Үш жағдайлы шина
Шинадағы үш жағдай – бұл жоғарғы деңгей, төменгі дең- гей, үшінші жағдай. Үшінші жағдай құрылғыға немесе процес- сор шинадан ажыратылады әрі басқа құрылғылармен және про- цессормен шинада орнатылған деңгейлерге әсер етпейді. Соны- мен, тек бір ғана құрылғы шинада жетекші болады. Басқарушы логика белгілі бір мезетте тек бір ғана құрылғыны белсенді етеді және ол жетекші болады. Құрылғы белсенді болғанда ол өзінің мәліметтерін шинаға жүктейді, ал қалған барлық потенциалды жетекшілер пассивті жағдайға көшеді. Шинаға көптеген қабыл- даушы құрылғылар қосылуы мүмкін. Басқарушы және адрестік сигналдардың үйлесімі шинадағы мәліметтердің кімге бағытта- латынын анықтайды. Басқарушы логика арнайы сигналдар жібе- ру арқылы қабылдаушыға мәліметтерді қашан қабылдайтынын көрсетеді. Қабылдаушылар мен жөнелтушілер бір бағытты не-
77
47-сурет. Қосымша құрылғылар интерфейстерінің сәйкестігі
Контроллер және адаптерлер электрондық шынжырлар жиы- нын құрайды, олар арқылы компьютердің құрылғылары интер- фейстерінің сәйкестігі бойынша жабдықталады. Контроллерлер микропроцессордың сұраныстары бойынша тікелей периферия- лық құрылғыларды басқарады.
Құрылғылардың порттары – бұл қандай да бір электрон- дық сұлбалар, олар бір немесе бірнеше енгізу/шығару регистрлері- нен тұрады және микропроцессордың сыртқы шиналарына ком- пьютердің қосымша құрылғыларын жалғауға мүмкіндік береді.
78
месе екі бағытты бола алады. Мәліметтерді тасымалдау бары- сында екі шарт орындалуы керек, біріншіден, қабылдаушы және жөнелтуші өздерінің дайындықтарының сигналдарын жіберген- де ғана тасымалдау процесі басталады. Екіншіден, әрбір сөз тек қана бір рет тасымалдануы керек. Бұл тізбек хаттама деп атала- ды. Мәліметтерді тасымалдау барысындағы әрбір қадам жүйе- нің бір бөлігінен басқасына магистральдің циклі (машиналық цикл) деп аталады. Бұл циклдердің жиіліктері ОП тактілік жиі- ліктері арқылы анықталады.
Интерфейс – бұл екі құрылғыны түйіндеу құралы, онда бар- лық физикалық және логикалық параметрлер бір-бірімен келі- сімді жұмыс істейді.
Егер интерфейс жалпыға ортақ болса, мысалы, халықаралық
келісім негізінде бекітілсе, ол стандарт деп аталады. Функцио- налдық элементтердің әрқайсысы (жады, монитор немесе басқа құрылғы) белгілі бір шинаның типімен, адрестік, басқару және мәліметтер шинасымен байланысқан. Интерфейстердің сәйкес- тігі үшін қосымша құрылғылар шинаға тікелей жалғанбайды, олар өздерінің контроллері (адаптерлері) және порттары арқылы жалғанады, шартты түрде келесідей:
Достарыңызбен бөлісу: |