М. У. Анартаева



бет1/11
Дата07.07.2016
өлшемі1.19 Mb.
#182769
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
БИОХИМИЯ, БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
''БЕКІТЕМІН''

ОӘжТЖ проректоры,

м.ғ.д. М.У. Анартаева

___________________

«____» _______2013ж.

Ж Ұ М Ы С Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы



Пән: Клиникалық микробиология
Мамандық: «Мейірбике ісі»
Оқу сағатының көлемі (кредит): 90 сағат (2 кредит)
Курсы және оқу семестрі: 4, VII


Шымкент 2013 ж.

Клиникалық микробиология пәнінен жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедрасында 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп құрастырылған.


Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланды

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., _____________ Есіркепов М.М.
хаттама №______ «____» ________ 2013ж.
Жұмыс бағдарламасы химия фармацевтикалық пәндер жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды.
Төрағасы, х.ғ.д., проф._______________ Патсаев А.К.
Хаттама №_______ «_____» __________ 2013 ж

ОҚМФА-ның Әдістемелік Кеңесінде талқыланды


«_______» __________ 2013 ж хаттама №_______

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе.

Клиникалық микробиология медициналық микробиологияның бір бөлігі ретінде, инфекциялық емес клиникаларда пайда болатын инфекциялық процестердің этиологиясын, патогенезін және иммунитетін, науқастардан алынған материалдардың бактериологиялық зерттеулеріне негізделе отырып, ауруханаішілік ортаның санитарлық-бактериологиялық ахуалы мен стационардың эпидемиологиялық жағдайын, бағалауға бағытталған микробиологиялық зерттеулер. Клиникалық микробиологияның негізгі бөлігі ретінде стационар жағдайында химиотерапевтік препараттарды қолдану тактикасы мен стратегиясын талдау, қоздырғыштардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау негізінде науқастарға рациональды антибиотик терапиясын ұсыну.

Клиникалық микробиологияның негізгі және күрделі бөлігі бұл лабораториялық зерттеулерден алынған нәтижелердің интерпретациясы болып саналады. Шартты – патогенді микроорганизмдер(ШПМ) тудырған аурулар диагностикасындағы алынған нәтижелер интерпретациясы күрделі.

Соңғы жылдары инфекционды патологиядағы шартты-патогенді микроорганизмдер ролінің артуы байқалды.



Емдік-профилактикалық мекемелерде саитарлы-гигиеналық норманы сақтау және микробиологиялық зертхананы дұрыс ұйымдастыру үшін клиникалық микробиология маңызды роль атқарады.

2.2 Пәннің мақсаты: Студенттерде эпидемиялықемес микробтық аурулардың этиологиясы мен негізгі патогенезі туралы, шартты патогенді микроорганизмдердің биологиялық ерекшкліктері және экологиясы туралы, ауруханаішілік инфекцияларға микробиологиялық бақылау туралы білім қалыптастыру.

2.3 Міндеттері:

  • Емдеу профилактикалық мекемелердегі микробиологиялық (бактериологиялық) лабораториялардың міндеттерін;

  • Шартты патогенді микроорганизмдердің клиникалық ерекшеліктерін, этиологиясын және патогенезін;

  • Эпидемиялық емес микробтық аурулардың өсу себептерін;

  • Микробтардың антибиотиктерге тұрақтылықтарының генетикалық және биохимиялық механизімдерін;

  • Адам денесінің қалыпты микрофлорасының құрамы мен маңызын. Дисбактериоздың микробиологиялық диагностикасын, коррекциясын;

  • Ауруханаішілік инфекциялардың этиологиясын, таралуын және себептерін. Ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасын және микробиологиялық диагностикасын;

  • Госпитальдық штаммдардың биологиялық қасиеттерін. Түрішілік ажыратуды;

  • Иммунодефицит кезіндегі оппортунистік инфекцияларды;

  • Шартты патогенді саңырауқұлақтар шақырған микоздардың микробиологиясын;

  • Эпидемиялық емес микробтық аурулардың микробиологиялық диагностикасы. Лабораториялық зерттеу әдістерінің ақпараттылығын; Шартты патогенді микроорганизмдердің этиологиялық маңыздылығының критерияларын;

  • Биоматериалдарды алу, сақтау және лабораторияға тасымалдау ережелерін. Анаэробтық инфекцияларда материал алу ерекшеліктерін;

  • Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау әдістерін. Антибиотика терапияның микробиологиялық принциптерін;

  • Эпидемиялық емес микробтық аурулардың экспресс диагностикасын;

  • Гендідиагностикалық әдістерді;

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білуі тиісті:

  • Микробиологиялық зерттеу үшін материалды алғашқы ауруларын және оның стадияларын ескере отырып таңдап алуды;

  • Науқастың микробиологиялық зерттеуге дұрыс бағыттауды;

  • Науқастан зерттелінетін материалды жинап ала білуді;

  • Биоматериалдын микробиологиялық зерттеу әдісін таңдау

  • Биоматериалдарды лабораторияға жіберілетін жолдаманы толтыруды;

  • Нативті материалдан жұғынды дайындауды;

  • Жұғындыны қарапайым және күрделі әдіспен бояуды;

істей білуі тиісті:

  • Жұғындыны иммерсионды микроскоппен көруді;

  • Лабораториялық анализдің нәтижесін оқуды;

  • Шартты патогенді микроорганизмдердің экологиялық рөлін бактериологиялық зерттеудің сандық және сапалық нәтижесі бойынша бағалауды;

  • Шартты патогенді микроорганизмдердің экологиялық рөлін серологиялық реакцияның нәтижесі бойынша бағалауды;

  • Антибиотика грамманы талдауды;

  • Генодиагностикалық әдістің нәтижесін талдауды;

  • Инфицирленген материалдармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасын және эпидемияға қарсы ережелерін сақтауды;

дағдыларды меңгеруге тиісті:

  • тексеру материалын алу және бактериологиялық зертханаға жеткізу;

  • микроскопиялық зерттеу әдісін жүргізу:



2.5 Реквизитке дейінгі: физиология, микробиология, жалпы гигиена, эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі.

2.6 Реквизиттен кейінгі: емдік профилактикалық ұйымдардағы инфекциялық бақылау, мейірбике ісіндегі әкімшілік процесс және менеджмент.

2.7 Тақырыптық жоспар: (дәрістердің, тәжірибелік, семинарлық, лаборияториялық сабақтардың, оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының тақырыбы)

Дәрістердің тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

(сағат)


1

Клиникалық микробиологияға кіріспе. Мақсаты мен міндеттері, зерттеуге арналған объекттер және материалдар.

Шолу

1

2

Микробиологиялық зерттеу әдістері. Шартты – патогенді микроорганизмдер.

Мәселелік

1

3

Госпитальді инфекцияның этиологиясы. Ятрогенияның туындауындағы медициналық қызметкерлердің ролі.

Ақпараттық

1

4

Госпитальді инфекцияның қоздырғыштары. Госпитальді штамдардың құрылуы. Ауруханаішілік инфекциясының лабороториялық диагностикасының ерекшеліктері.

Мәселелік

1

5

Зерттелетін обьекттер, материалдар және зерттеу әдістері. Қоршаған орта обьектілерінің микробтық залалдануын зерттеу.

Мәселелік

1

6

Оппортунистік инфекция туралы жалпы түсінік.

Ақпараттық

1

7

Оппортунистік бронх-өкпелік инфекция, этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, микробилогиялық диагностикасы, емдеу және алдын алу.

Ақпараттық

1

8

Оппортунистік урогенитальді инфекция, этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, микробилогиялық диагностикасы, емдеу және алдын алу.

Ақпараттық

1

9

Оппортунистік өткір ішек инфекция этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, микробилогиялық диагностикасы, емдеу және алдын алу.

Ақпараттық

1

10

Оппортунистік микобактериоздар, микоздар, этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, микробилогиялық диагностикасы, емдеу және алдын алу.

Ақпараттық

1




Жалпы сағаты:




10


Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

(сағат)






1 кредит







1

Клиникалық микробиологияға кіріспе. Клиникалық микробиологияның мақсаты мен міндеттері. Микробиологиялық зерттеу әдістері.

Пікірталас

2

2

Шартты патогенді микроорганизмдер Қоздырғыштың ағзада таралуын ескере отырып, зерттелетін материалды алу.

Пікірталас

2

3

Ауруханаішілік инфекциялар туралы түсінік. Ауруханаішілік инфекция қоздырғыштары. Госпитальді штамдардың биологиялық ерекшеліктері.

Пікірталас

2

4

Ауруханаішілік инфекцияның таралуына себепкер факторлар. Микрорганизмдердің госпитальды антибиотикке төзімді штамдарының пайда болуы.

Жұптасып жұмыс істеу

2

5

Ауруханаішілік инфекциялардың микробиологиялық зерттеуі. Түрішілік ажырату.

Стационардағы эпидемиялық жағдайдың бағасы, госпитальді ортаның санитарлы-бактериологиялық жағдайын бақылау.



Жұптасып жұмыс істеу,


2

Жалпы сағаты: 10

2 кредит

1

Оппортунистік инфекциялар. Бактериемияның, сепсистің түрлі ағзалар мен ұлпалардың іріңді – қабыну процестерінің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, лабораториялық диагно

стикасы, алдын алуы және емдеуі.



Шағын топтар

2

2

Оппортунистік өкпебронхтық және өткір ішек инфекциялары. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, лабораториялық диагностикасы, алдын алуы және емдеуі.

Пікірталас

2

3

Оппортунистік өткір ішек инфекциялары. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, лабораториялық диагностикасы, алдын алуы және емдеуі.

Жұптасып жұмыс істеу

2

4

Оппортунистік урогенитальді инфекциялар. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, лабораториялық диагностикасы, алдын алуы және емдеуі.

Жағдайлық есептер

2

5

Оппортунисттік микобактериоздар, микоздар. Микобактериоз және микоздардың қоздырғыштары.

Пікірталас

2

Жалпы сағаты: 10

Барлығы 20 сағат


Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары




Тақырыбы


Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

(сағат)






1 кредит







1


Адамның қалыпты микрофлорасы. Шартты –патогенді микроорганизмдер туралы түсінік.

Ауруханаішілік инфекция қоздырғыштары. Госпитальді штамдардың биологиялық ерекшеліктері. Ауруханаішілік инфекциялар. Инфекцияның дамуына бейімділік жағдайы. Ауруханаішілік инфекцияның таралуына себепкер факторлар. Инфекция көзі және берілу жолдары.




Рефераттар,

тақырып бойынша, глоссарий, презентация,

тапсырма бойынша тест дайындау,

жағдайлық есептер,

кроссвордтар, тақырып бойынша эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу. Тақырып бойынша көрнекілік құралдар.


6


2

Иммунологиялық бұзылыстағы оппортунистік инфекциялар. Эпидемиялық емес микробтық аурулардың экспресс – диагностика әдістері.

6

3

Хирургиялық құралдардың стерильдігін бақылау. Микроорганизмдердің антибиотикке тұрақтылығының биохимиялық және генетикалық механизмдерінің қалыптасуы.

6

4

Зерттелетін материалдардың алу ережесі. Микробиологиялық зерттеулерде қолданылатын қоректік орталар Зерттелетін материалдардың лабораторияға тасымалдаудың және сақтаудың, алудың жалпы ережелері. Лабораторияға жіберілген материалдардың құжатын толтыру.

Микробиологиялық зерттеу әдістері. Серологиялық диагностиканың негізгі түрлері. Қойылымның жалпы принциптері: ИФТ, ПТР және бактериологиялық анализаторларда жұмыс істеу.



6

5

Ауруханаішілік инфекциялардың микробиологиялық зерттеуі. Оппортунистік инфекцияларын бөліп алудың жалпыланған /типтік/кестесі. Таза дақыл бөліп алудың этиологиялық маңыздылығының критериялары.



6

6

Ішек дисбактериозының микробиологиялық диагностикасы Терілік және генитальдық дисбактериоздың микробиологиялық диагностикасы.

6

7

Аралық бақылау: коллоквиум

Коллоквиум: ауызша-жазбаша сұрау, тестілеу


6

Жалпы сағаты: 42

2 кредит

8

Оппортунистік инфекциялар дамуындағы паразиттердің ролі. Оппортунистік инфекциялар. Сепсиске қан алу ережесі және диагностикасы.

Рефераттар,

тақырып бойынша, глоссарий, презентация,

тапсырма бойынша тест дайындау,

жағдайлық есептер,

кроссвордтар, тақырып бойынша эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу. Тақырып бойынша көрнекілік құралдар.



6

9

Оппортунистік бронхөкпелік инфекциялар. Тыныс жолдарының эпидемиялық емес қабыну процестерінің қоздырғыштары. Лабораториялық диагностика әдістері.

6

10

Оппортунистік өткір ішек инфекциялары, АІТ-нің эпидемиялық емес қабыну процестерінің қоздырғыштары. Дисбактериоз диагностикасындағы лабораториялық әдістер.

6

11

Несеп шығару жолдарының қабыну процестерінің қоздырғыштары. Лабораторияда зәрді зерттеу үшін алу және тасымалдануының ережесі. Бактериурия дәрежесінің анықтамасы. Зерттеу талдамалары нәтижелерінің бағасы. Лабораториялық диагностика әдістері. Оппортунисттік микобактериоздар, микоздар. Микобактериоз және микоздардың микробиологиялық диагностикасы.

6

12

Баяу вирустық инфекциялардың қоздырғыштары – Приондар. Балалардағы оппортунистік инфекциялар. Балалардағы созылмалы инфекцияның актуальдылығы.

6

13

Гемофилді таяқшалар(инфлюэнция) Көкіріңді таяқша. Төзімділігі. Этиологиялық және патогенетикалық ролі. Экологиясы. Лабораториялық диагностикасы. Алдын алуы. Клебсиеллалар. Гарднереллалар.Патогенділігі.

Этиологиялық және патогенділік ролі. Экологиясы. Лабораториялық диагностикасы. Алдын алуы.



6

14

Протейлер. Экологиясы. Аралас іріңді-қабыну және тағам токсикоинфекциясындағы этиологиялық патогенетикалық ролі. Балалар бөлімшесінде ауруханаішілік инфекция ретінде протейлердің ролі мәселелі.


6

15

Аралық бақылау: коллоквиум

Коллоквиум: ауызша-жазбаша сұрау, тестілеу

6

Жалпы сағаты: 48

Барлығы 90 сағат

    1. Сабақ беру және оқыту әдістері:

Дәрістер: шолу, ақпараттық мәселелік.

Тәжірибелік сабақтар: жағдайлық есептер, пікірталас, жұптасып жұмыс істеу, шағын топтар.

Зертханалық сабақтар: микробиологиялық зерттеулерге материал алу. Қоректік орталарға зерттелген материалды егу, антибиотиктерге сезімталдықты анықтау. ПТР және ИФА –мен жұмыс істеу дағдыларын игеру.

Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысы (CӨЖ): әдебиеттермен жұмыс, мәліметтердің электрондық қоры мен компьютер бағдарламаларымен жұмыс, тақырыпты рефераттар, тақырып бойынша глоссарий, презентация, тапсырма бойынша тест дайындау, жағдайлық есептер, кроссврдттар, тақырып бойынша эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу, тақырып бойынша көрнекілік құралдар түрінде дайындау, оны қорғау.

    1. Білімді бағалау :

Ағымдық бақылау: коллоквиум: ауызша-жазбаша сұрау, тестілеу.

Құралдар: сәулелі, бинокулярлы микроскоптар, бактериологиялық анализатор, автоклавтар, термостаттар, құрғақ ыстықтың пештер, центрифуга, тоңазытқыштар, аквадистиллятор, бактерицидті шам, офистік қондырғылар және компьютерлер, ноутбук, мультимедиялық проекторлар, зертхана ыдыстары жуатын және залалсыздандыратын арнайы қондырғылар.

Жабдықтар: микробиологиялық зертхана жабдықтары және зертханалық ыдыстар (спиртовка, шпателдер, бактериалық петля, пробиркалар, шыны заты, жамылғы шыны заты, Петри ыдысы, колбалар, бұлынғыр стандарттар жинағы, пробиркалар үшін штативтер, стеклограф, микроорганизмдерді бояу үшін бояулар жинағы, микроорганизмдерді идентификациясын жасау үшін тест-системалары, флакондар, жағын-препараттарды бояуына арналған көпірі бар ыдыстар, иммерсиялық май, фильтр қағазы, дозаторлар, пипеткалар, қоректі орталар ж.т.б.), компъютерлік бағдарламалар, мультимедиялық оқулықтар, оқу құралы, оқу кестелері, слайдтар.



    1. Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі:

1. Микробиология және вирусология (жалпы бөлім): Оқу құралы/Ү.Т.Арықпаева, К.Х.Алмағамбетов, Н.М.Бисенова, Н.Б.Рахметова, Г.Д.Асемова, Койшебаева к.Б., Бисембаева С.К., Калина Н.В./1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандық бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы)-Астана, 2005.-208 бет;

2. Микробиология және вирусология(жеке бөлімі): Оқу құралы /Ү.Т.Арықпаева, К.Х.Алмағамбетов, Н.М. Бисенова, Ә.Ө.Байдүйсенова, Н.Б.Рахметова, Г.Д.Асемова/1-ші басылым. (Медициналық және фармацевтикалық мамандық бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы)-астана,2006.-199 бет.

3. Жалпы микробиология (оқу әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А. Рамазанова, А.Л. Котова, Қ.Қ. Құдайбергенұлы, оқытушылар: Б.М. Хандиллаева, Г.Р. Амзеева, Т.С. Бегадилова, А.М. Бариакова, Д.Ж. Батырбаева. Алматы-2006, 176 бет.

4. Жеке микробиология (оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А.Рамазанова , А.Л.Котова, Қ.Қ. Құдайбергенұлы, доценттер С.Ш.Шакиев, А.А. Стамкулова, Н.Т. Таурбаева, оқытушылар: Б.М. Хандиллаева, Г.Р. Амзеева, Т.С. Бегадилова, А.М. Бармакова, Д.Ж. Батырбаева. Алматы-2006. - 176 б.

5. Медициналық микробиология. Оқулық ./ Б.А.Раммазанова, Қ.Құдай бергенұлы, А.Л.Котова, т.б.-Алматы. 2011-683 бет.



  1. www.google.kz


Қосымша:

    1. Микроорганизмдер морфологиясы (оқу-әдістемелік құрал). Рамазанова Б.А., Котова А.Л., Құдайбергенұлы Қ.Қ., Хандилаева Б.М., Амзеева Г.Р.- Алматы, 2007. -128б.

    2. Микроорганизмдер физиологиясы (оқу-әдістемелік құрал) . Рамазанова Б.А., Котова А.Л., Құдайбергенұлы Қ.Қ., Хандилаева Б.М., Амзеева Г.Р., Алматы,2007.-132б.

    3. Микроорганизмдер экологиясы (оқу-әдістемелік құрал). Рамазанова Б.А., Котова А.Л., Құдайбергенұлы Қ.Қ., Хандилаева Б.М., Амзеева Г.Р.- Алматы -2007. – 96б.

    4. Микробтарға қарсы қолданылатын препараттар (оқу-әдістемелік құрал) Рамазанова Б.А., Котова А.Л., Құдайбергенұлы Г.Р. – Алматы, 2007. -48б.

    5. Инфекция туралы ілім (оқу-әдістемелік құрал). Рамазанова Б.А., Құдайбергенұлы Қ.Қ., КотоваА.Л., - Алматы , 2007ж. -112 б.

    6. Жалпы микробиологиядан лабораториялық сабақтар бойынша оқу - әдістемелік құрал (А.Л. Котованың ред.). – Алматы, 1997.

1 үлгі


Клиникалық микробиология пәні бойынша жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен келісім хаттамалары




Келісілетін пәндер

Оқу материалының мазмұнын көрсетілген реті бойынша өзгерту туралы ұсыныс

Келісімге қатысушы кафедраның хаттамасы № айы, күні

Алғы реквизиттер

1

Физиология

Иммунитет теориясы.

Адам ағзасы гомеостазындағы сарысу және иммуноглобулин туралы түсінік. Қабырғалық ас-қорытудың негізгі теориясы. Иммунды жүйенің ағзалары мен тіндері. Иммунокомпетенті жасушалардың иммунды жасушадағы кооперациясы. Иммунды жауаптың нейрогуморальды теориясы. Қан жүйесі.



Хаттама №________

_________2013ж




2

Микробиология


ШПМ туралы түсінік. Микроорганизмдерге жалпы сипаттама: морфологиясы, физиологиясы, генетикасы, экологиясы. Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығы, ХТП туралы түсінік. Иммунитеттің бейспецификалық және спецификалық факторлары. Иммунды жауаптың түрлері, антигендер және антиденелер. Микробиологиялық диагностикалау әдістері.

Хаттама №________

_________2013ж



3

Жалпы гигиена

Микробиология пәні бойынша оқу материалдарының берілу кезектілігін мақұлдау. Жалпы гигиена курсында қоршаған ортаның, яғни: топырақтың, судың, ауаның, тамақтың адам ағзасына әсері зерттеледі. Жеке гигиена мәселелеріне және оның халық арасында таралуына медицина қызметкерлерінің үгіт-насихат жұмыстарына ерекше назар аудару керек.

Хаттама №________

_________ 2013ж




4

Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі.

Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы, қоздырғыштардың дақылдық және биологиялық қасиеттері

Хаттама №______

__________2013ж


Реквизиттен кейінгі

1

Емдік профилактикалық ұйымдардағы инфекциялық бақылау.

Медициналық мекемелерде және олардың жеке бөлімдерінде эпидемиялогиялық бақылаудың негізгі принциптері, антибиотикке резистенттілік туралы түсінік және төмендету әдістері, медициналық мекемелердегі қадағалаудың ағымдық және бағытталған принциптері, соционардағы жәнебасқа медициналық мекемелердегі пациенттер мен медицина персоналы үшін мүмкінболтын инфекция көздерін және резервуарлары.

Хаттама №________

_________ 2013ж


2

Мейірбике ісіндегі әкімшілік процесс және менеджмент.

Аурухана ішілік инфекциялары мемлекеттік бюджетке айтарлықтай шығын келтіру мүмкін. Денсаулық сақтаудағы нарықтық эканомика жағдайында болашақ кәсіптік қызметін тиімді басқару үшін мейірбике ісінде әкімшілік процесспен менеджментің тиімді басқару үшін қажет.

Хаттама №________

_________ 2013ж

Биохимия, биология және микробиология

кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.к: Есіркепов М.М.

Қоғамдың денсаулық сақтау №2 кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.д: Жақсыбергенов А.М.

Гигиена-1, дене шынықтыру валеологиямен

Кафедрасының

меңгерушісі, доцент: Долтаева Б.З.

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология

кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.к., проф. м.а: Абуова Г.Н.


Қалыпты және пат.физиология кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.к: Жолымбекова Л.Д.



Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет