Лекция 5
Тақырыбы: III-XI ғасырлардағы Қытай
1.Үш патшалық кезіндегі Қытайдың саяси тарихы
2. ІІІ-VI ғ.ғ. Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық құрылысы.
3.Суй және Тан империясы кезіндегі Қытай
Әдебиеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
М.,РАН-1998.
6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
9. История Китая с древнейших времен до наших дней. М.,1974.
10.Китай: между прошлым и будещем. М.1999.
1.Үш патшалық кезіндегі Қытайдың саяси тарихы. ІІ ғасыр аяғы мен ІІІ ғасырдың басы Қытай үшін ішкі саяси өзара қырқысу кезеңі болып, күрес барысында ірі әскербасылар ерекшеленіп шықты. Солардың бірі Цао Цао солтүстікте Хуанхе бассейнінде билік құрып, 220 жылы оның баласы Цао Пей өзін Вей мемлекетінің билеушісі деп жариялады. Келесі Лю Бей елдің оңтүстік - батысында Шу мемлекетінің билеушісі деп жарияланды. Ал үшінші Сунь Цюань Қытайдың оңтүстік-шығысындағы У патшалығының негізін қалады. Осы кезең Қытай тарихында “Үш патшалық кезеңі” деп аталды.
Вей мемлекеті (220-265ж.ж.) Солтүстік Қытайдың үлкен бөлігі батысында Дуньхуаннан шығысында Ляодунға дейін, оңтүстігінде Хуанхе мен Янцзы өзендері аралығы;
Шу мемлекеті (221-263 ж.ж.) Сычуань, Гансу мен Шэньсидің оңтүстік аудандары, Юньнани мен Гуйчжоудың үлкен бөлігі жіне Гуансидың батысы;
У мемлекеті (222-280 ж.ж.) бұрынғы Хань империясының оңтүстік-батысында өмір сүрді.
Вей патшалығының орнында 265 жылы Цзинь империясы құрылды да Шу патшалығын қосып алды, ал 280 жылы У мемлекетін бағындырды. Цзинь мемлекетінің негізін салушы Сыма Янь елде реформалар жүргізді.
ІV ғасыр басында солтүстік тайпалар бірінен соң бірі Солтүстік Қытайға шабуыл жасаудың нәтижесінде Цзинь мемлекеті құлап, оның орнына Қытайда оңтүстік және солтүстік патшалықтар құрылды.
2. ІІІ-VIІІ ғ.ғ. Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық құрылысы.
ІV ғасырдан бастап Қытай территориясына солтүстіктен көшпелі тайпалардың шабуылы жиіледі. Көшпелі монғол-түрік тайпалары Қытайдың солтүстігінен және батысынан елдің ішіне ене түсті. Бүл шабуылдар Қытай шаруашылығына үлкен зиян әкелді. Суғару құрылымдары қирап, түгелдей деревнялар жойылып, солтүстіктегі қалалар босап қалды. Ең алғашқы шабуыл жасағандар ғұндар болды. Олар311 жылы Лоянды, 316 жылы Чананьды алды да Цзинь патшаларының құрамында тек оңтүстік-шығыс қалып, мемлекеттің аты да Шығыс Цзинь (317-420 ж.ж.) деп аталды. Ғұндардан кейін Қытайға сяньби, цян, цзе, ди тағы басқа тайпалары шабуыл жасады. Шабуылдар нәтижесінде Қытай әбден әлсіреп көптеген ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. ІV ғасырдың соңы солтүстікте барлық өзара соғыстарды жеңіп сяньби тайпаларының көсемі Тоба Гуй Хуанхе бассейнінің территориясында Солтүстік Вей (386-534 ж.ж.) мемлекетінің негізін қалады. Тоба әулеттерінің өкілдері барлық қарсыластарын жеңіп, күшті ішкі-сыртқы саясат жүргізе бастады. Ішкі саясатта қытайландыру саясатын жүргізді. ІV- V ғасыр басында астаналық әкімшілікте 2% қытайлықтар болса, 423-452 жылдары оның саны 25% өсті. Императордың өзі фамилиясын Тобадан Юанға өткізді тек қытайша киінуді, тек қытайша сөйлесуді енгіз ді. Елдің астанасы солтүстіктегі Пинченнен ежелгі Қытай астанасы болған Лоянға көшірілді. 485 жылы 2 ғасыр алдын Сыма Ян жүргізген үлестік жүйе жаңартылды. Ол бойынша ер адамдарға 40 му, әйелдерге 20 му берілді. Егер құлдары болсы қосымша үлес берілді. Бұнымен қатар бау-бақша егуге әр отбасыға 20-30 му қосымша үлес берілді. Чиновниктерге қызметіне байланысты үлестік жер берілді. Салықтар мен міндеткерліктер анықталды.
Солтүстік патшалықтар: Солтүстік Вей (386-534 ж.ж.); Солтүстік Ци (550-577 ж.ж.); Солтүстік Чжоу (550-577ж.ж.);
Оңтүстік патшалықтар: Сун империясы (420-479 ж.ж.); Ци (479-502 ж.ж.); Лян (502-557 ж.ж.); Чэнь (557-589 ж.ж.) патшалықтары.
3.Суй және Тан империясы кезіндегі Қытай. Ерте орта ғасырлардағы Қытайды түгелдей біріктірген мемлекет Суй 354345әулеті болды. 581 жылы әскербасы Ян Цзянь (Вэнди) түгел Қытайды біріктіріп, жаңа негізін қалады. Вэнди билікке келісімен мемлекетті орталықтандыруға бағытталған реформа бастады. Реформа бойынша: өлшем бірліктері енгізілді, жаңа стандартты тиындар енгізілді, салық жүйеге келтірілді, төтенше алымдар жойылды. Жер реформасы жүргізіліп, шаруаларға үлестік жер берілді, егін салығы ретке келтірілді, шаруалар кәсіпшілік салығы мен еңбек міндеткерлігін өтейтін болды. Түрғындардың санағы жүргізіліп, алым төлейтін шаруалар есебі белгіленді.
605 жылы таққа Вэндидің баласы Янди отырды. Янди тұсында құрылыс жұмыстарына басы назар аударылды. Хуанхе мен Янцзы өзендерін жалғастырып тұрған Ұлы канал салынды. Ұлы Қытай қорғаны қалпына келтірілді. Сыртқы саясатында Ян-ди Түрік Қағанатымен, Вьетнаммен, Кореямен соғыс жүргізді.
614 жылғы ұзаққа созылған Кореяға жасалған сәтсіз шабуылдан соң елде көтерілістер басталды. Оған Яндиге наразы болып жүрген ақсұйектер қосылып, елде төңкеріс жасады. Янди астанадан қашып кеткенімен оны ұстап алып өлтірді де, оның әскербасыларының бірі Ли Юань жаңа Тан әулетінің билеушісі деп жарияланды.
Тан империясы Қытайда 300 жылдай (618-907 ж.ж.) өмір сүрді. Астанасы Чанань (қазіргі Сиань). Бұл қалалардың бірі болып, VІІІ ғасырда түрғындарының саны 1 миллионға жетті. Бұл әулеттің ең күшті императоры Ли Юанның баласы Ли-Ши – Мин немесе Тайцзунь (626-649 ж.ж.) болды. Ли-Ши – Мин тұсында чиновниктер үшін арнайы атақтар енгізді. Емтихан тапсыру жүйесі қалпына келтірілді. Елді мемлекеттік-әкімшілік басқару жүйесінде өзгеріс жасады. Император жанында Мемлекеттік Кеңес болды. 6 Министрлік болды: Шендер, Салық, Қылмыстық сот, Қоғамдық жұмыстар, Әскери, Сән-салтанат. Ел 10 провинциға бөлінді. Провинциялар облыстарға, облыстар-округке, округ-уезге, уездер-болыстарға, болыс-ауылдарға бөлінді. VІІІ ғасырдың 20-30 жылдары Тан империясының 6 жеке кодекстен түратын заңдар жинағы жасалды. VІІ – VІІІ ғасыр Тан империясы Сиаммен, Үндістанмен, Вьетнаммен, Араб халықтарымен сыртқы сауданы дамытты.
VІІІ Таң империясы дағдарысқа ұшырай бастады. Елде көтерілістер көбейді. 785 жыл әскербасы Ань Лу-шан 120 мыңдық әскермен императорға қарсы көтеріледі. 786 жыл екі астананы да Лоян мен Чаньанды басып алады. Тек бір жылдан кейін ғана император ұйғырлардың көмегімен көтерілісті басты. Шаруашылықтың өте қиын жағдайлары ІХ ғасыр басында жаңа көтерілістің басталуына себеп болды. 875-884 ж.ж император гвардиясының әскері, бұрынғы тұз саудагері Хуан Чао бастаған шаруалар көтерілісі болды. Көтеріліс Солтүстік Шаньдун және Хэбей провинцияларында басталды. Көтеріліс басталғанда көтерілісшілер саны 100 мың болса, 880 жылы 250-300 мыңға жетті. 879 ж Хуан Чао Оңтүстік Қытайға жорық жасап, Гуанчжоу портын бағындырды. 880 жылы Лоян мен Чананьды бағындырды да өзін император деп жариялады. 784 жылы бұрынғы император ұйғырлардың, тангуттардың т.б көшпенділердің көмегімен көтеріліс басылды. Көтерілісшілерді аяусыз қырып жойды. Көтерілістерден соң Тан империясы әлсіреген еді. Х ғасырда Солтүстікте Манчжурияны, Монголияның бір бөлігін, Қытайдың солтүстігін қамтыған Қидандар мемлекеті құрылды. Мемлекеттің аты Ляо деп аталды. Астанасы Яньцзин (қазіргі Пекин) болды. 907 жыл Тан имериясы өзінің өмір сүруін тоқтатты. Қытайда бытыраңқылық орын алды. Х ғасырдың ортасында елде экономикалық өсу байқалады, нетижесінде 960 жыл Қытайдың Сун әулетінің төңірегіне бірігу басталады.
Лекция 6
Тақырыбы: III-X ғасырлардағы Корея
1.Үш мемлекет кезіндегі Корея
2. Корей мемлекеттері арасындағы күрес және олардың Қытаймен, Жапониямен қарым-қатынасы.
3.Біртұтас Силла мемлекетінің құрылуы.
Әдебиеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
М.,РАН-1998.
6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
9. Волков С.В. Ранняя история буддизма в Корее. М.,1985.
10 Ванин Ю.В. Аграрный строй феодальной Кореи. М., 1981.
11. История Кореи (с древнейших времен до наших дней). Т.1.М.,1974
12. История Корей (с древнейших времен до наших дней). 2002 г.
1.Үш мемлекет кезіндегі Корея. Корей түбегінің географиялық жағдайы, құнарлы топырағы, өсімдіктер дүниесімен жануарлар әлемінің байлығы ертеден-ақ Азия құрлығы мен тұнық мүхит аралдарының тұрғындарының назарын өзіне аударды. Сондықтан корей халқының этникалық түр-тұлғасының қалыптасуында тунгус-манчжур және полинезиялық элементтердің ықпалы басым болды. Сонау неолит кезінен-ақ корей халқының ата-бабалары корей түбегі оған жапсарлас жатқан Оңтүстік Манчжурия (қазіргі Солтүстік-шығыс Қытайдың оңтүстік аудандары) аудандарын қоныстана бастады. Коредағы алғашқы қауымдық қатынастардың ыдырауы, таптық қоғамның пайда болуы өндіргіш күштердің дамуының прогресімен байланысты болды. Кореда алғашқы мемлекеттің пайда болуы кезеңі және оның әлеуметтік-экономикалық құрылымы туралы мәселе тарих ғылымында талас тудыратын мәселе. Деректерде Корей түбегінің территориясын әртүрлі тайпалар одағы қоныстанғандығы айтылады. Солтүстікте когурё емэк, окчо тайпалары, оңтүстігін (Ханган өзенінен оңтүстікке қарай) хан тайпалары қоныстанды. Хан тайпалары үшке бөлінді: махан, чинхан, пёнхан. Түбектің тұрғындары үй жануарларын өсірді, аң шаруашылығымен, балық шаруашылығымен айналысты. Ал негізгі шаруашылығы егіншілік болды. Өндіргіш күштердің дамуы феодалдық қатынастардың дамуына жағдай жасады. Бірақ бұл процесс біркелкі жүрген жоқ. Таптық бөліну Амноккан өзені бассейінін мекендеуші солтүстіктегі когурё тайпаларында тезірек дамыды. Тайпа арасынан тайпа билігін бағындырған бай ақсүйектер бөлініп шыға бастады. Олар өз орталарынан әскери көсемді таңдап, ол жиналыста қылмыстық істерді талқылап, тайпа мүшелерін көршіперге қарсы тонаушылық соғыстарда басқарды.
Окчо, емэк тайпалары когурё тайпаларына тәуелді болып, алым-салық төлеп, құл беріп отырды. Оңтүстікте топтық қоғамның қалыптасу процесі кеш жүрді. Хан тайпалары 78 ру-тайпалық қауымнан тұрып, қытай деректерінде оларды протоменлекеттер деп атады.
Когурё тайпаларында мемлекетті басқару ертеректен пайда болды. Бұрынғы әскери-көсем ван атымен (король) ұйымдастырған мемлекеттің басына отырды, ру аристократиясы әскери-чиновниктік ақсүйктерге айналды. Корей жазбаларында жеке меншікті қорғауға арналған зағдар жмнағы туралы айтылады. Сол заңда: ұрлық үшін ұрланған нәрсенің 12 есесін, ал біреудің малына зиян келтірсе, кінәліні құлға айналдырған жағдай да болды.
Когурё мемлекетінің құрылған кезі туралы зертеушілердің пікірі әртүрлі . Бірақ ІV ғасырдың соңы мен V ғасырда Когурё түгел Корей түбегі мен көрші Ляодун түбегін қамтыған күшті мемлекет болды. Корей түбегінің оңтүстігінде мемлекеттің құрылуын анағұрлым дамыған, күшті тайпалардың ұсақ тайпаларды бағындыруы нәтижелесінде жүрді.
Пэкче тайпалары ІІІ-ІV ғ.ғ көрші қауымдар мен тайпаларды біріктірді. Пэкче аристократиясы оңтүстік-батыс Кореяда, Ханган және Кымган өзендерінің төменгі ағысында айтарлықтай күшті мемлекет құрды.
V-VІ ғ.ғ алғашқы қауымдық қатынастардың ыдырауы нәтижесінде түбектің оңтүстік-шығысындағы тайпаларда Силла мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін Саро қауымы құрады, ол біртіндеп Нактонган өзені бассейініндегі тайпаларға өз билігін жүргізді.
Сонымен ІV ғасырда Корей түбегінде Когурё, Пэкче және Силла мемлекеттері өмір сүрді және олардың арасында билік үшін аяусыз күрес басталды. Бұл мемлекеттегі әлеуметтік – экономикалық қатынастар ұзақ уақыт корей таирхнамасында талас-тартыс тудырып келді. Кейін корей тарихшылары бұл 3 мемлекетті құлиеленуші құрлыстың белгілеріне қарамастан негізінен феодалдық мемлекеттер деп атады. Жаңа пайда болған мемлекеттік құрылым жерге корей феодалдық меншіктігін орнатып, жериеленуші феодалдардың тәуелді шаруаларды қанауына жағдай жасады. Шаруалар қауымы түгелдей жаулап алушы мемлекететрдің меншігі ретінде салық төлеуге , міндеткерлік өтеуге мәжбүр болды (әсіресе әскери және еңбекпен өтеу). Құлдар өндірісте басты роль ойнаған жоқ. Осы кезеңде құлдардың құқықтық жағдайы өзгерді. Мысалы VІ ғасыр басында Силла мемлекетінде ванның (королдің) көму рәсіміне 10 құлды өлтіру салты жойылды. 858 жылы Силла әскербасы Садахам көрші тайпаларды бағындырғаны үшін 200 тұтқын сыйға алады, бірақ құлға айналдырмай егіншілер ретінде бостандыққа жібереді. Өздерінің билігін нығайту үшін ақсүйектер Қытайдан тек мемлекетті ұйымдастыруда ғана емес, идеологияны да енгізді. Корей мемлекетінің билеушілері Қытайдан конфуцишылдықты енгізді. Чиновниктерді мемлекеттік қызметке даярлау мемлекеттің арнайы конфуцилік оқу орындарында жүргізілді.
Қытайдан корей мемлекетіне феодалдық құрлыстың орнауына үлкен ықпал еткен будизм енді. Когурёге алғашқы будда монахтары 372 жыл келді. Пхеньянның қасынан 2 будда монастыры салынды. 384 жыл Пэкченнің королінің ұсынысымен оның астанасына Оңтүстік Қытайдан будда монахтары келді. Силла мемлекетіне буддизм Когурёден VІ ғасырдың І жартысынан бастап ене бастады. Силланың астанасы –Кымсан (қазіргі Кендсу) ірі қалаға айналды.
2. Корей мемлекеттері арасындағы күрес және олардың Қытаймен, Жапониямен қарым-қатынасы. Бұл үш мемлекет өзара және түбектен тыс жатқан мемлекеттермен жиі-жиі соғыс жүргізді. Когурё мемлекетіне Қытай мемлекетінің феодалдары шабуыл жасап тұрды. IV ғасырда Когурё сянбилермен (Солтүстік Қытайда Янь мемлекеті) ұзаққа созылған соғыс жүргізді. IV-V ғасыр басында Квангэтхо ван тұсында Когурё біршама күшейді. Когурё территориясының оңтүстікке қарай кеңейуі астананы Пхеньянға ауыстыру Пэкче мемлекетімен қақтығысқа әкелді. V ғасырда Когурё мемлекеті бүкіл Корей түбегінің солтүстігін қамтып, Пэкчені ығыстыра бастады. Пэкче VІ ғасырда қатты күшейген Силла мемлекетімен одақтасты. 551 жылы одақтастар Когурёні Ханган өзені бассейнінен ығыстырды, бірақ қайтарып алған жерлерін Пэкчеге бермей Силланың өзі алады. Пэкче енді Когурёмен, жапондықтармен жақындасуды көздеді. Пэкче мен Когурё одақ құрған соң, Силла Қытаймен одақтасуды көздеді. VІ ғасырдың аяғында Қытай билеушілері Когурёні қауіпті қарсылас санап, соғыс ашты. 598 жылы Суй әулетінің негізін салушы Когурёні бағындыру үшін әскер жіберді, бірақ сәтсіз аяқталды. 612, 613, 614 жылдары Суй әулеті Когурёге күшті әскерін жіберді, тұрғындардың кескілескен қарсылығы және әскербасы Ыльчи Мундоктың әскери тактикасы арқасында Қытай әскерін жеңіліске ұшыратты. Бұдан соң Когурё мен Пэкче одақтасып, Силлаға қарсы әскери қимылдар бастады. Силла Қытайдағы Тан империясынан көмек сұрады. 645 жылы Тан әскері Когурёге енді. Бірақ сәтсіздікке ұшырады.
660 жылы Пэкчеге 60 мыңдық Силла мемлекетінің әскері және теңіз арқылы 130 мыңдық Қытай әскері енді. Пэкче әскері жеңіліске ұшырап, барлық территориясы Қытай провинциясына айналды.
668 жылы Тан және Силла әскерлері Когурёнің астанасы Пхеньянды алды. Бұл мемлекеттің де территориясы Тан феодалдарының билігіне көшті.
3.Біртұтас Силла мемлекетінің құрылуы. Шетелдік билеушілердің басқаруы аз уақыт өтісімен халық көтерілісіне әкеп соқтырды. Тан билеушілерінің Пэкче мен Когурёнің барлық жерлеріне орныға алмады. Себебі басталған халық көтерілістерін Корей түбегінде Қытай билігін мойындағысы келмеген Силла билеушілері қолдады. Бір жағынан Пэкче мен Когурё тұрғындарына Қытайдан гөрі тілі, әдет-ғұрыпы, мәдениеті жағынан Силлалықтар жақын еді. Силла енді үш Корей мемлекетін біріктірушіге айналды.
670-676 жылдары Силла мен Тан әскерлері арасында күрес басталды. Нәтижеде Корей түбегінің бүкіл территориясы Силла мемлекетінің құрамына енді. Ақыр аяғында оны Тан империясы да қолдады. Силла мемлекетінің елді біріктіруі Кореядағы феодалдық өндірістің дамуында үлкен маңызды кезең болды. Өзара соғыстардың аяқталуы көрші мемлекеттермен қатынастың орнауы елдегң өндіргіш күштердің дамуына жағдай жасады.
Лекция 7
Тақырыбы: Ерте орта ғасырлардағы Үндістан
1.Гуптар дәуіріндегі Үндістан
2. Солтүстік Үндістандағы феодалдық мемлекеттер
3. VIII-XII ғасырлардағы Оңтүстік Үндістан мен Декандағы мемлекеттер.
Әдебиеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
М.,РАН-1998.
6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
9. История Индии в средние века М.,1967.
10. Неру Дж. Откритие Индии М.,1995.
11. Антонова К.А., Бонгард-Левин Г.М., История Индии М.1979.
12.Касты в Индии М.,1965.
13. Бабур З.М. Бабур-нама. А.1996.
14.Медведев Е.М. Очерки истории Индии до ХІІІ в. М.,1990.
1.Гуптар дәуіріндегі Үндістан. ІІІ ғасырда солтүстік Үндістанның батыс бөлігін қамтыған Кушан мемлекеті мен Декандағы Ставахан мемлекеті ыдырайды. IV ғасыр басына дейін Үндістанда раджалар басқарған ондаған ұсақ мемлекеттік құрылымдар өмір сүрді. 320 жылы осындай раджалардың бірі Чандрагупта Солтүстік Үндістандағы бірқатар ұсақ мемлекеттерді біріктіріп Гуптар мемлекетінің негізін қалады. Астанасы Паталипутра болды. Чандрагуптаның Баласы Самудрагуптаның тұсында (шамамен 340-380 ж.ж.) Гуптар әлетінің билігі күшейіп, территориясы кеңейді. Чандрагупта ІІ тұсында (380-414 ж.ж.) Гуптар мемлекетінің территориясы Ганганың төменгі ағысынан бастауларына дейін жетіп, Деканның (оңтүстік Үндістан) бір бөлігін Нарбада өзеніне дейінгі аумақты қамтыды. Гуптар патшалығы Сасанидтік Иранмен сауда және мәдени қатынастарын өркендетті және Солтүстік Үндістанның шегарасын орта азиялық көшпенділердің шабуылынан қорғауда бейбітшілікті ұамтамасыз етті. Гуптар кезеңі Үндістанның экономикалық және Мәдени өркендегенін көрсетті. Осы кезде қазіргі Үндістанда кең тарқаған индуизм қалыптаса бастады. Гуптар кезінде Үндістанның қоғамдық құрылысында құл иелеушілік құрылыс сақталып қалды. Құлдар әртүрлі ирригациялық құрылыстарда – құрылыс жұмыстарында, ауылшаруашылығында сонымен бірге үй жұмыстарында қолданылды. Үлкен құл саудасы өмір сүрді. Үнді қоғамының құлиеленушілік құрылысының белгілері Гуптар кезіндегі касталық құрылымнан айқын көрінді.
Гуптар кезеңінің ерекшелігінің бірі феодалдық қатынастардың орнай бастауы болды. Феодалдық қоғамның негізі болып табылатын қауым шаруаларының санының өсуі үнді қоғамының құлиеленушіліктен феодализмге өтуін тездетті.
2. Солтүстік Үндістандағы феодалдық мемлекеттер. Гуптар мемлекеті мықты саяси бірлестік болған жоқ. VIІІ ғасыр басында Солтүстік Үндістанда көптеген тәуелсіз княздіктермен, ұсақ иеліктер өмір сүрді. Саяси әлсіздік және солтүстік Үндістан мемлекеттерінің бытыраңқылығы осы кездегі мұсылмандардың Индтың төменгі ағысындағы сәтті жорықтарынан көрініс тапты. Мухаммед ибн Касим басқарған Араб халифатының әскерлері 712-713 ж.ж. Синд пен Мультандағы үнді княздарын басып алып нығайды. Сондықтан Үндістанның бір бөлігі мұсылман дініне өтті. Көп өтпей-ақ Синд пен Мультан Араб халықтарынан тәуелсіздік алып, ол жерде тәуелсіз екі мұсылман мемлекеті құрылды.
VIІІ ғасыр басында Солтүстік Батыс Үндістанмен Раджастханда бұрын шабуыл жасаған эфталиттер үнді қоғамына әбден сіңіп үнді европолық тілдік семьясында сөйлейтін, этникалық жағынан біртекті емес тайпалар қалыптасты. Олар өздерін гурджарлар деп атады. Раджастхан территориясындағы тайпалар VIІІ ғасыр бастап көрші обылыстарға, әсіресе бай Ганга алқабына шабуыл жасай бастады. Бұл тайпалар раджпут (санскрит тілінде “раджпутра” –“раджаның баласы”) деген атпен белгілі болды. VIІІ ғасыр басында раджпут тайпаларындағы рулық құрылым ыдырап, жаңа мемлекет Гурджара-Пратихар мемлекеті құрылды. Ватсе-радже (738-790) тұсында раджпут мемлекеті территориясы кеңейіп жаулап алу арқылы Ганга алқабындағы жерлерді қосып алды.
VIІІ ғасырдың ортасында Бенгалия мен Бихар территориясында бұрынғы Гауда мемлекетінің орнында Пала мемлекеті құрылды. Пала әулеті өзара күресіп жатқан княздіктерді біріктіріп, Ганга алқабының батыс облыстарын жаулап алуды бастады және онда ражпуттармен қақтығысады. Бұл күреске ірі держава Раштракуттер араласады. Раштракуттер VIІІ ғасырдың ортасында Декандағы Махараштамен Солтүстік Карнатакта бұрынғы Чалукей мемлекетінің орнында құрылған держава еді. Раштракуттер қарсыластарының ешқайсысының жеңіске жетуіне жол қоймауға тырысты. Яғни солтүстік шегарада қауіпті көршілерінің болуынан қорықты. Раштракуттер солтүстік Үндістанда нығайа алмады, бірақ олардың жорықтарынан мол әскери пайда мен байлық түсіп отырды. VIII ғасырдың 80-жылдарында Раштракуттер алғашқы рет Солтүстік Үндістан державаларының соғыстарына араласты. Олар Бенгал Пала мемлекетінің билеушісі Дхармапаланы (770-810 ж.ж.) жеңіп тұрған Ватса Раджаның әскерін талқандады. IX ғасырдың басында Гуджара-Пратихар екі рет Дхармапаланы жеңіп, Бенгалияға енеді. Тағы да Раштракуттер көмекке келеді ражпуттерді жеңіп, Дхармапала Раштракуттердің вассалдығын мойындайды. Дхармапаланың баласы Девапала тұсында (810-850 ж.ж.) Пала мемлекеті біршама гүлденіп, Солтүстік Үндістанның үлкен бөлігін бағындырып және Раштракуттерге соққы берді. Бірақ Девапаланың өлімінен соң Ганга алқабындағы билік ақыр аяғы ражпуттерге тиді.
3. VIII-XII ғасырлардағы Оңтүстік Үндістан мен Декандағы мемлекеттер. VIII-X ғасырларда Декандағы ең ірі мемлекет Раштракуттер мемлекеті болды. Бұл әулет өкілдері қауым көсемдерінен (раштракут) көтеріліп шықты. Олар өздерінің шығу тегін мақтаныш етіп, қауымдық титулды әулеттік атқа айналдырды. Раштракуттердің ең күшейген кезі Говинда ІІІ (793-814 ж.ж.) тұсында Декан түбегінің олардың билігіне кірген кезінде болды. Басқа феодалдық империялардағы сияқты бұлардың мемлекетінде де тұрақтылық болмады. Раштракуттерді әлсіреткен ішкі қайшылықтарды оңтүстіктегі Паллав және Пандьи мемлекеттері пайдаланды. Олар өздерінің тәуелсіздігін қалпына келтіріп алғаннан соң бұл мемлекеттер ұзаққа созылған күреске кірісті. Бұл соғысқа Паллавтардың вассалы болған Чолы және Цейлон княздары да қатысты. Раштракуттер X ғасырда оңтүстік және солтүстіктегі бірқатар соғыстардағы табыстарға қарамастан оларды өздерінің вассалы Чалукейлер басып алды. X ғасыр соңында Чолы мемлекеті күшейді. Раджендр І (1015-1044 ж.ж.) таққа отырысымен олар Пандьиді, оңтүстік Карелді, Солтүстік Цейлонды, Мальдив аралдарын бағындырды. Раджендр І азғантай тұрғындары бар оңтүстікті қоспағанда бүкіл Цейлонды бағындырды, Орисса арқылы Ганганың төменгі ағысына жорық жасады. Малакка, Суматра, Явада иеліктері бар Шриваджия мемлекетіне соғыс ашып, вассалдық тәуелділігін мойындатты. Декан түбегінің бүкіл оңтүстігі мен оңтүстік - шығысы XII ғасырдың ортасына дейін Чолаларға тәуелді болы, тек Цейлон ғана олардың езгісінен азаттық алуға қол жеткізді.
Лекция 8
Тақырыбы: X-XV ғ.ғ. Жапония.
1.X-XII ғ.ғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы
2.Сегундық жүйенің қалыптасуы. Минамото сегунатының құрылуы.
3.Асикага сегунатының құрылуы және саяси тарихы
Әдебиеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
М.,РАН-1998.
6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
9. Жуков Е.И. История Японии. М.,1969.
10.История Японии (с древнейших времен до наших дней) М.,1988.
Достарыңызбен бөлісу: |