Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат


Лекция 2 Үлестірілген желілер түсінігі мен түрлері



бет4/32
Дата05.03.2016
өлшемі5.33 Mb.
#43387
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Лекция 2

Үлестірілген желілер түсінігі мен түрлері.


Жоспар:

1. Желіні қолданудың артықшылықтары.

2. Желілердің архитектурасы



Лекция мақсаты: Үлестірілген желілерге түсінік беру, тақырыпты пысықтау
1. Компьютелік желілер өзімен ақпаратты өңдеу мен жеткізуді тездетуді қамтамасыз етуі адамдардың және компьютерлердің ынтымақтастығы ұсынады. 30 жыл бұрын желіде компьютерлерді біріктіре бастады. Компьютерлердің мүмкіндіктері өскенде және ДК әркәмге қол жеткізерлік болғанда, желілердің дамуы маңызды тездетілді.

Желіге қосылған компьютерлер ақпаратпен алмасады және шеттегі жабдықтау мен ақпаратты сақтау құрылғысы бірге қолданылады. 1-сурет.


1-сурет. Шеттегі құрылғылардан біргелікте пайдалану.


Желінің көмегімен ақпаратты және ресурстарды бөлуге болады. Төменде желідегі жұмыс станцияның көмегімен шығатын және бөлек компьютердің көмегімен қиын шығарылатын негізгі есептер көрсетілген:

Компьютерлік желі шеттегі құрылғыны бірге қолдануға рұқсат береді, қоса:



  • принтерлерді;

  • плоттерлерді;

  • дисктік жинақтағыштарды;

  • CD-ROM келтірулерді;

  • дисководтарды;

  • стримерлерді;

  • сканерлерді;

  • факс-модемдерді;

Компьютерлік желі ақпараттық ресурстарды бірге қолдануға рұқсат береді:

  • каталогтар;

  • файлдар;

  • қолданбалы программалар;

  • ойындар;

  • мәліметтер қоры;

  • тексттік процессорлар.

Компьютерлік желі бір уақытта барлық қолданушылардың файлдары және жазбалары кілттнген ортақ мәліметтер қорына қол жеткізуді қамтамасыз ететін, көп қолданушының программаларымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Стандартты ЛЕЖ үшін өңделген кез-келген программаларды басқа желілере қолдануға болады.

Ресурстарды бірге қолдану уақыт пен құралды үнемдеуін қамтамасыз етеді. Мысалы, әрбір қызметкерге принтерді сатып алудың немесе желі болмаған кезде жалғыз принтерге дискетамен жүгірістің орнына бір лазерлік принтерді ұжымдық қолдануға болады.

Электронды пошта ұйымы. ЛЕЖ-ны пошталық қызмет және қызмет хаттар, баяндамалар мен басқа қолданушыларға хабарларды жан жаққа жіберу сияқты қолдануға болады.

2. Желілердің архитектурасы


Желілердің архитектурасы желідегі негізгі элементтерді анықтайды, оның ортақ логикалық ұйымын, техникамен, программамен қамтамасыз етуін сипаттайды, кодтау әдістерін суреттейді. Сонымен қатар архитектура жұмыс жасау принципін және қолданушының интерфейсін анықтайды.

Берілген курсте архитектураның үш түрі қаралады:



  • терминал – негізгі компьютер архитектурасы;

  • клиент – сервер архитектурасы;

  • бір рангті архитектура.

    Терминал – негізгі компьютер архитектурасы.

Терминал – негізгі компьютер архитектурасы (terminal – host computer architecture) – бұл мәліметтердің барлық өңделуі бір немесе топталған негізгі компьютерлерде жүзеге асырылатын ақпараттық желі концепциясы.


  1. сурет. Терминал – негізгі компьютер архитектурасы

Қаралып жатқан архитектура жабдықтаудың екі түрін ұсынады:



  • желіні басқаруды, мәліметтерді сақтауды және өңдеуді қамтамасыз ететін – негізгі компьютер.

  • Терминал, негізгі компьютерден команданы жіберуде сеанстарды ұйымдастыруға және есептерді орындауға, есептерді орындау үшін мәліметтерді енгізуге және нәтижені алу үшін аралған.

Негізгі компьютер мәліметтерді жіберу мультиплексоры арқылы терминалдармен өзара әрекеттеседі

Негізгі компьютерлермен желіленген архитектураға классикалық мысал - жүйелі желілік архитектура (System Network Architecture – SNA).


Бақылау сұрақтары:

1. Желіні қолданудың артықшылықтары.

2. Желілердің архитектурасы




Лекция 3


Клиент және сервер негізіндегі желілер

Жоспар:


1. Клиент.

2. Сервер.


Лекция мақсаты: Клиент және сервер негізіндегі желілерге түсінік беру, тақырыпты пысықтау
1. Клиент. Бір рангті архитектура (peer-to-peer architecture) – бұл барлық оның ресурстары жүйелерге бөліп жайғасқан ақпараттық желілердің концепциясы. Бұл архитектура оның барлық жүйелері тең құқылығымен сипатталады.

Бір рангті желілерге кез-келген жұмыс станция бір уақытта файлдық сервердің және жұмыс станцияның функциясын орындайтын кішігірім желілер жатады. Бір рангті ЛЕЖ-де дисктік кеңістік және файлдар кез-келген компьютерде ортақ болуы мүмкін. Ресурс ортақ болу үшін, оны бір рангті желілік операциялық жүйелердің қашықтағы рұқсат қызметін қолданып, ортақ қолдануға беру керек. Мәліметтерді қорғау қалай орнатылуына байланысты, басқа қолданушылар, файлдар құрылғаннан бастап, лезде қолданыла алады. Бір рангті ЛЕЖ тек кішігірім жұмыс топтары үшін жеткілікті жақсы.


1-сурет. Бір рангті архитектура



Бір рагті ЛЕЖ орнатуға ең жеңіл және арзан желінің түрі болып табылады. Олар компьютерді желілік карта мен жілілік сақтаушыдан басқа, тек Windows 95 немесе Windows for Workgroups операциялық жүйеде болғанын қалайды. Компьютерлерді жалғағанда, қолданушылар ресурстарды және ақпаратты бірге қолдануды ұсына алады.

Бір рангті желінің келесідей артықшылықтары бар:



  • олар орнатуда және өңдеуде женіл;

  • бөлек ДК-лар белгіленген желіден тәуелді емес;

  • қолданушылар өз ресурстарын бақылай алады;

  • құны аз және жеңіл қанау(эксплуатация);

  • минимум жабдықтау және программалық қамтамасыз ету;

  • администратордың қажеттілігі жоқ;

  • желінің оннан аспайтын сандық қолданушыларға жақсы келеді.

Бір рангті архитектураның проблемасы компьютерлер желіден сөндірілетін жағдай болып табылады. Бұл жағдайда желіден олар ұсынған сервистің түрлері жоғалады. Желілік қауіпсіздікті бір уақытта тек бір ресурсқа қолдануға болады, және қолданушы қанша желілік ресурс болса, сонша парольді есінде сақтау керек. Бөлек ресурсқа қол жеткізгенде компьютер өнімділігінің құлауы сезінеді. Бір рангті желінің маң маңызды жетіспеушілігі орталықтанған администраторлаудың болмауы.

Бір рангті архитектураны қолдану «терминал – негізгі копьютер» архитектурасын немесе «клиент - сервер» архитектурасын сол желіде қолдануды шығармайды.

Желілік компьютерлер арасындағы байланыс желілік адаптерлер мен байланыс арналары арқылы хабарламаны жеткізу әсерінен болады. Осы хабарламалар арқасында, әдетте, бір компьютер басқа компьютерлердің жергілікті қорына кіруге қол жеткізуді сұрайды. Мұндай қорларға бағдарламалар, дискте сақталған деректер, әр түрлі шеттегі құрылғылар – принтерлер, модемдер, факс аппараттары, т.б. кіреді. Әрбір компьютердегі жергілікті қорларды барлық желіні пайдаланушылар арасында бөлу – есептеу желісін құрудың басты мақсаты.

Сервер. Клиент – сервер архитектурасы (client-server architecture) — бұл ақпараттық желінің концепциясы, онда оның ресурстарының негізгі бөлімі өз клиенттерін қамтамасыз ететін серверлерде ойы жинақталған (2-сурет). Қарастылып отырған архитектура екі түрлі компоненттерді анықтайды: серверлер және клиенттер.

Сервер — бұл басқа желілік объекттерге олардың сұранысы бойынша сервисті ұсынатын объект. Сервис — бұл клиенттер қызмет көрсету процессі.

2-сурет. Клиент – сервер архитектурасы

Сервер клиенттердің тапасырмасы бойынша жұмыс істейді және олардың тапсырмаларының орындалуын басқарады. Әрбір тапсырма орындалғаннан кейін, сервер бұл тапсырманы жіберген клиентке алған шешімдерін жібереді.

Клиент — сервер архитектурасында серверлік функция қолданбалы программалар комплексімен сипатталады, және олар әртүрлі қолданбалы процесстермен орындалады.

Барлық желіні пайдаланушылар қол жеткізе алатын компьютерлердің қорларына желі бойынша басқа компьютерлерден түсетін, ылғи да сауалдарды күту тәртібінде тұратын модульдерді қосу қажет. Әдетте, мұндай модульдердің негізгі мақсаты өз компьютерінің қорларына рұқсат алу сауалдарына қызмет көрсету болғандықтан, бағдарламалық серверлер (server) деп аталады. Пайдаланушылары басқа компьютерлердің қорларына рұқсат алғысы келетін компьютерлерде, сонымен қатар операциялық жүйеге арнайы бағдарламалық модульдерді қосу керек. Жойылған қорларға рұқсат алатын сауалдарды өндіру керек және оларды желі бойынша қажетті компьютерге тапсыру керек. Мұндай модульдерді әдетте бағдарламалық клиенттер (client) деп атайды.

«Клиент» және «сервер» терминдері бағдарламалық модульдерді белгілеу үшін ғана қолданылмайды, сонымен қатар желіге қосылған компьютерлер үшін де қолданылады. Егер компьютер өз қорларын желідегі басқа компьютерлерге пайдалануға берсе, онда ол сервер деп аталады, ал егер оларды тұтынса, клиент болады. Кейде бір компьютер бір уақытта сервердің де, клиенттің де рөлін атқара алады.

Желідегі компьютерлер арасында функцияларды тарату көзқарасы тұрғысында барлық желілерді екі топқа бөлуге болады:

Біррангілі желілер – тең дәрежелі (желіге қол жеткізу көзқарасынан) компьютерлерден тұратын желі.

Серверлер негізіндегі желілер, онда тек қана желілік функциялармен шұғылданатын белгіленген (dedicated) серверлер бар. Белгіленген сервер жалғыз немесе олар бірнеше болуы мүмкін.

Біррангілі желілер және лайықты бағдарламалық құралдар, ереже бойынша, сан жағынан аз компьютерлерді біріктіру қажет кезінде қолданылады. Осындай желінің әрбір компьютері бір уақытта желінің сервері де, клиенті де бола алады, бірақ қайсы бір компьютер тек қана сервер болып, ал тағы біреуі тек қана клиент болып тағайындалуы әбден мүмкін. Нақты клиент және сервердің функцияларын бірлестіру мүмкіншілігі принципшіл.

Біррангілі желілердің қасиеті – олардың аса үлкен иілгіштігінде: мұндай жағдайда желі өте белсенді қолданыла алады немесе мүлдем қолданылмауы мүмкін, ол нақты міндетке тәуелді. Компьютерлердің үлкен дербестігінен мұндай желілерде желіні артық жүктеу жағдайы сирек болады (сондай-ақ, компьютерлердің саны әдетте аз болады).

Біррангілі желілерде желілік қорларға қол жеткізуі бойынша әр түрлі құқылы қолданушыларды анықтау рұқсат етіледі, бірақ құқықтарға шек қою жүйесі аса дамымаған. Сонымен қатар, біррангілі желілердің кемшілігі бар: желі жұмысын бақылаудың және хаттамалардың нашар жүйеленуі. Сондай-ақ, кез келген компьютер сервердің істен шығуы жалпы ақпараттың жоғалуына әкеп соғады, яғни барлық осындай компьютерлер мүмкіндігінше сенімді болуы тиіс, бірақ әрқашан олай мүмкін бола бермейді.

Сервер негізіндегі желілер желіге көп пайдаланушылар бірігетін жағдайда ғана қолданылады. Сондықтан желіге мамандандырылған компьютер – сервер қосылады. Ол тек қана желіге қызмет етеді, басқа міндеттердің орындамайды. Мұндай сервер бөлінген деп аталады. Желілік сауалдарды бөлінген қорларға жылдам өңдеу үшін және файлдармен каталогтерге қорғауды басқару үшін серверлер арнайы ықшамдалған. Желінің қуаттылығының үлкен мөлшерінде бір сервер жеткіліксіз болуы мүмкін, сол кезде желіге бірнеше серверлерді қосады. Серверлер басқа да міндеттерді атқара алады: желілі баспа, глобальды желіге шығу, басқа жергілікті желімен байланыс, электрондық поштаға қызмет көрсету, т.с.с. Сервердің негізінде желіні пайдаланушылардың саны бірнеше мыңдаған бола алады.

Сервер негізінде желіде компьютерлерді айқын, клиенттерге (немесе жұмысшы станцияларына) және серверлерге бөлу бар. Клиенттер серверлер сияқты жұмыс істей алмайды, ал серверлер клиенттер мен автономиялық компьютерлер сияқты жұмыс істей алады. Барлық желілі дискілік қорлар тек қана серверде орналасуы мүмкін ал клиенттер тек қана серверге сүйене алады, бірақ бір-біріне сүйене алмайды. Бұл олар бір-бірімен хабарласа алмайды деген сөз емес, тек бір клиенттен екіншісіне ақпаратты тарату сервер арқылы мүмкін болады, мысалы, барлық клиенттер қол жеткізе алатын файл арқылы дегенді білдіреді.

Сервер негізіндегі желінің қасиетін сенімділік деп жиі атайды. Ол дұрыс, бірақ түсіндірме бар: егер сервер шынында өте сенімді болса ғана. Керісінше жағдайда, сервердің кез келген қабыл алмауы желінің толық қақтығысына әкеп соғады. Сервер негізіндегі желінің даусыз қасиеті – оның жоғары айырбастау жылдамдығы, өйткені сервер әрқашан жылдам процессормен (немесе тіпті бірнеше процессорлармен), үлкен көлемді шапшаң жадымен және жылдамдығы үлкен қатты дискілермен жабдықталады. Желінің барлық қорлары бір орында жиналғандықтан біррангілі желіге қарағанда, қол жеткізуді, деректерді қорғауды, айырбасты хаттамаларды басқарудың анағұрлым қуатты қорғау құралдарын қолдануға болады.

Сервер негізіндегі желінің кемшілігіне аз шамадағы компьютерлер санында оның абайсыздығы, барлық компьютерлер – клиенттердің серверге тәуелділігі, қымбат серверді қолданған кездегі желінің аса қымбат құны жатады.

Бұл жағдайда серверде желілік операциялық жүйе орналастырады. Бұл желілік ОЖ ерекше операцияларды желілік айырбасты ұйымдастыруда нәтижелі орындау үшін арнайы ықшамдалған. Ол жұмысшылар станциясында (клиенттерде) жұмыстың желілік тәртібін қолдайтын желілік қабық сияқты да, операциялық жүйе сияқты да орналастыра алады.

Анықталған операцияның көмегімен сервистік функцияны шақыратын процесс клиент деп аталады. Ол программа немесе қолданушы болып табылады. 2-суретте клиент — сервер архитектура серверлерінің тізімі көрсетілген.



Клиенттер — бұл сервестің ресурстарын қолданатын және қолданушыға ыңғайлы интерфейстерді ұсынатын жұмыстық станциялар. Қолданушының интерфейсі деп жүйенің немесе желінің қолданушымен өзара әрекеттесетін процедуралар.

Клиент бастаушы болып табылады және электрондық поштаны немесе басқа серверлердің сервисін қолданады. Бұл процессте клиент қамтамасыз етудің түрін сұрайды, сеансты орнатады, оған керекті шешімдерді алады және жұмыстың аяқталуы туралы хабарлайды.

Қазіргі заманғы клиент — сервер архитектурасында төрт топты объекттерді белгілейді: клиенттер, серверлер, мәліметтер және желілік қызметтер. Клиенттер қолданушының жұмыс орындарындағы жүйелерінде орналасады. Мәліметтер негізінде серверлерді сақталады. Желілік қызметтер серверлермен және мәліметтермен бірге қолднануда болып табылады. Сонымен қатар қызметтер мәліметтерді өңдеу процедурасымен басқарады.

Клиент — сервер архитектура желілерілерінің келесідей артықшылықтары бар:



  • көп санды жұмыс станциялы желілерді ұйымдастыруға рұқсат етеді;

  • орталықтанған басқару қамтамасыз етеді

  • желілік ресурстарға нәтижелік қол жеткізу;

  • желіге кіру үшін қолданушыға бір пароль керек және қолданушының құқықтары таралатын барлық ресурстарға қол жеткізуді алу үшін

  • клиент — сервер архитектура желісінің артықшылықтарымен қатар бірнеше кемшіліктері де бар:

  • сервердің істен шығуы желінің жұмыс істемей қалумауына, және желілік ресурстардың минимум жоғалуына әкеліп соғуы мүмкін.

  • администраторлауға квалифицияланған персонал керек;

  • желілер және желілік жабдықтар өте қымбат болады.

Бақылау сұрақтары:

1. «Клиент сервер» желісіндегі компьютерлердің әсерлесу принціпін сіз қалай түсінесіз?

2. Сервер компьютерлер мен клиент компьютерлердің айырмашылығы қандай?

3. Сіз желілірдің және олармен ақпараттарды жіберудің қандай түрлерін білесіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет