«ленинградтық Өренім» ӨЛЕҢІ 32. М.Әуезов шығармашылығы. Алғашқы әңгімелері мен драматургиясы



бет7/9
Дата19.05.2024
өлшемі272.15 Kb.
#501459
1   2   3   4   5   6   7   8   9
әдебиет тарихы 31-40

38. 1960-2000 жылдардағы әдеби кезең, әдебиет тарихы, бағыттар мен ағымдар, стиль, жанр. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі қазақ әдебиетін жүйелей оқыту мен зерттеудің басты принциптері
Әдеби таным, талғам тәрбиелеуде қандай ауқымды істер атқарылды, әдебиетші қауым не тындырды деген сауалдар күн өткен сайын алдымызды орайды. 1960-1990 жылдар аралығындағы Кеңес дәуірі әдебиеті тұтастай алып қарағанда әлем әдебиетіндегі, әсіресе, орыс, еуропа әдебиеттанудағы методологиялық тәсілдерді, түрлі мектептердің сабақтарын, ұлы тұлғалардың мұраларын меңгеріп, оларды ұластыра дамытып, ұлттық өнерді талдап, бағалап, саралауда аз іс атқарған жоқ. 1960-1967 жылдың аралығында «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты әр томы екі кітаптан тұратын үш томдық қазақ әдебиетінің ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихының мол мұрасы жинақталып, ғылыми айналымға түсті. Бұл – халық мұрасын тұңғыш рет жүйелі, ғылыми сипатта, терең мәнде зерттеп, жоғары деңгейде атқарылған үлкен іс болды. Бұл жұмыстың басында әдебиет алыптары М.Әуезов (1том, 1-кітап, ауыз әдебиеті), М.Қаратаев (1том, 2-кітап, айтыс, халық ақындары, терме-толғаулар), Қ.Жұмалиев (2том, 1-кітап, ХҮІІІ-ХІХғ. әдебиеті), Ы.Дүйсенбаев 1960-1968 (2 том, 2-кітап, ХХғ.бас кезіндегі әдебиет), М.Қаратаев (3 том, тұтастай кеңес дәуірі әдебиеті) зор еңбек атқарды. Мұнда Кеңес дәуір әдебиетін бес дәуірге: 1.1920 ж. әдебиеті, 2.1930ж. әдебиеті, 3.Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдебиет,4. Соғыстан кейінгі дәуір, 5. Қазіргі дәуір деп қарастырады. Бұл еңбектер тарихтың ұмыт болған бұрыштарынан табылған аздаған дүниенің өзі ғылым саласында өзін-өзі толық ақтап, халқымыздың тарихи, мәдени, әдеби өсу жолындағы сол кезге дейінгі анықталмай келген жеке бір сатыларын тиісті дәрежеде танып, білуімізге көп көмегі тигізгені сөзсіз.
Қазақ халқының ұлттық ой-санасының жүдеп бара жатқанын көрген зиялы азаматтар 1960-1970 жылдары халық тарихының оқиғалары негізінде ұлттық сананы оятып, тәрбиелеуге әдебиет пен ғылымды пайдалануды мақсат ете білді. Алдыңғы кезекте М.Әуезовтің «Әр жылдар ойлары” (1959ж.), С.Мұқановтың “Өсу жолдарымыз” (1960ж.),”Жарқын жұлдыздар” (1964ж.), зерттеу еңбектері жарияланды. Қ.Жұмалиев “Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі” (1960ж.) зерттеу еңбегімен қоса орта және жоғарғы оқу орындарына арнап оқулықтар жазды. Сондай-ақ, Е.Ысмайловтың “Сын және шығарма”(1960ж.),”Әдебиет жайлы ойлар” (1963ж.), “Ақындар және революция” (1964ж.) жарияланды.
1960-90 жылдар әдебиеттану ғылымында көркем шығарманы көркемдік тұрғысынан талдап, сынның дамуы кең өріс алды. Ғ.Мүсіреповтің “Суреткер парызы”, Ғ.Мұстафиннің “Ой әуендері”, Т.Ахтановтың “Әдебиет туралы ойлар”, Н.Ғабдуллиннің “Уақыт сыры”, С.Сейітовтің “Қырық жылда”, “Өнер өрнектері”, С.Әшімбаевтің «Сын мұраты».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет