Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 10 Лабораториялық


Табиғат пайдалану төлемдерін топтастыру



бет9/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.39 Mb.
#133196
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Табиғат пайдалану төлемдерін топтастыру





Төлем

тобы


Төлем

Қызметі


Анықтау

Көрсеткіші



Төлем

көзі


Төлем негізгі

түрлері


Қаржы

аудару


1

2

3

4

5

6

Алмас-тыру

Табиғат ресурсына меншік (иелік) құқын іске асыру, пайдалануға ынталандыру

Алмастыру шығындары капитал проценті монополиялық рента

Өнімнің өзіндік ќ±ны


Табиғат ресурстарының шектеулілігі үшін төлемдер

Әр деңгейдегі бюджеттер

Қайта-ру

Табиғат ресурстарын қалпына келтіру (өсіру)



Өсіру қалпына келтіру шығындары



Өнімнің өзіндік құны

Геологиялық барлауға, жерді қалпына келтіру, орман өсіру, сумен қамтамасыз ету, табиғат қорғау төлемдері

Табиғат қорғау қоры

Рента-лық



Біркелкі бәсекелестік жағдай туғызу

Дифференциалдық рента I


Қосымша табыс (пайда)



Ерекше тиімді табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем

Бюджет немесе рента қоры

Орнын толты-ру (ком-пенса-ция)

Зиянның орнын толтыру

Халық шаруашылық зиян, алынбаған табыспен қайтару шығындары

Өнімнің өзіндік ќ±ны, табиғат пайдаланушы-лардыњ пайдасы

Табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдер

Табиғат қорғау қоры

Айып

Табиғи ортаны ластаудың, табиғат ресурстарын ысыраптаудың Алдан алу

Халық шаруашылық зияндарды еселеп қайтару


Табиғат пайдаланушы-лардың таза пайдасы


Табиғи ортаны ластағаны, табиғат ресурстарын нормадан артық ысырап еткені, табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін төлемдер

Табиғат қорғау қоры


Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің мөлшері оның құндылығына, экономикалық бағалану шамасына байланысты болады. Ал экономикалық бағалану шамасы дифференциалдық рентаға тікелей тәуелді екенін білеміз. Дифференциалдық рента өз кезегінде табиғат ресурстарының табиғи «өнімділігінен», пайдалану тиімділігінен туындайды.

Табиғат пайдалану төлемдерінің негізгі бөлігі болып табылатын ренталық табиғат ресурстарын пайдаланушылардың қосымша табысының есебінен төленеді.

Табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру төлемдері осы мақсаттарға жұмсалған шығындар бойынша анықталады және негізгі қызметі шығындарды қайтару болып табылады. Төлем шамасы қоғамдық қажетті шығындармен анықталады. Табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру және өндіріске даярлау шығындары өндірістік шығындардың құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан олар өнімнің өзіндік құнына және бағасына қосылады.

Төлемдердің келесі тобы табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтыру қызметін атқарады. Табиғатқа зиян келтірушілер: жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар зиянның орнын толтыруға, зардабын жоюға міндетті. Осы төлемдер арқылы «ластаушы-төлейді» принципі жүзеге асырылады. Бұл төлемдерді кейде экологиялық төлемдер деп атайды.

Төлемдер атмосфераға ластаушы заттар шығарғаны, суға ластаушы заттар төккені және жерге қалдықтарды орналастырғаны үшін алынады. Төлем нормативі ластауды ьолдырмау және ластану зардаптарын жою шығындары бойынша ластаушы заттардың әрбір шартты өлшеміне белгіленеді.

Төлемнің келесі түрі табиғат ресурстарын пайдалану шектелген жағдайда алынбаған табыстың орнын толтыру қызметін атқарады. Төлем табиғат ресурстарын шектеуші заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылық пайдасынан алынады.

Табиғат қорғау заңдары, ережелері, тәртіптері бұзылғанда алынатын төлемдер айып салу сипатында болады және келтірілген зияннан артық мөлшерде белгіленеді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғат пайдалану төлемдерін топтастыру

  2. Орнын толтыру, қайтару, алмастыру, компенсациялық, ренталық, айып, сыйлық тµлемдер



23-тақырып. Жер қойнауы байлықтары қорын пайдалану төлемдерінің мөлшерлемелерін анықтау әдістері

Жоспар:

  1. Жер қорын пайдалану төлемдері

  2. Жер салығының мөлшері анықтауда қолданылатын принциптер

Лекция мақсаты: Жер қорын пайдалану мөлшерін анықталуда қолданылатын принциптерді қарастыру

Лекция мәтіні.

1. Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсіресе өндіріске қолайлы, құнарлы жерлер шектеулі. Сондықтан жер үшін күрес ешкашан тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету әр түрлі топтардың арасында әр түрлі қатынастарды тудырады. Біреулер жерге иелік ету арқасында байып отырса, екіншілері – жері жоқтар кедейленеді. Осы қатынастар және жердің шектеулілігі жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану жерге меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерді тудырды. Жер салығы жер иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді.

Жер жалпыхалықтық меншік деп жарияланған соіиалистік қоғамда да жер салығы болды. Өйткені жер пайдаланушылар жер иеленушілерден шаруашылық есеп бойынша оқшауланған. Сонымен қатар жердің табиғи өнімділігіне және орналасу тиімділігіне байланысты дифференциалдық рента әрқашан болады. Сапасы біркелкі тәуір жермен барлық жер пайдаланушыларды қамтамасыз ету мүмкін емес. Сапасы әр түрлі жерлерді пайланушылар бірдей еңбек жұмсай отырып әр түрлі нәтиже алады. Сондықтан жер иелену құқығы қоғамның барлық мүшесіне бірдей болған күннің өзінде жақсы жерді пайдаланушылар ондай мүмкінгі жоқтармен өзінің табысымен бөлісуі керек. Бұл жер салығы арқылы жүзеге асырылады.

Жер салығы жер иеленушілерді байытудан басқа жалпы экономикалық қызметтер атқарады, олардың ең бастысы жерді қорғауға, тиімді паидалануға ынталандыру. Жоғарыда қарастырылған төлемдерді с±рыптауға байланысты жер қорын паидалану төлемдерін де бірнеше түрге бөлуге болады. Бірақ іс жүзінде олардың барлығы жер салығына жинақталған. Сондықтан жер салығын анықтау туралы әр түрлі көзқарастар, әдістер кездеседі. Мысалы, 1990 жылы қабылданған әдістемелік н±сқаулар боиынша жер иелері, жерді пайдаланушылар және жалға алушылар төлемдері мына формуламен анықталады:


Yj = RjEнп ,
мұнда: Yj - j аймағында жер пайдалану төлемінің нормативі, теңге/га;

Rj - j аймағында жердің экономикалық бағалануы, теңге/га;

Енп - уақыт факторын есептеу нормативі.

Өз кезегінде:


Rj = γ (m/SEнп )Kj,
М±нда: m - қоғамдық өндірістен алынатын өнім, теңге/жыл;

S - салық салынатын жер ауданы, га;

γ - қосымша өнімде жердің өндіріс факторы ретінде үлесін сипаттайтын коэффициент;

Kj - аймақтағы жердің сапалық коэффициенті. Аймақтағы жердің орташа балл көрсеткішін жалпы орташа балға бөлу арқылы анықталады.


Kj = Бj/Б,
м±нда: Бj j аймақтаѓы жердің орташа балы;

Б - республика бойынша орташа балдың көрсеткіші.

Б±л формуланы қолданып төлем нормативін аныќтау өте күрделі және шартты шамалардың дәлдігі төмен, өйткені γ - коэффициентімен қоғамдық өнім алуға жердің қосқан үлесін дәл анықтау мүмкін емес. Қоғамдық өндіріс (ұлттық табыс) негізгі өндіріс факторларының (табиѓат ресурстары, өндірістің негізгі және айналмалы қоры және жұмыс күші) ортақ нєтижесі. Сондықтан төлем нормативін анықтау үшін қарапайым әдістер ұсынылады. Мысалы, төлемді табиғат ресурстарының немесе олардан алынған өнімдердің бағасынан (құнынан) белгіленген процент есебінен алу. З.Қ. Қарғажанов табиғат ресурстарын пайдалану құқығы үшін төлемді осы ресурстарды пайдаланып алынатын нормалы пайданың алтыдан бір бөлігі ретінде алуды ұсынады. Ол мынандай тұжырымға сүйенеді: табиғат ресурстары негізгі үш µндірістік факторлардың бірі. Егер осы үш факгорлардыњ үлестерін тењдей деп алатын болсақ, пайданың (ұлттық табыстың) үштен бірі табиғат ресурстарыныњ үлесіне тиеді. Одан єрі табиғат ресурстары арқылы алынған пайда оларды пайдаланушылар мен иеленушілердің арасында бөліске түседі. Бұл бөліс екі жаққа теңдей десек, пайданың 1/6 бөлігін табиғат ресурстарын пайдаланушылар оларды иеленушілерге беріп пайдалану құқығына ие болады.

2. Қазақстан Республикасында жер салығы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес алынады. Ауыл шаруашылық, елді мекендер орналсқан, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жєне өзге мақсаттағы сауықтыру мен рекреациялық, орман, су қорларының жерлеріне салық салынады. Иелігінде немесе пайдалануға берілген жерлері бар жеке азаматтар және заңды т±лғалар салық төлеушілер болып табылады.

Жер салығының мөлшері жердің сапасына, орналасу тиімділігіне, сумен қамтамасыз етілгеніне және пайдалану бағытына байланысты мынандай принциптер негізінде анықталады:

1. Салық мөлшөрі жердің сапасына, орналасқан өңіріне және сумен қамтамасыз етілуіне қарай сараланады.

2. Салық мөлшері шаруашылық нәтижесіне байланысты емес.

3. Жер салығы жердің бір өлшеміне жыл сайынғы тіркелген төлем ретінде белгіленеді.

Салықтың базалық (үлгілік) ставкасын Қазақстан жоғарғы өкіметі бекітеді. Ал нақты жер бөлімшелеріне және нақты жер пайдаланушыларға салықтың шамасын үлгіге сәйкес жергілікті өкілетті органдар белгілейді. Олар салықтың норматиін 20%-ке өсіруге немесе кемітуге қ±ќылы.

Жер салығынан түскен қаржы: жерді пайдалануды реттеуге, ќ±нарлылығын арттыруға, жерді қорғауға, жаңа жерді игеруге, жерді тиімді пайдалануға ынталандыруға және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына ж±мсалады. Жер салығының 10%-і республикалық, 20%-і облыстық, 70%-і жергілікті бюджеттерге түседі.

Заңда жер салығы бойынша мынандай жеңілдіктер қарастырылған:ғ қорғау мен табиғи-мәдени шаралар, сауықтыру және қалпына келтіру мақсатындағы, орман және су қорларының жерлері басқа мақсатқа пайдаланудан басқалары салық салуға жатпайды.

2. Елді мекендердің жалпы пайдалануындағы жер учаскелерінен салық алынбайды.

3. Жер салығын төлеуден:

1) балаларды сауықтыру мекемелері, қорықтар, ұлттық парктер, ботаника бақтары, зираттар;

2) мемлекеттік табиғат және тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау органдары;

3) мүгедектердің ерікті қоғамдары;

4) ұлттық банк пен оның бөлімшелері;

5) бөлінген немесе өнімділігі аз жерлерді алғандар алғашқы он жылда;

6) табыс салығы бойынша жеңілдіктерді пайдаланатын жеке тұлғалар босатылады.

Салықтан басқа топырақтың құнарлылығы кемітілгенде және оның беті бөлінгенде компенсациялық (орнын толтыру) және айып төлемдері алынады. Төлем шамасы жерді қалпына келтіру шығындарымен және топырақ құнарлылығы өзгертілгенде арнайы әдістеме бойынша анықталады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Жер салығының мөлшері

  2. Жер салығының базалық ставкаларын анықтау


24- ақырып. Минералдық шикізат қорын пайдалану төлемдерінің мөлшерлемелерін анықтау әдістері

Жоспар:

  1. Минералдық ресурстар үшін төлемдер

  2. Минералдық шикізат қорын пайдалану төлемдері

Лекция мақсаты: Минералдық ресурстарды пайдалану мөлшерін анықталуда қолданылатын принциптерді қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Минералдық ресурстарға төлемдер мәселесі әдістемелік тұрғыдан күрделілігімен және қолдану ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Таяу уақытқа дейін төлем туралы ұғым тіпті қолданылмай келді. 1967 жылы кен өндіру саласында кеннің өзіндік құнына кіретін геологиялық барлауға қаржы аудару төлемдері қолданылады. Төлем нормасы кеннің кеннің нақты түріне жұмсалған геологиялық барлау және зерттеу шығындарын оның өндірілген баланстық қорының шамасына бөлу арқылы анықталады. Төлем алғашқы кеннің кейбір түрлері бойынша ғана белгіленеді және әдістемелік кемшіліктер болғандықтан ауық-ауық байта қаралып отыратын. Ең негізгі кемшілігі барлық геологиялық шығындарды қайтармайтын. Ол алғашқы жылдары барлық геологиялық барлрау шығындарының 60 пайызіне дейін қайтарса, 1991 жылдан 90-ға жетті

Қазіргі кезде (1992 жылдың 3 шілдесінен) Қазақстан Республикасында геологиялық барлауға төлем аудару нормасы 1 т өндірілетін кенге шикізаттың бағасына процент есебімен белгіленеді. Мысалы, 1 т темір кеніндегі темірге - 2,4%, марганец концентратындағы марганецке - 2,3%, қорғасын-мырыш кеніндегі қорғасын мен мырышқа - 6,7%, хром кеніндегі хромға - 2,4%, көмірге - 0,9%, т.б.

Аталған төлем кен қорын геологиялық барлауға ж±мсалатын шығындарды қайтаруы тиіс және мағынасы бойынша табиғат ресурстарын қалпына келтіру төлемі болып табылады (кен өндірілген кеніштің орнына жаңа кен орны барланады, ізделеді). Былайша айтқанда, кен өндірушілерге ол кен туралы геологиялық мәліметтер сатылады.

Ренталық төлемдер тау-кен өндірісінің жеке салаларында (м±най, газ, бағалы металдар, т.б.) белгіленген төлемдер ретінде қолданылып келді. Мысалы, 1991 жылы 1 т мұнайға - 12,45 сом, 1000 м3 газға - 6,46 сом ренталық төлемдер белгіленген болатын. Соңыра төлем нормативтері бірнеше қайтара өзгертілді. Ренталық төлем ретінде, негізінен, қосымша нормадан артық табыс (пайда) алынады. Теориялық тұрғыдан б±л онша орынды емес. Біріншіден, рента толық есептелмейді, екіншіден - рентамен қоса кәсіпорынның өз шаруашылық әрекетінің нәтижесінде алынған қосымша табыс алынады.

Минералдық шикізатты пайдалану құқығы үшін төлемдер Республикамыз үшін нарық қатынасына өтуге байланысты туындаған жаңа мәселе. Оның шешімінің негізгі екі түрі қолданыла бастады. Біріншісі -төлем минералдық шикізаттың әр түрі бойынша оның сатылу бағасынан процент есебімен алынады, Екіншісі - роялти төлемімен байланысты, яғни минералдық шикізатты пайдалану құқығы үшін төлем роялтимен алмастырылады.

Кен өндіргенде нормадан артық ысырапқа, бос жыныстың араласуына жол берілгені үшін төлем көптен қолданылып келеді. Оның мағынасы кенішті пайдалану ережелерін, тәртіптерін, нормаларын орындамағаны үшін айып төлем болып табылады және ол алынбаған өнімнің қ±нынан бір жарым есе шамасында белгіленетін. Сондай-ақ кен қорын тањдап өндіргенде де айып төлем белгіленеді. Б±л тµлемдер халық шаруашылығына минералдық шикізатты тиімді пайдаланбай келтірілген зиянды еселеп қайтару болып табылады.

2. Минералдық ресурстарды пайдаланушылар шикізатқа төлемдерден басқа табиғи ортаны нормадағы шамада ластағаны үшін төлемдер және нормадан артық шамада айып төлемдер төлейді.

Қазіргі кезде минералдық ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер "Жер қойнауының байлықтарын пайдалану төлемдерінің нормативтерін анықтау туралы әдістемелік ±сыныстарға" (Алматы, 1991) сәйкес алынады.

Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Жарлығына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдеріне мыналар жатады:

1) бонустар: белгіленген, коммерциялық ашу, өндіру;

2) роялти;

3) үстеме пайдаға салық.

Белгіленген бонус жер қойнауын геологиялық зерттеу және одан кейінгі өндіру немесе өндіру қ±ќығына бір жолғы тіркелген төлем болып табылады және жер қойнауын пайдаланушылар заңда белгіленген тәртіппен сондай операцияларға контракт жасаған жағдайда төленеді.

Коммерциялық ашу бонусы келісім жасалған территорияда бір немесе бірнеше кен көздерін ашқанда төленетін бір жолғы тіркелген төлем болып табылады.

Өндіру бонусын жер қойнауын паидаланушылар қазба байлықты игерудің белгілі бір жағдайына немесе өндірудің белгілі сатысына қол жеткізген кезде әлсін-әлсін төлеп отырады. Бонустардың алғашқы мөлшерін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті ќ±ратын арнаулы уәкілді орган белгілейді. Бонустар төлеудің тәртібі, түпкілікті мөлшерлері және басқа шарттары контрактта белгіленеді.

Роялти пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік ќұралымдарды өңдеу құќығы үшін төлем болып табылады және ол өндірілген кендердің, өңделген техногендік ќұралымдардың әрбір тоннасына белгіленіп, келісімде көрсетіледі. Роялти ќұрамына, әдетте, рентаның бір бөлігі кіреді. Рентаның қалѓан екінші бөлігі үстеме пайдаға салық ретінде алынады. Сондықтан роялти минералдық шикізатты пайдалану құќығы үшін төлемге тең деп есептеу онша дұрыс емес. Роялти төлеу нормасын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті белгілейді және ол контрактта көрсетіледі.

Салыстырмалы тәүір табиғат жағдайында нмесе тәуір нарық жағдайында минералдық шикізат қорын пайдаланушылар үстеме пайдаға салық төлейді.

Бонустардың барлық түрлері, үстеме пайдаға салық ақшалай нысанда төленеді, ал роялти заттай және ақшалай нысанда, сондай-ақ аралас төленуіне болады. Белгіленген бонустан басқа бонустар, роялти табыс салықын және үстеме пайдаға салықты есептегенде ескеріледі.

Төлемдердің құрамына кіретін рентаны анықтаудың нақты әдістемесі жоқ. Сондықтан роялти төлемін өнімнің құнынан немесе баланстық пайдадан есептеу ұсынылады. Мысалы, минералдық шикізатты пайдаланғаны үшін төлем өнімнен алынған табыстың 12,5 пайызына немесе баланстық пайданың 15 пайызына шамада алынады.

Пайдалы қазбаларды өндіру, өңдеу және тасымалдау процестерінде, сондай-ақ құрылыс салу кезінде минералдық шикізатты қорғау және тиімді пайдалану ережелері мен нормалары сақталмағандықтан шикізаттың, қнімдердің және пайдалы қалдықтың ысырабына жол беріллгенде айып төлемдері белгіленеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Белгіленген бонус

  2. Коммерциялық ашу, өндіру бонусы



25 -тақырып. Су қорын пайдалану төлемдерінің мөлшерлемелерін анықтау әдістері

Жоспар:

  1. Су қорын пайдалану төлемдері

  2. Су қорын қорғау төлемдері

Лекция мақсаты: Су қорын пайдалану мөлшерін анықталуда қолданылатын принциптерді қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Су ресурстарына төлемдерді анықтау туралы әдістемелік нүсқаулар бойынша (Алматы, 1991) төлемдердің екі құрамдас бөлігін ажыратады: су ресурстарын пайдалану (алу) құқығы үшін; су қорын қорғау (қалпына келтіру) төлемдері. Су тарифы негізінен су қорғау, сумен қамтамасыз ету шығындарын қайтарады, суды үнемдеп пайдалануға жұмылдырады.

Қазақстан Республикасының су кодексіне сәйкес суды жалпы пайдалану тегін, арнайы пайдалану төлемді. "Жалпы су пайдалану - су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекітіп бермей және судың жай-күйіне єсер ететін құрылыстарды немесе техникалық ќ±рылғыларды қолданбай халықтың, ауыз су және өзге де мұқтажын қанағаттандыру үшін жүзеге асырылады". Арнайы су пайдалануға халықтың ауыз суға және тұрмыстық м±ќтажын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, су көлігінің суға деген қажетін қанағаттандыру үшін, өзге де қажеттер үшін, сондай-ақ өнеркәсіпті, коммуналдық-тұрмыстық, кәріз және басқа да пайдаланылған ақаба суды төгу үшін, жер бетіндегі және жер астындағы суларды пайдалану жатады. Аталған су пайдалану су құрылыстары мен техникалық құрылғыларды... қолдану арқылы жүргізіледі.

Жалпы су пайдаланудан басқа, су ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы меншік және шәруашылыќ жүргізу түріне қарамастан, алынады және онда судыњ сапасы, судың орналасқан өңірі, су пайдалану шарттары ескеріледі.

Су тарифтары облыстар және бассейндер бойынша сараланып суды пайдалану бағыттарына (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, коммуналдық-т±рмыстық шаруашылықта, балыќ шаруашылығында) ќарап бекітіледі. Қазақстан Республикасында осы бағыттар бойынша мына бассейндерге (облыстарға) су тарифы белгіленген: Балқаш - Алакөл (Алматы облысы); Есіл (Ақмола, Солтүстік Қазақстан); Ертіс (Шығыс Қазақстан, Павлодар); Шу - Талас (Жамбыл); Арал - Сырдария (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда); Нұра - Сарысу (Қарағанды); Тобыл - Торѓай (Қостанай); Каспий - Жайық (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау).

2. Су ресурстарын пайдалану төлемдерін - су қорын пайдаланғаны үшін және су қорын қорғау (қалпына келтіру) төлемдері деп ажыратуымызға болады жєне соңғысы ең негізгісі болып табылады.

Су қорының түріне және пайдалану бағытына байланысты:

• жер бетіндегі суларды пайдалану;

• жер асты суларын пайдалану;

• көл, теңіз суларын пайдалану;

• суармалы егістікте су пайдалану - төлемдері белгіленеді.

Әдістемелік нұсқауларға сәйкес жер бетіндегі су ресурстарын пайдалану төлем нормативі мына формуламен анықталады:


Pj = К*Зj
м±нда: Pj - шекті шамада су ресурстарын пайдаланғаны үшін аймақтың төлем нормативі;

К - су ресурстарын пайдалану коэффициенті.


К = Q/W,
мұнда: Q - аймақтағы су ресурсын пайдалану көлемі;

W - 90% қамтамасыз ету шамасындағы аймақтағы жылдық су қоры;

3 - аймақтағы жер бетіңдегі суға шеткі шығын.

Су пайдалануды шекті шамадан асырғанда төлем нормативі еселенеді.


Qн/ Qшj<5,
Qн - нақты су пайдалану көлемі;

Qш - кәсіпорынның су пайдалану лимиті (шегі).

Су қорын қорғау (қалпына келтіру) аймақтық төлем нормативі (шеткі шамада):
Р2= З2/Q2,
мұнда: 32 - аймақтағы бағдарлама бойынша су қорын қорғау, қалпына келтіру орташа жылдық шығыны;

Q2 - орташа жылдық су пайдалану көлемі.

Су ресурстарын шекті шамадан артық пайдаланғанда төлем нормативі жоғарыдағыдай еселенеді.

Жер асты, көл суларын пайдалану төлемдері де осыған сәйкес анықталады.

Суармалы егістікте пайдаланған суға төлем екі ставкалы тариф бойынша анықталады: суарылатын гектарға және берілген су көлеміне байланысты белгіленеді. Гектарлық төлем иормативі 1 га суарылатын жерге белгіленеді және су жүйелерінің шартты тұрақты шығындарын қайтаруы тиіс. Оның шамасы егістікке берілген судың көлеміне байланысты емес.
Рга= 3i/S,
мұнда: 3i - су жүйелерінің шартты тұрақты шығындары;

S - су пайдалану жоспары бойынша суарылатын жер ауданы.

Кубометрлік төлем нормативі су пайдапанушыға берілген 1м3 суға белгіленеді. Оның шамасы су ысырабының нормалы шамасы ескеріле отырып сумен қамтамасыз ету шығындарына сәйкес анықталады.
3 = P2QшЗ2–Y / Qн,
мұнда: Р2- су ресурстарын қорғау, қалпынд келтіру төлем нормативі (шекті шамада);

Qш - су ысырабын ескере отырып, су пайдаланушыға берілетін судың шеткі шамасы;

Qн - егістікке берілген судың нақты шамасы;

32 – сумен қамтамасыз ету жүйесінің шартты өзгермелі шығындары;

Y - берілген судың сапасы нашар болғанда егістікке (су пайдаланушыға) келген зиян.

Бұл зиян екі шамадан: ауыл шаруашылық дақылдарының өнімінің кемуінен және жердің өнімділігін қалпына келтіру үшін ж±мсалатын қосымша шығындардан т±рады.

Бұлардан басқа су ресурстарын ластағаны үшін, су қорғау заңдарын б±зғаны үшін (айып) төлемдер зиянның орнын толтыру, зиянды болдырмау мақсатында қолданылады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Су жүйелерінің шартты тұрақты шығындары

  2. Су ресурстарын қорғау, қалпына келтіру төлем нормативі


26 - тақырып. Орман қорын пайдалану төлемдерінің мөлшерлемелерін анықтау әдістері

Жоспар:

  1. Орман қорын пайдалану төлемдері

  2. Орман таксасы

Лекция мақсаты: Орман қорын пайдалану мөлшерін анықталуда қолданылатын принциптерді қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Орман ағаштарын пайдалану төлемдері ертеден қолданылып келеді. Олар әр түрлі аттармен тарихтан белгілі, 1930 жылға дейін барлық ағаш даярлаушылардан "түбірақы" алынатын. Кейін индустриализациялау кезінде µнеркәсіпте ағаш пайдаланушыларға жеңілдік беру үшін төлем алынбайтын болды. Барлық орман шаруашылыќ шығындары бюджеттен қаржыландырылды.

"Түбірақы" 1949 жылы қайта алына бастады. Оның шамасы ќ±н заңына сәйкес анықталады, яғни орман шаруашылық шығындарын қайтаруы тиіс. Сонымен қатар "түбірақы" ќ±рамында орман шаруашылығының мөлшерлі пайдасы және дифференциалдыкч рента шамасы бар. Оның теориялық формуласы:
Cл = V+Vp+R,
м±нда: Сл - түбірақы (орман таксасы);

V- ағаштың өзіндік ќ±ны;

Vp - орман шаруашылық пайдасы;

R - орман рентасы.

Формулада орман таксасы мәні толық ашылады - орман шаруашылық шығындарын қайтару, орман шаруашылғына қажетті қор жинақтау және дифференциалдық табыс.

Нақты өсіп т±рған, кесуге берілетін ағаш қоры орман таксасы бойынша анықталады, оның орташа шамасы "түбірақы" шамасына тең, бірақ халық шаруашылық мақсаттарға байланысты одан артық не кем болуы мүмкін.

2. Орман таксасы орман белдеулері және топтары, ағаш түрі, сорты және сипаттары бойынша әр түрлі болады. Орман таксасының орташа шамасы мына формуламен анықталады:
Тор = Cл + (Smax-Sор),
м±нда: Сл - қажетті қорлар қарайтын пайдасымен бірге есептелген орман шаруашылық шығындары;

М - есептелген кесуге белгіленген жылдық ағаш қоры;

Smax - орман бөлігінен ағаш тасымалдаудың ең жоғары шығыны;

Sор - орташа ағаш тасымалдау шығыны.

Ағаштың нақты сортына (такса (Т сорт)):
Тсорт = [Сл /M+( Smax-Sор)] K сорт/К+( Sор-Si),
м±нда: K сорт - ағаштың нақты сортының коэффициенті;

К - орташа ағаш сортының коэффициенті;

Si - нақты сортты тасымалдау шығыны.

Сорттық коэффициенттер ағаштың сүрегінің ±зындығы, диаметрі, түзулігі, ағаштың түрі, іске жарамдылығы бойынша анықталады.

Орман таксасы орман шаруашылық шыѓындарын қайтарумен қатар бірқатар экономикалық қызметтер атқарады. Ең бірінші орман қорын тиімді пайдалануға ынталандыру, орманда ќ±нды ағаштардың жойылып кетуіне жол бермей, орман қорын кешенді, оның ќ±ндылығы төмен ағаш қорларын, жанама өнімдерді пайдалануға ынталандыру.

Осы мақсаттарда ќ±нды ағаштарға орташа таксадан анаѓ±рлым артық такса белгіленеді, ал ќ±нсыз ағаштарды пайдалануды ынталандыру мақсатында оларға өзіндік ќ±нынан төмен такса тағайындалады. Екінші қызметі - табиғи жағдайларға байланысты пайда болатын дифференциалдық рентаның бюджетке алынуын қамтамасыз етеді. Үшінші - ағаш даярлаушылардың бәсекелестік мүмкіншіліктерін теңестіреді.

Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес азаматтардың ормандарда тынығу, жабайы жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқ±лақтар мен жидектерді белгіленген норма шегінде пайдаланудан басқа жағдайларда орман қорын пайдаланылуы ақылы болып табылады. Орман қорын пайдаланғаны үшін ақы орман өніміне қолданылып жүрген бағаларға сәйкес, бірақ кесімді таксадан кем емес шамада алынады.

Орман қорының жерлері үшін ақы жер салығына сәйкес алынады. Орман ресурстарына төлемдерді анықтау туралы әдістемелік нұсқаулар (Алматы, 1991) бойынша орман ресурстарын тиімді пайдалануды басқару пайдалану құқығы үшін және орман ресурстарын қорғау және қалпына келтіру төлемдері арқылы жүргізіледі.

Орман ресурстарын пайдалану төлемдерін мына формуламен анықтау ±сынылады:


Tт = Тор i+Ti,
м±нда: Тор i - i сорттың бағасы (таксасы);

Ti - орманның ағаштан басқа қорының бағалануы.

Өз кезегінде і - сорттың бағасы:

Тсорт i = (Тор – KpHg)Kd,


м±нда: Тор - 1 м3ағаштың қалыптасқан орташа бағасы;

Кр - тиімділік коэффициенті 1,1 - 1,5;

Н - 1 м3 ағашқа нормалы шығындар;

Hg - ағаш даярлау табысында рентаның ‰лесін көрсететін коэффициент (0,1- 0,5 арылығында алынады).

Орман ресурстарын қорғау, қалпына келтіру төлемдерінің нормативі орманның әрбір т‰рдегі тобы бойынша шығындарды пайдаланылатын орман ресурстарының 1м3-і мына формула арқылы анықталады:

n n

Ha = ∑Зi+ ∑Зio+A+З+P,



n=1 i=1

м±нда: Зi - орманды қалпына келтіру шығындары, тг/м3;

Зio - орманды күтіп-баптау шығындары, тг/м;

А - орман шаруашылық өндіріс қорларының амортизациясы, тг/м3;

i - орман шаруашылық шаралар т‰рі;

3 - жалпы орман шаруашылық шығындары, тг/м3.

Орман ресурстарын пайдалану құқығы үшін төлем нормативі:
Нп = Нжп + Нн ,

мұнда; Нн - орман қорын негізгі (ағаш даярлау ушін) пайдалану құқығы үшін төлем нормативі;

Нжп - орманның басқа ресурстарын пайдалану құқығы үшін төлем нормативі;

n

Нн = ∑(Ti-Y*Ha),



n=1

мұнда: Ү - орман қорын негізгі памдалану (ағаш дайындау) бағыты бойынша шығындардың өзіндік үлесін көрсететін коэффициент.



Бақылау сұрақтары:

  1. Нақты сортты тасымалдау шығынын анықтау

  2. Орман шаруашылық өндіріс қорларының амортизациясы

27- тақырып. Табиғи ортаны ластағаны үшін алынатын төлемдер

Жоспар:

  1. Нормативтерді белгілеу, төлем алыну тәртіптері

  2. Шекті шамада және шектен артық табиғат ресурстарын ысырап еткені үшін алынатын төлемдер

Лекция мақсаты: Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында табиғи ортаны ластаѓаны үшін төлемдер белгілеу тәртібін қарастыру

Лекция мәтіні.

1. Табиғат пайдалану, әсіресе табиғат ресурстарын өндіру, өңдеу табиғи ортаның экологиялық тепетеңдігін бұзады, табиғи ортаның ластануын туғызады. Өйткені қазіргі қолданылып жүрген техника мен технология қалдықсыз өндіріс, экологиялық таза өндіріс дәрежесіне әлі жеткен жоқ. сондықтан табиғи ортаның тазалығын сақтау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында табиғи ортаны ластаѓаны үшін төлемдер белгіленеді. Олар:

• табиғи ортаға ластаушы заттарды нормаланған шамада шығарғаны (төккені) үшін;

• табиғи ортада өндіріс және тұтыным қалдықтарын нормалы шамада орналастырғаны үшін;

• табиғи ортаға ластаушы заттарды нормаланған шамадан артық шығарғаны (төккені, орналастырғаны) үшін белгіленеді.

Аталған төлемдер табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру үшін қаржы жинақтауға мүмкіндік береді. Нормаланған шамада табиғи ортаға ластаушы заттарды шығарғаны (төккені, орналастырғаны) үшін төлемдер табиғат қорғау шараларына ж±мсалатын қаржының және келтірілген зиянның орнын толтыру шығынының шамасына байланысты анықталады. Яғни табиғат пайдаланушылар табиғи ортаға келтірілген зиянның орнын толтыруға және табиғат қорғауға жұмсалған халық шаруашылық шығындарды осы төлемдер арқылы қайтаруы тиіс. Сондықтан әрбір табиғат пайдаланушыға ластаушы заттар шығару (төгу, орналастыру) шектері және төлем нормативтері белгіленеді.

Табиғи ортаны ластағаны үшін төлем шамасын анықтағанда келтірілген зиян, зиян болдырмау шығындары, алынбаған табыс ұғымдарын ажырата білудің практикалық мәні бар. Осы ұғымдар нақты ажыратылмағандықтан төлемдерді анықтаудың баламалы екі қағидасы бар деп. Есептеледі. Бірінші – шығындық деп. Аталған қағида бойынша төлемдерді анықтаудың негізіне табиғи ортаға зиян келтірмеу үшін жұмсалған табиғат қорғау шығындары алынады

2. Табиғи ортаның ластануына байланысты шығындар екі бөлімнен: табиғат қорғау шығындарынан және экологиялық теңдестіктің бұзылу салдарынан болатын экономикалық зияндардан тұрады. Қазіргі кезде экологиялық шығындардың ішінде табиғат шығындары белгілі дәрежеде есептеліп өнімнің өзіндік ќ±нына қосылады және оның сатылу бағасымен қайтарылады.

Нақты аймақтағы кәсіпорындарға зиянды заттарды белгіленген шекте шыѓарғаны (төккені) үшім төлем нормативі мына формуламен анықталады:

Т Т

Р =∑Зt / ∑Мnt,



t=1 t=1
мұнда: 3t – t жылында зиянды заттардың зиянын болдырмау, зиянның орнын толтыруға қажетті республикалық, аймақтық, табиғат қорғау бағдарламалары бойынша анықталған шығындар, теңге;

Мnt - республиканың аймақтық бағдарлама бойынша есептелген зиянды заттарды шығару (төгу) шегінің (лимитінің) келтірілген массасы, шартты тонна/жыл.

Зиянды заттардың келтірілген массасы мына фор муламен анықталады:

J


Мnjt =∑Кimnijt,

i=1

мұнда: mnijt – j кәсіпорынының і зиянды заттарды t жылда шығару шегі (лимиті), тонна;

Кi - ластаушы заттың салыстырма-қауіптілігін (зияндылығын) ескеріп келтіру коэффициенті.
Кi = 1/ПДВ(ПДС),
ПДВ (ПДС) - ластаушы заттарды шығарудың, төгудің жол берілетін шамасы.

Аймақтық нормативке сәйкес кәсіпорынның ластаушы заттарды белгіленген лимит шегінде шығарылғаны үшін төлемі:


Пj = рМnjt
м±нда: Мnjt - j кәсіпорынының, t жылғы лимит шегінде зиянды заттарының келтірілген массасы.

Егер шығарылған зиянды заттардың келтірілген массасы белгіленген лимиттен кем болса, осы шамаға төленген төлем кәсіпорынға қайтарылады немесе келесі жылдың төлеміне жатқызылады.


Пjt = р(Мnjt - Мфjt)
Кәсіпорынның зиянды заттарды шығару (төгу) келтірілген массасы лимиттен артық болғанда, артық шамаға төлем еселенеді.
Егер, Мnjt - Мфjt= Мjt болса;

∆Пjt = рКр∆Мjt,


м±нда: Кр - еселеу коэффициенті Кр= 2L-1; L = Мфjt/ Мnjt

Шығарылған заңды заттардың келтірілген массасы лимиттен 1,25-ке дейін артқанда еселеу коэффициенті - 1,0; 1,25-тен 1,5-ға дейін - 2,0; 1,5-тен 2-ге дейін - 3,0; 2,5-ға дейін - 4,0; 3-ке дейін - 5,0; 3,5-ға дейін - 6,0; 4-ке дейін - 7,0; 4,5-ке дейін - 8,0; 5-ке дейін - 9,0; 5-тен асқанда - 10,0.

Кәсіпорынның ластаушы заттарды шығарғаны (төккені) үшін жалпы төлемі лимит шегіндегі және лимиттен асқан шамаға төлемдердің қосындысы болады.

Қатты қалдықтарды жер бетінде орналастырғаны үшін төлем нормативтерге сәйкес қалдық орналасқан жер жағдайына, қалдық үйілетін жердің жабдықталуына, елді мекендерден қашықтығына, қалдықтардың салыстырмалы қауіптілігіне, қалдықтарды пайдалану мүмкіндігіне байланысты анықталады.

Мұнда мынадай үш түрлі жағдай болуы мүмкін:


  1. Қалдықтарды өңдеу технологиясы жоқ немесе қалдықтардың шамасы халық шаруашылық қажеттен артық болғанда қалдықтарды белгіленген лимит шегінде жиып қойғаны немесе көмгені үшін төлем нормативі:

Рig = Кзigкig/Т,


м±нда: Кзig - қалдық жинайтын g жерде (полигонда) қалдықтың і түрін орналастыруға, залалсыздандыруға (көмуге) қажетті үлестік күрделі қаржы;

Т- полигонды жобалауға, салуға, кењейтуге, қайта ќ±руға, жабдықтауға, қаржы жинауға керекті мерзім. Жергілікті басқару органдары анықтайды;

Ккig - қалдық жинайтын жерді ауыл шаруашылық айналымнан шығарғанда зиянның орнын толтыруға жұмсалатын үлестік күрделі қаржы.
Ккig= (Ззр)S,
мұнда: 33- қалдық жинауға алынған 1 га жерге шығындар, орнына жаңа жер игеру ќ±нымен анықталады;

Зр - 1 га жерді қалпына келтіру шығындары;

S - қалдықтың бір өлшемін (1 т, 1 м3) жинайтын (көметін) жер ауданы.

Белгіленген лимит шегінде қалдықтарды орналастырғаны үшін кәсіпорын төлемі:


J G


Пj=∑∑PigMnijZg1Zg2Ai,

i=1 g=1
м±нда: Mnij – j кәсіпорынның өңдеу технологиясы жоқ і қалдықтарын орналастыру жылдық лимиті;

Zg1Zg2 - қалдық орналастырылатын жердің жағдайын, сипатын ескеретін коэффициенттер;

Ai - қалдықтың і түрінің салыстырмалы қауіптілігін (улылығын) көрсететін коэффициент.

Қалдық жиналатын жер (полигон) қаладан, елді мекендерден, су қоймасынан, сауықтыру аймақтарынан, су қорғау территорияларынан 3 км қашық болса, Zg1=1,0, жақын болса Zg1=3,0. Қалдыќ атмосфераның, су көздерінің тазалығын қамтамасыз ететін арнайы бейімделген полигондарда орналастырылса Zg2=1,0, бейімделмеген жерлерге орналастырылса Zg2=2,0.

Қатты қалдықтарды қауіптілік дәрежесіне қарай 5 класқа бөледі және соған сәйкес Ai коэффициенті белгіленеді.

I класс - өте қауіпті коэффициент балы А – 32;

II класс - қауіптілігі жоғары - 16;

III класс - қауіптілігі орташа - 4;

IV класс - қауіптілігі шамалы - 2;

V класс - қауіпсіз (усыз) - 1.



  1. Өңдеу технологиясы бар, бірақ өндіріс қуаттары жоқ қалдықты орналастырғаны үшін төлем нормативі:

Pi=Ki/T1,


м±нда: Ki - қалдықтың і түрінің бір өлшемін жинау, өндіріске әзірлеу және өңдеу үшін өндіріс қуатын құруға қажетті күрделі қаржы;

T1 - өндіріс қуатын жобалауға, салуға қажетті қаржы жинақтауға керек мерзім, жыл.

Шектелген (лимит) шамада қалдықтарды орналастырғаны үшін кәсіпорын төлемі:

J


Пj=∑р1MnitS.

i=1

3. Қайтарымды шикізат болып саналатын, өндіріс қорларының балансында есептелген, бірақ пайдаланылмаған қалдықтарды орналастырғаны үшін төлем нормативі, қалдықтың бағасына сәйкес анықталады.


Рi = Оi1),

М±нда: Оi - қалдықтың і түрінің бағасы немесе;

С1 - өзіндік ќ±ны.

J

Кәсіпорын төлемі Пj=∑Р1Mnit.


i=1

Қалдықты орналастыру белгіленген шектен (лимитінен) артық болғанда төлем жоғарыда айтылған тәсілмен еселенеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғат қорғау шығындары

  2. Зиянды заттардың келтірілген массасын анықтау



28 - тақырып. Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру

Жоспар:

  1. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандыратын, жауапкершілігін арттыратын экономикалық механизм мен тетіктер жүйесі

  2. Экологиялық қорлар

Лекция мақсаты: Табиғат қорғау шараларын ынталандыру мақсаттарын айқындау

Лекция мәтіні.

1. Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану, оған барлық халық, жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мүдделі болғанда ғана ауқымды және нәтижелі болады. Мүдделілікті экономикалық ынталандыру тетіктері арқылы басқаруға болады. Экономикалық басқару механизмдерін қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Экономикалық жолмен басқарудың ерекшелігі, мұнда ешкімді күшпен зорлап емес, әркімнің өз еркімен табиғатты қорғауға, оның байлығын молайтып, тиімді пайдалануға жұмылдырылады. Табиғи ортаға зиян келтіру, табиғат ресурстарын ысырапқа ұшырату ең бірінші кезекте оған жол бергендердің өзіне тиімсіз болады.

Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері: жоспарлау, шаруашылық есеп және экономикалық ынталандыру. Бұл әдістер баға, қаржыландыру, несие, материалдық сыйлық және жауапкершілік, табиғат пайдалану төлемдері, экологиялық нормативтер, т.б. экономикалық тетіктер арқылы жүргізіледі.

Табиғат қорғауѓа, тиімді пайдалануга ынталадыру мақсатында баға тетігі кеңінен қолданылады. Жалпы баға деңгейі нарық қатынасына сәйкес қалыптасқанымен, оның негізгі құрамды бөлігі - өнімнің өзіндік құны табиғат пайдалану дәрежесіне сәйкес қалыптасады. Табиғат қорғау шығындары өскенде немесе табиғатқа әсер артқанда, төлемдер өскенде, табиғат ресурстары ысырапқа ұшырағанда, өнімнің өзіндік құны артады, таза пайда кемиді.


Өнімнің өзіндік құнының өзгеруіне сєйкес пайданың өзгеруі

А

өзіндік құны

Пайда

В


өзіндік құны

Пайда






С


өзіндік құны

Пайда




Нарық жағдайында тауардың бір түріне баға теңеседі. Ал өнімді шығаруға жұмсалған шығындар әр кәсіпорында әр түрлі. А - орташа шамада, В - жоғары, С - төмен. Осыған сәйкес С кәсіпорынының пайдасы көп, ал А кәсіпорынының пайдасы аз.

Табиғат қорғау шараларын ынталандыру мақсатында материалдық сыйлықтар жүйесі де қолданылады. Ондай сыйлықтар мынандай жағдайдарда берілуі мүмкін:

• ауаға улы газдардыњ, тағы басқа ластаушы заттардың шығарылуы, суға улы ерітінділердің тµгілуі нормада белгіленген шамадан азайтылғанда;

• суды пайдалану (тұтыну) шамасы нормадаѓы мөлшерден (шектен) кемігенде;

• кен өндіргенде оның нормалы жоғалтылатын мөлшерін, ысырабын азайтқанда;

• табиғат қорғау шараларының нәтижесінде топырақтың құнарлылығы арттырылғанда, орманның құндылығы арттырылғанда, т.б.

2. Ынталандырудың қаржы, несие, материалдық сыйлықтар, жеңілдіктер тетіктерін қолдану үшін табиғат қорғау экологиялық қорлары құрылады. Олар кәсіпорындарда, өндіріс салаларында, аймақта және республика бойынша ашылуы мүмкін.

Кәсіпорындардың табиғат қорғау қорлары мына қаржылардан құрылады:

• табиғат қорғау жөніндегі құрылымдар мен күрделі қорлардың амортизациялық аудармалары;

• банкіге салынған экологиялық қорлардың өсімі;

• экологиялық қорларға жұмсалатын кәсіпорын пайдасы;

• экологиялық қорларға алынған несие, орталықтандырылған қорлардан түскен қаржы, көмек қаржылар және ерікті жарналар.

Салық экологиялық қорлар кәсіпорындардың аударымдарынан, ерікті жарналардан, республикалық қордан түскен қаржылардан құрылады.



Жергілікті (аймақтық) экологиялық қорлар:

• кәсіпорындардың экологиялық төлемдерінен, оның ішінде зиянды заттарды атмосфераға шығарғаны, суға төккені және қалдықтарды жерге орналастырғаны үшін төлемдерден;

• табиғат қорғау зањдарын бұзу арқылы келтірілген зиянды өтеуге алынған қаржылардан және оған кінәлі адамдардан әкімшілік жолымен, сот арқылы алынған айып төлемдерден;

• кәмпескеленген құрал-саймандарды және солардың көмегімен алынған өнімдерді сатудан түскен қаржылардан;

• экологиялық бағдарламаларды іске асыруға бюджеттен немесе басқа қорлардан түскен қаржылардан;

• кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың ерікті жарналарынан;

• несиенің өсімінен, экологиялық займдардан және өзге коммерциялық шаралардан түскен қаржылардан құралады.

Республикалық экологиялық қор жергілікті қорлардан түскен қаржылардан және республикалық маңызы бар табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінен құрылады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері

  2. Кәсіпорындардың табиғат қорғау қорлары қандай қаржылардан құрылады?

29 - тақырып. Табиғатты пайдалануды басқару, тұрақты экономикалық даму

Жоспар:

  1. Табиғатты қорғауды және пайдалануды басқару жүйесін жетілдіру

  2. Басқару жүйелері, әдістері, міндеттері

Лекция мақсаты: Табиғат пайдалануды басќарудыњ әдістерін талдап қарастыру

Лекция мәтіні.

1. Табиғат пайдалануды басқаруда қолданылатын әдістердің (тәсілдердің) мынандай түрлерін айтуға болады:



Құқықтық - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық актілер қабылдау, басқарушы мекемелердің, лауазымды адамдардың, халықтың және табиғат пайдаланушылардың міндеттерін, қүзыретін, құқықтарын белгілеу. Табиғат пайдалану, қорғау туралы әкімшілік актілер қабылдау. Әкімшілік актілер орындалуға міндетті және тікелей әсер етеді.

Техникалық ұйымдастырушылық - табиғат қорғау және тиімді пайдалану шараларын техника, технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Ұйымдастырушылық - табиғи ортаны қорғауға табиғатты тиімді пайдалануға байланысты шешімдер даярлау, қабылдау және олардың іске асырылуын ұйымдастыру.

Әлеуметтік-психологиялық - жеке адамдармен, ұйымдармен, ұжымдармен, жалпы халықпен табиғат қорғау турасында үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларға психологиялық әсер ету.

Экономикалық әдіс - баға, тариф, төлемдер, ынталандыру, қаржы, несие, т.б. экономикалық тетіктер арқылы жүргізіледі.

Табиғат пайдалануды басқаруда оптимизация, жүйелеу, сараптау әдістері кеңінен қолданылады. Табиғат пайдалану саласында қолданылатын техника мен технология, табиғат қорғау бағдарламалары, жоспары, табиғат пайдалану жобалары, шығарылатын өнімдер, іс-әрекеттердің табиғатқа сыйымдылыѓы, шығарылатын қалдықтар, табиғатқа келтірілетің єсерлер міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді.

2. Табиғат қорғауды, пайдалануды басқару Қазаќстан Республикасының зањдарына, президент жарлықтарына, үкімет шешімдеріне сәйкес ±йымдастырылады. Қазақстан Республикасында конституция, меншік және жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдардан басқа табиғат қорғау жөнінде мынандай заңдар (кодекстер) қабылданған:

• Атмосфералық ауаны қорғау туралы заң (1980);

• Жер кодексі (1990);

• Жер реформасы туралы заң (1991);

• Қоршаған ортаны қорғау туралы заң (1991, 1997);

• Халықтың денсаулығын сақтау туралы заң (1992);

• Жер қойнауы және минералдық шикізатты ұқсату туралы Кодекс (1992);

• Орман кодексі (1993);

• Су кодексі (1993);

• Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заң (1993).

Ұлттық аймақтың, жергілікті табиғат қорғау бағдарламаларында басты стратегиялық бағыттар айқындалады. Олардың қатарында:

• денсаулыққа, экологияға зардапсыз ортаны сақтау, халықтың әлеуметтік, психологиялық амандығын қорғау;

• бірқалыпты әлеуметтік-экономикалық даму үшін табиғатты ұтымды, сарқылтпай пайдалану;

• табиғаттың қалпына келу және оны пайдалану теңдестігін сақтау;

• жеке аймақтардың және әлемдік деңгейде биосфералық теңдестіктерді сақтау;

• табиѓатта кездесетін барлық тұқым түрлерін саќтау.

Осы маќсаттарѓа жету үшін басты міндеттер белгіленеді. Олар:

• табиғат қорғау шараларын ұдайы жүзеге асыру, табиғат ресурстарын үнемдеу, экологиялық талаптарды қатаң сақтау, өнеркәсіпті кешенді, қалдықсыз және аз қалдықты тохнологияға көшіру, қалдықтарды ұтымды пайдалану, қалпына келетін табиғат ресурстарын ұлғаймалы ұдайы қалпына келтіру (өсіру), т.б.;

• бірыңғай табиғат қорғау заңдар жүйесін құрып, нормалар мен стандарттар жүйесін жетілдіру;

• өндірісті орналастыруды, табиғат ппйдалануды, оның қорын молайтуды экологияяық негізде жүзеге асыру;

• табиғат пайдалануды басқарудың экономикалық механизмі мен тетіктерін жетілдіру;

• табиғи ортаның жай-күйін бақылаудың бірыңғай автоматты жүйесін құру;

• экологиялық білімдерді жетілдіріп, халықтың, қоғамдық ұйымдардың табиғат қорғау белсенділігін арттыру;

• халықаралық келісімдер негізінде барлық мемлекеттермен, ұйымдармен бірлесіп табиғат қорғау жұмыстарын дәйекті жүргізу. Табиғат қорғау және тиімді пайдалануды жоспарлаудың басты мақсаты - табиғи ортаның теңдестігін сақтау, табиғат ресурстарының үнемделуін, молаюын, тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.



Жоспарлаудың басты нысандары:

1) жоспардың ғылыми негізділігі;

2) қоғамдық, ұжымдық және жеке табиғат пайдаланушылардың мүдделерінің үйлесімдіпігін қамтамасыз ету;

3) аймақтың, өндіріс салаларының, жалпы ұлттық мүдделерді және халықаралык, талаптарды ескеру;

4) жоспарлаудың үздіксіздігі.

Табиғат пайдалануды басқаруда, әсіресе әкімшілік жолмен реттеуде нормативтер мен стандарттар ерекше орын алады.



Технологиялық стандарттар - әрбір өндіріс процестеріне немесе тазалау қондырғыларына белгіленеді. Стандарт бойынша табиғат қорғау технологиясы үлгілік технологияға сай болуы керек.

Өнімдердің сапасының стандарттары - азық-түлікте, суда, тұтыну тауарларында зиянды заттардың, қоспалардың болмауын реттейді.

Тыйым салу. Егер белгілі бір өндіріс, ресурстар, технология табиғи ортаға зиянды әсер ететін болса және оның зиянды әсерін жою шаралары тиімсіз болса, оларға тыйым салу шарасы қолданылады.

Табиғи ортаның тазалық нормативтері: санитарлық-гигиеналық; санитарлық қорғау; экологиялық; өндірістік шаруашылық жүйелеріне бөлінеді.

Санитарлық-гигиеналық нормативтер - ластаушы заттардың ауада, суда, топырақта зиянды физикалық әсерлердің - тербеліс, шуыл, электромагниттік және радиоактивтік сәулелердің адам организміне қазіргі кезде және болашақта зиянды әсер етпейтін мөлшері, сондай-ақ улы заттардың (дәрінің) дозалық шамасы.

Санитарлық қорғау нормативтері - адамның денсаулығын, ішетін судың, тағамның тазалығын зиянды заттардан қорғауға арналады.

Экологиялық нормативтер - антропогендік әсерлердің табиғи ортаға залал келтірмейтін шегін белгілейді. Олардың құрамына экологиялық-гигиеналық және табиғи ортаға әсер ету нормалары кіреді. Кейбір тірі организмдер табиғи ортаның тазалығына адамнан да сезімтал келеді. Сондықтан нормалар олардың қалыпты жағдайда өмір сүру жағдайын ескеріп белгіленеді.

Нормативтер жүйесі табиғи ортаның жұтаңдамауын, экологиялық байланыстардың бұзылмауын, табиғат байлықтарының қалпына келуін, молаюын көздейді. Бұл нормативтер белгілі табиғат кешеніне антропогендік әсерлердің ғылыми дәлелденген шегі болып табылады.



Өндірістік шаруашылық нормативтері кәсіпорындардың өндірістік әрекеттерінің табиғи ортаға әсерінің шегін белгілейді. Оларға технологиялық, қала құрылысы, рекреациялық, т.б. шаруашылық нормативтері жатады.

Технологиялық нормативтер - зиянды заттарды ауаға шығару, суға төгу, жер бетінде орналастыру, отын жағудың жол берілетін шекті шамалары. Нормативтер табиғи ортаға ластаушы әрбір көзге белгіленеді және өндіріс түрімен, ластаушы заттардың сипатымен, шамасымен байланысты болады.

Құрылыс және қала құрылысы нормативтері - қалаларды және басқа елді мекендерді жоспарлау, жобалау және салу кездерінде экологиялық қауіпсіз дікті қамтамасыз ету үшін белгіленеді.

Рекреациялық нормативтер - табиғат кешендерін пайдалану шектерін белгілейді.

Табиғат қорғау, пайдалану нормативтері тұрақты немесе уақытша белгіленеді. Кейбір объективті себептермен тұраќты нормативтер белгілеу мүмкін болмағанда, уақытша нормативтер тағайындалады. Ғылыми-техникалық жетістіктерге сүйеніп нормативтер ұдайы қатањдату бағытында өзгертіліп отырады. Өзгерту мақсаты - табиғи ортаға зиянды әсерлерді неғұрлым азайту.

Табиғат пайдалануды басқарудың тағы бір маңызды тетігі - экологиялық сараптама. Табиғат пайдалануға байланысты барлық болжамдар, түжырымдамалар, жобалар, жоспарлар, нақты шаруашылық жєне іс-әрекеттер, техника мен технология, өнімдер, пайдаланатын шикізат, материалдар, отын-энергия, шығарылатын қалдықтар міндетті түрде Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді. Ішетін су, тағамдар, дәрі-дәрмек, т.б. адамның денсаулығына тікелей әсер ететін өнімдер, процестер санитарлық-экологиялыќ сараптамадан өтеді. Қажет болған жағдайда қоғамдық экологиялық сараптамалар ±йымдастырылады. Сараптамалардың негізгі мақсаты табиғатқа, адамның денсаулығына зиянды әсерлердің алдын алу, оларды болдырмау.

Бақылау сұрақтары:


  1. Жоспарлаудың басты нысандары

2. Өндірістік шаруашылық нормативтеріне не жататды?


30- такырып. Табиғатты қорғаудың бүкіл әлемдік және халықаралық мәселелері

Жоспар:

  1. Әлемдік ластауларды болдырмау шаралары

  2. Табиғат ресурстарының сарқылуы туралы пікірлер

Лекция мақсаты: Табиғи ортаны қорғауда халықаралық мәселелерді қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Табиғи ортаны қорғауда халықаралық қандай мәселелер туындайды? Мысалы, атмосфералық ауа және мемлекетаралық су айдындарын пайдалану, қорғау мәселесін алайық. Ауаны, суды ешбір мемлекет бөліп алып бір елдікін екіншісіне байланыссыз ете алмайды. Бір елдегі ауаның, судың ластануы екінші елге зиянын тигізеді. Сондықтан, мұндай мәселелер халықаралыќ дәрежеде шешілуі тиіс. Мысалы, Балтық теңізін, Қара теңізді, Каспий теңізін ќорѓау бірқатар елдердің бірлесіп шешіп жатқан мәселелері.

Мемлекетаралық суларды қорғауда бірқатар халықаралық шешімдер қабылданды (Ертіс, Іле, Талас, Еділ - Жайық өзендері, Каспий, Арал теңіздері).

Ядролық сынақ әсері көптеген көрші елдерге зиянын келтіреді.

Ғарыш кеңістігі, әлемдік мұхиттар халықаралық нормаларға сәйкес қорғауды талап етеді. Барлық елдер табиғи ортаны қорғауға көмектесуі керек. Табиғи ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысы осыған сәйкес құрылады. Біріккен ұлттар ұйымының жанынан құрылған бірнеше халықаралық ұйымдар бар.

UNEP (United Nations Environtment Programme).

ЮНЕП (Табиғи ортаны қорғау бағдарламасы).

IUCN (Іnternational Union for Conservation of Nature).

ИЮКН (Табиғи ортаны қорғау халықаралық одағы).

WWF (Wildlife Fund).

ВВФ (Жабайы табиғатты қорғау әлемдік қоры).

ЮНЕП басқарушы Кеңесі Найроби (Кения) қаласында орналасқан. Бағдарлама бойынша мынандай тақырыптармен жұмыс жасалады: елді мекендер және табиғи орта; құрлықтағы экология жүйелері; табиғи орта және оның дамуы; мұхиттарды ластанудан және ондағы биоқорларды қорғау; табиғи ортаны қорғауды кешенді басқару; халықаралық құқық және табиғи ортаны қорғау; табиғи ортаны қорғау турасында білім беру. Мұнда экономикалық зерттеулер де жүргізіледі. Мысалы, табиғатты қорғау шығындары және тиімділігі зерттеледі. Жер бетіндегі тіршілікті сақтау мақсатында бүкіләлемдік табиғатты қорғау стратегиясы жасалды. Мұнда тіршілікті сақтаудың басты бағыттары және оған қажетті ұлттық, халықаралық қаржылар айқындалады. Бағдарламаның құрамына табиғатты қорғау жоспарлары, құқықтық қорғау нормалары, тәжірибе жинақтау және ғылыми-зерттеу жұмыстары кіреді. Ғылыми еңбектер жарияланып тұрады. Жинақтың жалпы атының аудармасы -Табиғат қоры және табиғи орта.

ЮНЕСКО (ғылым, білім және мәдениет бойынша) бағдарламалары: "Адам және биосфера", "Адам табиғи ортада" т.б.

ВОЗ (World Health Organization - WHO). Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы - табиғи ортаны сауықтыру, атмосфераны тазартү, атмосфералық тазалық көрсеткіштерін, ластанумен күресу шаралары, т.б. мәселелерді зерттейді.

Халыкаралыќ Аграрлық және азықтық ұйым (FAO – Ғооd and Agriculture Organization) - азықтық табиғат қорларын, табиғатты қорғау нормаларын және бұл мәселелер бойынша халықаралық келісімдерді зерттейді.

Аталғандардан басқа: Халықаралык ғалымдар одағы (МСОП), қоршаған орта жөніндегі ғылыми комитет (сkone), қоршаған орта мониторингінің глобалды жүйесі (ГСМОС), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО), халықаралық океанографиялық комитет (МОК) жұмыс істейді.

Табиғат қорғау мәселелері халықаралық конференцияларда, келісімдсрде талқыланып тұрады.

1975 жылы Хельсинкиде Еуропаның 33 мемлекеті АҚШ, Канада басшылары қорытынды актіге қол қойып, ауаның ластануына қарсы күресті, тұщы су мен теңіз суларын, топырақты, тірі организмдерді қорғауды, қорықтар құру, табиғи ортаны жақсарту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын халықаралық ынтамақтастық негізінде, халықаралық багдарламаларға сәйкес жүргізуге келісті.

Тењіз қорын пайдалану құқы, теңіз жағалаулары, балық аулау, халықтың өсімі, экологиялық білім беру, жердің тақырлануына қарсы күрес туралы, т.б. мәселелер бойынша конференциялар өткізілді.

Б¦¦ 1972 жылы Стокгольм конференциясында табиғи ортаны қорғау туралы халықаралық Жарғы қабылданды.

БҰҰ 27 Бас Ассамблеясы 5 маусымды Дүние жүзі табиғи ортаны корғау күні деп жариялап, ол күн жыл сайын аталып өтеді.

Ай және ғарыш келісімдері бойынша онда ядролық қаруды сынамау, жасанды жер серіктерін жою әрекеттерін жүргізбеу турасында шешімдер қабылданды.

Атмосферада және жер бетінде ядролық қаруды сынамау туралы келісімдерге қол жетті. Химиялыќ және бактериологиялық жаппай қырып жоятын қаруларды қолдануға тыйым салынды. Желдің бағытын өзгертуге бағытталған шараларды жүргізуге тыйым салынды. Теңіздерді мұнаймен ластауға қарсы келісімдер бекітілді. Халықаралық келісімдер бойынша ашық теңіздерде балық аулау тәртібі реттелді. Мұнда балық аулау мөлшері, құралдары, мерзімдері шектеледі. Жойылып бара жатқан балық, аң, құстар түрлері бойынша оларды қорғау тәртібі, аулауға қарсы шаралар белгіленді. Өсімдік түрлері бойынша да сондай келісімдер бар.

Жыл құстарын қорғау туралы арнаулы конвенция қабылданған.

Халықаралық келісімдермен қатар, мемлекетаралық келісімдер бар.

Қазіргі табиғат пайдалану масштабына, өнеркәсіптің табиғи ортаға әсерінің күшеюіне байланысты барлық елдерде өзгерістер жүргізіліп жатыр. Оның басты элементтері: шаруашылықтың экологияға әсерін ескеру, табиғат ресурстарын үнемдеу, табиғат пайдалануды мемлекет тарапынан басқару, табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру.

2. Табиғат байлығын игерудің қарқыны, табиғи ортаның ластануы, табиғат пайдаланудың болашағы туралы әр түрлі теориялар туғызды.

Олардың ішінде әсіресе көп тарағаны табиғат байлығының сарқылатыны туралы, өнеркәсіпке шикізаттың жетіспеушілігі туралы, оның ішінде минералдық шикізат пен отын қорының жетіспеушілігі туралы жорамалдар. Бұл теорияға дәлел ретінде ашылѓан минералдық шикізаттың таусылуы, жердің құнарлығының кемуі, ормандардың кесіліп жойылуы, тұщы су қорының азаюы, т.б. фактілер келтіріледі.

Мысалы, "Рим клубы" деп аталатын Италия кәсіпкері Аурелио Печчей құрған ±йымның теориялары (Дж. Форрестор, Д. Медоуза) бойынша ашылѓан пайдалы қазба байлықтар таяу уақытта таусылады, оның үстіне өнеркәсіптің, жалпы шаруашылықтыњ дамуын табиғи ортаның ластануы шектейді. Соның нәтижесінде XXI ғ. тоқырау басталады. Халықтың өсімі кемиді, апаттар болады деп есептеледі. Олардың ойынша ең тиімді вариант капиталды ауыл шаруашылығына бағыттау, халықтың өсуін тоқтату және өнеркәсіпті тек тозған құрал жабдықты жаңарту дәрежесінде ғана дамыту.

БҰҰ-ның тапсырмасымен жұмыс істеген мамандардың қорытындысы бойынша әлемдік экономикалық прогресс ұзақ уақытқа созылды. "Әлемдік экономикалық болашағы" деген ұжымдық еңбек (жетекшісі Америка экономисі - В. Леонтьев) бойынша 2000 жылға дейін табиғат ресурстарының қорының тапшылығы болмайды. Елдердің экономикаларының дамуының жылдық қарқыны, 3,3-9% болады деп есептейді. Сонымен қатар дамыған елдер мен дамушы елдер экономикасының арасы жақындай түседі деп санайды.

1980 жылы үлкен ұжымдық еңбек "Табиғатты қорғаудың бүкіләлемдік стретегиясы" жарияланды. Ол еңбек халықаралық табиғатты қорғау одағының Бас ассамблеясында талқыланып қабылданды. Онда жерді, орманды пайдаланудың қазіргі жағдайы сақталса, таяу 20 жылда егісгік жердің 1/3%-і жарамсыз болатыны, орманның 2 есе азаятыны, ал халықтың саны 1,5 есе өсетіні туралы ескерту жасалды.

Америка ғалымы Д.В. Нордхауздың "Табиғат қоры өсудің шектеушісі" атты еңбегінде жерден алуға болатын минералдық шикізат қорының қазіргі ашылған қорынан әлдеқайда көп екені және бүгінгі қарқынмен ұзақ уақыт пайдалануға жететіні түралы дәлелдер келтірілген (Мысалы, көмір - 5119, мыс - 340, темір -2657, алюминий - 6866 жылға жетеді деп есептейді).

Және бұл жердегі пайдалы қазбалар қорының шегі емес, тек қана оның 0,01 %-і ғана. Жалпы қор миллион жылдарға жетеді деп есептейді.

В. Нордхауздың пікірінше, адамзат қазба байлықтармен өте шексіз ұзақ мерзімге қамтамасыз етілген. Тіпті отын бағасының жылма-жылғы 2,2% артуы да өнеркәсіптің тоқырауын туғызбайтыи көрінеді, өйткені еңбек өтімділігі 2,5% өседі деп есептейді. Бағаның өсуі тек қана отын қорын үнемдеп пайдалануды туғызады дейді.

Сонымен қорытындылай келе, мынаны айтуымызға болады: әлемде табиғат байлығы таяу уақытта таусылады дел айтуға негіз жоқ. Сонымен қатар, адамзат, жан-жануарлар өміріне, жалпы тіршілікке, табиғатқа қауіп төндірмеу үшін табиғи ортаны қорғап, табиғат байлығын тиімді, үнемдеп пайдалана білуіміз керек. Бұл іске барлық мемлекеттердің, барлық халықтың күш-жігері жұмылдырылуы тиіс.

Бақылау сұрақтары:


  1. Табиғатты қорғаудың бүкіләлемдік стретегиясы

  2. Табиғат пайдалануды мемлекет тарапынан басқару



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет