Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет33/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46
Лекция жинағы

Копенгаген структуралық мектебі . Бұл мектеп өкілдері өздерін
компаративистикалық бағыттағылардан бөлектеу үшін гректің глосса деген сөзі
негізінде глоссиматиктер деп атады . Осы атау арқылы олар өздеріне тек біліміне ғана
тәнмәселелермен айналысатын , тілдің ғылымдараралық нысандарына жуымайтын
зерттеушілер екендіктерін байқатқысы келді . 


Глоссоматикалық бағытты қалыптастырушы және оған дем беруші Дания тіл
ғалымы профессор Луи Ельмслев (1899-1965) . Бұл мектептің теориялық негізін
белгілеген алғашқы еңбек – Ельмслевтің 1928 жылы жарияланған «Жалпы
грамматикалық негіздері» атты кітабы.Глоссиматиктер 1933 жылдан бастап Прага
мектебімен бірлесіп , «Тіл білімі жөніндегі еңбектер» атты журнал шығарып тұрған 
.Журнал структуралистердің халықаралық органы деп жарияланды.
Дескриптивтік мектеп . 20 ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан . 
Мектепті қалыптастырушылар АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард
Сепир (1884-1939) ,Леонард Блумфилд (1887-1949). Бірақ структурализмді
қалыптастыруда екеуінің атқарған рөлі мен ұстанған принциптері бір емес . Сондықтан
бұл екеуі АҚШ тіл біліміндегі – этнографиялық , структуралық деп аталатын екі
мектептің дем берушілері болып саналады . 
Америка структуралистеріне бірден – бір материал болған және сол әдістің
дүниеге келуіне себепші болған үндістер тілдерін ең алғаш зерттеген адам – 
Американың көрнекті тіл ғалымы белгілі антрополог  Франц Боас (1858 – 1942). 
Дескриптивистер тіл – ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл
білімін металингвистика , микролингвистика деп екі салаға бөледі.
Кеңестік тіл білімі. Кеңес өкіметі жылдарында қалыптасқан Кеңестік тіл білімі көп 
салалы, жан-жақты дамыған, озық тіл біліміне айналды.
20ғасырдың 30-шы жылдарында Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастыру міндеті тұрған 
кезде оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл 
білімі әлеміне көтерілді. 
Мәселен, Маррдың тұжырымдауынша: таптық қоғамдағы тіл де таптық болады; тіл – 
қоғамдық қондырма, ол қоғамдық базиспен бірге өзгеріп отырады; дүние жүзіндегі 
тілдердің барлығының шығу төркіні, глоттогониялық процесі бір, олардың бәрі де о бастағы 
сал, бер, ион, рош деген төрт элементтен тараған, бұл элементтердің қалдығын қазіргі 
тілдерден де табуға болады; қоғамдық формациялар дамуына лайық тіл сатылап дамиды; 
тіл дамудың бір сатысынан екінші сатысына өткенде революциялық секіру жолымен 
дамиды, бұл процесте тілдер тоғысуы шешуші рөл атқарады; тіл дамуының негізгі 
көрсеткіші тіл семантикасынан көрінеді, сондықтан тіл білімінің негізгі нысаны семантика 
болуы керек. 
«Тіл туралы жаңа ілімнің» негізгі бағдарламалық концепциялары болып есептелетін бұл 
тұжырымдардың қай-қайсысы да қоғам жөніндегі ілімнің мәніне жете түсінбей, оны тіл 
мәселелеріне теріс қолданудан туған жаңсақ қорытындылар еді. Бірақ осы қате 
тұжырымдар 1950 жылға дейін Кеңес тіл білімінде үстем болып келді. Кеңес тіл ғалымдары 
өз зерттеулерінде оларды басшылыққа алуға міндетті саналды. 
Кеңес Одағы Коммунистік партиясының орталық органы «Правда» газеті 1950 жылы 
Кеңес тіл біліміндегі тоқыраушылықты сынап, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс бағыт 
сілтеу үшін еркін айтыс ұйымдастырды. 
Тіл біліміндегі айтыстан кейін Кеңес тіл білімінің ерекше назар аударған мәселесі «Тіл 
туралы жаңа ілімнің» қателіктерін, оның тигізген зиянды зардаптарын жан-жақты ашып 
көрсету болады.
Сөйтіп, 1950 жылғы тіл жайындағы айтыстың Кеңес тіл білімі тарихында жағымды мәні 
болды, «Тіл туралы жаңа ілімге» тыйым салды, салыстырмалы-тарихи тіл білімінің құқын 
қайта қалпына келтірді, Кеңес тіл мамандарының жалпы теориялық проблемаларды 
зерттеуіне дем берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет