Лекция сабақтарының мазмұны


Патшалы Ресейдің жер мәселесінедегі отаршыл саясаты



бет4/10
Дата24.02.2016
өлшемі1.35 Mb.
#13515
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.Патшалы Ресейдің жер мәселесінедегі отаршыл саясаты.

3.Қазақ-орыс сауда байланыстары.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

Байлыққа толы Қазақ жерін отарлауды басты орынға қойған Ресей патша үкіметі бір жағынан Қазақстанның байлығын иелену арқылы өзінің экономикалық мүдделерін қорғау , 2- ші жағынан Қазақстанның тәуелділігін күшейту мақсатымен 18 ғ ортасында Қазақстанның Ресеймен шектесетін бүкіл батыс , солтүстік өңірлерін , солтүстік-шығысын әскери бекініс шептерін салып құрсаулап қоршай бастады. Бұл бекіністерді салу барысында патша өкіметі қазақтың ең жақсы , шұрайлы жер-суын тартып ала отырып, ол жерлерге ойып , топырлата бекіністер салып, сығымдай қоршады.

18 ғ ортасынан патша үкіметі Жайық өзенін бойлай Жайық казактарының күшімен 14 қамал : Переволовцк, Чернорегенск, Татищев , Нижнеозерная , Рассыпная, Елек қалашығы , Жайық қалашығы, Сахарная , Калмыковск, Көш-Жайық, Кулагина, Тополев , Бақсай , Гурьев қамалдары салынып , бұл бекіністер тізбегі Жайық шебі деп аталды.

1734 ж Жоғарғы Жайық қамалы салынған кезден бастап, Жоғарғы Жайық шебінің негізі қаланы бастады. Бұл Жайық қалашығынан Жоғарғы Жайық қамалына дейінгі бекіністерден тұрды.

18 ғ 30-40 жж Жоғарғы Жаййық қамалынан Зверноголовск қамалына дейін 770 шақырымға созылған Үй шебін құру аяқталды . Ол Қарағай , Қаракөл , Усть-Уйск қамалдарынан тұрды. 1752 ж Ново-Ишим шебі салынып бітті. Бұл шеп 540 шақырымға созылып ,Үй шебін Ертіс шебімен жалғастырды.Бұған Зверноголовск, Покровск, Кабанья, Пресногорков қамалдары кірді. Осы кезде Красногорск дистанциясы мен Орск шебі кірді.

18 ғ 50 жылдары ұзындығы (1684) 930 шақырымға созылған Ертіс шебін салу аяқталды.Оған Омбы , Железинск , Петропавл,Семей , Өскемен, коряков , Ямышев т.б. қамалдар кірді.

Қамалдар салу мен отарлау қазақтардың дәстүрлі көші-қон жерлерінің бір бөлігін тартып алуға , олардың көлемін қысқартуға әкеліп соқтырды. Патша үкіметі жер мәселесінде отаршылдық шараларды біртіндеп жүзеге асырды.

1734 ж патша үкіметі қазақтардың Жайықтың оң жағалауына өтуіне тыйым салу туралы мәселені тұңғыш рет қойды.

1742 ж 19 қазанда Жайық өзені маңында ,Жайық қалашығы мен салынып жатқан қамалдар маңында қазақтардың көшіп қонуына тыйым салатын жарлық шығарылды.

Жайық пен Еділ аралығында көшіп-қонып жүрген Қазақ ауылдарын Жайықтың сол жағалауына көшіруге бұйрық берілді. Бұл үшін Жайық атты казак әскерлерінен күшті әскер жасақтау , тіпті қазақтарға қарсы қалмақтардың әскери отрядтарын пайдалану бұйырылды, әрі қалмақтардың түсірген олжаларының өздеріне берілетінін айтып алдын-ала дәлелдендірілді. Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына мал айдап өтпеу үшін патша үкіметі тіпті сорақылықпен 1747 ж күзде Каспийге дейінгі Жайықтың бір беткейіндегі далаларға өрт қойды. Бірақ бұл шаралардың бәрі қазақтардың жерге деген ұмтылысын ,Жайықтың оң жақ бетіне өтуін тоқтата алмады. Жарлық жүзеге аспай қалды, үкімет амалсыздан қазақтардың Жайықтан өтуіне рұқсат беруге мәжбүр болды.

Бірақ 1756 ж 2 қыркүйекте қазақтардың Жайық жағасына малын жаюға алғаш рет ресми түрде шек қойылды. Ал1757 ж 24 желтоқсанда Кіші жүз ханы Нұралыға тапсырған орыс үкіметінің шешімдеріне қазақтардың Жайық өзенінен мал айдап өтуіне тыйым салу расталды.
ЛЕКЦИЯ 6

Абылай ханның Отанды жаудан азат ету жолындағы күресті ұйымдастыру.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Абылай тегі, жастық өмірі.

2.Абылай хан –ұлы қолбасшы батыр, азаттық күресті басты ұйымдастырушы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

Қазақ халқының Ақтабан шұбырындыдан соң қайта оңалуы ,кемеліне келіп , біртұтас мемлекет ретінде қалпынакелуі –Абылай хан есімімен байланысты. Абылай (шын аты Әбілмансұр ) 1713 ж (кей деректерде 1711 ж) Түркістан билеушісі Уәли сұлтанның шаңырағында дүниеге келген.

Абылай хан –18 ғасырда тарихымыздың аса ірі тұлғасы .Абылайдың дара тұлғасы , қолбасшылық талантымен саяси көрегендігі қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империясының көз алартушыларға қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Абылай қазақ халқының тағдыры қыл үстінде , қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, үш жүздің басын қосып, жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтың келешегі жасалды.

Жас Абылайдың ел тізгініне жеткен кезі-ежелгі біртұтас қазақ мемлекеті құлап , жеке биліктерге ыдырағанына жиырма жылдай болып қалған. Ақтабан шұбырындыға ұшырап , қырылып –жойылған халық енді қайтып бас көтерместей , ешқашан ес жимастай көрінген өте ауыр кезең еді. Қазақтарды ығыстырып, қырғынға ұшыратып ,Жетісуды , бүкіл оңтүстік өңірді жаулап алған, Жоңғар хандығы біздің ата жұртымызға біржолата орнығуға ниет еткен.

Орталық Азиядағы ахуалды, әскери іс пен саяси жағдайды анық байыпталған Абылай Отанды қорғау , қалмақ басқыншылығынан құтылу мәселесін 1- ші кезекке қояды.

Діні бір тілі бір Орта Азия хандықтары қазақтарға қол ұшын бермейді , қайта әлсіреген Қазақ хандығының жақсы жерлерін алып қалуға тырысады. Ал Ресей болса да көмектеспейді. Оның саясаты белгілі. Сондықтан Абылай туған халқының қажыр-қайратына ғана сенеді. Елді жауға қарсы жұмылдырып, Қазақ Ордасының әскери қуатын арттырады. Үш жүзді біріктіріп, Отанды қорғауда азаттық күреске бастайды. 1739 ж күзде Қалдан-Сереннің таңдаулы әскербасы Серден 30 мың әскермен Сары-Арқаға басып кірді . Бейқам болмаса да , дәл осы кезде шабуыл күтпеген қазқтар ығысы соғысқанымен , жаудың бетін қайтарады.

Бірақ көп ұзамай Қалдан-Сереннің тағы бір қолбасы Сары –Мәнжі бастаған қалың қол шығады.Абылайдың басшылығындағы қазақтардың көп шығынға ұшыраған қорғаныс соғыстары бүкіл қыс бойына созылады.

1740 ж күзде Септен бастаған ойрат әскері қайтадан Сары-Арқаға қарай шабуылдады. Бұл жолы жауды күтіп сақ отырған Абылай қарсы шабуылға көшеді бірнеше үлкен-кішілі ұрыста қалмақты ойсыраған шығынға ұшыратады, бетін қайырып , ел іргесін бекітеді.Алайда, қыс ортасында 1741 ж ақпан айында Септен мен Қалдан Сереннің үлкен ұлы Лама Доржы бастаған 30 мыңдық ойрат әскері жолындағының бәрін жайпаған жаңа жорыққа шығады. Бұл жолға қанды шайқастар қыстан озып, жазға ұласады. Қысқы майданда Есілге ,Тобылға дейін ығыса ұрысқан қазақтар жазға қарай қайтадан күш алады. Абылай үлкен майдан ашып , шешуші бір ұрыста жоңғар қолын талқандайды, тарихи деректердің айтуынша , бұл ұлыста қалмақ әскерінің оң қанаты түгелге жуық қырылыпты.

1741 ж Бүкіл жаз бойына созылған аумалы –төкпелі күрес үстінде екі жақ та көп шығынға ұшырайды, екі жақта алға қойған мақсаттарына жете алмайды .Бірақ жоңғардың заманы бірте-бірте өте бастағаны , ал әлсіреген қазақ елінің күш-қуаты толыса бастағаны айқын көрінеді.

Міне осы кезде, яғни 1741 ж жазда небәрі 200 адаммен ғана жолдғынға шыққан Абылай тұтқиылдан қалың әскерге кездесіп, қоршауда қалады , арпалыса соғысқан шағын жасақ түгелге жуық қырғын тауып , сұлтанның өзі тұтқынға алады. Содан 1743 ж қыркүйекте босатылғанға дейін тұтқында болады. Қалдан Серен өз тұтқыны Абылаймен 1743 ж қазақ-жоңғар арасында бейбіт келісім жөнінде шарт жасасады. 1745 ж Қалдан Церен қайтыс болғаннан кейін нояндар арасында таққа таластық өрістеді. Құдіретті әміршінің өзінің өсиетіне орай , қалмақ нояндары Қалдан цереннің 2- ші ұлы Цедан Доржыны қонтайшы сайлады. Оның билігі ұзаққа бармайды, көп ұзамай оны таққа таласқан ағасы Лама Доржы өлтіреді , өзі қонтайшы болып сайланады. Лама Доржының қарсыластары таққа таласушылар- Дауаци мен Әмірсана 1751 ж күзде қазақ Ордасына-Абылай ханға қашып келіп бас сауғалайды. Жоңғар билеушісі Дауаци мен Әмірсананы дереу қайтаруды талап етеді. 1752 ж күзінде Абылай Ұлытауда үш жүздің басшы өкілдерін жиып, кеңес ашты. Біраз ел басылары оның ішінде Әбілмамбет хан да бар қонтажының қаһрынан қорқып, қашқындарды ұстап беруді ұсынады. Абылай ойрат елшілеріне : “Дауаци мен Әмірсана өз аяқтарымен келді, ата дәстүрімізде пана сұрап келген мейманды жауға бермейді” деп мәлімдейді. Лама Доржы 1752 ж қыркүйекте Сайын –Белек , Батұр-Үбашы дейтін қолбасылары бастаған 20 мың әскерімен елшетіне тиеді. Осы қырғын соғыста қалмақ әскерін тас талқан етіп жеңеді. Жоңғар мемлекетінің іріп-тозу кезеңіне бет алғанын анық аңдып , уақыт ұтуға тырысады, жауын жеңе тұра бітім туралы ұсыныстарымен елшілік аттандырады. Ал, Лама Доржы бітімге көнбейді. Осы кезде Абылай Дауаци мен Әмірсананың 150 нөкеріне таңдаулы 500 сарбаз қосып ,қиғаш жолмен Жоңғарға ,Лама Доржы ордасына аттандырады. Бар әскері майданға кеткен , қорғаусыз қалған хан ордасын шауып, Лама Доржыны өлтіреді. (1753 ж 12 қаңтар ) Енді Дауаци билікке келіп ,Абылаймен келісім бойынша қзақ жеріндегі соғысып жатқан әскерлерін елге қайтарып алады.

1753-1754 жж Бөгенбай ,Қабанбай, Керей Жәнібек, Жанатай, т.б. батырлар бастаған қазақ жасақтары қысы жазы демей әлденеше рет Жоңғарды шауып қайтты. Ауыр жеңілістерге ұшыраған , жаны қысылған Дауаци тіпті орыс үкіметінен көмек сұрайды. Дауаци мен Әмірсана арасындағы ақырғы шешуші бір соғыста ойсырай жеңілген Әмірсана Қытайға қашады. Бірақ Абылай тоқтамайды. Дауаци 1754 ж күзде біржолата талқандалады.Күзгі жеңіс қысқы майданға ұласады. Сөйтіп , ешбір халықтың тарихында болмаған 150 жылдық , тіпті кейбір деректер бойынша 200 жылдық қазақ-ойрат соғысында қазақтар түпкілікті жеңіске жетеді.

ЛЕКЦИЯ 7

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Абылай ханның ішкі саясаты, оның реформалары.

2. Абылай ханның сыртқы саясаты.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

18 ғ 70 жж басында Қазақстанда жалпы қазақ ханын сайлауға барлық жағдайлар қалыптасты. Бірден-бір лайықты кандидатура ықпалы Абылай болатын, қазақ даласының ең беделді әміршісі болған еді. 1757 ж Цинь билеушілерімен жазысқан хаттарында ол өзін хан деп атаған. Сондықтан Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін 1771 ж үш жүздің игі жақсылықтары Түркістанда Абылайды ақ киізге көтеріп, үш жүздің ханы етіп жариялады.

Бүкілхалықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз болған жоқ. Сұлтандардың біраз бөлігі , әсіресе Барақ пен Әбілмәмбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Түркістан мен Сырдарияның ортаңғы ағысында билікті бөліскен Сәмекенің баласы Есім мен Әбілмәмбеттің баласы Болат өздерін хан деп атай берді. Хан билігіне наразы кейбір ру басылары оны тіпті әскери күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құқықпен шектеулі Абылай сұлтандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылайдың орсан зор беделі қазақтарды ханға бағынышты ұстады. Осындай кезеңде Абылай қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтандыру жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы түсінді.Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады.
ЛЕКЦИЯ 8.

Қазақтардың Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Көтерілістің себептері мен алғышарттары.

2.Көтерілістің барысы.

3.Жеңілу себептері мен тарихи маңызы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

1.Көтерілістің себептері мен алғы шарттары:

а)Каспий және Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді қазақтардан тартып алып, ол жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беру;

ә)Патша жазалаушы отрядтарының шабуылдары;

б) Жайық бойында патша үкіметінің бекіністерді көптеп салуы.
1773 ж 20 қыркүйекте Пугачев қазақтарға арнайы үндеу таратты. Үндеуінде ол қазақтарға жер мен суын және тәуелсізігін қайтарамын деп уәде етті.

1773 ж қарашаның 17-нен 18-не қараған түні –Нұралының өкілі зәбір молда Усиха өзені маңында Пугачевке жолықты. Нұралы хан сондай-қ Досалы ,Ералы ,Айшуақ сұлтандар көтерілісті қолдады.

Ал қарапайым қазақ шаруалары басты арманы Пугачев уәде еткен жер мен тәуелсіздік болғандықтан, олар да көтеріліске белсене қатысты.

Көтеріліске негізінен Кіші жүз және Орта жүз қазақтары қатысты. 1773 ж қазанның басында Кіші жүз қазақтары Жоғарғы және Төменгі Жайық бекініс шептеріне , ондағы барлық бекініс қамалдарға шабуылдар жасады. Қазақтар Жайық бекінісін қоршауға қатысты.Кулагин бекінісін басып алды. Орынборда қоршауға 2000 қаза белсене қатысты. Қазақ жасақтары Татищев бекінісінің маңында Устимовтың отрядын, Елек қалашығының қасында Кузьминнің отрядын ,Кендірлі маңында Темныйдың отрядтарын талқандады.

Орта жүз қазақтары де белсене қатысты.

1.1773 ж қазанда Пресногорьковск бекінісіне, Троицк , Гагаревск редуттарына шабуыл жасады.

2.1773 ж желтоқсанда 600 дей жасақ Озерная мен Губерминская бекіністерін қоршады.

1774 ж күзде қарауыл , қыпшақ , керей т.б. рулардан құрылған топтар Пресногорковск , Петропавл, Верхнеозерная бекіністеріне шабуылдады.

Пугачев көтерілісі жеңіліп, 1775 ж 10 қаңтарда оның басшылары дарға асылса да ,Қазақстандағы көтеріліс 2 жылға дейін тоқтаған жоқ. Батыс Қазақстанда Байбақты ,Тама ,Табын руларынан құралған жасақтарқажырлықпен күресті. Солардың бір бөлігін ағайынды Жанболат пен Тасболат Айбасовтар басқарды. Сырым батыр да ерлігімен ерекше көзге түсті. Соңына таман Сапура деген қазақ әйелі де көтерілісшілерді бастап ерлікпен күресті.

1776 ж аяғына қарай көтеріліс тоқтатылды. Қазақ жасақтарының жөнді қару-жарақтары болмады. Қозғалық жақсы ұйымдастырылмады. Сонымен жақсы қаруланған патша әскерлеріне қарсы тұра алмады. Көтеріліс жеңілді.1773-75 жылдардағы шаруалар көтерілісінің қазақ халқы үшін маңызы зор болды. Оған қазақ елінің бірталай бөлігінің қатысуы және оның елеулі күшке айналуы патша өкіметінің отарлу саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысының алғашқы бастуы , болашақ күрестерге негіз болды.



ЛЕКЦИЯ 9.

Кіші жүздегі С. Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

(1 сағат)
Жоспары:

  1. Көтерілістің себептері мен алғышарттары , сипаты және қозғаушы күштері.

  2. Көтерілістің басталуы және алғашқы барысы.

  3. Игельстром реформасы

  4. Көтерілістің 18 ғ 90 –жылдарындағы жаңа кезеңі.

  5. Жеңілу себептері және тарихи маңызы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:
Көтерілістің себептері мен алғышарттары:

1.Жер мәселесі .Еділ мен Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді патша өкіметінің тартып алып, ол жерлерге қаптата бекіністер салынуы. Нәтижесінде қазақтардың жері тарылып, көшіп қону жүйесінің бұзылуы.

2.Орал казак әскерлерінің қазақ ауылдарына шабуылдар жасап, адамдарын өлтіріп, тұтқындап , малдарын айдап әкетіп отырды.

3.Нұралы хан оның айналасындағылардың қарапайым халыққа озбырлығы.

Көтерілістің мақсаты:

1.Патша өкіметі тартып алған шұрайлы жерлерді қайтарып алу , көшіп –қону жүйесін қалпына келтіру.

2.Орал казак әскерлерінің қазақ ауылдарына шабуылдарын озбырлықтарын тоқтату.

3.Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығы.

Көтерілістің сипаты: отаршылдыққа қарсы бағытталды.

Көтерілістің басты қозғаушы күші : көшпенді қаақ шаруалары болды.

Көтеріліс аумағы: Еділден Арал теңізіне дейінгі Кіші жүз аумағын қамтиды.

Ұлтазаттық көтерілісті Байбақты руынан старшыны , әрі батыр , әрі би, шешен Сырым Датұлы (1742-1802жж) басқарды. Сырым 1775 ж Пугачев көтерілісіне белсене қатысқан еді. Ол туралы орыстың атақты қолбасшысы Суворовтың граф Папинге жазған хатында айтылған.

1778 ж Орал казактарымен қақтығыста СЫрымның балаларының қайтыс болуы оны қатты ашындырды.

1783 ж күзінде Сырымның Орал казак әскерімен ашық түрде қарсыласу бастылды.

1783 ж желтоқсанда Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды. Бірақ 1784 ж көктемде оны Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан тұтқыннан босатады.

1784 ж маусымда –Сырымның Орал казак әскерлерімен нағыз кескілескен күресі басталды. Қазақтар төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісі аймақтарына шабуылдар жасады. Сырымның тобы Сағыз өзені бойына топтасып, 1000 адамға жетті.

1785 ж 17 ақпанда көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирновтың , ал 15 наурызда әскери старшиналар –Калпаков пен Пономеревтың отрядтары шықты.

1785 ж Сырым Сахарная бекінісіне ,Антонов корпусына шабуыл жасады. Бірақ қамалдағылар дайын отырып , зеңбіректермен атқылап ,Сырым оларды ала алмады.

Көтерілістің қайта өрлеуіне Орал казак әскерлерінің қазақтарға шабуылдары түрткі болды. Оның кеңейе түсуіне 1790 ж тамызда Уфада Нұралы ханның қайтыс болуына байланысты патша өкіметінің 1791 ж халық жек көретін оның інісі Ералыны Кіші жүзге хан сайлауы әсер етті. 1792 ж Сырым бастаған көтерілісшілер Елек қалашығына шабуыл жасады. Бірақ ала алмады. 1794 ж жазда Ералы хан қайтыс болды. 1796 ж қазанда Нұралының ұлы Есім хан болып жарияланды. 1796 ж қысында қатты жұт болды, мал жаппай қырылып, ашаршылық болды. Осындай ел басына күн туған ауыр жағдайға қарамай Есім хан қарапайым халықты аямай қанады. Халық 1797 ж наурыздың 26 нан- 27 не қараған түні хан ауылына шабуыл жасап Есімді өлтіреді. 1797 ж қазанда хан етіп Айшуақты бекітті. Ол жасы келген қария адам болатын, ру басы старшындар мұны дұрыс көрді. Сырым 1797 ж Хиуа хандығына өтіп кетті.1802 ж белгісіз себептермен қайтыс болды.
ЛЕКЦИЯ 10.

Қазақстанда хандық биліктің жойылуы.

(1 сағат)
Жоспары:

1.1822 ж Сібір қырғыздары туралы Жарғы :Орта жүзде хандық биліктің жойылуы.

2.1824 ж Орынбор қырғыздары туралы Жарғы: Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы және Сырым батыр бастаған көтеріліс Қазақстанда хандық биліктің әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген хан патша өкіметінің Қазақстанда хандық билікті жоюды, оны тікелей өз әкімшіліктеріне бағындыруды көздеді.

1781 ж Абылай хан қайтыс болған соң , оның үлкен ұлы Уәли Орта Жүзге хан болған еді. Бірақ патшаөкіметі Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, 1815 ж Орта Жүзге екінші хан етіп , Бөкейді тағайындады. 1817 ж Бөкей , 1819 ж Уәли хан қайтыс болды. Бұдан соң Орта жүзге жаңа хан тағайындалмады. Патша өкіметі хандық билікті жоюға тырысты. 1822 ж Сібір генерал-губернаторы Спенарский , кейін декабрист болған Ботеньковтың көмегімен “Сібір қырғыздары туралы жарғыны” жасады. Бұл Спенарский реформасы бойынша бүкіл Сібір екі бөлікке бөлінді. :1.Шығыс Сібір, Орталығы Иркутск, 2., Батыс Сібір орталығы –алғашында Тобыл ,Томск және Омбы облыстарымен бірге “Сібір қырғыздарының облысы ” округтарға , округтар-болыстарға , болыстар-ауылдарға бөлінді. 10 округқа –15-20 болыс кірді., болысқа –10-12 ауыл , ал ауылға –50-70 шаңырақтан тұрды. Округтарды басқару округтік приказдарға жүктіліп , ол тікелей Омбы облыстық басқармасына бағынды. Ал округты билеу аға сұлтанның қолында болды. Бірақ аға сұлтан билігісөз жүзінде ғана еді. Іс жүзінде ол бар болғаны Омбы облыстық басқармасының сатылын соғатын құралға айналды. Аға сұлтандарды сайлауда бұрынғы хан сайлағандай ақ киізге көтеру әдісті қолданды. Аға сұлтандар үш жылға сайланды және оларды халық емес сұлтандар өз араларынан біреуін сайлады. Аға сұлтандыққатаасқан шонжарлар арасында өзара қақтығыс, алдау , сатып алу, пара т.б. үйреншікті құбылысқа айналды.

Болыстарды –болыс сұлтандары басқарды. Болыс сұлтандарын сайлау мерзімі өмірлік болды және болыстық билік мұрагерлікпен берілді . Ауылдарды- ауыл старшиндары басқарды. Олар да аға сұлтан сияқты үш жылға сайланды.

Реформа сот жүйесіне өзгеріс енгізді. Оның мақсаты-Қазақстанға жалпы империялық заңдарды енгізу еді. Енді бұрынғы дәстүрлі билер соты тек ру іші , руаралық және ауылдар деңгейде ғана қолданды. Ал негізгі қылмыстық істердің бәрі , мыс , мемлекетке опасыздық , кісі өлтіру , тонау , өкіметке бағынбау т.б. империялық заңдар негізінде сотталды.

1824 ж Ресей үкіметі “Орынбор қырғыздары туралы Жарғыны ” қабылдап бекітті.Ол жарғыны жасаған Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен. Жарғы бойынша Кіші жүзде хандық билік жойылды. Кіші жүзді басқару үшін Шекаралық комиссия деген құрылды. Кіші жүз 3 бөлікке : шығыс , орта , батыс бөлікке бөлініп басқарылды. Әр бөлікті Орынбор губернаторы тағайындаған сұлтандар басқарды. Олар іс жүзінде шекаралық комиссияның чиновниктері болды.

1831 ж дейін үш бөліктің қазақтары шартты түрде бекініс шебіне жақын жердің қазақтары және қырдың қазақтары деп бөлінді.

1831 ж бастап бекініс шебі мен шекара өңіріне жақын жатқан халықтың арасындадистанциялар деп талатын екі қамал арасындағы әкімшілік учаскелер ұйымдастырылды. 19 ғасырдың ортасына дейін 54 дистанция ашылды.

Осылайша 1822 ж Орта жүзде , 1824 ж Кіші жүзде хандық билік жойылды. Тек Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы 1801 ж құрылған Ішкі Орда және Бөкей хандығы ғана 1845 ж жылға дейін сақталған.

ЛЕКЦИЯ 11.

Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Бөкей Ордасының құрылуы.

2.Көтерілістің себептері мен мақсаттары.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

1801 жылы 11 наурызда Ресей императоры Павел 1 –дің жарлығымен Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында Ішкі немесе Бөкей Ордасы құрылды. Ондағы мақсаты-Ресей патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы Кіші жүздегі тұрақты сипат алған азаттық күресті бәсеңдету еді және бұрынғы рулық бөліністің орнына ,Ресейге толық бағынышты аумақтық құрылымдар құрмақ болды. Қазақтардың бұл араға қоныстануын Нұрлының ұлы Бөкей сұлтан басқарды. Соның атымен хандықта Бөкей хандығы немесе Ордасы деп аталды.

Өзге де ұлт-заттық көтерілістер сияқты бұл көтерілістің де басты себебі –жер мәселесі еді. Бүкіл Бөкей Ордасы жерінің ⅔ бөлігі , әрі ең жақсы жерлері орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың және қазақ феодалдарының жеке меншік иелігінде болды. Мысалы, Жәңгір хан өзі ең жақсы 400 мың , буыры Меңдігерей Бөкейхановқа 400 мың , қайын атасы Қарауыл қожа Бабажановқа 700 мың десятина т.б. құнарлы жерлерді үлестіріп берді. 2- ше себеп –алым-салықтың аса ауырлығы.Мысалы, жыл сайын Ноғай руы –30000 ,Байбақты-40 000 ,Беріш-60 000 , Алшын-40000 сом т.б. ақшалай салық төлеуі тиіс болды. Сонымен қатар күзде әрбір шаңырақ хан сарайы мұқтаждығына құны кем дегенде 70 сомнан кем түспейтін бір жылқыдан беруге міндеттенді. Ата-бабаларының жерінде көшіп-қонғаны , шөп шапқаны , орыс помещиктерінің шабындығын басып кеткені үшін де арнайы салықтар төлеген қазақтардың жағдайы тіпті қиындады , 3-ден Жәңгір хан мен оның туысқандарының әсіресе халық жек көретін –Қарауылқожаның бассыздығы ,озбырлығы , қарапайым халықты аяусыз езіп –жаншып , қанауы .

Көтерілістің себептерін, мақсаттары жыр құдіреті Махамбеттің Баймағамбетке айтқан – “Еді үшін егістік ” , “Еділ мен Жайық жер қалды-ау ” , “Мен мен едім” т.б. жырларынан көруге болады. Көтерілістің басшылары –беріш руының ағаманы ,атақты батыр –Исатай Тайманұлы (1791-1838 жж) мен көтерілістің басшылары –беріш руының ағаманы атақты батыр-Исатай Тайманұлы (1791-1838 жж) мен көтерілістің жолында жыршысы , рухани көсемі , дауылпаз ақын әрі батыр Махмбет Өтемісұлы (1804-1846 жж) болды.



ЛЕКЦИЯ 12.

Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Көтерілістің басталуы және барысы.

2.Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

1836 ж ақпанда көтерілісшілердің Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды.Бұған Исатайдың хан Ордасына шақыртылуы түрткі болды. Ол оған барудан бас тартып , көтерілісшілердің үлкен қосынын жинайды. Исатай мен Махамбетті ұстап әкелуге 1836 ж 4 сәуірде Манаш қыстауына ханның Қарауылқожа Бабажанов бастаған жасағы келді. Исатай мен Махамбет 200 қарулы жігітпен қарсы шықты. Қантөгіс болмау үшін Исатай ежелгі қазақ дәстүрімен Қарауылқожаны жекпе-жекке шақырды. Бірақ батырмен жекпе-жекке қожа да, оның отрядынан да ешкім шықпады .Хан әскері қайтқан соң Исатайдың атағы жайыла түсті, көтерілісшілер ханның жіберген жасақтарын табысты тойтарумен болды. 1837 ж жазы мен күзінде көтерілісшілердің ірі байлардың ауылдарына белсенді шабуылдары басталды. 1837 ж 16 қыркүйекте 200-ге жуық көтерілісші Қарауылқожа Бабажановтың ауылдарын тас-талқан әтті. Қазан айының аяғына қарай көтерілісшілер Жасқұстағы хан ордасын қоршап алады. Ханның әскер күші аз еді. Оны Исатай сарбаздары бір шабуылдық өзінде-ақ талқандап кететін еді. Жәңгір хан келіссөз сұрап бәйек болды. Исатай біріншіден , оған сеніп екіншіден ханға қантөгіссіз дегенін істетпек болып, бірнеше күнді басқа өткізді. Хан көтерілісшілер келе жатқанын естігенде патша үкіметінен көмек сұраған. Соны асыға күтуде еді. Көтерілісті басуға Орынбордан падполковник Теке шығып, тез арада 1000-нан астам адам ханның төрт жүздік жасағы , 300 астрахандық казактар ,Жайық казактарының 2 зеңбірегі бар бірнеше отрядын шоғырландырды.

1837 ж 15 қарашада Тастөбе деген жерде көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында кескілескен шайқас болды.

Бастапқыда Исатай сарбаздары басым түскенімен , зеңбіректердің іске қосылуы соғыс тағдырын шешті: көтерілісшілер шегінді .Исатайдың басына 500 сом тірідей 1000 сом ақша тігілді.

1837 ж 13 желтоқсанда Исатай жасағы Жаманқала күзет орны маңынан Жайықтан Кіші жүзге өтіп кетті. Қос батыр шағын жасағымен барлауға шыққан Исатай мен Махамбет Ақбұлақ пен Қиыл өзендерінің аралығында Теке басқарған біріккен ірі жазалаушы отрядпен кездесіп қалды. Кескілескен соғыста Исатай қаза тапты. Махамбет бірнеше серіктерімен ұрыс шебін бұзып шығады.

Исатай қаза болғаннан кейін көтеріліс жасына кеміп кетті. Ұзамай басылды. Оған қатысқандар қатал жазаланды. Дүние мүлкі тартып алынып, шыбықпен дүреленіп , каторгалық жұмыстарға айдалды. Махамбеттің де соңына түскендер 1846 ж Ықылас Төлеев деген сатқынның қолынан қаза тапты.

Көтерілістің жеңілу себептері мыналар еді: -ұлт-азаттық көтеріліс өршіп кетер деп қорыққан Ресей өкіметі жергілікті хан билігімен көтерілісшілерге қарсы одақтасты. Жәңгір ханның озбырлығына қарсы болған үстем тап өкілдері көтеріліс жеңіле бастағаннан хан жағына шығып кетті. Көтеріліс стихиялы, нақты бағдарламасы жоқ болды және көтерілістің қазақ елінің басқа аймақтарындағы азаттық көтерілісімен байланысы болмады. Дегенімен Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің қазақ халқының тарихында маңызы зор .Хан тарапынан алым-салықтың одн әрімен өршітілуі біршама азайды, патша үкіметі жергілікті халықтың мақсат мүддесімен де белгілі мөлшерде санасуына тура келді. Көтерілісшілер Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы ,саяси әлеуметтік бостандық үшін , әлеуметтік езгіге қарсы күрес туын кейінгі ұрпақтарға беріп кетті. Ұлы дауылпаз ақын –Махамбеттің мәңгі азық болып қаларлық өшпес , өршіл , асқақ рух мұраға қалды.

ЛЕКЦИЯ 13.

Ж.Тіленшіұлы және С.Қасымұлы бастаған азаттық көтерілістер.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. Ж.Тіленшіұлы бастаған азаттық көтеріліс.

  2. С.Қасымұлы бастаған азаттық көтеріліс.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясатының күшеюіне қарсы халық бұқарасының наразылығы , қарсылығы Кенесары көтерілісіне дейін-ақ басталған болатын. Ол 19 ғ 20-30 жылдары болған С.Қасымұлы мен Ж.Тіленшіұлы қозғалыстары еді. Бұл қозғалыстар –Кенесары көтерілісінің алғашқы хабаршысы еді, бейнелеп айтсақ , жақындап келе жатқан дауылдың алғашқы белгілері еді.

Батыр Ж.Тіленшіұлы Кіші жүз қазақтары көтерілісінің басшысы болған. 19 ғ 20 жылдары Табын руы мекендеген жайылымға , өзенді , тұзды жерлерге бай Жаңа Елек ауданын патша өкіметі тартып алған кезде-ақ өз руын бастап көтеріліске шығады.

Патша үкіметі 19 ғ 10-12 жылдары Елек өзенін бойлай Жаңа Елек бекініс шебін құрады .Жаңа Елек бекініс шебі 29 бекіністен тұрды. Қазақтар Орал , Елек, Берден ,Құрат өзендері бойындағы жерлердің ең жақсы 7 мың десятинасынан айырылып қалды .Патша үкіметі бұл жерлерге орыс-казактарды қоныстандырды. Ал қазақтар өз жерлерінен ығыстырылды. Осы басып алушылық Жоламан көтерілісіне себеп болды.

Жоламан алғашында қазақтардың құқығын бейбіт жолмен шешуге тырысып, 1822-1823 ж патша әкімшілігіне бірнеше рет хттар жазды. Онда Жоламан Елек пен Жайық өзендері аралығындағы жерлерді қазақтарға қайтаруд , онда бекіністер салуды тоқтатуды талап етті.Бірақ хаттарға жауап болмады. Сонымен Жоламан қарулы күрес жолына түсуге мәжбүр болды. Оның отрядтары бекініс қамалдарына , билеуші сұлтандар қоныстана шабуылдар жасады. Жоламанды ұстау үшін патша өкіметідалаға қайта-қайта жазалау отрядтарын жіберіп отырды. Бірақ ержүрек батыр өз жігіттерімен қуғыннан жеңіл құтылып кетіп, кейде дұшпанға елеулі соққылар да беріп отырды. Жоламан көтерілісінің кең қанат жайған кезі 1835 ж болды. Осы тұста жағалыбайлы ,Алшын ,Жаппас ,Арғын ,Қыпшақ рулары да күреске шыға бастады .Көтерілістер қозғалысы 1838 ж де ерекше өрлей түсті. Көтерілісті басу үшін патша үкіметі полковник Мансуров (Орскіден ), Падуров (Орынбордан ) және Геке (Електен) басқарған жазалаушы отрядтар шығарды. Бірақ бұлардың әрекеті сәтсіз аяқталды . Жоламан құтылып кетті. Ол осы кезде күшейе түскен Кенесары көтерілісіне қосылуға асыққан еді.

Жоламан көтерілісімен бір мезетте Орта жүзде Саржан сұлтан Қасымұлы бастаған көтеріліс те етек алды. Саржан көтерілісінің де басты мазмұны –жер үшін , жоғалтқан жайылым үшін күрес болды. Сонымен бірге оның қозғалысында Жоламан көтерілісіне тән емес себеп те күшті еді. Ол –Абылай хан ұрпақтарының басшылығымен қазақ хандығын қайта өрлету сияқты саяси мақсат .Саржан қозғалысына түрткі болған 1822 ж “Сібір қазақтары туралы Жарғының” енгізілуі еді. Нәтижесінде хандық билік жойылып , екі жылдан соң 1824 ж Қарқаралы және Көкшетау приказдары құрылды . Оны құруға жергілікті халық қарсы болып, күреске шықты. Оны Кенесарының ағасы Саржан сұлтан басқарды. Саржан 1824-1836 жылдары қажымай күрес жүргізді.Ол приказдарды жоюды , қазақ даласынан орыс-казак әскерлерін әкетуді және қазақтардың бұрынғы еркіндігін қайтаруды талап етті.

Саржан 1825 ж және 1826 жылдары Қарқаралы приказына шабуылдар жасады. Саржан көтерілісінің ең күшейген кезі- 1832 ж .Осы жылы ол белсенді белсенді қимылдарымен ерекшеленді.Көтерілісті басу үшін жіберген Потанин отрядымен Саржан сарбаздары арасында 1832 ж Сұлукөл деген жерде қатты шайқас болды. Алайда , Саржан отряды шегінуге мәжбүр болды.

Осы сәтсіздіктен соң Саржан патша үкіметіне қарсы бірігіп күресу үшін Ташкент құсбегісімен одақтасты.Бірақ Саржан мен Ташкент құсбегісінің осы 1832 ж біріккен әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Бірақ осы сәтсіздіктерге қарамастан Саржан 1833 ж күресті тоқтатқан жоқ. 1834 ж Ташкент құсбегі Саржанмен бірге Ұлытауға келіп “Қорған” деп аталатын бекініс салып, бекінді. Оған қарсы патша өкіметі генерал-майор Броневский бастаған зеңбіректері бар күшті әскер шығарады. Құсбегі Бетпақдалаға қарай қашты .Қорған Броневскийге берілді.

Осыдан соң Ташкент құсбегі Ресейге қарсы шыққан жоқ. Ал Саржан тағы даҚоқан хандығының қолдауына үміттеніп , оңтүстікке келді. Мұнда ол оңтүстік қазақтарды патша отаршылдығына қарсы күреске біріктіруге тырысты. Бірақ хан тұқымы бастаған қазақтар бірігіп күшейіп , өзіне бағынбай қоя ма деп қорыққан құсбегі Саржан мен оның ұлдарын 1836 ж жазда айуандықпен өлтірді.

ЛЕКЦИЯ 14.

К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. Көтерілістің себептері , сипата және қозғаушы күштері.

  2. Орта Жүздегі көтеріліс.Қоқанмен күрес.Торғай олысындағы көтеріліс.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

Қазақ тарихының отаршылдық дәуірінде қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы күресі бір сәтте тоқтаған емес. Соның бірегейі 1837-1847 жж Кенесары хан Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрес .Қазақтың үш жүзі де қатысқан , 19 ғ азаттық күрестердің ең ірісі болған бұл көтеріліс –Отан тарихының , төрінен орын алатын даңқты оқиға. Ұлы Абылайдың ұрпағы Кенесарының қолға қару алып, атқа мінгендігі ұлы мұраты-Қазақ елінің тәуелсіздігі , оның болашағы еді.

Ресей империясы 19 ғ басында Қазақстанды отарлауды 3 бағытта жүзеге асыра бастады:

1.Гарнизондарды қаптата отырып, тізілте бекіністер салуды жеделдетуден және осы бекіністерге жапсырластыра казактардың тұрақты елді мекендерін орнатудан көрінген әскери тұрғыда орнығып алу бағыты.

2.Ең әдемі округтер мен округтік приказдар құрып , әкімшілік басқару реформаларын жасап, нәтижесінде казактардың саяси құқықтары күрт шектелетін , басқарудың дистанциялық бөліктік жүйесін енгізуден көрінген саяси тұрғыда орнығып алу бағыты;

3.Қазақтардың жерін жаппай басып алудн , салық салуды және әр-түрлі монополияларды (балық аулауға, ағаш кесуге т.б. монополия алу секілді) енгізуден көрінген экономикалық тұрғыда бекініп алу бағыты, яғни экономикалық отарлау.

Ресей үкіметі 19 ғ бірінші жартысында Қазақстанда осы бағытта отарлау шараларының кең көлемде жүргізе білді. Қазақтардың шұрайлы жерлері көптеп тартып алынып, қазақтардың өздері құнарсыз , шөлейтті аймақтарға ығыстырыла берді. Көшіп-қону жүйесі тарылды. Тартып алынған жерлерге қаптатып әскери –бекініс қамалдарын, орыс-казак қоныстарын салды. Осы шұрайлы жерлердегі мықты бекініс , қоныстарға орнығып алған казактар қазақ ауылдарына жиі-жиі шабуылдар тыныштық бермеді, адамдарын өлтіріп, тұтқындап , мал-мүлкін тонап , айдап кетіп отырды.

Қазақ халқы саяси дербестіктен де толық айырылды: 1822 24 жылдары патша үкіметі хандық басқаруды жойып, қазақ жерін округтерге , дистанцияларға бөлшектеп әр бөлікте өзіне бағынышты шонжарларды басқартып, олрды өзара қырқыстырып қойды.

Қазақтарға отаршылдық салық жүйесі де өте ауыр тиді: құны 1 сом 50 тиын болып келетін шаңырақ салығы мемлекеттік салық еді. Сонымен бірге шаруалар Ясак деп аталатын заттай салық төледі.

Солтүстіктен Ресей отарласа , оңтүстікті Қоқан ,Хиуа хандықтары жаулап алып, олар да аяусыз отарлау саясатын жүргізді. Оларда қазақтарға түрлі салықтар салды, түрлі міндеткерліктер атқарды.

Осылайша қазақ елі солтүстіктен Ресей , оңтүстіктен Қоқан ,Хиуа хандықтарының ауыр езгісіне ұшырап , ел болудан , саяси дербестіктерден біржолата айырылу қаупі төнді. К.Қасымұлы көтерілісі бүкіл Қазақстанды қамтыды. Ұлы, Орта , Кіші жүздердің негізгі рулары оған белсене қатысты.

Сипаты отаршылдыққа қарсы ұлтазаттық сипатта болды.

Басты қозғаушы күші: қарапайым қазақ шаруалары болды.

Көтеріліске сондай-ақ орыс, өзбек, қырғыз, түрікмен т.б. ұлт өкілдері қатысты. Кенесары қозғалысына қазақ қоғамының әлеуметтік жоғарғы тобының өкілдері-сұлтандар мен ру шонжарлары да қатысты. Олардың бір бөлігі Кенеге басынан аяғына дейін адал болды. Бұлар негізінен Кенесарының жақын туыстары еді. Олар Кенесарының інісі Наурызбай батыр, әпкесі –Бопай ханша, туыстары :Ержан, Құдайменді ,Сейілхан, Ораз, Басалқа т.б. болды.

Саржанның өлімі көтерілісті тоқтатқан жоқ. Ұзамай 1837 ж жазында қазақ даласының үлкен бөлігін басқарған аса ірі көтеріліс болды. Бұл көтерілістердің басшысы-қозғалысқа бұрын-соңды болып көрмеген ауқым берген Саржанның інісі Кенесары Қасымұлы болды. Кенесары 1802 ж Көкшетауда дүниеге келген.

1837 ж көктемде Кенесары Ақмола округіне келді. Сол-ақ екен амалсыздан іштен тынып жүрген қазақтар Кенесары туы астына топ-топ болып жинала бастады. Көтерілісшілер бекеттерге шабуыл жасап, шенеуніктер мен саудагерлерді тұтқынға ала бастады. Оларға қарсы Чириков бастаған қарулы орыс отряды жіберілді. Бірақ оның отряды көтерілісшілерге төтеп бере алмады. Арада болған шайқаста бірталай адамдары мен қару-жарақтарынан айырылған Чириков кері қайтуға мәжбүр болды.Осы 1837 ж қарашада Кенесары Ақтау бекінісі казактарына шабуыл жасап, Рытовтың отрядын талқандады.

Кенесарының қол астына басқа округтердің де адамдары ағылып келіп қосыла бастады. 1837-1837 ж Орта Жүзде орын алған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы бытыраңқы күрестер біртіндеп бір арнаға түсіп , біртұтас қозғалысқа біріге бастады. Кенесары әскерлері 1838 ж Ақтау мен Ақмола арасындағы бекетке шабуыл жасап, ондағы Смирновтың отрядын талқандады.

1838 ж күзінде Кенесары сарбаздары патша жазалаушы әскерлерімен бірнеше рет қарулы күреске түсті. Солардың ішінде айырықша кескілескен айқас аса мықты бекіністерінің бірі-Ақмола үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдаймендинәскерлері мен әскер старршины Корбышев басқарған жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын 7 тамыз күні Кене сарбаздары қамалды қоршап таң сәріде жан-жақтан оқты боратып , шабуылға шықты. Кескілескен соғыспен көтерілісшілер қалаға басып кірді. Ұрыс әрбір үй үшін жүрді. Нәтижесінде Кене жасағы қамалды талқандап басып алды.

Бұдан кейін Кенесары патша үкіметінің бекіністеріне, бекеттеріне , үкіметке қызмет еткен бай шонжарлардың ауылдарына дүркін-дүркін шабуылдар жасап , талқандап отырды. Кенесарының аты , айбыны бүкіл қазақ елінің түпкір-түпкіріне жетіп жатты. Жәбір көрген адамдар көптеп келіп жатты. Әсіресе бекініс салынған Ақтау , Ортау, Ақмола ,Көкшетау ,Қарқаралы жерлерінде атамекенінен айырылғандар Кенесарының сабына келіп қосылып жатты. 1838 ж жазымен күзінде Орта жүз қазақтарының негізгі бөлігі Кене туы астына шоғырланды.

1838 ж аяғына қарай Кенесары Ырғыз бен Торғай жаққа көшті .Енді Кіші жүз қазақтары көтеріліске қатыса бастады. Көп ұзамай Кенеге Ж.Тіленшіұлы қосылды. Кенесары көшіп келген Кіші жүз жері Орынбор губернаторына қарайтын. Оның губернаторы Перовский еді. Ол Сібір губернаторы Горчаковтай емес , істі бейбіт жолмен шешуге тырысты.

1840 ж Кенесары мен Перовский

1840 ж Кенесары мен Перовский уақытша келісімге келді .Ол бойынша Перовский уақытша келісімге келді. Ол бойынша Перовский Кенесарыға көмектеспек болса , ал Кенесары шекара шебіне шабуыл жасамауға уәде берді. Бұл тыныштық 1824 ж дейін созылды.Дегенмен бұл кезде батыс Сібір отрядтарымен қарулы қықтығыстар тоқтаған жоқ.


ЛЕКЦИЯ 15.

К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Кенесары хандығының ішкі құрылысы.

2.Қырғызстанға басып кіру. Кенесарының қаза табуы.

3.Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

Кенесары құрған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Ол бүкіл қазақ жерін өзінің меншігі деп қарады. Қазақ мемлекетінің басында Кенесарының өзі тұрды. Оның жанында ең жақын серіктерінен : батырлар , билер және ханның кейбір туыстарынан құралған хандық Кеңес жұмыс істеді. Негізінен Хан Кеңесі кеңесуші орган ғана болды, биліктің ханның өзі ғана айтатын. Хандық Кеңеске азаттық күрес мақсаттарына шын берілген адамдар ғана кірді. Мысалы, інісі Наурызбай батыр, Ағыбай ,Иман батырлар , елшілік табыстарымен атағы шыққан Шоқпар Бақтыбаев ,Сайдақ қожа Оспанов т.б.

Кенесары мемлекеті сот елшілік , қаржы , әскери іспен және азық-түлікті жинау мәселелерімен айналысатын жеке адамдар арқылы басқарды .Елшілік келіссөздерді өздерін осы істе танытып үлгерген Шоқпар Бақтыбаев ,Есенгелді Саржанов, Сайдақ қожа Оспанов және татар Әлім Жағадин сияқты адамдар жүргізді.

Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысқан. Бұл мекемені Кенесарының туысы Сейілхан басқарды. (Ол билер сотын жойып, хандық сотты енгізді) .Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды. Ал, руаралық сот істерін шешу үшін ол билерді тағайындады. Ірі феодалдардың мал-мүлкін мемлекет қарамағына тартып алу ісін Кенесарының әпкесі Бопай басқарды. Көтеріліске көмектесуден бас тартқан ірі феодалдың мал-мүлкі тартып алынып отырды. Кенесары әскери істі жолға қойды. Ол 20000 жігіттен тұратын армия құрды. Оның ұйытқысы батырлар бастаған жасақтар мен төлеңгіттер болды.

Әскер басында Кенесарының өзі тұрды. Әскери кеңес құрып, оның құрамына өзінің жақын серіктері –інісі Наурызбай батыр ,Ағыбай ,Иман, Жоламан ,Жеке батырлар т.б. енді. Әскер жүздіктерге , мыңдықтарға бөлінді .Кенесары әскери іске өнерге жүйелі түрде үйретуді алғаш рет жалға қойды .Әскерде қатаң тәртіп орнатты. Сатқындық үшін өлім жазасына кесті. Ал бұйрықты орындамағаны үшін “шік” деп аталатын ерекше жаза қолданған. Кенесары талантты қолбасшы ретінде соғыс кезінде әр түрлі соғыс тактикасын пайдаланған.

Сонымен Кенесары 1845 ж жаздың соңында оңтүстікке –Срыдария маңына қоныс аударды. Ондағы ниеті бұл маңдағы Қоқан басып алған қазақ жерлерін қайтару еді. Бұл жолда оған Шекті руы батыры Жанқожа өз жасақтарымен келіп қосылды. Олар Жаңақорған , Жүлек ,Созақ қамалдарын босатты. Ақмешітті қоршады.Бірақ әскер арасында тырысқақ ауруы пайда болып, көп шығынға ұшырап , кетуге тура келді. Оның үстіне Кене Бұхар мен Ққан келісімге келіп , өзіне қарсы шабуылға дайындалып жатқанын естіді. Сондықтан ол 1846 ж басында Балқаш көлі маңайына қоныс аударды.

Патша өкіметі Кенесары көтерілісін жою үшін генерал-майор Вишневский бастаған әскерлерін жіберді. Оны Бөлен , Шанқаев ,Әли Әділов , Сүйік Абылайханов сияқты қазақ сұлтандарының отрядтары қолдады.

Кенесары көтерілісті одан әрмен жалғастыру үшін Ұлы жүз қазақтарын және сонымен бірге Алатау қырғыздарын да тартқысы келді. Олар ол кезде Қоқан хандығына бағынышты еді. Алайда Кенесарыны Жетісу қазақтарының бәрі бірдей қолдамады. Үйсін ,Дулат , Жалайыр руларының көпшілігі жақтаса , ал сұлтан Сүйік старшындар Құнанбай Өскенбайұлы ,Барақ Сұлтанбайұлы т.б. қарсы тұрды.

Бұл кезде Вишневский көтерілісінің Оңтүстік Қазақстанға тарап кетуінен қорқып ,Ұлы жүз қазақтарын Кенесарыға қосылмауға үгіттеп жатты. Сонымен қатар айдап салып, өзара алауыздықты өршіту саясатын жүргізіп жатқан.

Сондықтан Кенесары 1846 ж Қоқанға қарсы күресті одақтастарсыз өзіне қосылған Ұлы жүздің бір бөлігінің қазақтарымен жүргізді.ол Әулиеата ,Мерке қалаларын алды.

Кененің Қоқанмен бірігіп соғысайық деген ұсынысын қабыл алмағаны былай тұрсын , қырғыздардың Орман ,Жантай т.б. ірі манаптары тіпті оған қарсы жығып , оның қол астындағы қазақ ауылдарына тиіп , арада аздаған қақтығыстарда болады.

1847 ж Кенесары қырғыздар жеріне басып кірді .Енді көтерілістің отаршылдыққа қарсы азаттық сипаты өзгере бастады. Кенесары әскерінің жергілікті халыққа озбырлығы , оған қарсы өшпенділік туғызды. Кенесары өзіне манаптар жасағын ғана емес , бүкіл қарапайым қырғыз халқына қарсы қойып алды. Бұл орны тоймас үлкен қателік , оның өзінің түбіне жетті.

Соңғы шайқас Бишкекке жақын Майтөбе деген жерде болды. Кенесары үш жақтан –Қырғыз манаптары әскерлерінің ,Вишневский отрядының және Қоқан хандығы әскерлерінің қоршауында қалады. Оның үстіне Рүстем мен Сыпатай бастаған Ұлы жүз қазақтары ағайын қырғыз халқымен соғысқысы келмей түнде қашып кетеді. Қиян-кескі соғыс болады. Күш тең емес еді. Кене жасағы жеңілді. Өзі тұтқынға түсіп, өлтілірді. Көтеріліс аяқталды.

ЛЕКЦИЯ 16.

Қазақ халқының 19 ғ 50 жж ұлт-азаттық көтерілістері.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. Жанқожа батыр бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі.

  2. Есет батыр бастаған көтеріліс.

  3. Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Қоқан хандығының езгісіне қарсы күресі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

Ресей империясының экспансиялық ұмтылысының , отарлауының күшеюі , сондай-ақ Хиуа хандығының агрессивтік саясаты Сырдария бойы қазақтарының Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басшылығымен күреске шығуының негізгі себебі болды. Шекті руының басшысы Жанқожа батыр халық арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде даңққа бөлінді.

Сыр қазақтарына Хиуа хандығының өктемділік орнатуға тырысуы, салық жинау үшін әскери күш жіберіп , тонап отыруы, мұнда өзі бекіністерін салуға Арал өңірі қазақтарын зорлап қатыстыруы халықтың ашу-ызасын тудырды. Жанқожаның бастауымен төменгі Сыр қазақтары 1843 ж қоқандықтардың Қуаңдария бойындағы бекіністерін талқандады .1845 ж көктемде сол бекіністі қалпына келтіруге жіберген хиуалықтардың 2000 қарулы әскерін күл талқан етіп жеңді. Сырдарияның төменгі ағысы маңын хиуалықтардан тазартты.

1853 Ресей әскерлері Ақмешітті басып алды. Сырдария әскери шебі құрылды.Жергілікті халықтан алым-салықтар алынып, олар неше түрлі міндеткерліктер атқарды. Оларға көпірлер салдырды, бөгеттерді жөндету , жер қаздырды , көлік пен малын ақысыз алды. Бекіністер салу кезінде жақсы өңделген жерлерінен қуып, 3 мың қазақты Сырдың арғы бетіне күштеп көшірді. Олардың орнына казактарды орналастырды. Осы себептерге байланысты енді Жанқожа батыр 1856-1857 жж Ресей отарлауына қарсы азаттық күресті басқарды. 1856 ж соңында көтеріліс Қазалы ауданын толық қамтыды. Жанқожаның 1500-дей сарбазы болды. Олар Қазалы фортын қоршап алып, Солдат қыстақ қалашығын талқнадады. 1857 ж қаңтарда Ақмешіттен Фитингоф басқарған 300 атты казак , 320 жаяу әскер , 3 зеңбірек , 3 ракеталық қондырғысы бар жазалаушы әскерлер шығады. 1857 ж 9 қаңтарда Арықбалық деген жерде шайқас болды. Қарулы күшті әскерден Жанқожа деген сарбаздары жеңіліс тапты.

Әлеуметтік және ұлттық езгіге , отаршылдыққа қарсы күрес Батыс Қазақстанда де өріс алды. 19 ғ 40 жж –ақ қазақтар Есет батырдың және басқалардың бастауымен орынборлық жазалау отрядына белсеніп қарсы шықты. 1847 ж 18 шілдеде Есет Ембіде Орынбор жазалаушы әскеріне шабуыл жасады. Есеттің азаттық күресінің күшейген кезі- 1855-1858 жж. 1855 ж жазында үкімет Есетті бағындыру үшін билеуші сұлтан Арслан Жантөринді үлкен отряд беріп аттандырды. Есет оларға күтпеген жерден шабуыл жасап , талқандайды. Бұдан соң патша үкіметі Есетпен күресті көрсетті. Есет батыр 1858 ж күзіне дейін көтерілісті тоқтатпады.

Одан бұл көтеріліс басылды.

19 ғ орта шеніне Қазақстанда Сырдарияның орта ағысынн Ақмешітке дейінгі және Ташкенттен Жетісуға дейінгі бір бөлігі Қоқан хандығының езгісінде болды. Ол қазақтарды аяусыз қанады, ауыр салықтар салды. Бұл халықтың наразылығы мен қарсылығын туғызды. Шымкент ,Түркістан, Арыс, Мерке , Сайрам ,Шолаққорған ,Жаңақорған аудандарында тұратын қазақтар қолдарына қару алып,Қоқан деспотизіміне қарсы көтерілді. 1858 ж көктемде көтерілісшілер Әулиеата ,Тоқмаш, Шымкент және басқа елді мекендердегі Қоқан гарнизонын қоршап алды. Қоқан-қырғыз халқы тізе қосып күресті. Ташкенттен көмекке жіберілген Қоқан әскерлері кері қуылып соққы беріп , зор шығынға ұшыратты. Көтерілісшілер Созақ ,Мерке ,Шолаққорған қамалдарын алып , Жаңақорған мен Түркістанды қоршады. Бірақ , еңбекшілердің азаттық күресінен қорыққан жеке қазақ феодалдары Қоқан билеушілерімен ымыраға келіп, 1858 ж көтерілісті басты. Қазақстанның стихиялы ,қазақ феодалдарының сатқындығы , оның Қоқан хандығынан келісімге келуі көтерілістің жеңуіне себеп болды.
ЛЕКЦИЯ 17.

Оңтүстік Қазақстанның жаулап алынуы . Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Оңтүстік Қазақстанның жаулап алуына Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

2.Сырдария бойында Ресей әскери шебінің құрылуы.

3.Патша өкіметінің Оңтүстік Қазақстандағы әскери экспансиясы. Аймақтық Ресей билігі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

19 ғ ортасына таман Ресей империясы енді Қазақстанның оңтүстік бөлігіне бекініс шептерін салуға кірісті. 1847 Алатау ,Қапал бекіністері , 1855 ж Сергиополь (Аягөз) ,Лепсі бекіністері салынды. 1848ж 10 қаңтарда Ұлы жүзді басқару үшін Ресейлік пристав тағайындалды. Оның резиденциясы Қапалда болды. 1851 ж 7 шілдеде подполковник Карбышев бастаған орыс әскерлері қоқандықтардың бекінісі Таушүбекті басып алды. Таушүбекті алуда оны Тайнеке би Досетұлы бастаған қазақ жігіттері қолдады.

Ал, Сыр бойында 1847 ж Райым, 1848 ж Қазалы фортын салған Ресей , 1853 ж Ақмешітті басып алды. Сөйтіп Сырдария әскери шебін құрды. Осымен бір мезгілде Жетісуда майор Перемышельскийдің отряды 1853 ж Іле бекетін тұрғызса , ал 1854 ж ежелгі Алматы қаласының орнына Верный бекінісін салды. 1855 ж Қапалдағы Ұлы жүз резиденциясы Верныйға ауыстырылды. Бүкіл Жетісудың орталығына айналған Верный тез өсе бастады. Оған Ресейдің орталық губернияларынан қоныс аударушылар көптеп келіп жатты. Верный бекінісінің салынуы 19 ғ 50 –жж Қазақ елінің оңтүстік аудандары мен Қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.

1859 ж Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресейдің әскери тірегі саналып, Қоқанның шабуылына тосқауыл болды. 1860 ж осы бекіністен полковник Циммерман бастаған орыс әскерлері шабуылға шықты. Оның әскерлері осы жылы 22 тамызда Тоқмақты , ал 4 қыркүйекте 5 күндік қоршаудан кейін Қоқанның Жетісудағы басты тірегі –Пішпекті басып алды. Жеңілгеніне қарамастан Қоқан ханы Верныйға қарай 22 мыңдық әскер жіберді. 1860 ж 19-21 қазан күндері Ұзынағаш деген жерде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский бастаған орыс әскерлері мен қоқандықтар арасында үш күндік шайқас болды. Кенесарының ұлы Сыздық сұлтан бастаған қазақтар Қоқан жағында Ресейге қарсы шықса, ал өзге қазақтардың дені орыстар жағында қоқандықтарға қарсы табандылықпен соғысты. Нәтижесінде қоқандықтар талқандалды. Қоқандықтар-400 , ал орыстар бар болғаны –2 адамынан айырылды. Бұл шайқас Жетісудың Қоқан озбырлығынан айырылды құтылуына зор ықпал етті. 1863 ж Ресей құрамына 4 мың шаңырақ қоңырат , 5 мың шаңырақ Ұлы жүздің бестаңбалы рулары кірді.

1864 ж көктемінен бастап Ресей империясы әскери қимылын күшейтті. Верныйдан полковник Черняев бастаған , ал Ақмешіттен подполковник Веревкин басқарған орыс әскерлері шабуылға шықты. Черняевтың әскерлері Мерке ,әулиеата , Созақ ,Шымкентті, ал Веревкин Жаңақорған мен Түркістанды басып алды. Түркістанды алуда орыс әскерлері тіпті варварлық әрекеттерге барды: түркі халықтары үшін қасиетті , “Екінші Мекке ” атанған Қожа Ахмет Ясауи кесенесін он бір жерінен атқылады. 1865 ж 17 маусымда орыс әскерлері бүкіл Орта Азияның орталығы –Ташкент қаласын үш күндік көше ұрыстарынан кейін басып алды. 1866 ж көктемде орыс әскерлері Бұхар әмірлігінің жеріне кірді. Оны бірнеше шайқастарда жеңіп, 1867 ж Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына қосып алды. 1868 ж Қоқан хандығы , ал 1873 ж Хиуа хандығы да Ресей империясы құрамына қосылып алынды. Сонымен , Қзақстанның Ресейге қосылу процесі 18 ғ 30 жж бастап 19 ғ 60 жж екінші жартысына дейін 1,5 ғасырға жуық уақытқа созылды.
ЛЕКЦИЯ 18.

18-19 ғғ 1- жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

(1 сағат)
Жоспары:

1.18 ғ –19 ғ алғашқы үштен біріндегі қазақ әдебиеті.Ақын-жыраулар творчествосы.


    1. ғ 30-50 жылдардағы қазақ әдебиеті.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

Ақтамберді жырау (1675-1768 жж) , Үмбетай жырау (1706-1778 жж) .

Қазақ халқының 18-19 ғ 1- жартысыдағы мәдениеті өткен дәуірің мәдениетімен , оның озық дәстүрлерімен сабақтасқан байланысты болд. Сыпыра жырау ,Асан қайғы ,Қазтуған , Доспанбет ,Шалкиіз жыраулардың орнын басқан 18 ғ белгілі жырауы ,Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алған Бұқар жырау Қалқаманұлы (1684-1781 жж ) .Туып-өскен , кіндік қаны тамған жер –Баянауыл .Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыптарының бірі –Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм .Ол қазақ халқының жоңғар феодлдарына қарсы азаттық күресін жырлады, халықты бірлікке ерлікке шақырып , бұл күрестің жырлады, халықты бірлікке ерлікке шақырып , бұл күрестің қаһармандарын -Абылай ,бөгенбай ,Қабанбай , Жәнібек батрыларды мадақтады. Қазақ-жоңғар соғысының ауыр кезі бүкіл қазақ халқының тағдыры қыл үстінде тұрғанда ол елдің тәуелсіздігін қорғай алатын тегеурінді , ұлы Абылай ханды жырлайды. Бұқар хан бейнесін халықтың ең жақсы идеяларын жүзеге асыратын қайрткер ретінде дәріптеп , оның Ресей мен Қытай арасында бұлтақтап, елдің амандығын , тәуелсіздігін қорғап қалу саясатын мақұлдады. Жырау ханды бірде қолдап-қуаттап отырса, бірде оған тежеу салып , ақыл беріп , мемлекет саясатына терең ықпал етіп отырған.

Ақтамберді жырау (1675-1768 жж) Оңтүстік Қазақстанда Қаратау бойында туған . Ақтамберді 17 жасынан бастап қазақтардың Орта Азия хандықтарымен , қалмақ шапқыншыларымен соғысқа араласпады. Жанкешті ерлігімен , ақыл-айласымен көпке танылды. Батыр жырау өзінің ісімен де , жалынды жырымен де жоңғарға қарсы күреске мол үлес қосады, Қазақ жасағының алдыңғы сапында шайқасады. Көп өмірін жорықта өткізген батыр жырау өз жырларының көбінде де тәуелсіз шалқыған ел болуды , жаудан елді қорғауда батырлыққа , төзімділікке үндейді.

Сонымен бірге Ақтамберді жырлары нақыл, өсиет , толғауларға толы .көпті көрген көне жырау атанаға көрсеткен сый-құрмет құдай жолын қуып ,Меккеге барумен пара-пар деген ой қорытады. Жырау елінің біркелкі бірлігін көксейді.

Осы тақырыпты дамытып , жырға қосқандардың бірі-Үмбетай жырау (1706-1778ж) Қазақ пен қалмақ арасындағы жойқын соғыстарды жыраулық кестесіне түсірген Үмбетайдың “Бөгенбай батырдың қазасына, Бөгенбай өлімін Аблай ханға естірту ”деген жырлары сақталған .

Жоңғар соғысы мен қазақ тәуелсіздігін жырлау Тәтқара ақынның (18 ғ) шығармаларында бар сарын .

19ғ 1-жартысында қазақ әдебиетінде 2 идеялық ағын : еңбекші халық бұқара мүддесін білдірген ақындар , суырып салма жыршылар мен ірі федал –ақсүйектердің мүдделерін жақтаған ақындар қалыптасты . Ақындық өнер халық арасында кеңнен тарағандар ішінде Шернияз , Орынбай, Шөже, Сүйінбай т.б. ерекше із қалдырды.

19 ғ көрнекті қазақ ақыны Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) болды. Ол езілген елдің жағын жақтап , ар намысын қорғаған күрескен ақын . Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар қозғалысына бастан аяқ қатысқан , сол қозғалыстың ең бір табанды сарбазы , жалынды үгітшісі , өз кезеңінің ірі қоғам қайраткері. Еліне , халқына шын беріліп , сол үшін шыбын жанын пида еткен ақын. Асыл ер , қалың бұқара мақсатын жоғары ұстай білген азамат ақын.

Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867 жж ) қазіргі Ақтөбе облысы Ойыл ауданында туған .Шешендік өнерге , ауыз әдебиеті жасынан құмар болған оның ақындық талабы ерте аянды. Исатай ,Махамбет бастаған көтеріліске қатысты.19 ғ 1- жартысына тән халық мәдениетінде айшықты із қалдырған Шернияздың әдебиет саласына қосқан бір жаңалығы дәстүрлі сурып-салма ақындық өнерін одан әрі жетілдірді.

Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895 жж) Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Жастай ені көзінен бірдей айырылған Шөже қобыз тартып, өлең айтуға машықтанды. Ақындық өнер күн көрудің көзі болды. Шөже даңқы жұртқа тараған айтыс ақыны.Шөже –ірі ақын. Әйгілі “Қозы-Көрпеш Баян сұлу” жырының ең көркем нұсқасы осы Шөженің айтуымен таралды.

ЛЕКЦИЯ 19.

18-19 ғғ 1- жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Халық ағарту ісінің дамуы.

2.Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттей бастуы.

3.Материалдық мәдениет.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет