Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Ұлтшылдар ғой, жайбарақат рақаттанып жүр- гендерін қарашы, жұрттың бәрі қаруланып, күреске шыққанда! — деді Борис оларға кектене қарап



бет369/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   395
Jau tilinda 2

Ұлтшылдар ғой, жайбарақат рақаттанып жүр- гендерін қарашы, жұрттың бәрі қаруланып, күреске шыққанда! — деді Борис оларға кектене қарап.

  • Олар бізге қарсы соғысып жүрген жоқ па, қай- та. Менің мына қолымды жаралаған осылар ғой. Боря, осылар жай ұлтшылдар емес, полицайлар болма- сын? — деп күдіктенді Серік. Борис «болса болар» де- гендей, жан-жағына сақтана қарай қалды. Сөйтіп тұр- ганда сол жақтарында жуан талдың бұтағына іліп қойған көк мундир, ақ ішкі көйлектерді көрді. Талдың түбінде б?р винтовка сүйеулі тұрғанын көріп екеуі са- сып қалды.

  • Полидай десек, мыналар нағыз жендеттердің өзі ғой,— деді Борис Серікке жалт бұрылып, Серік су ортасында малтып жүрген немістерге қарады... Арғы жақга біреу бір қол қайықпен әуреленіп жүр. Бұлар қайық шақырып, арғы жақтағы Луковец селосына өту үшін қайық күтіп, суға түсіп жүрген неміс солдаттары екенін бірден түсінді барлаушылар. Серік пен Борис: «Маңайда тағы біреулер бар ма»,— деп төңіректі шо- лып шықты. Ешкім жоқ екен. Киім-кешектерін алып кету керек пе, әлде, күтіп жатып, өздерін атып кету керек пе? Екеуі осы жағын ойласты.

    Сережа, винтовкалары мен киім-кешектерін лльщ кетейік, олар қайта малтып келгенше талай жер- ге барып қаламыз,— деген ұсыныс жасады Борис. Се- Рік су жаққа бір қарап қойды. Жау киімдері жатқан аққа тағы көз тастады. Сонсоң сәл ойланып тұрып: Қан Ңэруларын алайық та, өздерін бері судан шық- агып кетейік,— деді жегірлене сөйлеп. қ Комааднр »оқ атпаңдар» дегені қайда? — деп




    • «Оқ атпа» дегенде тапсырманы орындап болған- ша оқ атпау керек. Енді лагерьге жақындап келіп қал- ганда несі?іе қауіптенеміз. Өздерін атпай киімдері мен қаруларын алып кетсек, анадағыдай партизандар бізге күледі гой. Мас полицайды қолын артына байлап алып барганымызда «Борис пен Сережа мас боп ұйқтап жат- қан жауга батыр» деп күлгені қайда. Онан да екеуін де судан шығармай атып кетейік. Екеуміз екеуін екі-ақ тартамыз,— деді Серік автоматына қарап қойып. Бо- рис ^еліскендей болып: «Давай!» деді. Борис әрқашан- да бір нәрсе істер алдында сөзінің сырағысы осы «да- вай» болатын. Екеуі дереу еңбектеп барып, жаудың винтовкасы мен киім-кешектерін құшақтап тал ішіне алып келді де, кешікпей қайта шықты. Бұл кезде не- містер қайта малтып келе жатыр еді. Екеуі бір жуан талдың түбіне жасырынып тұра қалды. Серік Бористің беліндегі пистолетті көріп, қуанып кетті. Борис Серік- тің құлағына аузын тақап:

    • Біреуінің белбеуінде екен. Демек, бұлардың бірі офицер,— деп сыбырлады. Екі бала автоматтарын тек- серіп, алдарына төніп тұр. Екі жендет судан шықпай жатып, автомат оғының астында қалды. Днепрдің ашулы толқыны «тағы атыңдар мына жендеттерді» де- гендей, екі арам денені жиекке итеріп тастап қайтып кетті. Әлде оқ тимей әдейі жатыр ма деп қалған Серік жақындап барып, автоматтан тағы оқ атты. Арғы жақ- та қол қайық маңында амалсыздан күйбеңдеп жүрген адам селоға қашып бара жатты. Серік пен Борис то- ғайға кіріп жоқ болды.

    Бір жолы барлаудан барлаушылармен бірге келе жатып, Серік «Белое озеро» деген орман шаруашылы ғындағы құс бағып жүрген балаларға кездесіп, олар мен мұңдасқан болатын. Бұлар бұрынғы Переяслав балалар үйінің балалары еді. Оларды басқыншылар келіп қалған кезде шығысқа қарай алып кетуге үлгіре алмаған. Кейін, Переяслав пристанында кемеге тиеп әкеткелі жатқанда, неміс сойқандары келіп қалып, ба лалар тәрбиешілерімен бірге басқыншылардың қолына түсті. Оларды жаяу Переяслав қаласына айдап келді. Сарайға қамап қойды. Тәрбиешілерді балалардан, ба лаларды тәрбиешілерінен айырды. Балалар сарайда қалды. Он күн ішінде балалар аштықтан жүдеп кетті Оның үстіне «болыневиктердің» әдейі құрметтеп тәр




    биелеп жатқан «кішкене большевиктері» деп оларды ұрды, соқты. Кейіннен сарайға азамат киімді екі жуан қарын неміс келді. Балалардың жартысын іріктеп со- лар алыл кетті. Қайда алып кеткенін ешкім білмеді. Қалғандарының ересектерін Киев қаласына жөнелтті, кішкентайларын осы «Белое озероға» бұрынғы бір кол- хоздың құсын алып келіп, соны бақтырып қойды. Бұл Переяслав комендантының азығы. Балаларды алғаш- қыда жаралы бір неміс офицері басқаратын еді, соңы- нан ол кетіп, екі полицай басқаратын болды. Қайсы- сының болмасын балаларға таяғы жұмсақ тиген жоқ. Күніне екі рет қара нан мен қара су ішіп, жиырма екі бала құс бақты. Әрбір өлген, жоғалған балапан үшін олардың барлығына бірдей дүре соқты. Отырса басқа, тұрса аяққа сабады. Осы жайды балалардың өз аузы- нан естіген Серік оларды аяйтын. Оларға жаны аши- тын. Әттең, шамасы келсе босатып алғысы да келетін. Бірақ Серік тым құрығанда топ командирі де емес қой. Ол жай барлаушы. Балалардың әңгімесін ол жалғыз ғана естіген. Онан басқа барлаушылар ағаш шаруашы- лығьшың төңірегіне арнаулы тапсырмамен келіп кет- кен. блар балалар жайында, құс фермасы жайында да хабарсыз. Ол туралы білуге уақыттары да жоқ бола- тын. Серікке барлық жайды айтып берген он бір-он екі- лерге келген ашаң, ақ сары бала. Ол барлығын жы- ламсырап, кішкентай кеудесін кере күрсініп отырып айтқан еді.
    «Партизансыңдар ғой, партизандарда сен сияқты балалар көп пе? Қашып шықсам сендерді таба аламын ба? Партизандардың бастығы мені қабылдап ала ма?» — деген шашы жалбыраған таңқы танау ақ сары бала, оның қырылдаған қоңыр даусы Серіктің құлағы- нац ешқашан кетер емес. Серік бір күні бос уақытын пайдаланып отряд штабына келді. Штабта Иван Кузь- мич жалғыз отыр екен. Серікті көрді де: «Амангелді, бері кел. Жараң жазылды ма? Дәрігерге көрініп жүр- сің бе?» — деген сұрақтар қойып, оны өз жанына ша- Қырып алды. Серік командирдің жанына жақын келіп: ^ Жарам жазылып кеткен,— деп жеңін шьінтағы- на дейін түріп, жарасының қара қотырланып тұрған °Рнын көрсетті.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   395




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет