Лекция оқыды. «Жазушы келбеті»


(Фильмнен үзінді көрсетіледі



бет4/7
Дата27.09.2023
өлшемі42.02 Kb.
#478852
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
оқырмандар конференциясы

(Фильмнен үзінді көрсетіледі).........
Жүгізуші Асел: Қожа рөлінде ойнаған Тугумбаев Эльдар.
Сахнаға Қожа шығады.............(ойын). (Тугумбаев Эльдар)
Қожа: Сәлем, сәлем, балалар! Балалар мен жақында жаңа ойын үйрендім. Ол
қандай дейсіңдер ме, бұл ойын бір-бірімізге «сұрақ-жауап ойыны» деп аталады.
Мен бірінші болып сендерге сұрақ қоямын. Сендер маған қайыра сұрақ қоясыңдар. (екі қолын уқалап) Кәнекей, ойынды бастаймыз ба? Менің сұрақтарым таусылған соң, сендердің кезектерің. Ойын басталды. 
 Қожаның сұрақтары (Менің атым Қожа повесі желісімен):

  1. Қожа: Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шынын айтыңдаршы, мен өскенде қандай маман иесі болуды армандадым?

ЖАУАП:(Қожаның жазушы болсам деген арманы көкейіне ерте ұялады. Оның ақындық, жазушылық даңқы үшінші-төртінші сыныпта оқып жүргенде-ақ мектептен асып, ауылға жайылып, «ақын бала» атана бастаған. )

  1. Қожа: Сұлтан екеуіміздің қарақшылық өміріміз қанша уақытқа созылды?

ЖАУАП:(Олар жабайы қаз атып алдық екен деп, біреудің жоғалған қазын атып алып, үйітіп отырғандарында мектеп директоры Ахметовтың әкесі Ахмет шал көріп қалып, олардың «сазайларын» береді. Сосын екеуі қорда етіп, қарақшылық істемек болған «тапқыр» ойларынан табанда бас тартуға тура келеді.Бұл екеуінің қарақшылық өмірілерінің бірінші және ең соңғы күні болды.) 

  1. Қожа:Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарадым?

ЖАУАП:(Қожа кешкі астан кейін төр үйге кіріп, үлкен айнаның алдына отырып, Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесін ашады. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе – тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін не істеу керек екендігі жайлы мәселе қаралды.)

  1. Қожа:Менімен дойбы ойнап отырған Жанар мені не үшін «Мақтаншақ Қожа» деп мазақтады?

ЖАУАП:(Бірінші ойында Қожа Жанардың сүйкімді жүзіне, иығына төгілген қолаң шашына қарап, толқып отырып, ойынды ұтқызып алады. Екінші ойында сағырақ ойнаса да, үш-төрт жүрістен кейін Жанар Қожаның үш пешкасын бірден қырып салды. Енді оның намысы келіп, «қазір ұтамын» деді сенімді үнмен. Бірақ, айлакер Жанар бұл жолы да елеусіз тұрған пешкасын Қожаға жегізді де, басқа бір пешкасымен оның әлгі батырын белден басып, биге өтіп кетті... )



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет