Формулалар
Excel программасының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі ғана бейнеленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшелеп алып, формулалар жолында бейнеленген жазуға көз салу керек.
Ұяшықтарға сілтеме
Мына суретті формулада екі ұяшықтағы мәндерге амалдар қолданылған. Бұл жерде ұяшықтардың адресі көрсетілген. Осыны ұяшықтарға сілтеме деп атаймыз. Есептеу нәтижесі формуладағы пайдаланылған ұяшықтарға тәуелді болады. Тәуелді ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы мәндердің өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.
Ұяшықтарға сілтемені әр түрлі тәсілдермен беруге болады:
-
біріншіден, ұяшықтың адресін қолмен теруге болады;
-
екіншіден тәсілі қажетті ұяшыққа тышқанмен шерту арқылы ерекшелеп енгізуге болады.
Абсолютті және салыстырмалы сілтеме
Салыстырмалы сілтеме. Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адрестері автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірілсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы, A9, D21, F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады.
Абсолют сілтеме. Абсолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақты болып қалады. Формулаларды редакциялау кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 пернесін басу керек. Абсолют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің алдында $ белгісін қояды. Мысалы: $A$16, $S9, A$7. Соңғы екі жағдайда ұяшық нөмірлерінің бір компоненті абсолют, екіншісі салыстырмалы болып есептеледі, бұл аралас сілтеменің мысалдары.
Енгізуді автоматтандыру.
Әдетте кестелер қайталанатын, біртектес мәліметтерден тұратындықтан, Excel программасының енгізуді автоматтандыратын құралдыры бар. Оларға жататындар автотолтыру, сандармен автотолтыру, формулалармен автотолтыру.
24-лекция
Автотолтыру
Жоспар:
-
Белгілеу маркері
-
Автозаполнение
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі
1 Харистанова И. Самоучитель Excel – 2000г.
Санк – Петербург: Питер-2001г.
2 Павлова И. Т. Компьютерный курс лекции. Астана – 2001г.
3 М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева
“Информатика” Алматы – 2004ж
б) қосымша
4 Мicrosoft Excel 97 кестелі процессоры. Алматы – 2005ж.
5 Попов А. А. Excel практическое руководство. Москва – 2000г.
6 К.З. Халықова “Информатиканы оқыту әдістемесі” – Алматы:
“Білім”,2000ж.
Мәтіндік мәліметтерді енгізуді автоматтандыру үшін автотолтыру әдісі қолданылады. Оны жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланылады. Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғары жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.
Сандарды автотолтыру
Сандармен жұмыс істегенде автотолтыру әдісі пайдаланылады. Ағымдағы ұяшықтың қоршауының төменгі бұрышында кішкентай қара түсті шаршы орналасқан. Оны толтыру маркері деп атайды. Тышқанның нұсқағышын сол маркерге алып барса, оның пішіні жіңішке керст тәрізді болып өзгереді. Сол кезде маркерді тік немесе көлденең тасымалдау арқылы автотолтыру жүзеге асырылады.
Прогрессия бойынша толтыру
Ол үшін Түзету Толтыру Прогрессия (Правка Заполнить Прогрессия) командасын орындау керек. Ашылған Прогрессия сұхбат терезесінде прогрессияның тегі, қадам мөлшері, шектік мәні таңдап алынады. ОК батырмасын басқаннан кейін Excel программасы берілген ережелер бойынша ұяшықтарды автоматты түрде толтырып береді.
Формулаларды автотолтыру
Бұл амал сандарды автотолтыру сияқты жүзеге асырылады. Автотолтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтеменің ерекшеліктері ескеріледі: салыстырмалы сілтемелер сәйкесінше көшірменің салыстырмалы орналасуына байланысты өзгереді. Ал абсолют сілтемелер өзгермей сол қалпында қалады. Мысалы: үшінші С бағанында мәні А және В бағандарының сәйкес ұяшықтардағы мәндердің қосындысына тең формула есептелсін. С1 ұяшығында =A1+B1 формуласын енгіземіз, осы формуланы автотолтыру әдісімен үшінші бағанның барлық ұяшықтарына көшіреміз.
Автотолтыру кезіндегі сілтемелердің жаңарту ережелері келесі кестеде келтірілген:
25 лекция.
Стандартты функцияларды пайдалану
Лекцияның жоспары: 1.Формулалар
2. Функцияның параметрлерін енгізу
3Ұяшықтағы мәліметтерді қорғау
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі
1 Харистанова И. Самоучитель Excel – 2000г.
Санк – Петербург: Питер-2001г.
2 Павлова И. Т. Компьютерный курс лекции. Астана – 2001г.
3 М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева
“Информатика” Алматы – 2004ж
б) қосымша
4 Мicrosoft Excel 97 кестелі процессоры. Алматы – 2005ж.
5) Попов А. А. Excel практическое руководство. Москва – 2000г.
6 К.З. Халықова “Информатиканы оқыту әдістемесі” – Алматы:
“Білім”,2000ж.
Стандартты функцияларды пайдалану
Excel программасында стандарт функциялар тек формулаларда ғана қолданылады. Функцияны шақыру үшін формулада функцияның атын көрсету қажет. Функция енгізілгеннен кейін жақшада оның параметрлері көрсетіледі. Параметр ретінде сан, ұяшықтың адресі немесе басқа да өрнектер алынады.
Формулалар
Егер формулаларды енгізуді Функцияларды өзгерту (Изменить функций) батырмасын басу арқылы немесе Кірістіру Функция командасын жүзеге асыратын болса, онда формулалар жолының астында Функциялар шебері (Мастер функций) атты сұхбат терезе ашылады. Ал оның панелінде функциялар тізімі ашылады. Оның Категория бөлімінде ең соңғы пайдаланылған он функция және төменірек басқа функциялар бөлімі бейнеленеді.
Функциялар шеберін қолдану
Функциялар шеберінің Категория тізімінен қажетті функцияның категориясы
бойынша таңдап алуға болады. Функциялар тізімінен берілген категорія бойынша нақты функция алынады. ОК пернесін шерткеннен кейін, қажетті функцияның аты формулалар жолына енгізіледі. Ал мәтіндік меңзер сол функцияның параметрлері көрсетілетін жақшалардың арасына орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |