IІ Модуль Этномәдениеттін теориясымен негізгі ғылыми зерттеу мектептері
5 дәріс Эволюционизм этномәдениеттін теориясы ретінде: Эволюционизм ағымнын қалыптасуы. Э Тайлор ғылыми зерттеулері. Л. Морган этнология саласына салған үлесі. Дж. Фрезер және оның Золотая ветвь атты еңбегі.
Э. Тайлор эволюционизм теориясы. ТАЙЛОР Эдуард Бернетт (1832 – 1917) – ағылшын этнографы, антрополог ғалым. Тайлордың көзқарастары Канттың эволюциялық теориясының ықпалымен қалыптасты. Ол мәдениет тарихын ілгерілемелі даму процесі ретінде қарастырып, мәдениеттің даму барысында құрал-жабдықтар, өнер салалары, діни наным-сенім түрлері – бәрі де жетілдірілу үстінде болады деп білді. Тайлор өзінің мәдениет тарихын, діннің бастауларын зерттеген шығармаларымен белгілі. Ол мәдени эволюционизм позициясын ұстанды, яғни мәдениеттің дамуы ілгеріге ұмтылу, өткеннен асып түсу, бұрынғыны жетілдіру деп түсіндірді. Мәдениет прогресі бүкіл дүние жүзі халықтарының (олардың әрқайсысының қандай даму сатысында тұрғандығына қарамастан) әкелген үлесіне тікелей байланысты. Оның айтуы бойынша “мәдениет туралы ғылым – реформалар туралы ғылым”. Мәдени реформалар көбіне діни наным-сенімдер мен табынушылық түрлерін жетілдіруден, күрделі де өнімді еңбек құралдарының пайда болуынан, жаңа өнер түрлерінің көбеюінен көрінеді. Осы орайда Тайлор көне наным-сенім түрлерін, анимизмді жете зерттеді. Ол діннің негізін адамның психикасынан, рационалды қызметінен іздестірді.Эволюционизм - XIX ғасырда Эволюционизм биологиялық ұқсастыққа негізделген ой ағымы болатын, бірақ ол Дарвин теориясынан детерминистік сипатымен ерекшеленетін. Дарвиннің жалпы Эволюционизм бойынша жаратылыстық тұрлер олардың өзгеруі және табиғи іріктеу жолымен, міндетті тұрде ілгерілеуші бола бермейтін процесс жолымен дамиды. Алайда, Виктория заманының әлеуметтанушылары қолдаған эволюциялық теория бойынша, адамзат қоғамы жетіле беруге міндетті болатын, өзгерістер прогресгі болатын және Бұлар өркениет пен адамзат қоғамының адами жетілуіне жетеқтейді. XIX ғасырда Мұндай теориялар қоғам мен саяси өмірді зерттеудің негізгі соқпақтары болды. Әлеуметтанудағы Эволюционизм Герберт Спенсерге телінетіндігіне карамастан, бұл термиңді Карл Маркс, Фридрих Энгельс, Эмиль Дюрқтейм және В.Гордон Чайльд секілді авторлар шүбәсіз қабылдаған. Эволюционизм тұжырымдамасы радикал теоретиктердің де, консерватор теоретиктердің де еңбектерінде үшырасатындығы, Батыс ойшылдары үшін Эволюционизмнің терең мәдени маңызы бар екендігінің даусыз дәлелі.Магия ( лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке дара немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.Ортағасырлық алхимияда магиялық негіз айқын көрінді. Қайта өркендеу дәуірінде Дж.Делла Порта, Дж. Кардано, Парацельс сынды ойшылдардың еңбектерінде магиялық белгілер көрініс тапқан. Табиғат күштеріне бағынышты ежелгі адам күрделі мәселелерді шеше алмағандықтан құпия, тылсым күштерге арқа сүйеп, магиялық іс-әрекеттер жасады. Олар магияны табиғатпен қарым-қатынас формасы ретінде және өзара қарым-қатынас барысында қолданды. Магия көптеген тылсым құбылыстарды жұмбақ күштердің әсеріне жатқызуға негізделіп, адамдарға, жануарларға, рухтарға, тағы басқаға әсер ету мақсатын көздейтін салт-жоралар жиынтығынан көрінеді. Магия адамдардың өзінің немесе басқалардың бойында табиғатқа ықпал етудің табиғаттан тыс барлық мүмкіндіктеріне сенімін білдіреді.Магия мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік, емдеу, сақтаушы (қорғаушы), зиян келтіруші, соғыс, ауа райы магиясы.Өндірістік магия ежелгі адамның шаруашылық іс-әрекетімен — егін егу, аң, балық аулау, тағы басқа байланысты.Емдеу магияның мақсаты — дуалау, үшкіру, басқа да “сиқырлық” тәсілдер арқылы ауруларды емдеу.Сақтаушы (қорғаушы) магия тыйым салу (табу) жүйесінен тұрады. Магиялық тыйым салу жаман ниеттер мен бақытсыздықтардан сақтану үшін қолданылады.Зиян келтіруші магия — жануарларға зиян, залал келтіру үшін қолданылатын дуалар жүйесін білдіреді.Соғыс магиясында — жау әскеріне қарсы сиқырлық іс-әрекеттер жасалады. Ауа райы магиясында — шаруашылық өмірге қолайлы табиғат жағдайын туғызу үшін сиқырлық әрекет жасау орын алады.Қазіргі кезде зерттеушілер магияны контактілі (магиялық күші бар объектімен тікелей әрекеттесу), инициалды (Магиялық іс-әрекет субъектісі үшін қол жетпейтін объектіге магиялық әрекеттің бағытталуы), парциалды (шаш немесе тырнақ, тамақ қалдықтары арқылы жанама ықпал ету), имитативті (магиялық объектіге ұқсас затқа ықпал ету) деп бөледі. Ежелгі дін формаларын зерттеуші Б.Малиновский магияны жемісті, сақтандырушы және деструктивтік деп жіктейді. Дж.Фрезер бойынша магиялық әрекеттер ұқсас немесе бірінен кейін бірі келетін шектес құбылыстарды жалған себеп-салдарлық қиыстыруға негізделген. Осыдан магияның гомеопатиялық (ұқсастық бойынша, еліктеушілік) және контагиозды (шектесуі бойынша, жұқтыру) деген екі түрі көрінеді. Әлемдік діни жүйелерде магиялық салт-жоралар елеулі рөл атқарады. Леви-Стростың пікірінше, магия мен дін бірін-бірі толықтырады. Магия белгілі бір әрекетке және сөздерге “кереметтік” қасиет беріп, дәріптейтін күш ретінде адамның объектіге тікелей әсер етуі және мақсатына жету жолында өз мүмкіндігіне деген сенімге негізделген. Магиялық әдет-ғұрыптар дүниеге, табиғат құбылыстарына, адамдарға, рухтарға табиғаттан тыс жолмен ықпал етуге бағытталады.Ритуал - салт жоралары, әдетғұрып түрі, символикалық жүріс-тұрыстың күрделі формасы, белгілі әлеуметтік және мәдениеттік құндылықтарды көрсететін реттелген іс-әрекеттің жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |