1986ж
-
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев . Қазақ тәлім – тәрбиесі. Алматы – 1995
-
6.А.рбаев . Қазақтың ұлтық ойындарын бастауыш мектеп тәрбие жұмыстарына пайдалану . Алматы – 1993ж
-
7.К.Сәтбаев . Валелогия денсаулық туралы ғылым. Алматы 1994жж
8.ҚР Білім беру туралы заңы. Астана – 2000ж
9.Ж. Әбиев, С, Бабаев, А. Құдияров. Педагогика. Алматы- 2004ж.
10.Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы – 2004ж.
11.ҚР” Білім туралы ”Заңы .Астана ,2000ж.
12.В.А.Кан - Калик. Мамандыққа кіріспе Алматы – 1988ж
13.К.Б.Сидалиев. Тәрбие теориясы. Алматы – 1986ж.
14.М. Жұмабаев. Педагогика. Алматы- 1992ж.
Достарыңызбен бөлісу: |