Лексикология билетт


 Қазақ тілі – мемелекеттік тіл



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата25.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487905
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
лексикология билетт

 
16. Қазақ тілі – мемелекеттік тіл 
Осыдан тура 30 жыл бұрын, яғни 22 қыркүйек 1989 жылы қазақ тілі 
мемлекеттік мəртебеге ие болып «Тіл туралы» заң қабылданды. Кейін 
егемендік алған соң 1995 жылғы Ата заңымыздың 7 бабына сай «Қазақ тілі 
- мемлекеттік тіл» болып айқындалды. 
Əрі қарай - 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 
заң қабылданып, республика аумағындағы тілдердің қолдануының 
құқықтық негіздері, барлық тілдерге бірдей құрметпен қарау қамтамасыз 
етіліп, мемлекеттік қазақ тіліміздің мəртебесі белгеленген болатын. 
Дегенмен, осы күні егемендігімізге 28 жыл болсада, қазақ тілі Кеңес 
заманынан қалыптасып қалған орыс тілінің көлеңкесінде дамып келе 
жатқаны «ащы» шындық. Жасыратыны жоқ, тіліміз өз елінде, өз жерінде 
«аса қажеттілікке» айналмай, атына заты сай болмай, мəртебесі 
мемлекеттік болғанымен қоғамның барлық саласында толыққанды 
қолданылмай келе жатырған мемелекеттік тіл болып отырғаны ақиқат. 
Қазақ тілі - дүниедегі ең шұрайлы, кестелі тілдің бірі деп жатамыз. Ия, 
Қазақ тілі - өте бай тіл! Қазақ тілінде жазылған тамаша шығармалар 
қанша, жылытатын, жұбататын жырлар қаншама. Қазақ халқының бойына 
сіңген ата - бабаларымыздың тəлім - тəрбиесі, үлгі - өнегесі, біздің тұлға 
болып қалыптасуымызға себепкер болғаны, үлкен үлес қосқаны 
байқалатыны анық. Осындай гауһар тілімізді өз дəрежесінде пайдалана 
алмауымызға кезіндегі кеңес өкіметінің солақай саясаты əсер етсе, ал дəл 
қазіргі күні қоғамның барлық саласында қазақ тілінің мəртебесі жоғары 
болуы қажет деп санаймын. 
Осы орайда, ел президенті өзінің алғашқы Жолдауында «Қазақ тілінің 
мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне 
айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дəрежеге жету үшін 
бəріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деген. 
Иə, өте дұрыс. Егемен елімізде өмір сүретін барлық ұлттарға мемлекеттік 
тілді меңгеруге толықтай жағдай жасалған. 
Сонымен қатар, демографиялық тұрғыдан қазақ ұлты ең жоғарғы 
пайызды құрайтындықтан, қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне 
айналатын кезеңі нақты келді деп есептеймін. 
Жалпы кез келген елде тілдік ахуал өзгерген жағдайда тіл саясаты да жаңа 
талаптармен толығып отыратыны ақиқат. Жəнеде барлық елдерде 


мемлекеттік тілді білу заң арқылы міндеттелген. Ал, біздің жоғарыда 
аталған «Тіл туралы» заңымызда «Қазақстан халқын топтастырудың аса 
маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан 
Республикасының əрбір азаматының парызы» деп көрсетілген. Яғни, 
мемлекеттік тілді меңгеру тек «парыз» ғана. Менің ойымша, Президент 
Жолдауындағы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейту үшін 
«Тіл туралы» заңға өзгерістер енгізіп, мемлекеттік тілге қатысты 
жауапкершілік белгіленуі керек. Əлемде жеті түркі мемлекеті бар десек, 
соның алтауы өз тілінде ел басқарып, бір-бірімен қарым-қатынасты тек өз 
тіліңде жасауда. 
Кез келген қазақ, қазақстандық бір-бірімен тек мемлекеттік тілде 
сөйлесетін уақыты келді. Тəуелсіздік қазаққа не берді десек, санымыз өсті, 
санамыз өркендеді, рухымыз жанданды. Рухымызбен бірге тіліміздің 
тұғыры да биіктеуі шарт. 
Өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте», - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз 
айтқандай, қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, 
қазақ тілін мемлекеттік тіл дəрежесіне көтеруге əр қазақтың үлесі болса 
екен. 
Халқымыздың «Қай тілде сөйлесең, сол тілде ойлайсың. Қай тілде 
ойласаң, сол тілдің жанашырысың», «Өсер ел, алдымен, тілін қадірлейді» 
деген сөздері есімізден шықпағаны жөн деп санаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет