Лекциялар тақырыптары: «clts 1003» «Этнос және мәдениет»


Еуразиялық өркениет және қазақ халқының этномәдени дамуы



бет12/14
Дата23.11.2023
өлшемі118.84 Kb.
#484217
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Лекциялар этнос (1)

Еуразиялық өркениет және қазақ халқының этномәдени дамуы
Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті әлем­дік өркениет пен мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өзіндік табиғи-ландшафттық жағ­дай­ларда – ерте кезден Батыс пен Шығыс мәде­ниеттерін байланыстырып келген Еуразияның орталық территориясындағы Ұлы Дала аума­ғында қалыптасты. Алтай, Алатау және Орал тау­лары­ның арасындағы кең даланы мекен еткен Орта­лық Азия халықтары мен ертедегі тайпаларының палеолит, қола дәуірлерінен бас­талған мәдени дәс­түрлері жаһандық жалпы­адам­заттық заңды­лық­тардың динамикасы ағымын­да­ғы әлеуметтік-мәдени үдерістерді бастан ке­шіріп, номадизмге тән көшпелі мал шаруашы­лығының ықпалымен орнықты. Кейінірек толық құралып біткен авто­х­тонды төлтума дәстүрлер жапсарлас жатқан халықтар мен елдердің мәде­ни әсерін бойына сіңі­ре отырып, қазіргі мәде­ниеттанулық теория­лық тұрғыдағы зерттеулерді талап ететіндей күр­де­лі және біртұтас феномен – дәстүрлі этно­мәдениетті дүниеге әкелді. Үш мың жылға жуық тарихы бар көшпелі өркениет барысында қазақ халқы сыннан өткен теңдессіз бай рухани және мәдени мұраны артындағы ұрпаққа мирас етіп қалдырды. Сондықтан қазақ халқы мәдениетінің терең еуразиялық тамыр­ларын есте сақтаған жөн.
“Еуразия”, “еуразиялық кеңістік” термин­дері­нің тек құрлықтың ұғымын ғана білдір­мей­тіні белгілі. “Еуразияшылдықтың” географиялық және семантикалық шеңберлерін анықтар бол­сақ, бұл түсінік ұзына бойы жеті жарым мың ша­қырым болатын Алтай тауынан бастап Карпат тауы­на дейін созылып жатқан Ұлы даланы білді­реді. Ол өзіне үш аймақты енгізеді: Жоғарғы Азия (Алтай тауы, Тува, Моңғолия), Орталық Азия және Шығыс еуропалық жазықтық. Сон­дықтан Еуразия ауқымына ену мен енбеу өзіндік тарихи қисынға сәйкес келетін мүдделерге байланысты. Сонымен қатар ол халықтардың діліндегі сұх­баттық қатынастарға бейімділікке де көп байланысты құбылыс болып табылады.
Еуразия – бұл тек географиялық ұғым емес, ол мәдени-өркениеттік бірегейлікке деген ұм­тылысты да білдіреді. Еуразиялық кеңістікті баяғыдан осы жердің табиғи ландшафтына бейім­деліп, шаруашылықтарын жүргізген халықтар – түркілер, моңғолдар, финугорлар және славяндар мекендеді. Соған сәйкес бұл жерде өзге өрке­ниеттік бітімдерден өзгеше еур­азиялық өркениет пен еуразиялық мәдениет, еуразиялық бірегейлік пен еуразиялық фило­софия қалыптасты. Бұл мәдени-тарихи са­бақ­тастық тарих ырғағының бойында қалыптасқан құдіретті империялардың құрылуынан аңға­ры­ла­ды. Қола дәуірінде бұл кеңістікті біртұтас “андрон мәдениетінің” (Қазақ­станда “Беғазы-Дәндібай мәдениеті” деген атпен белгілі) өкіл­дері деген шартты атаумен белгілі тайпалар ме­кен­дегенін тарихшы-археологтар дәлелдеп отыр. Дәл осы кезден бастап, яғни біз­дің заманымызға дейінгі бір мыңжылдықтан бастап бұл территория көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруа­шы­лығына негізделген еуразиялық номадизм­нің эпицентрі болды. Қозғалысы динамизм­мен, дәстүрі статизммен сипатталып, үш мың жыл бойы тұрақтылығын сақтаған бұл әлеу­меттік-тарихи формацияны “дала өркениеті” деп атауға болар еді. Бұл уақыт ішінде атақты сақтар мен ғұн тайпалары, түркілер мен қар­лұқтар, қыпшақтар мен оғыздар, моңғолдар мен татарлар тарихқа өз қолтаңбаларын қалдырды. Олар­дың құрған Ғұн империясы, Түркі қағана­ты, Оғыз қаға­наты, Қыпшақ қағанаты, Алтын Орда сияқты мемле­кет­тері әлемдік тарихтың дамуына орасан зор ықпал етті. Кейінірек олар­ды Ре­сей империясы мен социа­листік қағи­даттарға негіз­дел­ген Кеңес Одағы алмас­тырды.
Бүгінгі күні басқалары­мен салыстырғанда, еур­азия­лық этностарды бірік­ті­ру үшін ресейлік мәде­ниет­тің салмақты әлеуеті бар екені даусыз, бірақ әдетте, саяси біріктіру­шілік астар берілетін өркениеттік парадиг­ма­дағыдай, Еуразия Ресейдің синонимі емес. Классикалық еуразияшылдықта да бұл мәдени типтің өзегіне христиандық православие қойы­лады да, тұрандық элемент кейінге ығыс­тырылады. Бұл ұлы идеяға кеңістіктік үш өл­шем тарлық етеді, оған орман ландшафттары мен Ұлы даланы мекендеген халықтардың ғасырлар бойғы рухани тарихын бойына жа­сырған уақыт өлшемін де қосу керек. Осы тұр­ғыдан алғанда ол тарихтың ырғағында қию­ласқан әртүрлі халықтар мен төлтума мә­де­ниеттердің біртұтас ошағы болып көрінеді.
Еуразияның тұтастығы, оның мәдени-тарихи бірлігі туралы айт­қан­да, бұл мәдени-өрке­ниеттік типтің көшпенділік тамыры тура­лы міндетті түрде сөз қозғалуы керек. Оның үстіне “Ұлы даланың көшпенділері адамзат­тың тарихы мен мәдениетінде еуропалықтар мен қытай­лар­дан, мысырлықтардан, ацтектер мен инктерден бір де кем емес рөл ойнады. Тек олардың бұл рөлі, басқа да әрбір этнос­тың немесе, суперэтностың рөлі сияқты, ерек­ше, төлтума болды және ұзақ уақыт бойы оның құпиясы танылмай келді” (Л.Н.Гумилев. “Еуразия ырғақтары”). Еуразиялық тұтастық­тың тарихи негіздерін қалыптастыруда, осы бір­тұтас коммуникативті кеңістікті ұстап тұру­да көшпелі өркениет орасан зор мәнге ие болды.
Көшпенділік қазақ халқының этномәде­ние­тінің де негізін құрайды және күні кешеге дейін, өткен ғасырдың отызыншы жылдарын­дағы жаппай ұжым­дастыруға дейін қазақ­тар осы өмір сүру тәртібі мен мал шаруашылығы дәс­түрін берік ұстанып келді. Бұл тұрғыдан алғанда, қа­зақтар – ұлы көшпелі өр­кениеттің заңды мұрагер­лері екені сөзсіз және еуразия­шылдық идеяның қа­зақстандық қоғамда ке­ңі­­нен сөз болуы да осы тамырға байланыс­ты.
Ғылыми әлемде мәдениеттің оқшау типі ретіндегі еуразиялық өркениет феномені әлі толық зерттеле қоймаған, ол дербес өркениет ретінде Данилевскийдің, Тойнбидің, Ясперс­тің, Шпенглердің және т.б. тұжырымда­ма­ларын­дағы өркениеттер тізімінің санатында жоқ. Оны терең талдап, теориялық тұрғыда дәлелдеу гуманитарлық ғылым өкілдерінің ке­лешектегі ісі болар деген үміттеміз. Осы кеңіс­тіктегі бұл мәдени типтің мирасқоры ретіндегі қазақ халқының тарихи этномәдениетін қайта қалпына келтіру, Ұлы дала мен Орыс орма­ны­ның тең дәрежеде мәдени өзара комму­ни­ка­цияға түсу мүмкіндігін зерделеу өзекті күйін­де қалып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет