Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 8 Лабораториялық: обс¤Ж: СӨЖ: 97



бет9/14
Дата24.02.2016
өлшемі1.67 Mb.
#14974
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Ресейде басыбайлық құқын жою: Қырым соғысынан кейін бүкіл дүние жүзі алдында Ресейдің техникалық және экономикалық, мешеулігі басыбайлық салдары екендіген көз жетті. Шаруаларды феодалдың қанауы жер өндірушілердің ынтасын тұсаулады, ауыл шаруашылығының дамуын бұғаулады, капиталдың құралуына кедергі жасады, техниканың дамуын және таралуын тежеді, бос еңбек күшін пайдалануды қиындатты.

Қырым соғысы еңбекшілердің жағдайын нашарлатты. Басыбайлық құқын жою туралы мәселе ХІХ ғасырдың ортасында қоғамдық-идеялық күрестің туы болды. Шаруалардың мүддесін қорғаушылардың оларды шын мәнінде босату үшін күрескерлердің алдыңғы легінде Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбов А.И.Герцен мен Н.П.Огарев сияқты революционер – демократтар тұрды.

Басыбайлық құқын жоюдың негізгі заңды құжаты болып табылатын 1861 жылдың 19 ақпаны күні қабылданған «Ережелер» Ресейдің 45 губерниясындағы басыбайлық тәуелділіктен шығатын шаруалардың экономикалық және құқылық жағдайын анықтады. Сондықтан феодалдық- басыбайлық қалдықтарына қарсы күрес, помещиктердің қолындағы жер үшін күрес- реформаланған кезеңдегі шаруалар қозғалысының мазмұны осы болды. 1861 жылғы реформа 1905 жылғы революцияға ұласқаны кездейсоқ емес.

Барлық теріс жақтарына қараиастан, 1861 жылғы реформа Ресей тарихындағы ірі бетбұрыс болды. Ол Ресейдің буржуазиялық монархияға айналу жолындағы қадамы еді. Баяу болса да, бірте-бірте капиталистік өндірістік қатнастар қарқын алып, дами түсті.

Баќылау с±раќтары:

1.І Александрдің либералды саясаты

2.Напалеоннің Ресейге жорығы.1812ж Отан соғысы

3.Декабристер қозғалысы

4.ХІХғ Ресей
14 лекция. Таќырыбы: ХІХғ 40-60жж жылдарындағы халықаралық жұмысшылар қозғалысы

Жоспары:

1.ХІХғ 30-40жж жұмысшылар қозғалысының дамуы, олардың бытыраңқы сипаты

2.Марксизм ілімінің туындауының тарихи алғышарттары мен едеялық қайнар көздері

3.І Интернационалдың құрылуы мен қызметі


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4

Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1

Лекция маќсаты: ХІХғ 40-60жж жылдарындағы халықаралық жұмысшылар қозғалысы туралы түсінік қалыптастыру

Лекция мєтіні :

Жұмысшылардың бұқаралық интернационалдық ұйымы Бірінші Интернацоналды құрудың тарихи жағдайлары. «Пролетариаттың халқаралық тұңғыш ұйымы – «Комунистер одағы» әр түрлі елдердің жұмысшыларының халқаралық ынтымақтастық идеясын жариялаған болатын. Бірақ «Комунистер одағының» не бары жүздеген мүшесі ғана болды, соныдықтан бұқаралық ұйым бола алмады, өйткені 1848-1849 жылдардағы революциялар кезінде жұмысшыларға утопиялық социализм мен ұсақ буржуазиялық демократтар күшті ықпал етті.

1848-1849 жылдардағы революциялардан кейін жаңа экономикалық өрлеудің басталуына байлансты жақын арада жаңа революциялық толқу болады деп күту қиын болғандықтан, К.Маркс комунистерінің жұмысшылар бұқарасымен байланысын нығайту жолында ұзақ уақыт жүргізетін жұмысқа көшу қажет деген қорытындыға келді.

Капитализімнің дамуы болашақта бұқаралық жұмысшы қозғалысының жаңа өрлеуін туғызбай қоймайтындығына Маркс кәміл сенді және солай болып та шықты. 50-60 жылдары капиталистік өнеркәсіптің өсуі Батыс Еуропа мен АҚШ-тағы алдыңғы қатарлы елдеріндегі жұмысшы табы санының тез өсуіне мүмкіндік туғызды. Шамамен әрбір 10 жыл сайын қайталанып тұратын артық өндіру экономикалық дағдарысы кезінде жұмысшылардың жағдайы ерекше нашарлап кетті.

Ірі бұқаралық стачкалар кезінде кәсіпкерлер, әсіресе ағылшын кәсіпкерлері олардың орнына басқа елдерден жұмысшыларды шақырды. Мұның өзі жұмысшылардың өз таптық мүдделерінің ортақтығын және капиталистерге қарсы күресте пролетариаттың интернационалдық ынтымақтастығының қажеттігін түсінуге жағдай жасады. Жұмысшылар ереуілшілерді өз елінде де, шетелде де қолдап отырды, оларға жәрдем ретінде едәуір қаржы жинап берді.

Пролетариат өзінің экономиалық күресін, демек жұмыс күнін қысқарту жалақыны көбейту , еңбек жағдайларын жақсарту жолындағы күресті күшейте түсті.

Дүниежүзілік тарихтың басты оқиғалары, әсіресе Европа мен Қытайда буржуазиялық-демократиялық және ұлт-азаттық қозғалыстардың өрлеуі, Россияда крепостниктік правоның жойылуы, АҚШ-тағы азамат соғысы алдыңғы қатарлы жұмысшылардың саяси өмірге қатысу жөніндегі ынтасын арттырды.


  1. жылы Польшада көтеріліс бұрқ ете түсті. Оған орыстың және батыстың революцияшыл демократтары мен алдыңғы қатарлы жұмысшылары зор тілектестік білдірді, бірақ патша үкіметі көтерілісті аяусыз басып тастады. Ирландияда ағылшынның отарлық езгісіне қарсы азаттық қозхғалысы өрши түсті. Бұл оқиғалар алдыңғы қатарлы жұмысшыларды саяси күреске қатысуға итермеледі, олардың капиталистік қанау мен ұлттық езгіге қарсы күресте әр түрлі елдер пролетариатының мүддесі ортақ екені жөніндегі санасын дамытты.

Сонымен, капиталистік өнеркәсіптің одан әрі дамуы барысында капиталистік қанауға, буржуазия мен помещиктердің саяси езгісіне қарсы күресте, ұлттық езгі мен басшылық соғыс өсіп отырған жағдайда жұмысшылардың интернационалдық ынтымақтастығы барған сайын анық көріне бастады. Әр түрлі елдер жұмысшыларының қимылын біріктіру үшін пролетаритаттың интернационалдық бұқаралық саяси ұйымы қажет еді.

І Интернационалдың негізін қалау. 1864 жылы 28 қыркүйекте Лондонда жұмысшылардың үлкен халқаралық митингісінде Жұмысшылардың Халқаралық Серіктігін құру туралы шешім қабылданды. Бұл кейінен І Интернационал деп аталды. Жиналысты басқарушылар арасында, президум столы басында Карл Маркс отырды. Жиналыс Комитет сайлады, оның құрамында неміс жұмысшылары өкілі ретінде Маркс те кірді. Бұл комитет кейін І Интернационалдың Бас советі деп аталды. К.Маркс Жұмысшылардың Халқаралыө Серктігінің іс жүзіндегі басшысы болды.

Жұмысшылардың халқаралық Серіктігін ұйымдастырудың мақсаттары мен себептері.

Маркс І Интернационалдың «Құрылтай манифесі» деген негізгі програмалық документін жазды. Оны бас совет бірауыздан бекітті. Пролетариаттың социалистік қоғамдағы сыртқы саясатының принципі - бейбітшілік, өйткені баршаның бір ғана әміршісі болмақ,- ол- еңбек.

Жұмысшы табының мақсаты оның «экономикалық азаттығы» ал саяси күрес осы ұлы мақсатқа жеткізетін құрал болуға тиіс. Жұмысшылардың Халықаралық Серіктігі әр түрлі елдердегі жұмысшы қозғалысының күштерін жұмысшы табын дамытып, оны толық азат ету біріктіруге тиіс.

«Құрылтай манифесі», «Комунистік партияның манифесі» идеяларын одан әрі дамытты және капитал мен ұлттық езгіге қарсы күресте жұмысшылардың халықаралық ынтымақтастығы қажеттігін көрсетті.

Жұмысшылардың Халықарылық Серіктігі құрылған кезде әр түрлі елдердің пролетариаты дамудың түрліше кезеңінде болды. Оны ұйымдастыру ыормалары мен оған қатысушылардың көзқарастары бірдей болмады, сондықтан да І Интернационалға әр түрлі типтегі ұйымдарды - кәсіподақтарды, кооперативтік бірлестіктерді, саяси топтарды қабылдау жөнінде шешім алынды. І Интернацоналға қабылданған кез келген ұйымға кіргендердің әрқайсысы оның мүшесі болып саналды. І Интернационалдың әр елдегі бастауыш ұйымдары оның секциялары болып аталды.

І интернационалдың жоғары органы крнгрес болды, оған секциялар өкілдері жиналды. Конгрес І Интернационалдың атқарушы органы болып табылатын Бас Советі сайлады. Секциялар конгрестер аралығында Бас Советке бағынды. «Комунистер одағындағы сияқты» І Интернационалдың уставы да демократиялық централизм принципінде құрылды.


Баќылау с±раќтары:

1.ХІХғ 30-40жж капиталистік қоғам қайшылықтарының шиеленісуі

2.Коммунистер одағының құрылуы мен қызметі

3.ХІХғ 50 жжбасы мен 60жж жұмысшылар қозғалысының өрлеуі



15-лекция. Таќырыбы: ХҮІІғ аяғы мен ХІХғ 60жылдарындағы мәдениеттің дамуы

Жоспары:

1.Жаратылыс ғылымдары мен техника

2.Әдебиет

3.Музыка


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4

Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1



Лекция маќсаты: ХҮІІғ аяғы мен ХІХғ 60жылдарындағы мәдениеттің дамуын қарастыру.

Лекция мєтіні:

XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қоғамдық санада күрделі өзгерістер болып өтті. Жаратылыстану ғылымдарының дамуы, қоршаған дүниені игерудегі жетістіктер көптеген оқымыстыларды адамның таным мүмкіндіктері туралы көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр етті. Осының нәтижесінде адамның бұрынғы сенім-нанымдары адамның ақыл-ойын бұғаулайды, өзінің шексіз мүмкіндігін пайдалануына кедергі жасайды деген қорытындыға келді. Нақты және гуманитарлық ғылымдардың көмегімен алынған білім коғамды жақсартуға қабілетті күш деп жарияланды. Діни немесе саяси бедел иесіне негізделген көзкарастар теріске шығарыла бастады.

Ағылшын философы Джон Локктың пікірі бойынша, барлық білім тәжірибеден жинақталады, соның негізінде ақыл-ой төртіпке келтіріледі. Адамда жоғары тұрған күштің, яғни Құдайдың барлығы туралы туа біткен түсінік болмайды. Локк баланың санасы таза парақ секілді, кейін оған өмірлік тәжірибелер өз таңбасын түсіреді деп тұжырымдады. Адамдар табиғатынан тең бол-ғандықтан, философ барлық адам үшін бірдей еркіндік пен құқық болуын талап етті.

Француз ойшылдары Монтескье, Д.Аламбер, Дидро, Волътер көзқарастары Локк тұжырымдамаларына сәйкес келгенімен, көп жағдайда бір-бірінен қашық кетіп отырды. Олардың бәріне тән нәрсе — адам ақыл-ойының құдіреттілігіне және адамның дүниені жақсарту қабілетіне деген сенімдері болды. Ағартушылың идеология өмірдің көптеген жақтары мен өнер салаларында: көркемөнер түрлерінде, жанрларында, бағыттарында көрініс тапты.

Коперниктің көзқарастарын бөліскен тамаша ғалым Галилео Галилей (1564—1642) механика, физика және астрономия салаларында көптеген жаңалықтар ашты. Ол әлемде түңғыш рет өзі жасаған телескоп арқылы аспан әлемін бақылады. Нәтижесінде: жай көзбен қарағанда аспанда көрінбейтін жүлдыздардың әлдеқайда көп екендігі; Айдың бетінде Жердегі сияқты таулар болатыны, Күн бетінде дақтар бары; Юпитердің серіктері бар екені анықталды. Көптеген бақылаулар Коперник пен Бруно көзқарастарының дұрыстығын дәлелдеді.

Осыдан кейін Галилей «Әлемнің басты жүйелері—Птолемейлік және Коперниктік туралы диалог» деп аталатын жеке еңбегін жариялады. Коперниктің көзқарастарын автор өз атынан


емес, еңбегінің кейіпкер арқылы жеткізгенімен, бұл сақтығы оны сақтап қала алмады. 1633 жылы
қарт Галилей инквизиция сотына тартылды. Азаптау, дарға асу қаупі оны өз көзқарастарынан бас тартуға мәжбүр етті, дегенмен ғалым өле-өлгенше ғылыми іздешстерін тоқтатқан жоқ.

Ғылымдар тарихындағы бүтін бір кезеңді ағылшын ғалымы Исаак Ньютон еңбектері құрайды. Өзіне дейінгілердің жетістіктеріне сүйене отырып, ол әлемнің жаңа келбетінің пайда болуын, математика мен механиканы қоса отырып негіздеді.

Өзінің ең басты «Табиғат философиясының математикалық принциіптері» (1687) деген еңбегінде ғалым әлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Ньютон бүкіл табиғат математика мен механиканың накты заңдарына бағынышты деп оқытты. Ол механикалық қозғалыс және жарықтың таралу заңдарын, математикалық есептеулердің жаңа әдістерін ғылымға енгізіп, көптеген жаналықтар ашты. Ньютонның жаңалыктары ғылымның дамуына ғана емес адамдардың дүниетанымнаа да орасан зор әсер етті.

XVII ғасырдағы Еуропа ғылымы мен мәдениетіндегі елеулі құбылыстардың бірі — неміс ғалымы және философы Готфрид Вильгелъм Лейбниц (1646—1716) шығармашылығы болды. Оның мүдделерінің кеңдігі таңғаларлық ол сол кезеңдегі ғылымның барлығымен айналысып, физика мен геологияда, заңғылымымен тарихта өзінің ізін қалдырды. Әсіресе математика саласына сіңірген еңбегі орасан. Ньютонмен бір мезетте, бірақ басқа тәсілдер арқылы дифференциалдық және интегралдық есептеулердің негізін қалады. Ол жасаған есептеуіш машинаға бүкіл Еуропа таңдай қакты, бу двигательдері идеясы да оған тиесілі. Ғұлама ойшыл барлық ғылымдарды біріктіретін ортақ негіздерге көңіл аударып, білімдердің бірлік идеясын әзірледі. Философиядағы жаңа идеялар. Астрономия саласындағы жаңалықтар әлемнің құрылымы антикалык және шіркеулік бедел иелерінің уағыздағанынан әлдеқайда бөлек екендігін дәлелдеді. Ізденімпаз ойшылдар: «Шындығында, әлем неден тұрады, оны қандай заңдар билейді?» деген сұрақтарға жауап іздей бастады. Әлемді математика мен механика көмегімен түсіндіруге, сипаттауға талпыныстар пайда бола бастады. Тәжірибе мен сынаққа көбірек көңіл аударылды, дегенмен сана әлі де болса өз өктемдігін жүргізді. XVII ғасырдың ұлы ғалымдары мен философтары діни сенім адамдары болды, бірақ та олардың сенімдері ғылыми еңбектері мен өздерін шіркеулік қудалаулардан сақтап қала алмады.

Ағылшын философы, мемлекет қайраткері Фрэнсис Бэкон (1561—1626) үлгілі қоғам жөне мемлекет, адам бақыты, ғылымдардьщ дамуы төңірегінде ойлап, еңбектер жазған. Фрэнсис Бэконның «Жаңа Атлантида» кітабында таңғажайып арал тұрғындары бақытының негізі, белгілі ағылшын гуманисі Томас Мор ойлағандай әділетті қоғам құруында емес, техникалық өнертабыстары болатын. Бэкон ғылымның басты мақсаты адамның табиғатқа өктемдік жүргізу жолдарын іздеп табуында дейді. Ол дүниені танып-білу жолдарындағы барлық кедергілерді жоюға болатындығын, ғылымның гүлденуіндегі басты мәселе теорияны бақылау мен сынақ негізінде құру және оны тәжірибе арқылы тексеру деп білді. Ойшылдың еңбектері эмпиризмнің дамуына жол ашты.

Эмпиризм (грек. етреіrіа — тәжірибе) дүниені танудың бірден-бір көзі—түйсіну және сезімдік тәжірибе деп есептейтін философиялық бағыт.

Ұлы француз философы әрі математигі Рене Декарт (1596—1650) Бэконға қарағанда тәжірибеге, бақылауға және сезім органдары арқылы қабылдауға сын көзбен карады. Оның таным процесіне көзқарасы рационализм идеясына негізделді. Математик ретінде Декарт геометрия саласындағы еңбектерімен, ғылымға «Айнымалы шамалар» ұғымын енгізумен белгілі. Философ Декарт әлемді танып-білудегі адам санасының мүмкіндіктеріне сенді, әлемнің құрылысы туралы діни көзқарастарын математикалық тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Декарттың көзқарастары Еуропадағы ғылым мен философияның дамуына зор ықпал етті.

Ұлы неміс астрономы Иоганн Кеплер 1571 жылы 27 желтоқсанда Германияның шағын Вейльдер-Штадт құлашығында дүниеге келді. Оның еңбектерінің құндылығы тек планета қозғалысы заңдарын ашумен ғана шектелмейді. Кеплердің басты еңбегінің бірі—ол Коперниктің әлем жүйесі туралы ойларының астрономияға орнығуына көмектесті, бұл үшін ол кезде үлкен батылдық керек еді.

Кеплер физикаға да елеулі үлес қосты. Ол тартылыс табиғатын түсінуге жуықтап барды, физикаға «инерция» терминін енгізді. Инерцияны тыныштықта тұрған дененің қозғалысқа қарсыласу құбылысы деп есептеді. Г.Галилей былай деп жазды: «Мен Кеплерді оның еркін және терең ойы үшін әрқашанда жоғары бағалаймын».

Суретшілер. XVIII ғасырда француз сарай кескіндемешілері—Антуан Ватто (1684—1721), Франсуа Буше (1703—1770), Оноре Фрагонар (1732—1806) өздерінің асқан шеберліғімен танымал болды. Олардың картиналарының басым бөлігі—ақсүйектердің портреттері, лирикалық көріністер мен пейзаждар, мифологиялық сюжеттерден құралатын. Мысалы, сол кезеңнін өкілі Жан-Батист Симеон Шарденнің (1699—1779) полотноларынан біз шаруалар мен қолөнершілердің, қызметші әйелдердің бейнесін—қарапайым халықты көреміз.

Кескіндеме өнерінің дамуына елеулі үлес косқан ағылшын суретшісі УильямХогарт (1697—1764) пейзаж, портрет өнерінің тамаша шебері саталады. Ол сатиралық жанрда, әсіресе ағылшын ақсүйектері мен буржуазияның өмірінен тұрмыстық көріністер жасаған.



Музыка. Ағартушылық рухы, үздіксіз ізденістер, алға үмтылу XVIII ғасырдағы музыка өнерінің дамуына да әсерін тигізді. Музыка (халық музыкасы мен фольклорын еселтемегенде) ұзақ уақыттар бойы шіркеуге қызмет еткен болатын. Бірақ осы шектеулерге қарамастан сұлулығы мен ұлылығы жағынан теңдесі жоқ шығармалар дүниеге келді.

Немістің екі ұлы композиторы Георг Фридрих Гендель (1685—1759) мен Иоганн Себастьян Бах (1685—1750) шіркеулік музыканың жан-жақты дамуына жол ашып, оны биікке көтерді. Жарты ғасырға жуық уақытын Лондон соборына қызмет етуге арнап, таңғажайып туындыларды дүниеге әкелген Гендельді шын мәнінде ағылшын композиторы ретінде де тануға болады. Неміс шіркеулерінде органда ойнаудан бастаған Бахтың құдіретті де терең музыкасы шіркеулік музыканың нағыз шынайы музыкаға айналуындағы алтын көпір болды. Ұлы композитордың жаңашылдығы мен таланты бірден бағаланған жоқ. Бұл тек 80 жылдан кейін, Бах қайтыс болғаннан соң ғана болды. Осы жылдар аралығында оньщ ноталары жазылған көптеген қолжазбалары ізсіз жоғалған болатын.

XVIII ғасырда еуропалықтардың материалдық және рухани өмірі өлшеусіз байып және кеңейе түсті. Әдебиет туындылары, бейнелеу өнері, музыка әркімнің игілігіне айналмаса да, ағарту дәуірінің іздену кеңістігі мен қажымас еңбек қоғамды тұтас қамтыды.
Баќылау с±раќтары:


  1. Мәдениет дегеніміз не?

  2. Қай ғалымдар қазіргі жоғары математиканың негізін қалады?

  3. Немістің ұлы астрономы Кеплер туралы әңгімелеңдер

  4. XVII—ХVIII ғасырлардағы жаратылыстану ғылымы дамуының маңызы қандай

5.Осы дәуірдегі өнер туралы не білесіңдер
16-лекция. Таќырыбы: Индустриялық өркениеттің жаңа кезеңі (1870-1918жж)

Жоспары:

1.Еркін капитализмнің империализмге өтуі

2.Империалистік елдердің қоғамдық құрылымындағы, мемлекеттік құрылысы мен саяси жүйесіндегі өзгерістер

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4

Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1



Лекция маќсаты: Индустриялық өркениеттің жаңа кезеңінің қалыптасуын қарастыру

Лекция мєтіні :

ХІХ ғасырдың соңғы онжылдықтарымен ХХ ғаысрдың басы капиталистік даму жолындағы елдердің өндіргіш күштерінің жедел даму кезеңі болды. Өндіргіш күштердің өсуі үшін өндіріс құралдарын машиналарды жасап шығарудың көлемін ұлғайтудың зор маңызы бар еді. 1870 жылдан бастап бірінші дүниежүзілік соғысқа (1914ж) дейін машина жасау көлемі 5,5 есеге өсті.

Энергетика саласында ұлкен өзгеріс болды. Су құбырлары қазандары мен бу трубиналарын пайдалану көмірді тиімді қолдануға мүмкіндік берді. Электр мен іштен жанатын двигательдер буды ығыстырды. Қуатты су электр станциялары салына бастады.

Дамыған мемлекеттер - АҚШ, Германия, Англия, Франция т.б. экономикасында химия, электортехника, автомабиль және ұшақ жасау жедел өркендей бастады.

Өндіргіш күштердің дамуы көлік пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызды. Солтүстік Американы, Азия мен Африканы кесіп өтетін темір жолдар салынды.

ХІХ ғасырдың соңындағы бу флоты желкенді кемелерді ығыстырып шығарды. Әлемдік флот тоннажы ХІХ ғасырдың 70 жылдары 1 млн тоннадай болатын, ал 1913 жылы ол 33 млн тоннаға дейін жетті.

Байланыс құралдарының дамуы континенттер мен алыс аудандарды жақындатуға септігін тигізді. Бұған телефонның, дыбыс жазатын фонографтың, радио және киноның шығарылуы зор үлес қосты.

Сондай-ақ баспа ісінің жетілуінен кітаптар мен газеттердің таралымы көбейді.

Ғылымда көптеген жетістіктеге қол жеткізді. Ол материя құпияларын шешуге таяды. Сондай-ақ атомның бөлінгіштігі мен радиоактивтілік жөнінде жаңа білімдер пайда болды. Дәрігерлік жетістіктеге жетті. Географиялық ашулар, Солтүстік және Оңтүстік полюстерге қадам басу адамдардың планета туралы білімдерінің кеңеюіне мүмкіндік берді.

Әбебиет пен өнер саласында да үлкен табыстарға қол жетті. Көптеген елдер мен халықтар арасында тығыз мәдени байланстар орнады.

Алайда ғылым мен техника жаңалықтарын әскери техника мен адамдарды қырып-жоюға арналған құралдарды (пулеметтер, алысқа ататын зеңбіректер, танкілер, сүңгуір қайықтар) дамыту мақсатына пайдалануы олардың жағымсыз жақтары болып табылды.

Капиталисік дамудың жаңа сатысы – қаржы капиталының үстемдік ету кезеңі. Жаңа өндіргіш күштер жоғары деңгейде дамуы өндірісті ұйымдастырудың жаңа кезеңіне көтерілуіне жағдай жасады. 1870 жылдың соңында жас капиталистік мемлекттер АҚШ пен Германияда, жаңа басқа мемлекеттерде капитал мен өндірісті шоғырландырған, бұрын еш жерде болып көрмеген ұйымдар қалыптаса бастады.

Алғашқыда ірі кәсіпорындар мен банктер арасында бәсекені уақытша тоқтату жөнінде келісімдер болды. Капиталистік шаруашылықтың дамуына байланысты монопалистік бірлестіктер әр түрлі үлгілерде пайда болды.

Көптеген банкирлер кәсіпорындарды иеленсе, ла кейбір өнекәсіп иелері өз банктерін құрды. Өнеркәсіп және банк капиталы бірігіп, ірі күшке айналды. Мұның өзі олардың қосыла келе қаржы капиталын құруына жеткізді.

ХХ ғасырыдың басында қаржы капиталы аз ғана ірі кәсіпкерлердің қаржы капиталы алпауыттарының қолына шоғырланды.

ХХ ғасырдың басында капитализмнің дамуы толық қалыптасқан жаңа кезеңнің маңызды белгілері мыналар:Өндіріс пен капиталдың шоғырлануы, корпорациялар мен монополиялық үлгідегі фирмалардың пайда болуы: банк капиталының шоғырлануы және банк монополияларының пайда болуы.

1900-1913 жылдардың өзінде ірі капиталистік елдердің шетелге шығаратын капиталдың өз елінің экономикасына жұмсаудан гөрі шетелге шығаруды артық санауды метрополиялардың дамуына кедергі жасады.

1910 жылы Англия, АҚШ, Франция, Германия қаржы алигархиясының қолында барлық акциялардың 80 %-тен астамы шоғырланды. Буржуазия өкіметінің түсуіне қарай капиталистік мемлекеттер өз отарларын ұлғайтуға тырысты.Ірі және халқы тығыз орналасқан отарлар ескі отаршыл мемлекеттер: Англия, Франция, Бельгия, Португалия, Нидерланды және Ресейдің қарамағында болды. Ал жас державалар АҚш пен Германия отарлау саясатына кеш келгендіктен, отарлары аз болды. ХІХ және ХХ ғасырдың тоғысында дүние жүзін бөліске салу үшін империалистік соғыстар басталды. Мысалы, ағылшын-бур соғысы (1889-1902), испан-американ соғысы (1898ж), орыс – жапон соғысы (1904-1905).

Сонымен, қаржы капиталының үстемдік етуі кезіндегі империалистік саясаттың негізгі белгілері мыналар: 1) капиталды шетелге шығару; 2) дүниежүзін экономикалық бөлісу; 3) дүниежүзін аумақтық бөлісудің аяқталуы және оны қайта бөлісу үшін күрес.

Бақылау сұрақтары.


  1. ХІХ ғасырдың соңғы онжылдықтарымен ХХ ғаысрдың басы капиталистік даму жолындағы елдер

  2. Энергетика саласында ұлкен өзгерістер.

  3. Дамыған мемлекеттердің жағдайы.

  4. Алғашқыда ірі кәсіпорындар мен банктердің жұмысы.

  5. 1910 жылы Англия, АҚШ, Франция, Германия қаржы олигархиясының жағдайы.



17- лекция. Таќырыбы: Париж коммунасы

Жоспары:

  1. Соғыстың себептері мен барысы

  2. 1871 жылғы 18-наурыз революциясының себебі мен сипаты.

  3. Париж Коммунасына сайлау және әлеуметтік шаралары.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. К. Маркс Францияның азамат соғысы. Таңдамалы шығармалары,

I том, Алматы, 1956ж

  1. История Парижской Коммуны 1871ж

  2. Протоколы заседаний парижской Каммуны. 1871. М...., 1959, I том.

  3. Парижская Коммуна 1871 г. в дакументах и материалах. М...., 1925г.


Лекция маќсаты: Париж коммунасы туралы түсінік қалыптастыру
Лекция мєтіні :

1869-70 жылдары Францияда бонапартистік режимнің дағдарысы бұрынғыдан да күшейді. Оның себебі император Наполеон III Францияны құдіретті мемлекетке айналдыруды, Европада Францияның ықпалын күшейтуді көздеді. Ол үшін елдің ішіндегі наразылықты басу керек, ол үшін жеңімпаз соғыс жүргізу керек. “Европаның басқа мемлекеттерін жеңу арқылы Европада Францияның ықпалы орнайды” – деп ойлайды. Германияның бытыранқылығынсақтап қалуға тырысты. Германия бірігіп кетсе күшейеді. Сол үшін Пруссияға соққы беру керек болды.

Осындай жолдармен бонопартистер өз династиясын күшейтуді армандады. Бонапартистер жеке мүддесінен шыққан соғыс болды. Сол кезде Пруссияға да соғыс керек болды. Себебі Пруссия аяқтағысы келді. Германияның төрт мемлекетін қосу керек болды. Ал Франция болса Германияның қосылмаған төрт мемлекетінің қосылуына кедергі жасағысы келеді. Пруссия бұл соғысқа дайындалып отыр еді. Сонау 1863 жылы соғыс жоспарын дайындаған болатын. Австро-Венгрияның милитаристік топтарының агрессияшыл саясаты осындай болды.

Германияның алдына қойып отырған мақсаты елді біріктіру. Бұл соғыс Пруссияның тарапынан обьективті соғыс болды. 1870 жылы Пруссияда соғысқа қажетті дайындықтар аяқталды. Енді соғысқа бір сылтау керек болды. Бұл сылтау Испанияның тағына мұрагер отырғызу кезінде жасалды. 1870 жылы шілде айында королева Изабеллақуылғаннан кейін Испанияның тағы неміс принці Леопольд Гогенцоллерн Зигмарингенге ұсынды. Бұны Франция қаламады. Леопольд тақтан бас тартты. Бисмарк бұл мәселені Пруссияның беделін төмендету деп баспасөз бетінде жариялады. Вилгельм бұны Пруссияны жәбірлеу деп қабылдайтын мәлімдеді. Дәл осындай соғысуға сылтау іздеген Францияның соғыс министірі Лебеф былай деді: “Біз соғысқа дайынбыз, өте дайынбыз” – деп мәлімдеді. Франция соғысқа дайын болмай шықты. Азық-түлік жеткіліксіз екен. Әскер басшылары қанша күш барын білмеді Жәшіктердегі оқ-патырондар орнына құм толтырып қойылған. Осылай Франция әскері бірде-бір рет шабылуға шыға алған жоқ. Француз әскерлеріне неміс әсерлері үш рет қатты соққы берді. 4-тамызда Виссамбурк түбінде, 6-тамызда Фервахата соққы берді. Бұл хабарды естіген Француз халқы демонстрацияға шықты. Францияның армиясы бұл үш соққыдан кейін инициатива ала алмады. Ақырында Мец түбінде генерал Базен әскері қоршалды. 1870 жылы 30-тамызда Седан түбінде Мак Магонның әскері қоршалды. 1870 жылы 1-қыркүйек күні сағат үште Наполеон ақ ту көтеруге бұйрық берді. 82 мың әскері қол көтеріп берілді. Бұл империяның бет пердесін ашып берді. II – империяның дағдарысқа ұшырап отырғанын дәлелдеді. Седан түбегіндегі бұл жеңіліс Париж халқының наразылығын тудырды. 1878 жылы 4 – қыркүиекте Париж халқы республика талап етті. Бұл 4-қыркүйек кенгі революция республикашылар буржуазияның басшылары Гембетта және Жюль Фабр болды. Халықтың талап етуімен буржуазия өкілдері бланкистер өкімет мүшелерінің құрамын жасап жатты. Гамбетта және Жюль Фабр бастаған топтар Париж халқына үкіметтің құрамын олардын олардан бұрын жариялап жіберді. 1870 жылы бастаған Франко-Прусс соғысының барысында республикалық басқару жарияланды. Бұл революция буржуазиялық демократиялық революция болды. Ревалюцияның жасалуы мен республиканың жариялануы Франко – Прусс соғысының сипатын өзгертті. Франция тарапынан бұл соғыс енді Отан қорғау, яғни әділетті соғысқа айналды. Францияның халқына енді Германиядан қорғау керек болды. Сондықтан ұлттық қорғаныс үкіметі деп жариялады.

Бекіністің бір кірпіші берілмейді деп мәлімдеген, республикашылар шын мәнінде тездетіп Германиямен келісімге келгісі келіп отырды. Пруссияның әскері алға жылжи берді. Бұдан үкімет қортынды жасамады. Немістер 1870 жылы 19 – қыркүйек күні 130 мың әскермен Парижді қоршады. Базен әскерімен Парижді қоршады. Базен әскері 27 – қыркүйекте неміс үкіметіне берілді. Жюль Фабр Бисмаркпен келісіп болашақ бітімнің жобасын жасады. Бұл халықты ызаландырды. Еріктілер отряды құрылды. Елдің ішінде отаншылдық бастамасы күшейді. Осының нәтижесінде отаншылдық бастамасы күшейді. Осының нәтижесінде округтердің ішінде бірінші интернационалдың секцияларының мүшелері жұмыс жасады. Ұлттық гвардия құрды. Орталық комитет ұйымдастырылды. Бқл белсенділіктерді буржуазия ұнатпады. Олар бланкистерді тұтқындады. Қолдан келгенше Франциядағы революциялық қозғалысты басып-жаншып, қарсылық болдырмауға әрекет жасады. Францияда бұл жылы қыс қатты болды. Аштық пен күйзелушілік пайда болды. Париж халқының тізе бүгу туралы сөзді естігісі де келмеді. Бланкистердің әрекетін прудонистер қолдамады. Трошю үкіметі әскер шығарып бұл көтерлісті бастап тастағысы келді. Трошю үкіметі ұлттық гвардия отрядтарын нәтижесіз аяқталатын қимылдарға жұмсап отырды. Жюль Фабр Версаль қаласында отырған Бисмарктен бітім сұрады. Бисмарк Жюль Фабрмен сөйлесті. Бірақ одан Париж порттарының бірілуін сұраған жоқ. Себебі олардың берілмейтінін білді. Францияның басшылары Пруссияға қарсы ел ішінде үлкен күштің бар екенін білді. Қай заманда да елдің тәуелсіздігін сақтаушы – халық.

1871 жылы 18 – қаңтарда Франция мен Пруссия арасында келісім болды. Ұлттық сайлау өтті онда монархиялық топтың өкілдерінің саны көп болды. Үкіметтің басшысы етіп А. Тьер бекітілді А. Тьер Францияның баюшы буржуазиясының өкілі болатын. А. Тьер тек өзі байыған үстіне бай беру арманынан таймаған адам.

1871 жылы 26 – ақпан күні жоғарыдағы келісімге байланысты Германия мен Францияның арасындағы бітімге қол қойылды. Франция Эльзас пен Лотарингияны (көлемі 145 мың шаршы шақырым) Германияға берді және 5 – млрд. Франк контрибуция төлейтін болып міндеттенді.
Париж қаласында кірген неміс әскерлеріне оқ атпауға көндірді. Неміс әскері 1 – наурыз күні Париж қаласына кірді. Неміс әскері 1 – наурыз күні Париж қаласына кірді. Неміс басқыншыларын қаңсылаған иттер мен мияаулаған мысықтар қарсы алды. Барлық жұмыс орындары, дүкендер жабық түрды. 3 – наурыз күні ұлттық жиналыс өзінің отырысында Франкфурт келісіміне көніп Бисмаркке тапсырды. Париждың халқын неміс әскерлерінің қолымен бағындырмақ болған француз өкіметінің үміті жүзеге асқан жоқ. Париждың қарулы халқын қарусыздандыру үшін оларды көшеге түрткілеп шығару керек болды. Ол үшін ұлттық гвардия әскерлерінің онсызда аз жалақысын азайтты. Қала тұрғындарын қарыздарын екі жетінің ішінде төлеуді талап етті. Бұның бәрі Парижді шыдамнан шығару үшін істелді.

Француз үкіметі Германия үкіметімен келісіп, Седан түбіндегі әскерді Парижге кіргізуге рұқсат алды. 12 – Тьер әскері Монмартр билігінде тұратын ұлттық гвардия қолындағы артиллерияны бастап алғысы келді. Тьер әскері Монмартр билігіндегі зеңбіректерді төменге түсіре бастады. Түске таман Тьер әскері Париждің орталық көшелерімен Версалға қарай кете бастады. (Париж халқының, ұлттық гвардия әскерлерінің арасымен Тьер әскері зеңбіректерін сүйретіп өтіп кетті). Париж халқы 18 – наурыз күні өкімет өз қолына алды.



Бланкистер де, неоякобиндіктер де Тьер әскерін қарусыздандыруды түсінбеді. Ұлттық гвардияның Орталық Комитетінің айқын жоспары болған жоқ. Бұлар халықтың белсенділігі мен Париждің тізгінін өз қолына алды.

1871 жылы 18 – наурыздағы революция стихиялы, ойламаған жерден болған революция болды. Орталық комитет революцияны алдын-ала дайындаған жоқ. Варле, Асси тағы басқа да көрнекті қайраткерлер де дайындамады. Кешке қарай бүкіл Париж көтерілісшілердің қолына өтті. Ратуша үйінде қызыл жалау желбіреді.

Осы кезде ұлттық гвардия не істеуі керек еді?

Біршіден, Версальға қарай қозғалып оларды қарусыздандыру керек еді.Екіншіден, үкіметті тұтқындау керек еді.Алайда бұлар үкімет билігіне қолын жеткізе отырып революцияның міндетін түсінген жоқ.

Революцияға тән тактика шабуылға шығу екенін түсінбей, қорғаныс бағытын ұстанды. Орталық Комитет мүшелерінің “мейрімділігінің” себебі азамат соғысы шығып кетеді деп қауіптенді. Олар бұл соғысты шығарып отырған негізгі мұрындық буржуазия екенін түсінген жоқ. Париж жұмысшылары буржуазияға моральдық ықпал жасау арқылы әсер етуге болады деп түсінді. Орталық Комитет өзінің басшы орган екенін түсінбеді. Ол өзінің негізгі міндеті – Коммунаға сайлау жүргізу деп түсінді. Сайлауға дайындық жүргізді. Буржуазиялық элементтер қараусыз демонстрациялар ұйымдастырды. 26 – наурыз күні сайлау жүргізді. Париж Каммунасы Советі сайланды. Сайлауға еңбекші бұқара ғана дауыс дерді. Каммуна советіне 85 адам сайланды. Дегенмен 16 – сәуір қосымша сайлау болып, тағы 22 адам сайланды. 18-26 – наурыз аралығында Орталық Комитет бірнеше шаралар жүргізді. Әлеуметтік жағынан алғанда көпшілігі жұмысшылардан тұрды. Партиялық жағынан алғанда Коммуна советі әртүрлі болды. Олардың ішінде прудонистер, неоякобиндықтар тағы басқалар болды. Нооякобиндықтар болып жатқан оқиғаның мәнін түсінген жоқ. Олар сыртқы жаудан Францияны қорғауды күн тәртібіне қойды.

Революцияның барысындаеңбекші бұқара үкімет басына келді. Бланкистер мен неоякобиндіктер бір блоққа бірікті. Кейбір коммуна мүшелері екі топтың екеуіне де қосылған жоқ. Коммуна советінің басым копшілігі Маркске дейінгі социализмнің түрлі ағымдарында тұрды. Бланкистер де, пруддонистер де Францияның жұмысшыларына басшылық жасай алған жоқ. Францияның пролетариатының өз партиясы болмады.

Сонымен 18 – наурыз күні болған халық көтерілісі жаңа революциялық үкіметтің басына Париж жұмысшыларын әкелді. Олар революцияның міндетін түсінген жоқ. Сонда да олар үкімет билігін қолына алғаннан кейін өздеріне қажетті жұмыстар істеді. Олар тұрақты армияны жойып қарулы халық жасаған құрды. Ескі аппараттың чиновниктері жұмысқа шықпай қойды. Каммуна атқарушылық билікті біріктірді. Париж Каммунасы 10 комиссия құрды. Олар Финанс, әскери, юстиция, қоғамдық тағы басқа. Коммуна Советі бұл коммиссияларға өз өкілдерін тағайындады. Басқару және сот аппараттарына мүшелер сайлау арқылы тағайындалды. Сенімді ақтамағандарды. Жұмыстан шығаратын болды. Коммуна жұмысшылардың еңбек ақысымен теңестірді. Коммуна жаңа мемлекеттік құрлым ретінде көрінді: тұрақты армияны халық жасағымен алмастыру әрекеті, ескі бюрократтық апаратты жойып жаңа апарат құруы, жалпыға бірдей сайлау енгізуі. Олар халық алдында есеп берді. Қызметкерлер жалақысы жұмысшы жалақысына жақын етіп белгіледі. Заң шығару және атқару оргндары Коммунаға біріктілді.

Коммуна советі құрылғаннан кеәін елдің ішінде әлеуметтік топтардың саяси белсенділігі артты. Әйелдер клубы тағы басқа клубтар құрылды. Коммуна жұмысшылардың талабын орындауға тырысты. Айырбас жіне еңбек коммиссиясы құрылды. Оның басшысы Лео Франкель былай деді: “Егер біз жұмысшыларға ештеңе істемесек Париж Коммунасының мәні не ?” – деді. Он сағаттық жұмыс күні енгізілді. Түнгі жұмысқа тыйым салды. Осы шаралар Коммуна советінің жұмысшылар үкіметі екенін көрсетеді. Шіркеуді мемлекеттен бөлді. Азаматтық оқу енгізілді. Балалар бақшасы, мұражай есіктері ашылды. Париж Каммунасы соғысты жек көретінін көрсетті. Наполенға салынған жүз метірлік алып ескерткішті құлатты. Париж Коммунасы кезінде басқа елдердің азаматтары Лео Франкель, Врублевский, Домбровский, басқа да орыс азаматтары жұмысшылардың қиындықтарын бөлісті.

Францияның провинцияларын да, басқа да қалаларда 23 – наурызда Марсель қаласында, Лион, Тулон қалаларында ревалюция болды. Бірақ олар ұзақ өмір сүрген жоқ. Шаруалар мен Париж Коммунасы арасындағы байланыс жасау әрекеті болды. Коммунар жазушы Андре Малон шаруаға арнап жазған “К сельскому труженику” деген үндеуде былай жазды: “Туысқан, сені алдап жатыр, сондықтан менің талап етіп жүргенім азат болу – сенің де азат болуың”.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет