Примак жолдас, олай ойлау тым ауыр, оданда тек босатуды ойлау керек, міне, әңгіме осында,— деді Болатов.
Ие, бірталай адамдарымыздан айрылуьімыз мүмкін,— деді командир саусақтарын сытырлатып.— Бася, мен біздің жастарды жанымдай жақсы көремін, олардың өлімі гуралы ойлау қандай қиын, тіпті біреуін Де ажалға қиғың келмейді.
Ол шаршаған көздерін жұмып, алақанымен маң дайын сүйеді.
Былай істе, Васек,— деді Примак жолдас орны- нан дереу атып тұрып,— жүз жігіт әзірле, ішінде Иль- ко мен Михайло да болатын болсын. Бұл қаршадай зерек екі бала маған сондай ұнады. Операцияны өзім басқарамын, ал сен штаб бастығының жұмысын атқа- расың. Жоба былай: біз эшелонды 7-разъезден тоса мыз, сол жерде оны тоқтатамыз. Күзетшілерін тұтқын- дап, вагондағы жастарды босатамыз. Егер бұл дегені- міз болмаса, онда разъезден үш километр шыға бергенде паровозды минаға жарылатын етіп ұйымдас- тырамыз, түсінікті ме? — деді ол шапшаң сөйлеп.
Түсінікті, командир жолдас! — деп жауап берді Болатов.
Бұл жоспарга қалай қарайсың! Қарсылығың жоқ па, қосарың бар ма?
Түгелдей қостаймын, командир жолдас!
Ендеше, міне, осы жоба бойынша әзірлікке кірі- су керек! Нақ сагат үште қозғаламыз, өйткені номері жетінші разъезде эшелонды қарсы ал деген Миронов- каның жарлығын телефонмен өзім қабылдайтын бола йын,— деді командир.
Келесі күні, тап күндізгі сағат үште жүз жауынгер- ден жасақталған партизан отряды лагерьден 7-разъез-
ге қарай бет алды.
Бұл разъезде не бары төрт қана теміржолшы бо латын. Оның екеуі неміс, екеуі жергілікті тұрғындар еді. Партизандардың жоспары бойынша еңалдымеи бұл төртеуін постыдан алып, темір жолды басқару ды, түрлі хабарларды қабылдауды өз қолдарына ал> керек.
Отряд разъезге дер кезінде келді. Жауынгерлер те мір жол полотносының қалқасына барып жасырынды ал құрама командирі Примак, Болатов, Илько мен Мк хайло кеңсе үйіне кіріп, күтпеген жерден келген бөте адамдарды көріп сасқалақтаған немістерді құралсыз дандырып, оларды ешнәрсеге қатыстырмай күзетуд Мнхайлоға тапсырды.
Командир ү-н-түнсіз, трубкаға көзін қадап, телефон ның қасында отыр. Сағат нақ бесте звонок шылдыра ды. Мироновка станциясы эшелондардың шыққаныс хабарлады. Командир эшелонды қабылдауга № 7 разъ
Достарыңызбен бөлісу: |