М. Мирманова атындағы жббом. Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі. Ұйымдастырушы педагог. Кайрлиева Айнагуль Жаксыгуловна


М. Балмолдин «Азаматымын текті елдің»



бет7/7
Дата17.02.2022
өлшемі26 Kb.
#455456
1   2   3   4   5   6   7
алған-шабытты-

М. Балмолдин «Азаматымын текті елдің»

А. Таубаева « Жайығым саған келем мен»

- Ақмаржан апамыздың редакторлығымен шыққан «Жайықтың мөлдір сырлары» деген кітапқа өзімен бірге 25 жерлес ақын – жазушылардың өлеңдері мен шығармалары енген. Осы жинақтағы М. Шүйіншәлиеваның қысқа әңгімесін тыңдайық.

Поэзия – жұмбақ әлем. Өлең – біреу, ал ақынмын дегендер көп – ақ. Адам болған соң сезім бар, талғам бар, талғам бар жерде ой таласы да туындап жатады. Сол ойлардан кейде жақсы өлеңдер оянады. Ақын мен өлеңге берілген ешқандай анықтама жоқ. Ақынның көңіл – күйі, бақытты шағы, қайғылы сәті – бәрі өлең өрнектерінен көрініп жатады. Ақын Ақұштап апамыз айтқандай «өлең жасыңды баласынып, кәріңді төрінен түсірмейді». Бүгінгі жыр кеші өлеңге шөлдеген қауымның құмарын қандырмаса да, нәрлендіргендей болды деп ойлаймыз. Бір кеште Жайықтың жампоздарының бәрін қамту мүмкін емес.

Өлең деген тәкаппар дүниені бағындырған аға – апаларымыздың қаламынан оқырман қауымды тәнті қылар жаңа өлең – жырлар күтеміз. Олардың жырларын жаттап, өздерін қадірлеп, ұмытпай жүрейік деп, бүгінгі кешімізді Ақұштап апамыздың мына өлеңімен аяқтаймыз:

Туған жер, не тең келер саған тағы,

Таңыңа ұқсамайды Арал таңы.

Өзіңнен артық мекен таба алмадым,

Аралап Жетісуды, Сарыарқаны.

Мен саған ораламын тағы да мың,

Тыңдауға күй кернеген ағын әнім.

Жүрсем де сұлу Көкше, Баянтауда

Жайығым, сені жиі сағынамын!



Ән: «Ақ Жайық – ару мекенім»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет