Мақала Орындаған : Дүйсенғажыева Перизат, Бақытова Назерке Тексерген : Өмірбаев Райымбек Төлендіұлы Тарихи тұлға бейнесі Бұқар жырау – 18 ғасыр поэзиясының көрнекті өкілі . Оның әдеби мұрасы жайында бұл кезге дейін көп жазылды , алуан түрлі пікірлер айтылды . Бүгінде ол туралы тиянақты ойлар , нақты баға қалыптасып үлгерді . Дегенмен , біз 15-18 ғасырлар поэзиясын тұтас сөз етіп отырғандықтан , жырауды осы поэзия арнасынла , желісінде атап өтуге тиіспіз . Бұқар шығармашылығының негізгі тақырыбы – Абылай болуы кездейсоқ емес .Осыған орай Мұхтар Әуезов жазған мына сөздерді дәл қазіргі тәуелсіздік заманында еске алып отырсақ артық болмас: «Қазақтың дербес ел болуына , басы қосылып , бір жеңнен қол , бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас».Жырау қоғамдық өмірдің даму бағыты мен тарихи сабағы ретінде туып отырған біртұтас ел болу мәселесін Абылай бейнесі арқылы шешуді көздейді . Сондықтан , Абылайдың жеке басындағы , саясатындағы көптеген кемшіліктерді , қайшылықтарды қоя тұрып , оны мінсіз , әділ , көреген , жомарт билеуші етіп суреттейді . Елді басқаруы төңірегінде ұстауы , ұйыту мақсатын көздейді. Таза әдеби тұрғыдан алғанда Абылай бейнесі қазақ поэзиясындағы алғашқы адам образының бірі саналады. Бұқар жасаған Абылай бейнесінде әсіреленген, дәріптелген , мадақталған жайлар басым . Соған қарамастан ол тек оның шығармасына ғана емес , жалпы қазақ поэзиясында адам бейнесін жасаудың алғашқы елеулі тәжірибесі болып саналады . Әдебиеттің даму тарихында адам образын жасаудың , әсіресе автор ойынан туған жинақтаушы образдың маңызы өте зор . Өйткені ол түптеп келгенде әдебиеттің негізгі мақсаты мен міндеті – өмірді бейнелеу арқылы білдіреді . Сондықтан бұл құбылыс әдебиеттің өркендеу барысында не ссоған бет алған тұста пайда болады. Бұқар толғау жанрын тақырып жағынан едәуір байытты , әлеуметтік мазмұн жағынан біраз тереңдетті , өмір мәселелеріне араласу белсенділігін арттырды . Абылай ханды айтқан кезде Бұқар жырау айтылмай қалуы мүмкін емес . Бұрынғы жыраулар көбіне рубасыларының маңында жүріп , ру мен тайпаны сыртқы жаудан қорғау жөнінде тікелей қайрат жасаса , Бұқар ханның жанында өмір кешіп , оның ең жақын ақылшысының бірі болған . Бұқар Абылай хандық құрған заманда үнемі оның қасында болып , ханның ішкі және сыртқы саясатына белсенді түрде араласады . Жас жағынан Абылайдан көп үлкен жырау өзінің бүкіл өмір тәжірибесі мен өнер тәжірибесін ханның ел билеу ісімен үштастырады . Абылай Қазақ хандығының тарихында 1750 жылдардың басында-ақ Орта жүздің ең сұлтандарының бірі болады . Бұл , біріншіден 1752 жылы Көкжал Барақтың Жоңғар әміршісінің қолынан қаза табуымен байланысты . Ал , екіншісі осы оқиғадан кейін көп ұзамай Абылайдың алдынан кесе көлденең тұратын ешкім де болмайды . Осыдан кейін Ұлы жүз бен көп ұзамай Кіші жүзде Абылайдың қолына өтеді . Бұқар жыраудың ханды : «Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының Атының басын бір кезеңге тіредің»,-деп мадақтауы да осымен толық байланысты . Абылай хан өз дәуірінде тәуелсіздік , бейбітшілік тәрізді құндылықтардың парқы мен нарқын бала кезінен біліп есейді . Ақылына қайраты сай Абылай жастайынан көзге түсті . Ол туралы Бұқар жыраудың «Ай , Абылай , Абылай» толғауында : «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақсұңқар құстай түледің»,-деген шумақтарды қолдануы даланың ауызша тарихнамасынан туындаған жолдар . Абылай хан Қазақ елінің тарихына ең алдымен , Үш Жүздің басын біріктірген , біртұтас мемлекет еткен дана қайраткер , дара тұлға ретінде енді . Өзінің ел билеу саясатында Қазақ мемлекеттілігін сақтау және нығайтуды негізгі мақсаты етті . Оның дана басшылығымен қазақ халқының жоңғар басқыншылығымен екі ғасырға жуық соғысы Қазақтардың тарихи жеңісімен аяқталды . Осылайша , Абылай хан Ұлы Дала төсіндегі емін-еркін өмір кешкен ұлтымыздың құлап бара жатқан мемлекеттілігін қалпына келтіріп , оның ел ретінде дамуы үшін күш-жігерін аямаған дарынды тұлға . Абылайдың мемлекет ішіндегі істері де өте сәтті әрі табысты болды . Абылай хан билігін кеңеспен шектей отырған жыраулар мен сұлтандардың мықты ерік – жігерін , билердің беделін толығымен мемлекетті нығайтуға ұштастыра алды . Қорыта келгенде айтарымыз, Бұқар жырау жайында «Бұқар сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе , мың есе шығар.Бізге келіп жеткен тамыры ғана.Бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұхтың өмірі , Айыптың сабыры , Аплотаның ақылы керек»,-деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы пікір қалдырып кеткен . Бұқар жыраудың біздің дәуірімізге жеткен толғаулары өте аз , шағын ғана . Сол шағын ғана бөліктің өзінде оның сөз өнері , заманы , поэзияның өмірді бейнелеу дәрежесі туралы азды-көпті түсінік , Абылай хан туралы өте құнды мәлімет бере алады. Бұқар жырау толғауларында берілген , Абылай ханның жеке тұлға ретінде билік тұғырына көтеріліп , Қазақ елінің тәуелсіздік жолында жасаған ерлік істері болашақ ұрпақтың кемелденуіне жол ашады . Бүгінгі таңда Абылай ханнан басталатын ұлы тұлғаларға құрмет көрсете отырып , біз өткеннен сабақ аламыз . Әрі біздің рухани және адамгершілік туралы , болашағымыз туралы ойлауға ой тастайды . Табиғи ақыл , әскери батылдың шешендік өнер және басқа да жеке қасиеттер оған тек қана алға жылжуға мүмкіндік берді . Абылай ханның өз заманында жасаған ізгі амал-әрекеттері өскелең ұрпаққа үлгі . Біздердің тарихи сабақтастықты сақтай отырып , елінің еркіндігін аңсаған тарихи тұлғаға құрмет пен қошеметтің белгісі ретінде қарау керек. Бұқар жыраудың бізге жеткен әдеби мұрасын бұзбай , саф қалпында келесі ұрпаққа жеткізу , Абылай ханның ұрпағына қалдырған өсиетін бұлжытпай орындау – Қазақ елінің қасиетті борышы.