Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының шежіре кітабы мен шежірелік дастанының текстологиялық мәселелері сөз болады



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата18.03.2024
өлшемі0.55 Mb.
#495901
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мырзақұлов Б.Т., Ақжігітова А.О.



"Keruen" scientific journal №4, 81 vol, 2023 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066
№4, 81 vol, 2023 | "Keruen" M.О. Auezov Institute of Literature and Art 
 
235
ҒТАМР 17.81.31
https://doi.org/10.53871/2078-8134.2023.4-19
Б.Т. Мырзақұлов
1
, А.О. Ақжігітова
2
 
1
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, 
Алматы, Қазақстан
2
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Алматы, Қазақстан.
E-mail: 
1
bauyrzhanmyrza@mail.ru, 
2
akkibat.kaznu@mail.ru 
ORCID: 
1
0000-0003-1205-456X, 
2
0000-0001-7336-214X
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШЕЖІРЕСІНІҢ 
ТЕКСТОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аңдатпа. Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының шежіре кітабы мен шежірелік дастанының 
текстологиялық мәселелері сөз болады. Атап айтқанда, автордың 1911 жылы Орынбор қаласында 
шыққан «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» кітабы мен «Қазақтың түп атасы – батыр Түрік» 
деп басталатын шежірелік дастанының әр жылдардағы басылымы сараланады. Сондай-ақ шежірелік 
дастанның шыңжаңдық және «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханының сирек қорында 
сақталған қолжазба нұсқалары салыстырыла зерттеледі. «Оғыз-нама» дастанының басты кейіпкері әрі 
түркі халықтарының атасы саналатын Оғыз ханның өмір сүрген уақытына қатысты ақынның келтірген 
деректеріне ғылыми талдау жасалып, іргелі еңбектер аясында тұжырымдар айтылады. Атап айтқанда, 
ақынның шежірелік дастанында келген «340 жыл» – ақын шығармаларының қолжазбасы арқылы «3400 
жыл» екені анықталып, Оғыз ханның өмір сүрген уақыты нақтыланады. Зерттеу жұмысында орта 
ғасырлық әйгілі тарихшылардың еңбектері кеңінен қолданылып, Оғыз ханның өмір сүрген уақытына 
қатысты тосын пікірлер келтіріледі. Шәкәрім шежіресін зерделеуде Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-
тауарих» (Тарихтар жинағы), Мырза Ұлықбектің «Турт улус тарихи» (Төрт ұлыс тарихы), Шараф ад-
Дин Әли Йаздидің «Зафар-нама» (Жеңіс кітабы), Қыдырғали Жалайырдың «Жылнамалар жинағы», 
Әбілғазы Баһадүр ханның «Түрік шежіресі», Мунис пен Агахидің «Фирдаусу-л-иқбал» еңбектерінің 
маңызы өте зор. Сонымен қатар осы зерттеу жұмысында Шәкәрім шежіресінің текстологиясы 
қарастырылып, кейбір мәтінтанулық мәселелер өз шешімін табады. Бұл алдағы уақытта шығатын 
Шәкірім Құдайбердіұлы шығармаларының толық академиялық жинағын әзірлеуге де септігін тигізеді.
Алғыс: Мақала ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетiнiң BR18574216 «Уақыт пен кеңістіктегі мәдени
құндылықтар транзиті» гранттық жобасы аясында дайындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет