Лекция Халықаралық қатынастар тарихына кіріспе Халықаралық қатынастар түсінігі


АҚШ-тың тәуелсіздік үшін соғысы және европалық дипломатия



бет5/6
Дата02.01.2022
өлшемі77.5 Kb.
#452491
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
hktlektsiya material

АҚШ-тың тәуелсіздік үшін соғысы және европалық дипломатия
1. 1776ж Тәуелсіздік туралы декларация.

2.Европалық державалардың ағылшын-американ дағдарысына қатысты ұстанған ұстанымдары.

3. АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындау қиыншылықтары.

4. АҚШ-тың тәуелсіздігінің халықаралық қатынастар үшін мәні.


Атлант мұхиты жағалауындағы алғашқы ағылшын отары 1607 ж. пайда болып, тұрмыс құрмаған королева І Елизаветаның құрметіне Вирджиния деп аталды. Кейін Англияның тағы да 12 отары пайда болды. Басқару түріне байланысты оларды корпоративтік, жеке меншіктік және корольдік отарлар деп бөлуге болады. ХУІІІ ғ. 70-шы жылдарында Солтүстік Америкадағы Англияның 13 отары Англияға соғыс ашып, Америка материгінде алғаш болып дербес мемлекет – Америка Құрама Штаттарын құрды.

Сөйтіп, 1783 ж. Версаль келісімімен әлемнің саяси картасында жаңа тәуелсіз мемлекет – Америка Құрама Штаттары пайда болды. Жас мемлекет сыртқы саясат принциптерін қалыптастырды. АҚШ-тың алғашқы президенті Дж. Вашингтон өзге мемлекеттермен сауда-саттық қарым-қатынас орнату жөніндегі принциптерді дамытып, олармен саяси байланысты шектеуге, Еуропадағы қақтығыстарға араласпауға жұмыс жасады.



Лекция

Француз революциясы және Наполеондық

соғыстар кезіндегі дипломиатия
1.Француз буржуазиялық революциясы мен европалық дипломатия.

2. Наполеон Бонапарттың сыртқы саясаты. Европалық саяси картасының өзгерісі.

3. Лейпциг соғысы мен Францияның талқандалуы.
Еуропалық монархиялар тарапынан француз буржуазиялық революциясының басталуы билікке келген буржуазияның әсіресе революциялық күрестің шарықтаған кезі - якобиндік Конвенттің қызметі кезеңіндегі кейінгі әрекеттері сияқты айтарлықтай деңгейдегі қызығушылық пен үрей туғызбады.

Француз буржуазиялық революциясы елдің тек экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуына ғана емес, Францияның дипломатиялық қызметін ұйымдастыру жүйесіне де өзгерістер енгізді. Монарх билігінің шектелуі революция басталысымен оның сыртқы саяси өкілеттілігіне де көшеді. Революцияға дейін сыртқы істер министрі монархпен тағайындалып, тек соның алдында ғана жауапты болған. Елшілер мен министрлер әдетте король сарайымен тығыз байланыстағы аристократиялық әулеттерден тағайындалған болатын. Сыртқы істер министрлігі территориалдық белгісі бойынша бөлінген екі басқармадан тұрды. Біріншісі Батыс және Орталық Еуропа, Америка мемлекеттерімен, ал екіншісі Шығыс және Оңтүстік Еуропа, Скандинавия мемлекеттерімен қатынастар жүргізді. Осы екі басқармадан басқа қосымша бөлімдер де болды.

Сол кездегі еуропалық саясатта екі ең мықты держава - Англия мен Ресей айтарлықтай рөльге ие болды.
Лекция

Наполеон соғысы кезіндегі халықаралық қатынастар


1. Коалициялармен соғыс

2. 1807 ж. Тильзит бейбіт бітімі

3. Наполеоннның 1812 жылы Ресей империясына шабуылы
Наполеон империясы мен консулдығы тұсындағы еуропалық елдердің коалициясына қарсы Франция Наполеон соғыстарын (1799-1815 жж.) жүргізді. Хронологиялық жағынан алғанда бұл соғыстар Ұлы француз төңкерісінің (1789-1799 жж.) соғыстарын жалғастырды және алғашқы кезде оның прогрессивті мәні де болды, өйткені ол феодалдық құрылыстың негіздерін қиратуға, бірқатар Еуропа елдеріндегі капиталистік қатынастардың дамуына жәрдемдесті. Алайда, Наполеон соғыстарының даму барысы өзінің прогрессивті белгілерін жоғалтып жаулап алушылық сипат алды. Сөзсіз ХVIIІ ғ. аяғы – ХІХ ғ. басында Еуропа саясатын анықтаған, өз дәуірінің көрнекті өкілдерінің бірі Луи Бонапарт Наполеонның тұлғасы мен қызметінің маңызын айта кету керек.

Ресеймен соғысудың дипломатиялық дайындығы Наполеонның болжамдарын ақтамады. Пруссия мен Австрия Франциямен Ресейге қарсы бағытталған келісімдерге қол қоюға мәжбүр болғанымен де, олар сонымен қатар І Александрмен де құпия келіссөздер жүргізіп отырды. Франция дипломаттары Ресейдің Швеция және Түркиямен болатын қайшылықтарына үміт артты. Алайда, Ресей сәуір айында Швециямен одақтасады, ал соғыстың қарсаңында, 1812 ж. мамырда Кутузов Түркиямен Бухарест бейбіт бітіміне қол қояды. Ресей мен Англия арасындағы одақтастық қатынастар қайта қалпына келтіріледі. Сонымен Ресейді сыртқы саяси оқшаулау жоспары жүзеге аспай қалады.




Лекция

Вена Конгресі мен оның нәтижесінде жаңарған

халықаралық қатынастар жүйесі
1. Вена конгресі. Англия, Ресей, Австрия мен Пруссия арасындағы қайшылықтары.

2. Қорытынды Акт пен басқа құжаттар және жаңа халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасуы. Жаңа тәртіптің ерекшеліктері.

3. Қасиетті Одақ Европалық концерттің институты ретінде.
Наполеонды жеңгеннен кейін барлық еуропалық державалардың өкілдері (Түркиядан басқасы) Еуропада феодалдық тәртіпті және наполеондық соғыс барысында құлатылған бірқатар бұрынғы әулеттерді қайта қалпына келтіру мәселелеріне байланысты шешім қабылдау үшін Австрия астанасында жиналды. Бұл конгресс қатысушыларын тағы да бір ортақ міндет біріктірген еді – ол революциялық және демократиялық қозғалыстармен күрес. Сонымен қатар, конгресс Франциядағы бонапарттық тәртіптің қайта оралмауына және Еуропаны жаулап алу әрекетінің болмауына тұрақты кепілдікті қамтамасыз етуі, сонымен бірге жеңімпаз державалардың территориялық дәмеленулерін қанағаттандыруы қажет болды.

Қасиетті Одақтың барлығы төрт конгресі өтті: 1818 ж. Аахен конгресі, 1820 ж. Троппау конгресі, 1821 ж. Лайбах конгресі, 1822 ж. Верон конгресі. Қасиетті Одақтың негізін қалаушы үш держава басшыларынан басқа оларға Англия мен Франция өкілдері де қатысты.


Лекция

XIX ғ 20-50 жж Шығыс мәселесі мен оған

қатысты ұлы державалардың ұстанымдары
1. Шығыс мәселесі түсінігі.

2.Осман империясының құлдырауының себептері. Шығыс мәселесінің периодизациясы.

3. Европалық державаларының ұстанымдары мен араларындағы қайшылықтары.
Балқан түбегінде Осман билігінің сақталуы Англия мен Франция үшін жергілікті халықты қанауға жағдай жасап отырды: осы мемлекеттердің Түркиямен жасасқан келісім-шарттарында бекітілген капитуляциялық режим мен төмен баж салығы еуропалық капитал үшін ыңғайлы болды, Балқан түбегінде Ресей билігінің орнауы немесе жергілікті халықтардың тәуелсіздікке қол жеткізуі мұндай артықшылықтардың жойылуына алып келер еді. Балқан түбегі халықтарының азаттық үшін күресін Ресей өз мүдделеріне пайдалануға тырысты. Түркия мен оның Балқан түбегіндегі иеліктерінің тағдыры Еуропалық мемлекеттердің қолында болды. Осылай «шыѓыс мәселесі» пайда болады. «Шығыс мәселесі» - Осман империясының ыддырауы, Балқан түбегі халықтарының азаттық күресі мен еуропалық мемлекеттердің түрік иеліктерін бөліске салу үшін күресімен байланысты XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында орын алған халықаралық қайшылықтардың тарих пен дипломатияда қабылданаған шартты атауы.
Лекция

Бірінші дүниежүзілік соғыс.

Соғыс барысындағы дипломатиялық күрес.
1. Бірінші дүниежүзілік соғыс басындағы одықтардың қалыптасуы.

2. Соғыс барысындағыдержавалардың ұстанымдары. Одақтастар үшін диплом-қ күрес.

3. Үштік одақтың және Антатның саясаттары.
1914 ж. көктеміне қарай еуропалық мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтар өте-мөте шиеленісе түсті. Қалыптасып жатқан жағдайдың күрделілігі белгілі бір дәрежеде тек қалыптасқан екі әскери-саяси топтар – Үштік одақ пен Үштік келісім арасында ғана емес, сонымен бірге әр топтың өз ішіндегі қайшылықтардың өсуімен анықталды.

Осылайша, бірінші дүниежүзілік соғыстың бірінші кезеңі коалицияны бұзу мақсатында жауласқан елдердің бірімен оңаша келіссөздер жүргізуге ұмтылған германдық дипломатияның белсенділігімен сипатталды.

Антанта елдерінің қатты күштеуімен Греция өз елінің территориясында Балқандағы Салоники майданына Төрттік одаққа бағытталған күш ағылшын-француз және серб әскерлерін түсіруге келісімін берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет