1948 жылғы президенттік сайлау. Сайлау қарсаңында АҚШ-та саяси текетірес кең етек алды. Республикалық партиядан президенттік сайлауға Т. Дьюй өз кандидатурасын ұсынды. Демократиялық партия Г. Трумэннің кандидатурасын қалдырды. Сайлау науқаны кезінде республикалық партия елде неоконсерватизм бағытын ұстанып, Трумэннің либералдық ішкі саясатын сынау аркылы өз үгіт-насихаттарын жүргізді. Екі партиялық жүйедегі дағдарысты пайдаланып, демократтар партиясынан бөлініп, Г. Уоллес өз алдына үшінші партия құрды. Жаңадан құрылған прогрессивтік партия Трумэннің агрессиялық сыртқы саясатын сынап, КСРО-мен қарым-қатынасты реттеуді, ал ішкі саясатта жаңа либералдық реформалар жүргізуді, Тафта-Хартли заңын жоюды талап етті. Жаңа демократтардың қимыл-козғалысы кең етек алды. Сайлаушылар демократиялық партиянын сайлау қарсаңындағы Трумэннің "әділетті бағыт" бағдарламасын, АҚШ Үкіметінің "қырғи-қабақ" соғыс саясатын және ішкі реакциялық күпггер — "антикоммунистік" күштерді колдады. Сайлау барысында прогрессивтік партия жеңіліс тапты, бұл демократиялық партияның жеңіске жетуіне әкелді. Сөйтіп, Трумэнді 24,2 миллион сайлаушы колдаса, 22 миллион дауыс жинаған, республикалық партия жеңіліс тапты. Демократиялық партия Конгресің екі палатасында көпшілік орынға ие болды. Г. Трумэн екінші мерзімге АҚШ-тың Президенті болды.
АҚШ-тың ішкі дамуында Эйзенхауэр әкімшілігі "жаңа бағыт" саясатынан бас тарту арқылы көптеген реформаларды жүргізді. Біріншіден, шағын және орта кәсіпкерлерді мемлекеттік колдауды шектеді, екіншіден, жа- лақы мен бағага койылған шектеуді жойды, үшіншіден, газ және мұнай, энергия көздеріне федералдық бақылауды алып тастады, төртіншіден, ауыл шаруашылығы саласында ұсақ фермерлерді қысқартты. Ресиубликалық партия "жаңа бағыт" саясатына қарсы шараларды жүрігізгенімен, АҚШ қоғамы әлеуметтік комектен бас тарта алмады. Әлеуметтік коғамды қалыптастыру үшін, Эйзенхауэр көптеген реформалар жүргізді.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы қатынастарды дамыту мақсаты екі жақты бірдей болды. Нәтижесінде Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін екі жарым айдан соң ашылған бірінші шет ел өкілділігі-АҚШ елшілігі болды. Төтенше және Өкілетті Елшілер: Уильям Кортни, Элизабет Джоунс екі елдің арасындағы қатынасты нығайтуға айтарлықтай үлес қосты, қазіргі кезде Лэрри Нэппер осы бағытта қызмет етуде.
Америка Құрама Штатарының президенттерімен, жетекші экономикалық алыптармен, халықаралық ұйымдармен тікелей жеке байланысқа шығып, келіссөздер жүргізуде Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың еңбегі аса зор болды. 1992 ж 18 мамырда оның АҚШ-қа ресми сапары басталды. Себебі, Қазақстан аумағында Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ядролық қарудың айтарлықтай қоры, басқару қондырғылары, уран өндірілетін және өңделетін кәсіпорындар қалды. Сонымен бірге, қазақстанның оңтүстік шекарасы қорғаусыз ашылып қалып, нәтижесінде ядролық қару мен технологиялардың таралып кету қаупі бар еді. Америка қауіпсіздік саласында жағдайды қадағалау мүмкіндігіне ие болып, республикадан ядролық қаруды әкетуге ықпал ету жоспарын құрды. Сонымен бірге, осы қару-жарақ үшін жарылғаш материалдар өндірісі кәсіпорындарының жұмыс істеуін бақылап, сынақ полигондарының , зерттеу орталықтарының және зымыран –ғарыштық жүйелерінің жұмыстарын қадағалауды мақсат етті.
Президент Н.Назарбаев ядролық қарудан бас тарту мәселесіне байланысты мынаны атап көрсетті: егер АҚШ Қазақстанның аумақтық тұтастығының мүлтіксіздігіне кепілдік берсе және АҚШ, Ресей немесе Қытай тарапынан ядролық шабуылға ұрынбайтыны жөнінде кепілдік алатын болса, онда осы мәселе жөнінде өзінің оңтайлы позиция танытатындығын түсіндірді.
Достарыңызбен бөлісу: |