Лекция тезисі №1 лекция тақырыбы. Математика тарихы және методология пәні. Математика мұғалімін дайындау жүйесіндегі математика тарихының және методологиясының ролі



бет1/13
Дата02.03.2022
өлшемі154.37 Kb.
#455892
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Математика тарихы ж не методол


6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)

1 лекция тақырыбы. Математика тарихы және методология пәні. Математика мұғалімін дайындау жүйесіндегі математика тарихының және методологиясының ролі.


Математиканы терең игеру оның тарихын, оның негізгі идеяларын және оның дамуын оқып білмеу мүмкін емес. Математиканың бүтіндей дамуының тарихын білуге деген құштарлықсыз әсте мүмкін емес. Математика тарихы мәселелерімен осы саладағы мамандар ғана емес, сонымен қатар әртүрлі математикалық пәндердің өкілдері де жүйелі айналысып жүргенін атап өткен жөн.
Математика тарихын кезеңдерге бөлу мәселесіне тоқталайық. Математика тарихын өзіне тән ерекшеліктері бар бірнеше кезеңдерге (периодтарға) бөлуге болады.
Математика тарихының бірінші кезеңі ғылымға дейінгі кезең. Математика өте ежелгі ғылым. Адамдар сандар мен оларға амалдар қолдануды ертеден білген. Төрт және одан да көп мыңдаған жылдар бұрын келе жатқан арнайы математикалық тексттер бар. Олар қазір дәлелденген. және мектептерде жаттығу материалы ретінде қолданылады. Бұл кезеңде өте маңызды математикалық ұғымдар мен амалдар пайда бола бастаған.
Бұрыш, аудан, көлем тағы сол сияқты көптеген абстрактлі ұғымдар пайда бола бастады. Егер де біз аудан, көлем, тағы сол сияқты ұғымдардың мағынасымен, мәнімен танысқымыз келетін болса, математика тарихының осы бірінші кезеңіне жүгінеміз. Бұл кезеңде көптеген есептерді шешу алгоритмдері пайда болғанымен, олар тек қана мысал ретінде қарастырылды. Бұл кезеңде алғашқы қауымдық құрылыс халықтарының және ежелгі египеттіктер мен вавилондықтардың математикасын жатқызады. Бұл кезеңдегі математиканың мазмұнымен таныса келе, көптеген маңызды және қиын тарихи математикалық сұрақтар өте ежелгі уақытта пайда болғанын көреміз.
Екінші кезеңге антикалық грек математикасының тарихы жатады. Бұл кезеңде математика өзіне тән және қазіргі кезеңге дейінгі сақталған ерекшеліктері бар ғылым болды. Нақты сандарға бөліну теориясында, интегралдық және дифференциалдық есептеулерге, алгебраға, аналитикалық геометрияға тағы сол сияқты математиканың басқа да салаларына байланысты есептер шығарылды. Бұл есептермен қазіргі математика тарихшылары жұмыс жүргізіп жатыр.
Математика тарихындағы үшінші үлкен кезең ол элементар математика кезеңі. Бұл кезеңде ежелгі және орта ғасырлық Үндістан мен Қытайдың, орта Азия мен Кавказдықтардың, Арабтар мен орта ғасырлық европалықтардың қайта өрлеу дәуіріндегі халықтардың математикасын жатқызуға болады. Сонымен қатар үшінші кезеңде астрономияға қажетті есепте алгоритмі мен тригонометриялық функциялар және олармен байланысты кубтық теңдеулерді шешу алгоритмі табылды. Тағы сол сияқты бұл кезеңге ХІ-ХVІ ғасырлардағы орыс математиктерінің қолжазбаларын жатқызуға болады.
Математика тарихының төртінші кезеңіне ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы европалықтар математикасын және Петербург ғылым академиясының қызметін жатқызамыз. Бұл кезең әріптік есептеулердің және математикалық анализдің пайда болуымен, сонымен қатар айнымалы шама ұғымымен, жалпы функция ұғымының пайда болуымен сабақтасады. Диалектикалық материалдың негіздемелерімен айналыса жүріп, К.Маркс өзінің материалистік қолжазбаларында осы кезеңнің дифференциалдық есептеулеріне байланысты арнайы очерктер жазған.
Соңғы бесінші кезеңге ХІХ-ХХІ ғасырдың математикасын жатқызды. ХІХ ғасырлардағы математика тарихы туралы мағлұматтарды Кеплер, Ковалевская, Декарт, Ферма, Ньютон, Лейбниц, Бернулли, Эйлер, Лагранж және т.б. еңбектерінен кездестіруге болады.
Математиканың тарихын кезеңдерге бөлу оның басты идеяларымен әдістеріне және өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты. Бұл кезеңдер жалпы тарихи кезеңдермен сәйкес келеді. Шынында да, бастапқы кезде біз алғашқы қауымның және құлиеленушілік қоғамының адамдарының математикалық білімдерімен жұмыс жасасақ, одан кейін ежелгі гректердін математикасына көштік. Яғни, құлиеленушілік қоғамының дамыған математикасымен жұмыс жасай бастадық. Ал үшінші кезең негізінен өндірістің феодалдық қоғамды, төртінші капитализмнің қалыптасу кезеңіне, ал бесінші кезең – бұл капитализмнің қалыптасқан кезеңімен және қазіргі кезеңді қамтиды.
Жастарды тәрбиелеумен оларға математиканы үйрету мақсатында математика тарихының маңызды роль атқаратынын атап өту жөн. Оқушылармен математиканың тарихы туралы әңгіме олардың ой өрісін жетілдіріп, сол пәнге деген қызығушылығын арттыратынын мұғалімдер біледі. Ғалымдардың шығармашылық өмірінен мысал, олардың ашқан жаңалықтары, оқушылардың өз-өзіне деген сенімін арттырады және қазіргі ғылымның мәселелерін шешуге деген ынтасын арттырады. Тарихи әңгімелер оқушыларды қазіргі ғылымның негізгі оның тарихынан басталатын және болашағы зор екенін көрсетеді. Сондықтан мектеп, жоғары оқу орындары мұғалімдерінің және оқушылар мен студенттердің математика тарихына деген қызығушылығы мен ынтасы уақытша болу мүмкін емес. Әрбір сабақта оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 3 немесе 5 минутқа арналған тарихи мәліметтер келтіріп отыру керек. Әр кластарда тарихи тізбектелуді сақтаймын деп әңгімелесу және қайталау міндетті түрде емес. Бұл әңгімелер мазмұны бойынша бірдей болып, бірақ алып отырған аумағы мен түп мағынасы әртүрлі болып кетуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет