Лекция. Тақырыбы: Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы ерекшеліктері Лекция жоспары: Педагогикалық кәсіби қасиеттер


Талап етілетін іскерліктер мен дағдылар



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата15.02.2024
өлшемі456.03 Kb.
#491953
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
№ 1 лекция

Талап етілетін іскерліктер мен дағдылар 
1. Перцептивтік 
– 
бала 
психологиясын 
және 
сол 
мезеттегі 
психологиялық қалпын түсіну және оны сәйкес қабылдау. 
2. Дидактикалық – оқу үдерісін жоспарлай білу, ұсынылатын 
материалды оқушыға түсіндіре білу, сабақты шығармашылық деңгейде өткізу, 
өз бетінше еңбек етуге баули отырып балалардың ойлау қабілетін дамыту. 


3. Конструктивтік – тәрбиеленушінің жеке тұлғасын қалыптастыру және 
жобалау қабілеті, әртүрлі жүйелерде баланың іс–әрекетін болжай білу, жұмыс 
нәтижесін алдын ала болжай білу, оқушының жас және психофизиологиялық 
ерекшеліктерін ескере отырып жеке тәсілді іске асыру. 
4. Коммуникативтік 

балалармен, ата-аналармен мұғалімдермен 
педагогикалық мақсатты қарым–қатынас жасауға қабілеттілік, жаңа 
міндеттерге байланысты қайта жаңғырта білу, жылы шырайлылық, көпшілдік. 
5. Ұйымдастырушылық 
– балаларды қызықтыру, ынталандыру, 
сенімділігін арттыру, олардың жеке және ұжымдық іс–әрекетін ұйымдастыра 
білу қабілеттілігінің болуы. 
6. Экспрессивтік (функционалдық) – өз ойын, білімін, сенімін сырттай 
ым–ишара және сөз арқылы бейнелей білу.
7. Академиялық – танымдық іс–әрекетке қабілеті, балаларға ықпал ету 
құралдары, формалары мен әдістері туралы білімдерін жүйелей білуі, өзіндік 
білім алу, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша өз тәжірибесін зерделеу және 
тұжырымдай білу.
8. Техникалық-технологиялық – металл, ағаш өңдеу, электромонтаждау 
жұмыстарының қолмен және механикаландырылған түрлерін білуі, ағаш және 
металл өңдеу станоктарында жұмыс жасай білу, автомобиль жүргізе білу 
іскерліктері. 
Ұйымдастырушылық біліктілігі 
Білік-әйтеуір бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында 
лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. "Білікті 
әрекет іс-әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана таңдай білуден 
емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Біліктілік тәсілдерін тандай 
білуден басқа мақсатқа жету үшін қажетті шарттарды білуді қажет етеді. 
Біліктің қалыптасуының және дамуының ең тиімділігін қамтамасыз ететін 
жалпы шарттары: 
- тұжырымдалған ережені түсіну;
- орындайтын, қажет әрекет бейнесін қалыптастыру;
- жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті орындаудың нәтижелілігі 
жөнінде хабар алып отыру болады. Бұлар педагог, студенттердің т.б., оқу-
тәрбие үдерісіндегі біліктілігі негіздерін құрайды. 
Күрделі біліктіліктер қатарына педагогтің тек атқаратын негізгі 
функциясына қатысты іс-әрекеттерден де басқа әртүрлі іс-шараларды 
ұйымдастырушылығы да жатады.
Қандай да болмасын іс-шаралар жоспарлы, күн тәртібіне негізделеді. 
Сондықтанда мұндай іс-шаралардың күн-тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуы
босқа уақыт өткізуден, жалаңдықтан, формалдылықтан сақтандырады. Мұндай 
іс-шараларда сөз өнерінің, тілдің маңызы зор. 
"Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашпас" үшін, сөз сөйлей 
білушілікті аддымен саналыққа бастайтынын, тіршілікке өмірлік мән 
әкелетінін, өзара қарым-қатынасымыздың жанды көпірі,-деп түсінген жөн. 
Дәмді сөйлеп, дәйекті, бол! -дейтін қағиданың да астарында қарапайым 
өмірлік сыр-сабақ жатыр. Сөздің қадір қасиетінің мәнін жоймау себебін адам 


жаратылысының ұдайы санальшыққа ұмтылуымен ғана түсіндіруге болады. Ал 
сөзбен іс сана мен ақылдан нәр алады. 
Мұндайда тіл тазалығына мән берген дұрыс. Өйткені, тіл-халықтың сонау 
ғасырлық санасы мен зердесінен сүзіліп өтіп, шыңдалудан танбаған, тарихтың 
жауындары мен дауылдарынан да желкенін жықпай өтіп, халықпен бірге 
жасасып келе жатқан қасіретті құбылыс, талайды тақымына басып, талайды 
шаңына көмген тарихтың өзі тәнті боларлық киелі қасиет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет