Инфекциялық процесс дамуындағы макроорганизм ролі
Инфекциялық аурудың пайда болуында макроорганизмнің жағдайы, ауру қоздырғыш микробтардан, олардың уларынан қорғану қабілетіне байланысты. Мына жағдайлар ауру пайда болуында маңызды роль атқарады.
1. Жасы: инфекциялық ауру пайда болуында адамның жасына байланысты физиологиялық өзгерістер, зат алмасу процесстерінің маңызы зор. Мысалы: кейбір қоздырғыштар тек қана бала организмінде ауру тудырады - олар қызылша, жел шешек, көкжөтел, шошқа мойын т.б. Ал өкпе қабынуы қарт адамдарда өте ауыр түрде кездеседі. Сонымен қатар адамның жасына байланысты емес қоздырғыштар бар. Мысалы: тұмау вирусы. Ол үлкендерде де, балалар да да ауру қоздырады.
2. Нерв жүйесі: - нерв жүйсінің тозуы, әлсіреуі инфекциялық аурудың ауыр түрде болуына әсер етеді, себебі адамның ауру қоздырғышына қарсы қорғаныс механизмі төмендейді.
3. Ішкі секреция бездері немесе эндокринді бездері: эндокринді аурулармен (диабет, зоб т.б.) ауыратын адамдарда қорғаныс қабілетінің төмендеуіне байланысты ірінді қабыну аурулары жиі кездеседі.
4. Тамақтану: уақытымен дұрыс құнарлы тамақтанбау да инфекциялық ауру пайда болуына әсер етеді, себебі тамақпен организмге әртүрлі витаминдер, белоктар туседі, ал олардың жетіспеушілігі организмнің инфекцияға қарсы қорғаныс қабілетін, иммунитетін төмендетеді. Мысалы: туберкулез, тырысқақ, дизентерия т.б.
5. Адамның қалыпты мекендеушілері яғни микрофлорасы да маңызды роль атқарады - яғни қорғаныс функциясын атқарады. Мысалы: адамның ішегіндегі ішек таяқшасы - іш сүзегінің, т.б. патогенді таяқшаларын өлтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |