Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


 Тақырып: Қылмыстың субъектiсi



Pdf көрінісі
бет29/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
7 Тақырып: Қылмыстың субъектiсi 
 
Мақсаты: қылмыс субъектісі ұғымын, есі дұрыстық, есі дұрыс 
еместік ұғымын, қылмыстың жай субъектісі, арнаулы субъектісі ұғымын 
түсіндіру 
 
Жоспар: 
1.Қылмыс субъектiсiнiң түсiнiгi 
2.Есi дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың шарты. Есi дұрыстықтың 
түсiнiгi 
3.Қылмыстың арнаулы субъектiсi 
1. Қылмыс субъектiсiнiң түсiнiгi. Есі дұрыс, кылмыс жасаған кезде 
қылмыстық занда көзделген белгілі бір жасқа толған жеке адам қылмыстық заң 
бойынша қылмыс субъектісі бола алады. 
Қылмыс субъектісінің белгілері жалпы ҚК-тің 15-бабының біріншi 
бөлігінде былай делінген: "Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он 
алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады.". 
Ал, осы баптың екінші бөлігі 14 жастан бастап қандай қылмыстық құқық 
бұзушылық үшін 
қылмыстық жауаптылыққа жататындығы көрсетілген, сонымен қатар КК-
тің 15-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстар үшін жауаптылық егер 
бұл қылмыстар қасақана жасалса 14 жастан басталады. 
2. Есi дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың шарты. Есi 
дұрыстықтың түсiнiгi. Есі дұрыстық — қылмыстық занда көзделген қоғамға 
қауіпті әрекетті жасаған кезде адамның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс 
жүзіндегі сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғынып, соған ие болу қабілеті. 
Есі дұрыс еместік ұғымы және оның белгілері ҚК-тің 16-бабында 
берілген. Қылмыстық кодекстің 16-бабынын бірінші бөлігінде, қылмыстық 
заңда көзделген қоғамға қауiптi іс-әрекеттi жасаған уақытта есi дұрыс емес 
күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша 
бұзылуы, ақыл-есінің кемдігі немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы 
салдарынан өзінің әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен 
қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе оларға ие бола алмаған адам 
қылмыстық жауаптылыққа жатпайтындығы атап өтілген. 
Есi дұрыс емес деп танылған адамға сот қылмыстық заңда көзделген 
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкiн (16-бап). 
Заң есі дұрыс еместіктің екі критериін белгілейді: медициналык, 
(биологиялық) және заңдық (психологиялық). 


36 
Есі дұрыс еместіктің медициналық критериі ҚК-тің 16-бабының бірінші 
бөлігінде көрсетілген психикалық қызметтің бұзылуының төртеуінің біреуі 
болуын талап етеді, олар:
а) созылмалы психикалық ауру; 
ә) психиканың уақытша бұзылуы;
б) кемақылдылық;
в) психиканың өзге де дертке шалдығуы. 
ҚК-тін 16-бабына сәйкес есі дұрыс еместіктің зандық критериі екі 
белгіні қамтиды: 1) интеллектуалдық және 2) еріктік. 
Интеллектуалдық белгі заңда мынадай сөздермен келтірілген: "өз іс-
әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін 
ұғына алмаған адам". Есі дұрыс еместіктің интеллектуалдық белгісі 
психикалық аурудың салдарынан сананың бұзылғандығын білдіреді. 
Заңдық критерийдің, еріктік белгісі — адамда өз іс-әрекетіне 
(әрекетсіздігіне) ие болу қабілетінің жоқтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет